Төлегенов а. К., Сариева г. М., Несипакынова ф. К., Даленбаев а.Ә. Жаңартылған бағдарлама бойынша қазақстан тарихы пәнін оқыту әдістемесі



бет3/14
Дата07.06.2024
өлшемі7.53 Mb.
#502423
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Авторлық 2020

Кәдірқұлова Гүлім Қағазбековна
т.ғ.к., профессор
1 ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН БІЛІМ БЕРУДІҢ САПАСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Қазақстан тарихы пәнін оқытуда деректерді қолдану әдістемесі

Қазіргі заман сұранысының негізінде білім жүйесінің жаңа болмысы қалыптасуда. Білім берудің әдіс-тәсілдері түбегейлі өзгеруіне байланысты инновациялық үрдістің қарқындылығы артуда. Бүгінгі күннің талабы-ұстаздық әрекеттің жеке тұлға дамуына жағдай туғызуы. Осыған орай білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген, ілгері кеткен оқыту әдіс-тәсілдері арасында конструктивті теориялық оқытуға негізделген әдіс-тәсіл кең таралып отыр.


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі [2].
Қазақстан Республикасында оқытудағы Кембридждік бағдарлама кеңінен насихатталып,осы негізде кешенді бағдарламалар жасалып,сол бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жалпы «тарих» сөзі бізге араб тілінен енген. Негізгі мағынасы «әңгімелеймін» деген түсінікті білдіреді. Сондықтан да тарих сабағы үнемі белсенді қозғалысқа толы болады. Сабақ барысында мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы арасында үнемі байланыс, яғни диалог жүреді.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Елбасымыз әр кез жыл сайынғы жолдауларында «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр» - деген тапсырмасына берген еді [3]. Заманауи әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан- жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ.
Орта білім беру жүйесінде тарих пәні басты орын алады. Ұсынылған әдістемелік құралы ұлттың тарихи санасын жетілдіру және жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға негізделген жалпы білім беретін мектептердегі Қазақстан тарихынан білім беру жайын зерделеу мәліметтерін қамтиды.
«Тарих» пәнінің маңыздылығы тарихи құбылыстар мен оқиғаларды зерделеуіне, бағалауына, оларға нақты баға беруге, жаңа қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруге дәйектеледі [4].
Ұлттың тарихи санасын жетілдіру және жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бағытындағы бағдарламаларды іске асыру үшін болашақ ұрпаққа тарихи білім беру мазмұны мен әдістемелерін жетілдіру жұмыстарын атқару керек.
Білім беру жүйесін бәсекеге қабілеттілікке жеткізу міндеттері мен білім мазмұнын жаңарту аясында жалпы білім беретін мектептердегі «Қазақстан тарихы» мен «Дүние жүзі тарихын» оқытудың жай-күйін, білім беру нәтижесінің сапасын, оқушылардың дайындық деңгейі мен жетістіктерін зерделеу мақсатында ақпараттық-талдамалық жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, тарих пәндерінен алған білім мен біліктілігі негізінде бүгінгі өзгермелі өмірді еркін бағдарлай алатын, өзін-өзі дамытып, өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдай білетін тұлғаны тәрбиелеу мақсатына баса назар аударылғаны анықталды.
Жаңа оқу бағдарламасының ерекшеліктері:
1. Жүйелі-іс-әрекеттік тәсілдерді іске асыру арқылы практикаға бағытталған білімді нығайту.
2. Пәндік нәтижесінің тиімділігі есебінен, білімді қолданудың шығармашылық дағдылары қалыптасқан оқушылардың функционалдық сауаттылығын нығайту.
3. Пәнаралық ықпалдастықты нығайту жолымен пәннің мазмұнын жүйелеу және оқу материалдарын білім деңгейлеріне сай қайта бөлу.
4. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, құқықтық мәдениет, толеранттылық, адамгершілік қағидалар т.б. арқылы тәрбие әлеуетін күшейту.
5. Бағдарламадан ескірген оқу материалдарын және тақырыптарды шығарып тастап, Отан тарихына қатысты сонын ішінде қазіргі замандағы Қазақстанға қатысты жаңа материалдар енгізу.
6. Елбасының тапсырмасы негізінде жаңа технологияларды, оқытудың жаңа әдістері мен формаларын қолдана отырып, Қазақстан тарихын оқыту форматын өзгерту.
7. Оқушылардың дайындық деңгейінің талаптары пәндік (білу, меңгеру), тұлғалық, жүйелі-іс-әрекеттік нәтижелері ұстанымында сипатталған.
Оқу бағдарламасы білім стандартының пәндік тақырыптарын нақтылайды, оқушылардың жас ерекшеліктеріне, оқу үрдісіне, пәнаралық және пән ішіндегі байланыстармен оқу пәнінің тараулары және ұсынылған оқытылатын тақырыптардың жүйелілігі мен пән бойынша курстың тарауларына оқу жүктемесінің көлемін береді.
Бағдарламада оқушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптары айқын белгіленген. Пәндік нәтижелер екі аспектіде көрсетілген: білуі және меңгеруі тиіс [5].
Тұтастай оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тарих бойынша толыққанды, жүйелі білім беру, қызығушылығын ояту, білім, білік, дағдыларын қалыптастыру, салыстырмалы талдау жасай білуге мүмкіндік береді.
«Қазақстан тарихы» оқулығына төмендегідей талаптар қойылады: оқулық мазмұнының оқу пәнін оқыту мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі. Оқулық мазмұнының типтік оқу бағдарламасының негізгі мазмұндық желісіне сәйкестігі. Оқу басылымы мазмұнын баяндаудың жүйелілігі, бірізділігі, қисындылығы. Оқу басылымы негізгі мәтінінің әдістемелік құрылымы: бөлімдер, тараулар, параграфтарды ұйымдастыру; тақырыптық аяқталулар, сюжеттік тұтастық.
Оқу басылымында нәтижелерге жетуді тексеру аппаратын ұйымдастырудың тиімділігі: бақылау және тест материалдары. Оқу басылымында қосымша материалдың: хрестоматиялық, құжаттық материалдар, ғылыми әдебиеттерден үзінділер, көркем суреттеулер, әңгімелеулер, биографиялық, ғылымтанушылық, статистикалық деректер, т.б. бар болуы. Оқу басылымы мазмұнында пәнішілік және пәнаралық байланыстардың бар болуы. Оқу басылымы мазмұнының оқушылардың алған білімі мен тәжірибесін адами қызметтің әртүрлі саласында, қарым-қатынаста және әлеуметтік қатынастарда (функционалдық сауаттылық) өмірлік міндеттерді шешуде пайдалану қабілеттілігін қалыптастыруға бағыттылығы. Оқу басылымы мазмұнының оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытуға бағытталуы.
Оқу басылымы мазмұнының оқушылардың логикалық ойлауын, интеллектуалдық әлеуетін және шығармашылық белсенділігін дамытуға бағытталуы. Оқу басылымы мазмұнының патриоттық сезім, Отанға деген сүйіспеншілік қалыптастыруға бағыттылығы. Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениеттерінің көптүрлілігі мен бірлігінің көрініс табуы. Оқу басылмы мазмұнының оқушыларға экологиялық тәрбие беруге бағытталуы. Оқу басылымы мазмұнының оқушыларға кәсіби бағдар беруге бағытталуы. Оқу басылымы мазмұнында анық емес, дәйексіз ғылыми деректердің, фактологиялық, ұғымдық қателердің, дәлсіздіктердің болмауы. Оқу басылымының оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен құзыретін қалыптастыруға бағытталуы.
Болашақ зиялы азаматтарды тәрбиелеу үшін Қазақстан тарихын тереңдете оқыту арқылы олардың танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал жасауға болады. Ол үшін білім алушылардың ғылыми қоғамдарын ұйымдастыру және республикалық ғылыми жарыстарға белсене қатынасуына мүмкіндіктер жасауға тиіспіз.
Білім алушыларға қазіргі заманғы білім мен жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген тәрбие бере отырып жеке тұлғаны қалыптастыру осылайша басты бағыт ретінде ұсталынады.
Осы ұстанымдарды негізге ала отырып, орта ғасырдағы Қазақстан тарихын тарихи білім мен сана қалыптастырудағы негізгі бағыттарын былай айқындаймыз:
1. Болашақ тарих мұғалімі ретінде орта ғасырдағы Қазақстан тарихының мазмұнын меңгерту арқылы білім алушылардың жеке интеллектуалдық дамуын бақылау, оның еркін дамып, қабілеттерінің ашылуына тиімді жағдай жасау.
2. Білім алушылардың осы пәнге деген ынтасы мен қабілетін зерттеу, қызығушылықтарына бағдар беру.
3. Дәстүрлі қоғам тарихының мазмұнындағы құндылықтар арқылы олардың ұлттық санасын қалыптастыра отырып, өз ойын еркін жеткізе алатын ойлау, сөйлеу дағдыларды игеруіне мүмкіндік жасау.
4. Ұлттық мемлекеттіліктің аса маңызды кезеңі ретінде орта ғасырдағы Отан тарихының өзекті мәселелерін танып-білуге арналған ғылыми ізденістеріне бағыт беру.
Білім беру, жан-жақты дамыту, тәрбиелеудің бір тұтастығын қалыптастыруда тарихи тұлғалардың өнегесі мен олардың мұрасын кеңінен пайдалану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет