Батпақтану –1) аймақтың физикалық-географиялық жағдайына байланысты артық немесе мөлшерден көп ылғалданудан, атмосфералық судың іркіліп жиналуынан (топырақта су өткізбейтін қабат болса немесе суды бей-берекет пайдаланғаннан), суарма- лау процесінің бұзылуынан жəне грунт суы деңгейінің жер бетіне жақын жатуынан ойпаңды жерлердің, топырақтың суға толығымен қанығуы. Батпақтану екі процестен тұрады: алғашқысы шым- тезектену (шала шіріген органикалық қалдықтардың жинақта- луынан), екіншісі қорыс-қопалануға (топырақтың артық ылғал- дануынан оксидсіз қосылыстардың түзілуі) байланысты өтеді де, батпақты топырақтар түзіледі. Топырақтың батпақтануы оның агрономиялық қасиеттерін нашарлатады. Батпақтану ағыстың тар- тылуына байланысты топырақ пен жер қыртысының мөлшерден тыс ылғалдануынан, жерасты суларының көтерілуінен немесе булану процесінің бəсеңдеуінен пайда болады. Жердің батпақтануы жəне жердің шымтезекті түріне айналуы деп сараланатын екі түрі болады;
2) геоботаникалық, топырақтық, гидрологиялық жəне геологиялық зерттеулердің нəтижесіне негізделген батпақ тұралы ғылым саласы.
Жалпақжапырақты орман құба топырақтары. Калиниград об- лыстары, оңтүстік Қиыр Шығыс аймағында, Закарпат жазық- тықтарында (Уссурийско – Ханкайская жəне Зецско – Буреинская) жалпақжапырақты орман құба топырақтары тау етегiндегi таралған. Таулы қоңыр орман топрақтары Карпатта, Кавказда, Қырымда, Ал- тай тауының солтүстік шығыс жəне Сихоте-Алинеде кездеседі.
Қоңыр орман топырақтарының жалпы көлемі 10,1 млн гектарды, шалғындық қара топырақпен қоса Амур прерийi 20 млн гектарды құрайды.
Топырақ түзілуінің табиғи жағдайлары. Батыс аудандардың кли- маты жылы жəне ылғалды, жауын- шашын мөлшері жылына 1000 мм жəне ауада таралуында 350-ден 400-ге дейін, ол топырақтың су шайғышш режимін анықтайды. Кезеңдегі жалпы температура 10 °C -тан жоғары 2000-3000 °C.
Шығыс аудандар ұзақ аязды кезеңді, терең мұзданумен топырақтың баяу еруімен суық муссонды климатпен сипатталады.
Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері жаздық муссонды жаңбырлы кезеңмен айқындалған 450-600 мм. Ауада таралуы 430-550 мм. Кезеңдегі жалпы температура 10 °C-тан жоғары 1900-2600 °C.
Топырақ түзілуінің басты породасы элювиалды-делювиальды жəне аллювиалды қалдықтар болып табылады.
Батыстың өсімдікті жабыны еменді орманымен, шамшатпен, граб- пен, талшынмен, аршамен жəне жақсы дамыған түрлі шөптермен сипатталған. Қиыр Шығыста – қылқанды жалпақ жапырақты еменді ормандар, жөке, қара қайын, амыр барқыты, саян шыршасы, самыр- сын, қарағайлы аласа ағаштар леспедециясы жəне жақсы дамыған шөпті жабынды даур родендроны. Құба топырақты ормандар дамыған Таулы Алтай аудандарының шөпті жабыны самырсынды, жапырақты самырсында шөптесін жəне шөптесін мүкті орманды типтерінен тұрады.
Қиыр Шығыстың өте құрғақ аудандарында, яғни Зея жəне Бу- рея өзендерінің террасаларында жалпақ жапырақты ормандар шалғынды дала, дəнді бұршақты түрлі шөптесін өсімдіктермен тал жəне жаңғақтыққа ауысады. Осында минералды құрамы бойынша қоңыр ұқсас бірақ терең гумусты амур прерийнің өзіндік шалғындық қара топырағы қалыптасады. Олардың ішінде шалғындақ батпақты жəне батпақты өсімдіктер кездеседі.
Генезис, кескіннің құрылысы. К. Д. Глинки, В. Р. Вильемса, Л.И. Прасолова, И. Н. Антипова-Каратаева, Ю. А. Ливеровского, И. П. Ливеровского, С. В. Зонна жəне т.б. ғалымдардың зерттеулері арналған қоңыр орманды жерлермен арналға.
Құба орманды топырақтың пайда болуы қоңыр топырақты жерлердің пайда болу процесімен, гумусоакумуляция, балшықтану мен лессиваж болып табылатын жердің басты элементіпроцестерімен байланысты.
Құба орманды жерлердегі гумусоакумуляция процесі қылқан жапырақты орман жағдайларында жəне су режиміндегі шайғыш типті түрде өтетін заттардың азотты кальцийге бай биологиялық ай- налыммен байланысты.
Құба топырақтың пайда болуына заттардың шайылуы жəне олардың жабындағы жəне гумустық көкжиектегі биологиялық акку- муляциясы. Жерге түскенде күлді элементтердің көп бөлігі, сонымен қатар кальций тұздары қайтып келеді. Органикалық қалдықтардың шіруі темірмен комплексті байланыс түзетін, қоңыр гуминді
қышқылдар түзетін жəне фульвоқышқылдарды бейтараптайтын негіздерге бай ортада жүреді. Бұл заттар қоңыр орманды жерлердің кескінің өзіне тəн қоңыр түске бояп отырып, маңызды тереңдікке енеді. Топырақ құрылымының жарты бөлігі жер кескінінің шегінен шығарылады.
Құба орманды топырақты айқындайтын басқа да процестің бірі –
ол кескіннің барлық қалыңдығының балшықтануы.
Балшықтану – бұл топырақтағы екінші глина қабатының биохимиялық жəне химиялық агенттердің ықпалынан орын алуы сияқты, екінші синтездеу процесі органикалық қалдықтары өнімдерінің минералдануының нəтижесінде пайда болатын про- цесс.
Балшықтануға ұзақ кезеңмен қалыпты температура жағдайында кескіннің жетерлікті ылғалдануы жəне микроорганизімдердің тіршілігінің белсенді қатысуымен заттардың биологиялық айна- лымының интенсивті өту процестері.
Балшықтануда топырақ органикалық қалдықтарының өнімдерінің минералдануынан кескінінде тұнба жəне темір, алюминий, марга- нец, фосфор, магний, кальций жəне басқа да элементтер. Үгілу жəне топырақ пайда болу процестері кезінде қоңыр топырақтардағы ор- мандарда пайда болған қозғалғыш темір формалары биологиялық айналымға, гумус жинауға қатысады, топырақ массасын жүйелеумен басқа да процестерге қатысады.
Құба орман топырағының генезисінде лессиваж процесі маңызды болып табылады, яғни балшықты бөлшектердің химиялық құрамының еш өзгеріссіз топырақтың жоғарғы көкжиегінен төменгіге ауысуы.
Құба орманды топырақтың кескінінің құрылысы əлсіз дифе- ренциациямен сипатталады. Орман жамылғысының астынан 5-20 (30) см қуатты қарашірікті аккумулятивті көкжиекке (А) бөлінеді, қошқыл қоңырдан қара қоңырға дейін, болбыр, түйірлі құрылымды, батпақты-иллювиалды көкжиекке ақырын ауысып отырады, 25-50 см қоңырдан қошқыл қоңырға дейін, түйіртпектес түйірленген түрден жиі шағылды, топырақтың пайда болу түріне ауысады.
Классификациясы. Құба орманды топырақ типтерін: кəдімгі қоңыр орманды, қоңыр орманды күлденген топырақ, қоңыр орман- ды глейлі топырақ жəне қоңыр орманды күлденген глейлі топырақ,
сондай-ақ түрлі климаттық жағдайларда қалыптасқан өзіндік фаци- алды үлгі асты: жылы қоңыр орманды, қалыпты, суық, тоңғақтық, терең тоңғақтық типтестерге бөледі.
Құба орманды күлденген топырақ типтестердің күлденген А2 көкжиегімен генетикалық көкжиекте морфологиялық анықталған кескіннің дифференциациясы. Қоңыр орманды глейлі топырақ кескініне боз жəне қызғылт қоңыр дақтар мен темір мерганецті кон- крециялар тəн.
Типтестердің шегінде жынысты топыраққұрушы тұқымдардың белгілеріне (қалдықты-карбонатты, қызғылт, тасты) немесе сал үдеріс ерекшеліктеріне (екіншілей-шымды, үстірт глейлі жəне терең глейлі) қарай ажыратады.
Құба орманды топырақ түрлерін гумус құрамына гумусты А горизонтының қуатына байланысты бөледі: көпгумусты >8%, ор- тагумусты 3-8, азгумусты < 3%, қуатты – А горизонты > 30 см, ортақуатты- A 20-30, азқуатты – А > 20 см.
Құрамы мен қасиеттері. Типті құба орман топырағына механикалық элементтерінің фракциясының кескін бойынша біркелкі реттелуі тəн. Ауыспалы иллювилды текстуралы көкжиекте (Вt) тұнба құрамы жоғарылайды, ол лессиваждын байқалуы мен балшықтану процесін анықтайды.
Құба орманды күлді топырақтың кескініндегіжоғарғыкөкжиектен төменгі көкжиекке қарай тұнба түйіршіктердің санының көбеюі күлдену процесінің айқындалуымен байланысты. Тұнба құрамына каолинитті жəне монтмориллонитті минералдары, сондай-ақ ги- дрослюдалар, аморфты заттар мен жартылай оксидті минерал (гетит, гиббсит) топтары кіреді.
Құба орманды топырақтың кескіні бойынша үйінді құрамы өзгермейді.
Құба орманды топырақтың типтестері қасиеттеріне қарай: гумустылығына, pH, топырақ құрылу процесінің бағытына қарай, сыйымдылық дəрежесіне байланысты өзгешелеу.
Қолданылуы. Қалыпты жағдайда қоңыр орманды топырақ ормандардың жоғары өнімділігімен қамтамасыз етеді жəне олардың орман өсімдіктерінің қасиеттері жоғары бағаланады. Жоғары гумустылық, жағымды су-ауа режимі топырақтың қоректі заттар- мен, яғни өсімдіктердің жоғары өнімділігімен қамтамассыз етеді. Таулы аймақтардағы еңісті жер бедерінде эрозияның пайда болуын
ескеру қажет. Жарлауыттарда жаппай ормандарды кесу, кесілген бұталардың жиналуы, сондай-ақ жүйесіз мал бағу эрозияның да- муына жəне топырақ қабатының жоғалуына əкеледі. Осыған орай топырақты эрозиядан қорғауға байланысты комплексті іс-шаралар жүргізу қажет.
Бедердің жағымды жағдайларында қоңыр орманды топырақтар жоғары өнімді алқапқа айналады. Олар көбіне егістік дақылдарға, көпжылдық жеміс-жидектілерге жарамды. Жыртылған қоңыр ор- манды топырақтарда гумустың жылдам минерализациялануы, олардың негіздермен қанықтылығы төмен болғандықтан өнімділікті жоғарылату үшін ауысымды əктеуді, органикалық жəне минерал- ды тыңайтқыштарды топыраққа енгізуді қажет етеді. Жалпы бұл – тиімді өнімділікті сақтаудағы шараларды аз мөлшерде жүргізетін, көп мақсатта пайдаланатын топырақтар.
Достарыңызбен бөлісу: |