Төлеби ауданының әкімдігі «21» маусым 2010 жыл №251 қаулысы


«Үздік мектеп басқару моделі»



бет4/16
Дата23.02.2016
өлшемі1.43 Mb.
#3790
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

«Үздік мектеп басқару моделі» байқауында Қ.Мамытов атындағы ЖОМ директоры Қ.Ижанова облыста І орынға ие болды.

28 мектеп күрделі жөндеуді қажет етсе, оның 3-і (Алатау, Жаңажол, Қаратөбе) 2013 республикалық бюджет есебінен «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өтті. Оған 178050,0 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күні мемлекеттік қабылдау актісі рәсімделуде. Жобалық-сметалық құжаты мемлекеттік сараптамадан өткен 8 мектепті (№1, Ханарық, №4, №5, Әл-Фараби, Майбұлақ, Биболатұлы, Т.Тоғысбаев) күрделі жөндеуден өткізуге қажетті 745729,0 мың теңге қаржыға сұраныс облыстық білім, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларына құжаттарымен берілген.

Ауданда 2013-2014 жылғы жылыту маусымына 74 мектеп (54 орта, 8 негізгі, 12 бастауыш), 4 мектептен тыс мекеме, 26 балабақша дайындық жұмыстарын атқарды.

Жоспарланған Алатау, Қаратөбе, Жаңажол орта мектептерінің жылыту жүйесіндегі ақаулар аталған мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары атқарылған кезде жойылды. Қабылдау актісі түзілді.

Сұлтан Рабат орта мектебінің ақауы бар бір қазандығы жөндеуден өтті. Қосымша бір қазандық қойылды.

Қасқасу орта мектебінің ақауы бар бір қазандығы жөндеуден өтті.

№2 орта мектебінің ақауы бар бір газ қазандығына Алматы қаласынан мердігер есебінен сұраныс берілген. 25 қыркүйекке дейін алып келіп, орнатылады.

№8 орта мектебінің жылыту қазандығы газға ауыстырылып, жылыту жүйесі ағымдағы жөндеуден өтті. Осы мақсатқа аудандық бюджеттен 17672,0 мың теңге бөлінді. Қабылдау актісі түзілді.

№3 орта мектебінің ақауы бар бір газ қазандығына Алматы қаласынан мердігер есебінен сұраныс берілген. 25 қыркүйекке дейін алып келіп, орнатылады.

1877,4 мың теңге аудандық бюджет қаржысына Жаңаұйым орта мектебінің жылыту қазандығы газға ауыстырылды.

4777,2 мың теңге аудандық бюджет қаржысына Ақайдар орта мектебінің жылыту қазандығы газға ауыстырылды.

3937,0 мың теңге аудандық бюджет қаржысына М.Әуезов атындағы орта мектебінің жылыту қазандығы газға ауыстырылды.

8892,5 мың теңге аудандық бюджет қаржысына Бірінші Мамыр орта мектебінің жылыту қазандығы газға ауыстырылды.

4203,97 мың теңге аудандық бюджет қаржысына Тыныбеков атындағы орта мектебінің жылыту қазандығы газға ауыстырылды.

1373,08 мың теңге аудандық бюджет қаржысына Таскешу бастауыш мектебінің жылыту қазандығы газға ауыстырылды.

74 мектептің 70-і автономды жылыту жүйесімен, 4-і пешпен жылытылады. 52 мектеп көмірмен, 22 мектеп газбен жылытылады.

6999,5 тонна көмір мектептерге 100 пайыз тасылып берілді. Көмір сапасы жақсы. Сертификаты мен зертханалық сараптамасы бар. Арнаулы қоршалған, төбесі жабылған қоймаларда сақталуда.

26 балабақшаның 25-і автономды, 1-і пешпен жылытылады. 16 балабақша көмірмен, 10-ы газбен жылытылады. Қажетті 1066 тонна көмір жеткізіліп берілді.

4 мектептен тыс мекеменің 4-і автономды жылыту жүйесімен жұмыс істейді. 2-і газбен, 2-і көмірмен жылытылады. Қажетті 80 тонна көмір жеткізіліп берілді.

Жылыту жүйелері жуылып, тазаланып, қысыммен сығымдалды. Паспорты мен актілері түзілді.

Электродвигатель, насос, вентильятор, кранниктер, монометр, термометрлер ревизиядан өткізіліп, майланып, жөндеуден өтті. Қосымша электродвигатель насостар дайындалды. Жылыту қазандықтарының ғимараттары әктеліп, жөндеуден өтті.

Білім нысандарының ішкі жылуды сақтау іс-шаралары атқарылуда. Еден, есік-терезе саңылаулары бекітіліп, терезе шыныларының сынықтары ауыстырылуда. Екі қабаттан салынған.



Мәдениет саласы
2012 жылы ауданда 33 кітапхана, 7 мәдениет үйлері, 10 клуб мекемелері, «Өркен» мәдени қызмет көрсету орталығы және көркемсурет галереясы, барлығы 52 мәдениет мекемесі қызмет көрсетуде.

2010 жылы аудан әкімдігінің 19.11.2009 жылғы №543 «Теңгерімнен теңгерімге беру туралы» қаулысының негізінде «Бірлік» өндірістік кооперативінің теңгеріміндегі Ханарық және Оңтүстік ауылдық клубтары «Аудандық мәдениет үйі» МКҚК-не беріліп, қазіргі таңда 54 мәдениет мекемесі қызмет көрсетеді.

Елімізде қабылданған «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында ауданның мәртебесін арттыру, туған өлкенің тарихын дәріптеу, елге, жерге деген мақтаныш сезімін асқақтату, асыл мұраларымыз болған ұлттық өнерімізді, салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғыртып, кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ел бірлігін, ұлтаралық достықты нығайту, өнерлі азаматтар мен жас таланттардың талпыныстарына қолдау білдіріп, оларды көпшілікке таныстыру және заман ағымына сай жаңа мәдени қызметтер көрсету мақсатында мәдениет мекемелерінде 2012 жылы – 592 іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Мәдениет ұйымдарының жанынан 78 клубтық құрылым жұмыс істеп, қазіргі таңда оларға 1916 адам тартылған.

Аудан кітапханаларының жалпы кітап қоры 399014 дананы құрап, олардың тұрақты оқырмандары 29652 адам болды.

Күрделі жөндеуден өткен 5 мәдениет мекемелеріне;


  • «Жебе» халықтық театрына

Жаңа ашылған Оңтүстік, Ханарық клубтарының меңгерушісі штаттары берілді

Ішкі саясат

Негізгі мақсаты ішкі саяси тұрақтылық және азаматтық қоғамның бірігуі, этникааралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру Төлеби ауданының ішкі саясатын басқару жұмысының стратегиялық маңызды бағыты болып табылады.

Ауданда 52 діни бірлестіктер,11 үкіметтік емес ұйымдар, 3 бұқаралық ақпарат құралдары әрекет етеді.

Мемлекеттік саясатты насихаттау және түсіндіру жөнінде арнайы мамандандырылған ақпараттық-насихаттау топтарының күшімен тұрақты түрде жұмыстар атқарылуда. Ауданда барлығы 19 ақпараттық-насихаттау топтары құрылған. Олардың жұмысының нәтижелігін, сондай-ақ жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат жөнінде тұрғындардың хабардарлығын арттыру мақсатында үгіт-әдістемелік материалдар құрылуда, әлеуметтік-маңызды әдебиет шығарылуы көбеюде.

Қоғамдық-саяси, этникааралық және конфессияаралық жағдайды зерделеу, жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат, мемлекеттік рәміздер, жастардың мәселелері, саяси күштердің орналасуы жөнінде тұрғындардың хабардарлығын және көзқарасын анықтау ,әлеуметтік зерттеулер өткізілуде.

Сондай-ақ діни экстремизмге қарсылық жөнінде бағытталған жұмыс атқарылуда. Бұл мәселе ауданның географиялық орналасуы және тұрғындар санының көптігін ескерсек аса маңызды болып тұр. Осыған байланысты, аймақтарда мұсылман дін басшыларымен жиналыстар, дәстүрлі дін басшыларының жастармен кездесулері тұрақты өткізілуде. Осыған қатынасы бар мемлекеттік органдармен, дінтанушылармен және дәстүрлі дін өкілдерімен бірлесіп халықтар тығыз тұратын жерлерде, оқу орындарында діни экстремизмге қарсы әрекет жөнінде кездесулер өткізілуде.

Ауданда 14 жастан-29 жасқа дейінгі жастар саны 35800 адам, ол аудан тұрғындарының 31 пайызын құрайды. Жастардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші бойынша ауыл шаруашылығында 5933, кәсіпкерлік салада 4431, білім беру саласында 780, өнеркәсіпте 365, құрылыста 1939, медицинада 431, әскери және құқық қорғау органдарында 282, мемлекеттік қызметте 133,басқада әр түрлі салаларда 1225 жастар жұмыс атқаруда.

Осының нәтижесінде қажетті саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру жағдайлары жасалған, жас адамның әлеуметтік тұрақтануына және дамуына, оның шығармашылық потенциялының қоғамдық қажеттілікке мүмкіндігінше толық іске асырылуына мүмкіндік жасалған, жастардың отансүйгіштігінің деңгейі көтерілді.

Дарынды жастарды анықтау мақсатында оқушылар арасында ең үздік ғылыми жұмысқа қоғамдық, жаратылыстану, техникалық және қоғамдық ғылымдардан олимпиядалар, жарыстар өткізілуде. Ғылыми жұмыс үшін жағдай жасалуда жаңа ақрпараттық технологияларға, ғылыми жұмыстарды бастыруға, әр түрлі конференция мен семинарларға қатысуға еркін қол жеткізіледі.

Жастардың мәселелерін шешу және оларды қоғамдық жұмысқа баулу жобаларын іске асыру мақсатында жыл сайын жастардың әлеуметтік жобалар конкурсы өткізілуде.

Ауданда 3 бұқаралық ақпарат құралдары: «Төлеби туы» қоғамдық саяси және «Ленгер жаршысы», «Ленгір жаңалықтары» еркін апталық газеттер жұмыс істейді.

«Төлеби туы» қоғамдық саяси газеті 1935 жылы наурыз айынан шыға бастады, таралымы 5263 дана.

«Ленгер жаршысы» еркін апталық газет 2007жылдың тамызынан бастап шыға бастады, 1000 дана, «Ленгір жаңалықтары» еркін апталық газет 2008 жылдың мамыр айынан бастап шыға бастады, таралымы 1000 дана.

Аудан көлемінде «Қазақстан- 2030» Даму Стратегиясын, Елбасының Жолдауын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларының тұрғындар арасында насихаттау, түсіндіру республикадағы, облыстағы және аудандағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық саяси реформаларды жүзеге асырудың белсенділігін одан әрі қарай арттыру мақсатында жыл сайын аудан әкімінің өкімімен аудандық және қоғамдық негіздегі насихаттық топтар құрылады.

Казіргі таңда аудан бойынша жалпы 19-ақпараттық-насихаттық топ жұмыс істейді. Оның 15-і қала, елді мекендерде жұмыс жүргізеді, қалғаны аудандық және қоғамдық негіздегі лекторлық топтар.

Көрнекі –үгіт құралдарының жағдайы туралы айтар болсақ, қазіргі кезде аудан көлеміндегі елді мекендердің жол бойларында көрнекі –үгіт құралдары орнатылған.

Аудан бойынша -93 билборд бар. Бұл көрнекі –үгіт құралдарына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауы мен «Қазақстан-2030» Даму стратегиясы, мемлекет, қоғам қайраткерлері мен ақын, жазушыларымыздың қанаты сөздері және халық нақылдары жазылған. Сонымен қатар қажеттілігіне қарай жыл сайын мәтін сөздері өзгертіліп, жаңа ұғымдармен толықтырылып отырады.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық саяси ахуалына аналитикалық талдау сараптама жұмыстарын жүргізу мақсатында әр түрлі тақырыптарда арнайы социологиялық зерттеулер және ауылдық округ, ауыл әкімдерінің рейтингін анықтауға арналған сауалнамалар жүргізіледі.

Социологиялық зерттеулер тұрақты жылына екі рет және қажеттілік туындаған жағдайда жүргізіледі.

Мерзімді басылымдардың деңгейі өсуде және сапасы жақсаруда. Аудандағы бұқаралық ақпараттық құралдардың қайта жаңғыруы және жаңадан құрылуы осының дәлелі болып табылады.

4. АЙМАҚТЫҢ ДАМУ КӨРІНІСІ
Өнеркәсіп саласы


Өнеркәсіп саласын дамытудың басымды бағыттары

Ауданымыздың негізгі құрылымы ауылшаруашылық болғандықтан бүгінгі таңда ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындарды дамыту негізгі мақсат болады. Сондықтан ауданымызда ет өңдеу мен май сығу цехтарын, дәнді дақылдарды өңдеу диірмендерін салу мақсатына жобалар іздестіріліп, қаржыландыру мекемелеріне ұсынылуда.

Өнеркәсіп саласын әрі қарай дамыту мақсатында ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша әрбір ауылдық округтерде бос жатқан ғимаратарды анықтап, Инвестициялық Форум өткізу арқылы қалталы азаматтарға әрі қарай жұмысын дамыту және бюджетке қосымша салық түсіру үшін жұмыстары ұйымдастырылуда.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында әлеуетті бизнес жобалардың тізбесі жасалуда.

Өнеркәсіп саласындғы елеулі жетістіктеріміз тек шикізат шығарумен шектелмей, әрбір ауылдық округте өнеркәсіп өнімдерін өңдейтін кемінде 1 жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыру бағытында жұмыстар жандандырылуда.

Өңдеуші өнеркәсіп секторында өндірілген өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша түсініктеме жұмыстар ұйымдастырылуда.


Ауданның 5 жылдық даму бағдарламасы аясында аудан бюджетінің қалыптасуына өз әсерін тигізетін басынқы бағыттағы 8 инвестициялық жаңа жобалар жалпы құны 44850,2 млн теңгеге 319 жаңа жұмыс орындарымен іске қосылады деп күтілуде. Оның ішінде:

2011 жылға 2 жоба өнеркәсіп саласында іске асыру жоспарланып, бұл мекемелердің жалпы құны 585,1 млн теңгені құрап, жоба іске асқанда 25 адам жұмыспен қамтылуы көзделген. Аудан бюджетіне қосымша 70,7 млн теңге салық түседі деп күтілуде. Оның ішінде 1 жобасы инновациялық жоба.

2012 жылы жалпы құны 131 млн.теңге құрайтын 2 жоба іске асырылса, 22 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Қосымша аудан бюджетіне 4,8 млн.теңге салық түсімі түседі деп күтілуде. Оның ішінде 1 жобасы инновациялық жоба.

Ал 2013 жылы 2 жоба өнеркәсіп саласында іске асыру жоспарланып, бұл жобалардың жалпы құны 84,1 млн теңгені құрап, жоба іске асқанда 37 адам жұмыспен қамтылуы көзделген. Аудан бюджетіне қосымша 85,9 млн теңге салық түседі деп күтілуде. Оның ішінде 1 жобасы инновациялық жоба.

2014 жылы 1 жобаны іске асыру жоспарланып, бұл жобаның жалпы құны 550,0 млн теңгені құрап, жоба іске асқанда 115 адам жұмыспен қамтылуы көзделген. Аудан бюджетіне қосымша 36,3 млн теңге салық түседі деп күтілуде.

2015 жылы 1 жобаны іске асыру жоспарланып, бұл жобаның жалпы құны 43500,0 млн теңгені құрап, жоба іске асқанда 120 адам жұмыспен қамтылуы көзделген. Аудан бюджетіне қосымша 91,3 млн теңге салық түседі деп күтілуде. Бұл жоба инновациялық жоба.


Ауданды алға сүйреуші кәсіпорындарды анықтау:

Ауданның әлеуемттік-экономикалық жағдайының артуы мен бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту мақсатында кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы саласын алға сүйреуші негізгі 3 бағытта дамыту жоспарлануда.

1.Ауданымыз таулы аймақ болғандықтан туризм саласын дамыту;

2.Ауыл шаруашылық саласын дамыту;

3.Өнеркәсіп саласын дамыту. Оның ішінде: - жеміс-жидек және ет өнімдерін қайта өңдеу, - сүт өнімдерін қайта өңдеу және - ауылшаруашылық техника құрал-саймандарын шығару.

Ауданның 5 жылға арналған даму бағдарламасы аясында жүзеге асыру жоспарланған барлық сала бойынша, аймақтың әлеуметіне жобаның сәйкестігі ескерілген.

2010 жылы жоспарға сәйкес жалпы құны 1245,0 млн теңгені құрайтын «Битум» ЖШС іске қосылып, 120 адам жұмыспен қамтылды. Мекеме 6000 тн битумның 3 түрін жылына шығарады.

Осы жылы ауданда 3 мекеме ИСО 9001-2001 сапа менеджмент жүйесін ендіріп, жалпы 6 мекемеге жетті.

Ауданның негізгі өнім көлемін шығарушы «Компания ФудМастер Шымкент» ЖШС жанынан шағын кәсіпорындар ашу есебінен кәсіпорынға сүт, қораптар жеткізетін мекемелер, сонымен қатар шығарған өнімдерін сатумен айналысатын жаңа мекемелер құру есебінен 30-50 жаңа жұмыс орындарын ашып, аудан бюджетіне қосымша 1-2 млн.теңге салық түсіру жоспарлануда.

Одан өзге 87 адам жұмыс атқаратын «Балмұздақ» ЖШС жанынан кішігірім цехтар ашу (балмұздақ таяқшалары, балмұздақ орамдары), сонымен қатар осы мекемеге сүт және ет жеткізу шағын мекемелер ашу есебінен 25-40 жаңа жұмыс орындарын ашып, аудан бюджетіне қосымша 0,5-1,5 млн.теңге салық түсіру жоспарлануда.

Сондай-ақ, қысқа мерзімді келісім шарттар негізінде жұмыс істеп келе жатқан «ЛМЗ» ЖШС-і базасында бар құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, ауылшаруашылық техникаларына қосалқы бөлшектер және ауылшаруашылық техникаларын (дәнді дақылдар себу, тырмалау және культивациялық құралдар) шығару бойынша жұмыс жасауға ықпал ету арқасында қосымша 50 адам жұмысқа тарту және 1,5-2,0 млн.теңге қосымша салық аудан бюджетіне түсіруді көздеудеміз.

Жергілікті мазмұнды дамыту

Қазақстандық мазмұн мәселесіндегі негізгі міндеттерді іске асыру мақсатымен ұйымдармен және мемлекеттік органдардың тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерде қазақстандық мазмұнды ұлғайту, ұлттық компаниялармен байланыстарды және отандық өндірушілерге қолдау көрсету бойынша кезеңді жұмыс басталды.

Аудандағы жүйеқұраушы мекемелер ретінде: «Компания ФудМастер Шымкент» ЖШС, «Арт Құрылыс» ЖШС, «Нури-Л-Төлеби» ЖШС , «Жылуэнергоремонт» ЖШС және «СК РеалСтрой Юг» ЖШС болып табылады. Өйткені олар аудандағы құрылыс, инженерлік жұмыстарды жүргізуде. Аудан әкімдігінің басты мақсаты жоғарыда аталған кәсіпорындардың қазақстандық қамту үлесін арттыру және ай сайын мониторинг жүргізу. Осыған байланысты бұл жүйе құраушы ? қазақстандық қамту үлесін 2015 жылға қарай төмендегідей болмақ.

Сондай-ақ, «Шұғыла», «Үміт-Надежда» және «Ақбура-555» ЖШС-тері тендерге қатысып, қазақстандық қамтуда тігін бұйымдарымен үлесін қосса, «Ленгерское «УПП КОС» ЖШС 637,0 мың теңгеге тендерді ұтып алып, матрацтар, төсек орын жабдықтары және киімдермен қамтамасыз етті.


Мемлекеттік органдар бойынша 2013 жылғы тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызмет түрлерін сатып алу көлемі:

Алдағы уақытта «ҚазАтомПром» АҚ-мен ұзақ мерзімді келісім шартта жұмыс жасау үшін келіссөздер жасау жұмыстарын жүргізуде. Бұл ретте аудан әкімдігі тарапынан келіссөздер жүргізу жұмыстарына қолдау көрсетілмек. Бұл жұмыстар іске асқанда «ҚазАтомПром» АҚ-ның сатып алатын тауарларында қазақстандық қамту үлесі артатынына үлкен үлесін тигізеді.

«Битум» ЖШС-нің қазіргі заманға сай жаңа технологиялық заманауи өнім шығару үшін (битум) алатын шикізаттары Ресейден болғандықтан (гудрон) 90 пайызды құраса, қалған 10 пайызы қазақстандық үлесті (газ) құрайды.
Қазақстандық мазмұнды ұлғайту шеңберінде ауданның жүйеқұраушы мекемелерінің және ұлттық компаниялардың қызметіндегі жергілікті тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтің үлесін, сонымен қатар мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық мазмұнның үлесін талдау және мониторингін жүргізу үшін жұмыс тобы құрылады.

2011 жылы көшпелі мәжілістер шеңберінде мемлекеттік мекемелермен және тауарөндірушілермен жасалатын хаттама-үміттердің (меморандумдардың) іске асуына мониторинг жүргізіледі.

Сонымен қатар ауданда 2011-2015 жылдары жүзеге асырылатын ірі инвестициялық жобаларға да тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Соңымен қатар, республика көлемінде танымалы «Балмұздақ» ЖШС зауытты модернизациялау жобасымен. ҮИИД бағдарламасы шеңберінде тартылған инвестиция көлемі 220,0 млн теңге. «Альянс банк» арқылы 100 млн теңге және 120,0 млн теңге өз қаражаттары есебінен жұмсалды. Жоба іске асып тәуілігіне 15 тоннаға дейін өнім өндірді. Жұмыспен қосымша 20 адам қамтылды. «Балмұздақ» ЖШС зауытты 2012 жылы 950 тонна балмұздақ өнімдерін шығарған. 2013 жылы толық қуаттылыққа шығып, ағымдағы жылдың 1-ші қарашасына 416 млн 705 мың теңгеге 1 810 тонна балмұздақ өнімдерін шығарды. Жыл сайын өтетін «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурсына «Балмұздақ» ЖШС үшінші орынға иеленіп, желтоқсан айында өтетін республикалық көрме-конкурсына қатысады. Сонымен қатар, жыл сайын өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсына қатысу үшін құжаттарын өткізді.

Одан басқа аудандағы индустриалық аймаққа (ИА) бөлінген 30,0 га жер теліміне «ДСТО-Solar» ЖШС қуаттылығы 10 мВт күн көзінен алынатын электростанция орналастыру бойынша әкімшілікпен 30.10.2013 жылы келісім шарт жасалынды. Жоба құны 4,5 млрд теңге, 2015 жылы іске асырылады. Жұмыспен 20 адам қамтылады. Бүгінге «ДСТО-Solar» ЖШС-нің басшылары құрылыс бойынша жобаларды әзірлеуді бастады.

Одан басқа ауданда «Компания ФудМастер Шымкент» ЖШС сүт өнімдерін өңдеу барысында және «Балмұздақ» ЖШС балмұздақтың жаңа түрлерін шығару мақсатында жаңа құрал жабдықтарды пайдалана отырып, зауыттарды модернизациялау жұмыстарын тұрақты жүргізуде.

Аудан таулы аймқа болуына байланысты өзеңдер бойларында шағын гидроэлектростанцияларын соғу үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ, «Мунайинвестминт групп» ЖШС Қасқасу ауылдық округінде 2 Мвт/сағатына шығаратын шағын ГЭС салу жобасын жасатып, орналастыратын жерлерін анықтады. Жер телімдері «Сайрам Өгем» Ұлттық паркінде орналасуына байланысты, құрылыс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік болмай тұр.

Сонымен қатар, «Шымкент инновация» ЖШС бірлесе отырып, ауданда іске асыруға болатын инновациялық жобалар анықталып, іске асыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда:



  1. Төлеби ауданының орналасуы және ауылшаруашылық өнімдерінің үлкен көлемде жиналуы ауданда көкөніс сақтау қоймаларын құрылыстарын іске асыруды жоспарлануда. Жоба құны 80-500 мың доллар көлемінде.

  2. Жемістердің үлкен көлемде жиналуына байланысты, қақ дайындауды қолға алуды қажет етуде. Бұл мақсатта ауданда іске асыруға 2 жоба жоспарланып, құны 10-15 мың доллар көлемінде құрайды деп күтілуде.

  3. Аудан арқылы Сайрам су, Ақсу және Бадам өзендерінің ағуына байланысты, балық шаруашылығын дамытуды жоспарлануда. Бұл мақсатта іске асыруға 1 жоба жоспарланып, жоба құны 300-500 мың доллар көлемінде болады деп жоспарланған.

  4. Ауданда қызмет атқарып жатқан «Компания ФудМастер Шымкент» ЖШС сут өңдеу зауыты бүгінгі таңда Қазығұрт, Ордабасы және Сайрам аудандарынан сүт жинағанымен зауытты толық қуаттылығына шығаруға мүмкіндік жоқ. Сондықтан, ауданда сүтті бағытындағы ірі қара мал өсіру фермаларын дамыту қажет болуда.

  5. Мал басынының жылдан жылға өсуіне байланысты, мал азығын дайындайтын цехтар қажет болуда. Жоба құны 5-20 мың доллар көлемінде болады деп жоспарланды.

  6. Малдың қалдықтарын қайта өңдеу мақсатында биогумусты өндіруді қолға алуды қажет етуде. Жоба құны 70 мың доллар.

  7. Ауданда көмір кеңінін орналасуына байланысты көмірді жер асты газдандыру арқылы жоғары сапалы көмір өндіруді қажет.

Жалпы аудан бойынша «Шымкент инновация» ЖШС мен бірлесе отырып, 11 жобаны іске асыруды жоспарланған. Бұл жобаларды іске асыру мақсатында кәсіпкерлер арасында түсініктеме жұмыстары жүргізілуде.
Экономикаға инвестициялардың жұмсалу динамикасы соңғы жылдары жыл сайын өсуге бейім болымды тенденциясына ие.

Жалпы аудан бойынша өнеркәсіп саласына 2013 жылдың 1 қыркүйегіне жалпы ауданға негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 21 млрд 197 млн теңгеге жетіп, оның ішінде мемлекеттік бюджет есебінен 8 млрд 519 млн теңге, кәсіпорындар мен ұйымдардың және халықтың өз қаржысы есебінен 2 млрд 645 млн теңге, шетел инвестициялары есебінен 148 млн теңге, қарыз қаражаттар есебінен 9 млрд 885 млн теңге. Жалпы кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 12 млрд 678 млн теңгеге инвестициялар тартылып, 2012 жылдың осы кезімен салыстырғанда 3,1 есе өсті.

Бүгінге жыл басынан «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығының «Ырыс» несие ұйымына 21 млн теңгелік 155 ұсынылған жобалардың 77 жобасы мақұлданып, 168,7 млн теңгеге қаржыландырылды. Қалған жобаға тиісті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

«Максимум» АИО» ЖШС – де іске асып жатқан негізгі жобаларды айтар болсақ:

- «М-Нұрай» ЖШС жылы жай салу мақсатына 139,1 млн теңге қаржы сұралған. Құжаттары комиссияда мақұлданып, 46137,3 мың теңгесі қаржыландырылды.

- жеке кәсіпкер О.Жұманов жылыжай салуға 21900 мың теңге алынып, 0,4 га жерде жылыжай салынды, 10 жаңа жұмыс орны ашылды.

- «Жасулас» ЖШС жылы жай салу мақсатына 93,7 млн теңге қаржы сұралған. Құжаттары комиссияда мақұлданып, 16616,3 мың теңгесі қаржыландырылды. Жоба бойынша 12 жаңа жұмыс орны ашылды.

- «Бекшеге» шаруа қожалығы сүт және ет өңдеу цехтарын ашуға 30,0 млн теңгелік жобасын «Максимум» АИО ЖШС – не құжаттарын өткізіп, қаржыландырылды.

Одан басқа, «Атамекен нан» ЖШС мал сою бекетінің құрылысына, сүт және бидай өңдеу цехтарын ашуға 169 265 мың теңге қаржыландырылды.

.
Проблемалардың, қатерлердің, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктердің кешенді сипаттамасы



  • аудан экономикасындағы қосалқы салалардың даму деңгейінің жеткіліксіз болуы;

  • шикізатты сатып алуға мәжбүрлік;

  • өңдеу секторы өнімінің бәсекеге қабілетінің төмен болуы, осыған себеп, алдымен мекемелердің технологиялық деңгейінің төмен болуына, олардың физикалық тозығына және жабдықтардың моральды түрде ескіруіне байланысты;

Аудан мекемелерінде менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттарын ендіру

Қазіргі уақытта төнімді үлестіру нарығын жаулап алу жоғары сапалы өнім шығармай, озық технологияларды қолданбай, ИСО 9000-2000 халықаралық стандарттарға сай келетін сапа менеджментін енгізбей мүмкін емес.

Ауданда «2010 жылға ИСО 9001, 14001, 22000, OHSAS 18001, SA 8000 халықаралық стандартатрына сәйкес менеджмент жүйесін енгізу бойынша жоспар» бекітілген. ИСО халықаралық стандарттары қазіргі уақытта ауданда кең танымал және ИСО стандарттарының рөлі жыл сайын артып отыр. Оған куә болатыны – аудан мекемелерімен және кәсіпорындарымен менеджмент енгізу динамикасы, ол келесідей көрініс тапты: 2005 жыл – 1, 2007 жыл – 1, 2009 жыл – 1, 2010 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында – 4 мекеме.

2010 жылдың 1 қазанына алған жағдай бойынша өңірдің 7 мекемесі менеджмент жүйсін енгізген, бұл көрсеткіш өткен жылдың осындай кезеңіндегі мәліметтерден 2,5 есе артық. Оның ішінде мекемелер - өнеркәсіп, мұнай және құрылыс индустриясы.

Олардың ішінде:


  1. ИСО 9001 сериясындағы СПМ енгізген – 7 мекеме

Сала кескінінде сапа менеджментін енгізген мекемелер:

  • құрылыс индустриясында – 2 мекеме; («Каз Ні ТесҺ Еuro Building», «Ернур строй и К» ЖШС)

  • тамақ өнеркәсібінде – 3 мекеме; («ФудМастер Шымкент», «Балмұздақ», «Корпорация Атамекен» ЖШС)

  • мұнай өңдеу өнеркәсібінде – 2 мекеме; («Оңтүстік Мұнайгаз» «Бейбарс Ойл» ЖШС)

2015 жылға халықаралық сапа менеджментінің сертификатын алған мекемелер саны 16 жетеді.


2010 жылы «СТ KZ» сертификаттарын тендерлерге қатысатын мекемелерден «УПП КОС» ЖШС сертификаттың 5 түрін, «Ск Реал строй» ЖШС сертификаттың 3 түрін және «Битум» ЖШС сертификаттың 2 түрін алды. 2009 жылы «ЛМЗ» ЖШС және «УПП КОС» ЖШС сертификаттардың 1 түрлерін алған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет