«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Достық пен татулық - таптырмас бақыт
Кәсіп – бақыттың шырағы, еңбек – ырыстың бұлағы
Қазақстанның су ресурстары
Тыңдалым
Достық туралы ойлар
Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін өміріндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Достық алдымен адамдардың бір-біріне сенуінен басталады. Сенім артқан сайын, достық та қатаяды. «Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл – досыңыздың қайғысына, қуанышына ортақтаса білу. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды», - деген. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» - деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы», - депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, қамқор бол. Себебі, әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалады». Халықта «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал бар. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары көп болады, жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
1. Мәтін тақырыбының негізгі ойын ашатын тірек сөздер қатарын белгілеңіз.
адалдық, сенім, қарым-қатынас
достық данышпандық, ақыл беру
философ, қамқорлық, қасиет
қиындық, қабілет, қуаныш
[1]
2. Адам не себепті өзіне дос іздейді? Мәтіннен екі дәлел келтіріңіз.
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
[2]
3. Шопенгауэрдің пікірінше, таза, адал қарым-қатынастың көрінісі қандай әрекеттен көрінеді?
Досыңның ақылын тыңдау
Қайғы, қуанышына ортақтаса білу
Басқаға ақыл бере білу
Қамқорлық таныту
[1]
4. Автордың достық туралы көзқарасын білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.
Сөйлемдер
|
Автор көзқарасы
|
Философ А.Шопенгауэр «Достық» туралы нақты ой айтқан.
|
|
Ол «Достық адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды», - деген
|
|
Халықта «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал бар.
|
|
Өзі шынайы дос бола білген адамның достары көп болады, жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
|
|
[1]
Оқылым
Еламан теңізге тартты. Түнде жел тұрған ба, таяуда жауға үлпілдек қардың бет жағы борап, жағалаудың мұзы қай көктайғақтанып қалыпты. Сонан бұл ақ қар, көк мұз үстінде күні бойы жалғыз. Мұз ояды. Ау қарайды. Теңізге шыққанда, маңындағы кісілерді байқамайтын. Төбеде көк аспан. Табан асты көк теңіз. Екі дүние арасында жабырқау ойды жанына серік қып, күні бойы күйбеңдеп жүріп өмір туралы, өзі жөнінде ойлайды. Теңіз үстінде ғана емес, өмірде де жалғыз екенін ойлайды. Әке-шешеден ерте айырылды. Әкесімен бірге туған ағасы – Есбол бұл арадан бір күншілік жерде тұрады. Баласыз, жалғыз жетім шалдан қайыр шамалы. Ендігі жанашырдан – немере іні – Рай. Бірақ ол жас. Өзі сияқты о да әке-шешеден жастай жетім қалды. Қазір қарт әжесі екеуі өз алдына түтін түтетіп отыр.
Еламан күрсінді. Аяғы астында жатқан бір-екі балықты етігінің тұмсығымен теуіп, өзінен әрегірек ысырып тастады да, аудың арқалығын ұстады. Күтпеген жерден қайын атасы есіне түсіп кетті. Тікбақай тентек шал ел ішіне сыйымсыз. Отбасына да мазасыз. Еламанды «балықшы» деп атап, бұған айтқан қай сөзді де әзілге айналдырып отырады. Оған бұл үйренген. Кеше де қатынаған біреуден «балықшыға сәлем айт, ауыз ашқасын барам», - деп хабар жіберіпті.
Берілген тақырыптардың мәтін бойынша ретін көрсетіңіз (1, 2, 3).
Тұжырымдар
|
Реті
|
Қайын атаның «қалжыңы»
|
|
Теңіз жағалауы
|
|
Теңіз үстінде ойға батқан Еламан
|
|
[3]
2. Еламанның көңіл-күйі қандай?
Жабырқау
Мазасыз
Жайдары
Сабырлы
[1]
3. Еламанның жанын мазалайтын не?
Өмір
Жалғыздық
Балық
Ауа райы
[1]
Жазылым
Берілген тақырыптың бірін таңдап, пікір жазыңыз. Жазба жұмысында тыныс белгілердің қойылуына назар аударыңыз.
[10]
Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» романы бойынша үзіндіде Арал теңізінің жағалауындағы оқиға баяндалады. Аралдың шығармадағы және қазіргі жағдайына пікір білдіріңіз.
Адал, шынайы достық туралы ойыңыз қандай? Пікіріңізді білдіріңіз.
Дипломсыз да үлкен кәсіпті дөңгелетіп, табысқа жеткен адамдар «жоғары білім бүгінгі қоғамда маңызды емес» деп жатады. Сіз қалай ойлайсыз? Пікіріңізді білдіріңіз.
Айтылым
Бір тақырыпқа таңдау жасап, сол тақырып бойынша монолог дайындаңыз (8-10 сөйлем). Монолог барысында көркемдегіш құралдарды қолдануға тырысыңыз.
[10]
Нағыз дос қандай болу керек?
Кәсібін таңдауда қателескен адам жетістікке жете ала ма? Пікір білдіріңіз.
Қазақстан аймақтарындағы тұщы су көздерінің мәселесі қалай шешілуде?
ХХІ ғасырдан кейін пайда болатын жаңа мамандықтар туралы не ойлайсыз?
Достарыңызбен бөлісу: |