Тобы: Журналистика



бет5/13
Дата10.06.2023
өлшемі0.53 Mb.
#474922
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Abduvositova Maftuna F 1178 1240 -611 Zakiryaeva Zilola Zhunaydullaeva Dinora

Ф.М. Достоевский (1821-1881) Ол кәсіби философ болмаған, бірақ философияға тікелей қатысы бар адам болмысының салаларын зерттеген. Жазушы ең алдымен суретші ретінде ойланады. Ф.М.Достоевскийдің шығармашылығы рух философиясы мәселелері аумағында жинақталған: антропология, тарих философиясы, этика, дін философиясы.
Ұлы жазушы ХХ ғасыр философтары мен жазушылары ұсынған және дамытқан антиутопия жанрында алғашқы болды. Оның романдарының күрделі желісі болып адамды әр тұрғыда, әр жақтан ашу. арқылы және адамға деген қызығушылық арқылы ашады. Адамдағы басты қайшылық болып жақсылық пен жамандық қарама-қарсылығы табылады. Адамгершілік таңдау кезі болып адамның және оның рухының ішкі дүниесінің күші табылады. Адам бостандығының ақиқат жолы адамгершіліктің бастамасы және кепілі болатын Құдайға қарай бет бұру. Бостандық адам мәнін құрайды және адамзаттың тіршілік етуінің басты жағдайы. Бостандық – ол адамның өзінің әрекеттеріне жоғарғы жауапкершілік және бір мезгілде қайғы мен ауыртпалық. Бостандық рухы күшті, Құдайадам жолына түсетін қайғыға шыдай алатын адамдар үшін арналған. Достоевскийдің қоғамдық идеалы болып орыс социализмі табылады. Ресейдің тағдыры оған халықтардың христиандық бітісуінде көрінді.


3. В.В.Соловьевтың «орыс идеясы». Владимир Сергеевич Соловьев (1853-1900) — орыс халқының көрнекті философтарының бірі. Оның да көзқарастары әлі толық зерттелмеген. Шынын айтсақ, Соловьев философиясын жан-жақты зерттеу ісі қазір ғана қолға алынып жатыр, себебі оның идеялары Ресей үшін енді ғана түсінікті болуда.
В.С.Соловьев белгілі тарихшы, Ресей тарихы бойынша 29 том еңбек жазған ғалымның отбасында дүниеге келді, сондықтан оның рухани дамуына қажетті барлық жағдайлар жеткілікті болды.

Соловьев жас кезінде әр түрлі саяси-философиялық ағымдармен әуестеніп, материализнің әсерімен әуелі физика-математика факультетіне түскенімен, 2-курстан бастап тарих-филология факультетіне ауысып, философияны мықтап игеруге ден қояды және бұл жолда үлкен табандылық пен білімділік үлгісін керсетеді. Бір ғана мысал келтіре кетсек, университет бітірген соң бір жылдан кейін магистрлік диссертациясын, ал 1880 жылы докторлық диссертациясын қорғап шығады. 1881 жылы ол университеттегі оқытушылық жұмысын тастауға мәжбүр болады, оған себеп — Александр II патшаны елтіруге қастандық жасаушыларға христиандық кешірім жасап, өлім жасынан босатуды ұсынды. Бірақ, өзінің пікірі бойынша, оқытушылық жұмыстан кеткені ол үшін бір жағынан жақсы да болды, философия, дін, әдбиет, эстетика мәселелерімен тереңдеп, еркін айналысуға, бүкіл өмірін ғылым ісіне алаңсыз арнауға мүмкіндік алды.
В. Соловьев философиясының нсгізгі идеялары туралы айтсақ: 1) В. Соловьевті ең әуелі бүкіл, адамзат тағдыры мазалады десек, қателеспейміз. Оның философиясынан болашаққа деген алаңдаушылық, күйзеліс, толғаныс қатты сезіледі, ол: «Қазіргі адамзат ауру қарт секілді. Оның орнын кім басады? Негрлер ме? Қытайлар ма?» деп мазаланады.
Адамзат үшін жаңа жол табуға тырысқан В.Соловьев А.Блоктың сезімен айтсақ, «барлық жерде қолына үлкен қоңыр май шам ұстап жүрген секілді болды». Бұл жол ретінде Соловьев Шеллинг философиясының ізімен «жалпы бірлік» идеясын ұсынады, оны философияның жаңа түрі, ұнамды философия деп атайды. Бұл философия адамгершіліктік бастауды жоғары қояды, «жалпыбірліктің» жеке адамнан басталатынын жақсы керсетеді.
Жеке адамның адамгершілігі ұялу, аяу ризашылық секілді үш қасиеттен тұрады, олар адамның рухани өміріні байлығын ашады деп түсінген Соловьев ұятты өте жоғары бағалайды. Декарт «Мен ойлаймын, яғни мен емір сүремін» демекші, Соловьев «Мен ұяламын, яғни мен өмір сүремін» дейді. Ұят — адамның іс-қылығын, бүкіл өмірін реттеуші.
Кант этикасын қолдаушылардың бірі болған Соловьев оның парыз ка-тегориясын аса жоғары бағалады, адам қызметінің айқындаушы негізі -оның өзінің ата-анасы мен балалары алдындағы парызын орындау деңгейі деп түсінді. Ол отбасының рөлін ерекше атап көрсетеді. Ізгілікке қызмет етуге, жеке эгоизмді жоюшы күш — отбасы деп түсінеді. Соловьевтің ойынша, жеке адам үшін басқа жұрттың бәрімен бірдей адамгершілікті қарым-қатынас жасау ете қиын шаруа. Миллиардтаған адамға кіршіксіз қызмет етуді мақсат етіп қоюды жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан да Соловьев адамгершіліктік қарым-қатынас жасауға лайық шағын орта ретінде отбасын ұсынады, себебі оның әрбір мүшесі басқалар үшін нақты мақсат, нақты
мән. Бірақ отбасындағы туыстар тек өздерінің арасында ғана ізгілікті қарым-қатынас орнатса, бұл эгоизмнің тағы бір түрі болып шықпай ма? Соловьев бұл сұрақтың алдын алғандай болып, отбасы қанағаттандырылған эгоизм саласына айналмауы тиіс, керісінше, оның әрбір мүшесі үшін оны әлемдік адамгершілікке бастайтын
алғашқы басқыш болуы қажет деп ескертеді.
Орыс ойшылының пайымдауынша, адам өзін реттеп отыруы қажет. Оның үш қүрамдас болігі бар:
1) Өзіңнің моральдық жетілмегендігіңді сезіне білу;
2) Моральдық жетілгендіктің обьективті емір сүруі;
3) Адамның осы жетілгендікке жетуге тырысуы.

В.Соловьев моральдық жан-жақты жетілгендіктің үлгісі — Құдай, ол барлық жағынан адамға үлгі, яғни, адамгершілік дегеніміз Құдай деп түсінеді. Ол «жалпыбірлік» идеясының, немесе болмыстың барлық фор- маларының бірлігі принципінің негізі. В.Соловьевтің пікірінше, адая қоғамы Құдайды абсолют деп таныса, соған ұмтылуға, ұқсауға тырысса православие, католицизм, протестантизм діндерінен құралған «дүниежүзілік шіркеудің» көмегімен «құдайы адам» дәрежесіне жетеді.


Соловьев үшін маңызды тақырып болған адамзат пен жеке адамныи ғана емес, Ресей мемлекетінің де тағдыры. Ресей тағдырын Соловьев христиан дінін қабылдаған князь Владимир билік еткен уақыттан бастап христиан дінімен тығыз байланыстырады, орыс мемлекетінің еркіндігі дін мен шіркеу еркіндігінсіз мүмкін емес деп тұжырымдайды. Оның пайымдауынша, енді Ресей діни әдеп-ғұрыптарды орындап қана қоймай, өзінің ісі мен өмірін осы діннің негізінде қайта құруы тиіс. Соловьевтің бұл пікірі қазіргі
Ресей үшін аса маңызды екендігіне сөз жоқ. Ортағасырлық Аврелий Августиннің сөзімен айтсақ, Құдайға деген құр Сенім жеткіліксіз, бұлсенім Ақылмен толықтырылмаса, Құдайға да ақылсыз, соқыр сенімнің жетегіндегі пенделердің қажеті жоқ.Осы мәселемен бірге Соловьев Ресейдің ең үлкен бір қателігін атап көрсетеді. Ол – ұлттық эгоизм . Ұлттық эгоизмнің басқа ұлттарды өзіне өшіктіріп, қарсы қоятындығының мысалы ретінде Соловьев орыстар мен поляктар арасындағы жауластықты көрсетеді. Шындығына келсек, бұл құбылыс біздің заманымызға дейін жалғасып келе жатыр. Ұлттық эгоизмді жоюдағы Петр І-нің рөлін Соловьев баса атап көрсетеді: «Петрдің реформасының терең христиандық сипаты бар, себебі ұлттың өзін-өзі кінәлауы — адамгершіліктік-діни акт». Соловьевтің ойынша, орыс ұлты басқа ұлттарды өзімен тең деп қарастыруы, ар-ұят ұғымын ұлттық деңгейге дейін көтеруі тиіс. Осы тұрғыдан қарастырғанда, Петр І-нің реформалары орыстардың тек басқа ұлттарға ғана емес, әрбір адамға деген көзқарасын өзгертті. Соловьевтің ұлттық эгоизмнен бас тарту идеясы өте батыл, тамаша идея. «Тек осылай жасағанда ғана Ресей дүниежүзілік тарихи процестерге қатыса алады», — дейді Соловьев. Абайдың қазақ халқын сынағаны секілді, Соловьев те өз халқының жағымсыз қасиеттерін ашық айтып, оны түзетуге шақырады. Әрине, бұл қадам славянофилдерге ұнамады. Ең бастысы, олар орыс ойшылының өз халқы мен мемлекетіне сүйіспеншілігін, жақсы ниеттен туған сыни пікірлерін бағалай алмады.
Эгоизмге қарсы тұрар, адамды жалған өзімшілдіктен құтқарар күш ретінде Соловьев махаббаттты ұсынады. Оның түсінігінше, махаббат парасатты санадан үлкен, бірақ сананың көмегімен ғана жекелік ерекшелікті төмендетпей, керісінше, биіктете түседі. Адам парасатты сана арқылы ғана өзінің жекелік ерекшелігін эгоизмінен бөліп қарастырады, махаббатка беріле отырып, эгоизмінен арылады. Яғни, махаббат эгоизмді құртып, жекелік ерекшелікті нығайтады. Бұл ретте Соловьев махаббаттын ғажайып жасампаз күшін дәл сипаттайды, оны жалпы адамзаттық денгейге дейін көтереді.Қазіргі Ресейде Соловьевтің идеялары қолдау таппай, мемлекеттік идеологиядан оның теориясына орын табылмай отыр. Жалпы, Соловьевтін идеялары орыс мемлекетінің болашақ дамуына қажетті идеологиялық,қару болуға әбден лайық. Себебі, қазіргі Ресей әлемдік деңгейдегі беделін қайта қалпына келтіру бағытында көптеген жұмыстар атқаруды, бұл өте күрделі, қарама-қайшылықты іс. Соловьев те өз отанының болашағына аса зор үмітпен қарап, Ресейді түбінде Шығыс пен Батысты татуластыратын жаңа мәдени-тарихи тип, оның негізі — христиан дінін ұстанатын дүниежүзілік шіркеу деп жариялаған еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет