Төлегенов а. К., Сариева г. М., Несипакынова ф. К., Даленбаев а.Ә. Жаңартылған бағдарлама бойынша қазақстан тарихы пәнін оқыту әдістемесі


Қазақстан тарихы пәні бойынша оқушылардың білім жетілдіруде түрлі тапсырмаларды қолдану ерекшеліктері



бет4/14
Дата07.06.2024
өлшемі7.53 Mb.
#502423
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Авторлық 2020

1.2 Қазақстан тарихы пәні бойынша оқушылардың білім жетілдіруде түрлі тапсырмаларды қолдану ерекшеліктері
Қазіргі қоғам мұғалімдерден үздіксіз, жүйелі де берік білім беруді іске асыру міндетінің орындалуын талап етуде. Әр мұғалім осы бағытта оқу үрдісінің жалпы мазмұнын білу, кәсіби терең білімнің болуы және білім беру құжаттарымен жұмыс істей білу талаптарын орындап, іске асыра білуі шарт. Білім берудегі негізгі міндеттердің бірі – білім беруді жетілдіру, талапқа сай оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру. Білім беру – оқушылардың ғылыми білімдер жүйесін меңгеру, танымдық дағдысы мен ынтасын, дүниеге көзқарасын қалыптастыру, шығармашылық қабілеті мен күшін, адамгершілік қасиеттерін дамыту үрдісі.
Тарих – мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді және адамгершілік-этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным әдістерін қолдануға мүмкіндік береді.
Тарих пәнін оқытудағы негізгі мақсат – ұрпақтарды өз елінің тарихымен таныстыру. Оқушылардың танымдық қабілетін өсіруде адамгершілік қасиеттерін дамытуға әсер ету. Еліміздің әр азаматы тарихтан біз келешекте қандай қоғам құруды мақсат қыламыз, өткеннен қандай үлгі, өнеге алуымыз керек деп сұрақ қойып, жауап алуымыз қажет. Ата-бабамыздан мирас болған тарихымызды білу, тану, табиғатын сақтау тәуелсіз еліміздің әрбір азаматының борышы. Осындай үлкен істі жүзеге асыруда тарихшы ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше зор.
Тарихты оқыту әдістемесі – тарихты оқытудың міндеттері, мазмұны және әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық ғылымдардың бір саласы. Мектепте «Тарих» курсын оқытудың басты мақсаты – оқушыларға адамзат дамуының ежелгі заманынан бастап бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру, бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени-тарихи тәжірибесінің негізін оқытып меңгерту. Тарих пәнін тиімді жүpгізy жолдарының бipi – күнделікті сабақ жоспарын ғылыми-әдістемелік тұрғыда жасап, ұстаздың тәжірибе жемісіне сүйене, отырып, жүзеге асыру.





Тарих сабағында қолданылатын «Жіпке тізу» әдісі (автор Несипакынова Ф.К.)

Инновациялық тәсілдер арқылы сапалы біліммен, жан-жақты дамыған дүние танымы кең, шығармашылық ізденіспен жұмыс істейтін жеке тұлғаны қалыптастыру. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына зор көңіл бөлу қажет. «Сабақ – мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы»,-дейді В.А.Сухомлинский. Білімнің сапасы көпшілік жағдайда мазмұнға сәйкес әдістемені дұрыс таңдап ала білуге байланысты. «Тарих» курсын тәрбиелеу құралын ретінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту, тірек-сызбалар арқылы оқыту, Ж.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту, М.Жанпейісованың модульдік технологиясы, Б.Тұрғанбаеваның дамыта оқыту технологиясы, жобалау технологиясы, ұжымдық оқыту технологиясы, т.б. сияқты оқытудың түрлі әдістемелері мен технологиялары кеңінен қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет