Сабақтың тақырыбы: Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы.
Сабақтың мақсаты: Барлығы: Ұлы жібек жолының пайда болу тарихы туралы толық мәліметті игереді.
Көпшілігі: Отырықшылар мен көшпелілер арасындағы сауда байланыстарын анықтайды.
Кейбірі: Ортағасырлық қалалардағы мәдени және қоғамдық орындардыңмаңызын түсінеді.
Сабақтың басы.Оқушылармен амандасып, олардың назарларын сабаққа аудару.
Топқа бөлу
1-топ - «Қытай» тобы
2-топ - «Қазақ елі» тобы
3-топ - «Рим» тобы
Үй тапсырмасын «Керуен жолы» әдісімен жүргізу (өткен тақырыптар бойынша).
«Ұлы жібек жолы» атауын ұсынған ғалым?
Ұлы жібек жолы тұрақты түрде қай ғасырдан бастап қызмет ете бастады?
Батыс елдеріне елшілікті жіберген Қытай императоры?
Керуен саудасына жүк тасуды қандай төрт түлік мал арқылы жүзеге асырды?
Бұл жол не себепті «Ұлы жібек жолы» деп аталған?
Саудадағы басты тауар?
Бағалау:мұғалімнің ауызша мадақтауы.
Жаңа сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау Берілген сурет арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
Жаңа сабақты түсіндіру «Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы.
1. Дәптермен жұмыс. Жазылым.
«Ұлы жібек жолы кезеңіндегі қала мәдениетінің дамуы»
2. «Ұлы жібек жолы тақырыбы бойынша видео көрсетеді.
№1 Тапсырма. Топтық жұмыс «Сиқырлы сандық: Отырардағы сауда» әдісі бойынша топтарға тапсырмалар беріледі. Карточкадағы берілген тауарлар атауын табу керек.
1-топ «Көшпенділер тауарлары»
2-топ «Отырықшылар тауарлары»
3-топ «Сауда арқылы келген тауарлар».
Жаңа сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау Берілген сурет арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.