«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тарихи тұлғалар тағылымы
Қызым – жағадағы құндызым, Ұлым – аспандағы жұлдызым
Биоалуан түрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер
Наурыз және әлем халықтарының оны қарсы алу ерекшеліктері
Тыңдалым
Қазақ ауылында бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбексүйгіш, жауынгер, әнші, күйші, аңшы, құсбегі – бесаспап азамат етіп, тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Ер баланы бес жасынан бастап, ат жалын тартып, азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, теріден, темірден түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлігіне баулыған. Әсіресе әкелері мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап, шаруаның алуан тәсілдерін үйретіп баққан.
Қонақ күту, үлкенге иіліп сәлем беру, ән айтқызу, домбыра тартып, күй шерткізу, өлең-жыр жаттату, жаңылтпаш, жұмбақ үйрету немесе теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, сайыс, көкпар, күрес сияқты ұлт ойындарын үйрету тәрбиенің басты шарты болып есептелген.
Қай ата-ананы алсақ та, қызының ертең барған жерінде «балдай батып, судай сіңіп» кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды. Қасиетті ана қызының тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан-ақ қарияның алдынан аттатпай өсіреді. Халқымыз «келіннің – аяғынан, қойшының таяғынан» дегенде, жаңа отаудың береке-құтын, ағайын-туыс, ауыл арасындағы беделін, болашақ ұрпағына дұрыс тәлім-тәрбие беруін келіннің жақсы-жаман қасиеттерімен өлшеген.
1. Сұрақтарға мысалдармен жауап беріңіз.
Қазақ халқы ұл баланы қалай тәрбиелеген?
|
Қыз баланы қалай өсірген?
|
|
|
[2]
2. Мәтіннің негізгі ойына сай келетін мақалды көрсетіңіз.
Тәрбие – тал бесіктен
Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі
Ер жігітке жеті өне де аз
Ата-ана – аяулы қазына
[1]
3. Мәтінде қандай ұлттық ойындар туралы айтылады? Атауларын жаз.
___________________________________________________________________________[1]
4. Ұл баланың тәрбиесінде оның еңбекқорлығынан бөлек оны неге тәрбиелеу маңызды болған?
Өнерге баулу
Мал бағу
Аң аулау
Қора салу
[1]
Оқылым
1-мәтін
Қыс қатты. Қар қалың. Қасқырды қар көтереді. Атты көтере алмайды. Мұның бәрі екі қасқыр жайындағы Қараадыр елінің аңыз-әңгімесі еді. Жиын болып көпшілік бас қосса, көп әңгімелері екі қасқыр жайында болатын. Көксерек семіргенде, ірілеп өскенде — осындай даңқ, атақ ішінде семіріп, өсіп келе жатыр еді. Осы күйлердің бәрімен қатар, Көксерек оңашада елсізде қатты ойыншы болатын. Түс кезінде, я таңертең бір малды тасада аунатып жеп алып, елсіздегі қашандау жатақтарына қайтады. Сондайда ақ қасқыр жүрістен талып келіп тынығып жатса, Көксерек айналасында қар боратады. Жүгіріп екпіндеп кеп тістеп өтеді. Басынан асып аунап түседі, кейде ақ қасқыр ырылдап тісін сақылдатып, құлағын жымитып, ашумен тап береді. Ондайда Көксерек те қатты қорылдап гүр-гүр етеді. Кейде секіріп кеп ақ қасқырдың желкесінен қапсыра тістеп алып, қысып тұрып-тұрып барып қоя береді. Екеуі осыдан әрі ұзасып барып таласпайды. Артынан Көксерек қайта ойнайды.
2-мәтін
Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінде ауыл баласы Құрмаштың қасқырдың күшігін асырап алуы жайында. Қаламгер туындысында табиғаттағы тағылық заңы, адам мен жан-жануар арасындағы шекараны шебер суреттейді. Көксеректі күшік кезінен қамқорлықпен құшағына алып, мәпелеп өсірген Құрмаш сүйкімді бөлтірігін кімнен де болсын қорғаштағанымен, ауыл ақсақалдары қасқырдың бөлтірігінен секемденіп, тағылық заңның өзгермейтінін бала Құрмашқа түсіндіруге тырысады. Әйткенмен, өсе келе далаға қашып, бірнеше күн қатарынан бой көрсетпеуге дағдылана бастаған Көксерек арада біраз уақыт өткен соң бір топ қасқырды бастап, өзге ауылдармен қатар Құрмаш ауылының қойларына да шабуыл жасай бастайды. Мұның арты Көксеректің қой бағып жүрген Құрмашқа шауып, қамқор болған иесін өлтіруіне ұласады. Адамзат пен жануар әлемінің заңы басқа және ол тоғыспайды да. Тоғысқан жағдайда, артының жақсылыққа апармасын әңгімеден ұғынғандаймыз.
Екі мәтінге ортақ тақырыпты көрсетіңіз.
Үйірін тапқан бөлтірік
Қараадыр қасқыры
Ауылдың аңыз-әңгімесі
Қасқырлардың қырылуы
[1]
2. Мәтіндерге тән ақпараттарды өзара сәйкестендіріңіз.
Мәтіндер
|
Ақпараттар
|
1-мәтін
|
Баяндау және суреттеу мәтіні
Баяндау мәтіні
Көркем әдеби тілде жазылған
Көпшілік-ауызекі тілде
|
2-мәтін
|
[2]
3. Тек бірінші мәтінге қатысты ақпаратты көрсетіңіз.
Құрмаштың бөлтірікті қорғаштауы
Дала заңының адамзатқа бағынбауы
Көксеректің малдарға шабуылдауы
Көксеректің ақ қасқырмен ойыны
[1]
4. Әңгіменің оқырманға айтар түйінді ойы не?
__________________________________________________________________________
[1]
Жазылым
Берілген тақырыптың бірін таңдап, эссе жазыңыз. Жазба жұмысында тыныс белгілердің дұрыс қойылуына назар аударыңыз.
[10]
Табиғатқа, жануарларға, құстарға адам қолынан қастандықтар көптеп жасалуда деген пікір айтылады. Бұған кім кінәлі? Осы көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқындап, эссе жазыңыз.
Халқымыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Бала – өте нәзік те сезімтал адам. Баланы қалайша тәуелсіз, бірегей, мақсатты етіп тәрбиелеуге болады? Өз позицияңызды ұстанып, аргументтер келтіре отырып, эссе жазыңыз.
Айтылым
Бір тақырыпқа таңдау жасап, сол тақырып бойынша жұбыңызбен диалог құрастырыңыз (8-10 сөйлем). Жұбыңызбен өзара сұрақтармен алмасып, оларға сенімді, дәлелді жауап беріңіз.
[10]
Өзіңіз білетін тарихи тұлғалардың тағылымы жайында сөз қозғаңыз.
Өзге ұлт өкілдері Наурызда қандай ас әзірлейді? Ұлттық тағамдардың мәні, құрамы, ерекшеліктері жайында айтып беріңіз. Б.Ж.Бопайұлы «Қазақы наурызнама» кітабынан мысалдар келтіріңіз.
Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (ҚБСА) Қазақстан құстар қорғау одағымен бірге 2017 жылдың құсын таңдады. Бұл - үкі. Үкіні сипаттаңыз. Таңдау себебін түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |