Қорытынды.
Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен ролін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі.
Орыс философиялық қызықты ізденістер XVI-XVIII ғасырлар бойында жалғасын тапты және екі үрдістің қарама- қайшылығы негізінде өтті.Мұның алғашқысы орыс ойының тілтумалығына басты назар аударып, бұл тілтумалылықты орыстың рухани өмірі өзгешелігімен байланыстырылады.Екінші үрдіс Ресейге еуропалық мәдениеттің даму үрдісін тануға тырысты. Бұл үрдіс өкілдерінің айтуы бойынша Ресей Еуропаның даму жолына барлығынан кейін түскендіктен , Батыстан көп нәрсені үйреніп сол өткен тарихи жолды қайталауы тиіс.
Бұл екі үрдістің айқын теориялық және қоғамдық – саяси тұрғыда қалыптасуы XIX ғасырдың 40-60 жылдары болды. Біріншісін славянофильдер, екіншісін батысшылар білдірді.Осыған байланысты орыс философиялық ойына екі бағыт қалыптасты.Бұл екі бағыттың да қалыптасуына П.Я.Чаадаев(1794-1856) үлкен рол атқарды .Өзінің көзқарастарын ол атақты «Философиялық хаттарында« баяндады. Чаадаев католиктік Батысты дәріптеп , оны Ресейге үлгі тұтты ,ал екінші жағынан , Ресейдің Батыстан айырмашылығы оның ерекше «ғаламдық миссиясында « деп айтты. Сондықтан ол Ресейдегі славианофильдіктің де , батысшылықтың да негізін қалаушы болып табылады. Бугінгі талдау 19-ғасырдыц соңы мен 20-ғасырдың басында Ресейде терен мазмұнды, философиялық мәні жан-жақты, жүйеліліктен гөрі эмоция толы, соған қарамастан орыс адамының, Ресейдің гана емес, бүкіл адамзат дамуын болжауга багытталган, тұлгалық сипаты мол, оны объективті зерттеу қазіргі Ресей галымдарының басты міндеті болып табылатын ерекше философия қалыптасқанын дәлелдейді.
Орыс философиясы- бұл әлемдік мәдениеттін ажырамас бөлігі .Философиялық таным үшін де, жалпы мәдени даму үшін де оның маңызы осында. Бұл XIX және XX ғасырлар арасындағы орыс философиясының ерекшеліктері түбірі орыс дәстүрлері негізінде әуел бастан Ресей дамуының тілтумалығы идеясын жариялаумен сипатталады. Орыс философиясының тағы бір сипаты оның Ресей тілтумалығын «орыс идеясы» арқылы көрсетуінде, яғни бүкіл хрестиян әлемін православие негізінде біріктіруге тиіс Ресейдің ерекше мессияндық ролін жариялау арқылы білдіруінде болды. Басқаша айтқанда ,орыс философиясы өз ерекшелігінің алғышарты ретінде, оның діни бастауы ретінде тілтумалық идеясын дамытты.
Достарыңызбен бөлісу: |