Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 8-сынып 2019-2020 оқу жылы мазмұНЫ



бет14/15
Дата10.05.2024
өлшемі346.92 Kb.
#500841
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
ОШ СОЧ Қазақ тілі мен әдебиеті Т2 8кл 2

Барлығы

40 минут

30


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


«Мәңгілік елдің нұрлы жолы!»
Қазақтың айтыс өнері мен сөз мәдениеті
Қазақстан - Байқоңыр-Ғарыш


Тыңдалым
Мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы.
Біздер, қазақстандықтар - бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр - бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар - уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі.
Бірінші - Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.
Екінші - бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Үшінші - зайырлы қоғам.
Төртінші - экономикалық өсім.
Бесінші - жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Алтыншы - тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
Жетінші - еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр. Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлығыңызды белсене қатысуға шақырамын! Әсіресе, стратегия жастарымызға арналады.

1. Ел болашағы кімді толғандырады?



  1. жастарды

  2. ұстаздарды

  3. президентті

  4. қоғамды

[1]

2. Берілген ақпараттарды мәтін мазмұнына сай сәйкестендіріңіз.



Ақпараттар

Ақпараттар

Сәйкестендіру жауабы

  1. Мәңгілік ел

  1. Стратегия мақсатына жетуге шақырады.




  1. Президент

  1. басты құндылықтар жасалды.




  1. 22 жылда

  1. ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы.




[1]

3. Мәтіндегі ақпараттарды ретімен орналастырыңыз.



Мәтіндегі ақпараттар

Реті

  1. Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі




  1. Зайырлы қоғам




  1. Бірлік, бейбітшілік пен келісім




  1. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы




  1. Экономикалық өсім




  1. Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы




  1. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы




[1]

4. Бос орындарға тыңдалған мәтін мағынасына қарай қажетті сөздермен толықтырыңыз.


Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, _______________________ , ұлы жетістіктерімізді еселедік.
[1]

5. Берілген сұрақтарға тыңдалым мәтіні бойынша жауап беріңіз.


«Қазақстан жолы - 2050» стратегиясының басты мақсаты қандай?
___________________________________________________________________________[1]


Оқылым
Екі күн бойы Астана қызу жыр додасын тамашалады. Бір-бірінен кем түспейтін 20 ақын аламанға түсті.
Қазылар алқасын Жазушылар одағының басқарма төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет басқарды. Құрамында белгілі ақын Жүрсін Ерман, Моңғолиядан келген зерттеуші ғалым Шынай Рахметұлы, Түркиядан келген ғалым Әбдуақап Қара, Халық ақыны Әсия Беркенова, Еуразия университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы, белгілі публицист, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп бар. Қазылар алқасының шешімімен, 20 ақынның ішінен оза шапқандар жүлделі орындарға ие болды. Үш бірдей ақын үшінші орын: Айбек Қалиев, Мақсат Ақанов, Серік Қойшығұловқа бұйырса, екінші орын Мейірбек Сұлтанхан мен Рүстем Қайыртайұлына берілді. Финалда бір-бірінен кем түспеген екі ақын: Мұхтар Ниязов пен Ринат Заитов та бас жүлдені қанжығасына байлады. Жүлде қоры да қомақты: ынталандыру сыйлығын алған ақындар 500 мыңнан жүлдеге ие болды. Көпшілік те дән риза, жүлде алған ақындар да риза.
«Айтыс – халықтың рухын көтеретін өнер» екенін үнемі айтып жүреміз. Бірақ соңғы кездері айтыскерлер де «қуланып» алды. Үнемі айтыстарда қайталанып келе жатқан «бір тіркестер» бар. Оны ақынның өзі де біледі, көрерменнің өзі де сезеді. Бұл – бір. Екіншіден, ақпаратты толық зерттемейді. Әлеуметтік желіде «хит» болған тақырыпқа әуес. Трендтегі дүниені қозғасақ, көп «ұпай» жинаймыз деп ойлайды. Үшіншіден, көрерменге не ұнайтынын білетін кей «актер» ақындар бар. Әлеуметтің әлсіз тұсын тиімді меңгерген. Сол арқылы өзіне «бедел» жинайды. Ақынның бұл «ойыны» өзіне ұтыс әкелгенімен, абырой әпермейтінін ескерсе дейміз.

1. Мәтіннің жанрын көрсетіңіз.



  1. мақала

  2. пікір

  3. әңгіме

  4. эссе

[1]

2. Мәтін қандай стильде жазылған?



  1. Көркем әдеби стильде

  2. Ғылыми-публицистикалық

  3. Күнделікті ауызекі

  4. Публицистикалық

[1]

3. Мәтін ақпаратына тән белгілерді көрсетіңіз.



  1. Оқиға, оқиғаны баяндау

  2. Факті, автордың субъективті көзқарасы

  3. Тек қана субъективті көзқарас

  4. Автордың ішкі сезімін баяндауы

[1]

4. Автор айтыскерлердің қандай кемшіліктерін сынға алады? Екі мысал келтіріңіз.



  1. _________________________________________________________________________

  2. _________________________________________________________________________

[2]

Жазылым


Берілген тақырыптың бірін таңдап, шағын мақала жазыңыз. Жазба жұмысында тыныс белгілердің дұрыс қойылуына назар аударыңыз
[10]



  1. Мектебіңізде жас ақындар арасында жыр мүшайрасы болып өтті. Осы шараның қорытындысы бойынша жергілікті газетке ақпараттық шағын мақала жазыңыз.

  2. Мектебіңізде Ғарышкерлер күніне орай көрме өткізілді. Өткізілген шара туралы мектепшілік газетке шағын ақпараттық мақала жазыңыз.



Айтылым
Бір тақырыпқа таңдау жасап, сол тақырып бойынша монолог дайындаңыз (8-10 сөйлем). Баяндауда сөйлеу мәніріңізге көңіл бөліңіз. Сөздерді орфоэпиялық норма мен үндестік заңдарына сай айтуға тырысыңыз.
[10]



  1. Айтыс өнері туралы не білеміз? Түрлері, ерекшелігі жайында айтып беріңіз.

  2. Қазіргі уақыттағы қандай айтыскерлерді білесіз?

  3. Тәуелсіз Қазақстанның ғарыш қызметіндегі жетістіктері және «Байқоңыр» ғарыш айлағы жайында не ойлайсыз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет