Глоссарий
Атеизм – ғылыми негізге сүйене отырып, құдайды бекерге шығару, құлшылық етуден безу.
Ғылым – шындық туралы обьективтік білімді теориялық жүйе келтірумен байланысты, адам іс-әрекетінің саласы.
Диалектикалық материализм - әлем өздігінен дамитын, дүниеден тыс ешбір күшті қажет етпейтін материалдық жүйе ретінде қарайтын философиялық бағыт.
Идеализм – (гр. idea- дәлме діл, көрініп тұрған нәрсе, бейне) рухты негіз деп санайтын философиялық ілім.
Қажеттілік пен еркіндік – адам әрекеті, табиғат пен қоғамның обьективтік заңдары арасындағы қатынастарды білдіретін философиялық категория.
Материализм – сыртқы дүниенің обьективті өмір сүруін, оның мәңгі шексіз тіршілігін мойындаушылық, материяны алғашқы деп танитын философиялық ағым.
«Москва – үшінші Рим» - орыс мемлекетіне христиан әлемін ислам қоғамынан құтқару рөлін жүктейтін доктрина.
Руханилық – материалдық қажеттіліктердің дамудағы алғашқылығына қарамай маңыздылығы жағынан екінші қатарға қойылатынын білдіретін қоғам мен адамның күйі.
Субстанция – (лат. sudstantia – мән, негізінде не жатыр деген сөз) кейбір бастама немесе алғашқы негіз, обьективтік нақтылық, оның өзіндік дамуындағы барлық түрлерінің ішкі бірлігі.
Славянофильдер – Ресейдің тарихтағы жолын уағыздайтындар, оны халықтың діншілдігі, ұжымдылығы және өнегелік құндылықтарға ұмтылысымен негіздейді.
Соборлық – шешім қабылдау, қоғамның даму жолын таңдауды ұжым болып талдауды қажет ететін сананың, әрекеттің біріктіруші бастауы.
Теория - қандай да болсын құбылысты түсіндіруге бағытталған ұғымның, идеяның, белгілі бір көзқарастың тұжырымдалған қорытындысы. Теория ғылымның түрі, заңдылықтар жиынтығы.
Уақыт - материя болмысының жалпы формасы. Барлық материалдық жүйенің өзгеруі мен даму түрінде уақыттың айнымайтын белгілі бағыты
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Кішібеков Д. Сыдықов Ұ. Философия. - Алматы: Қарасай, 2008.- 360 б.
2. Нұрышева Г.Ж. Философия тарихы. - Алматы: Зият Пресс, 2005. - 180 б.
3. Есім Ғ. Фалсафа тарихы. - Алматы: Раритет, 2004. - 304 б.
4. Ғабитов Т. Х. Философия. - Алматы : Раритет, 2005. - 400 б.
5. Алтай Ж. А. Ғылым тарихы мен философиясы . - Алматы : Раритет, 2008. - 368 б.
6. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. - Алматы: Бiлiм, 2001. – 328 б.
7. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Адамға қарай бет бұрсақ. - Алматы: Қазақ университі, 1992
8. Алексеев П.В. История философиии.-М, 2015
9. Исупов К. Русская философская культура. М., 2010
10. Толстой Л. Исповедь. О жизни. М., 2009
Достарыңызбен бөлісу: |