Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 8-сынып 2019-2020 оқу жылы мазмұНЫ



бет5/15
Дата10.05.2024
өлшемі346.92 Kb.
#500841
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
ОШ СОЧ Қазақ тілі мен әдебиеті Т2 8кл 2

Барлығы




30


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Білім. Ғылым. Инновация
Сауда жасай білесің бе?
Жаһандық энергетикалық дағдарыс


Тыңдалым
Мәтінді тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ол ұрпақтан ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап таңдап талғап оқи білу, түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайды. «Кітап маған тақтан да қымбат», – деп атап көрсеткен Шекспир.


Білім адам өміріне өте қажет. Онсыз адам оқуға түсе алмайды. Ал оқуға түсе алмаса, өзінің мақсатына жетпейді, оны жұмысқа алмайды. Жұмыс істемесе, ол ақша тауып, өзін-өзі қамтамасыз етпейді. Қазіргі заманда білімді болмау мүмкін емес, өйткені ғалымдар әртүрлі техникалық заттар, мысалы, телефон, планшет, компьютер ойлап тапты. Егер мұның бәрін сатып алып, оған ғаламтор қоссақ, мектепте болып жатқан тақырыптарды алдын ала қарастырып, есептерін шығарып тастауға болады. Әр адамның әртүрлі білімділік қасиеті бар, бірі математикадан шебер, ал бірі ойына бір оқығаннан-ақ есіне бәрін сақтап қалады. Адам көбірек оқыса, білімді болады, ал білімді болмаса, өмір сүру қиын болады. Мінекей, осыдан «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деген мақал шыққан.

1. Адамның қол жеткізген ұлы игіліктері қалай аталады?



  1. Парасат, білім, білік

  2. Білім, ғылым, инновация

  3. Оқулық, кітап, математика

  4. Техника, әдебиет, есте сақтау

[1]

2. Шекспир кітапты неден жоғары қояды?



  1. тастан

  2. таудан

  3. талдан

  4. тақтан

[1]

3. Сөйлемдердің бастапқы бөлігін жалғасымен сәйкестендіріңіз.



  1. Адам егер еңбек етпесе,

  1. сондықтан жаңа заманда білімді болмау мүмкін емес.

  1. Қазіргі таңда өз бетіңмен білім алуға мүмкіндіктер көп,

  1. өзін қамтамасыз ете алмайды.

[2]

4. Бос орынға қажетті сөзді қойыңыз.


____________________________ арқылы өз бетіңмен көп нәрсені үйренуге, оқуға болады.
[1]

Оқылым
Сания Мұратқызы: «Саудада тиімді әдісті таңдай білген жөн»
Сауда, тауар өткізу, сату, сатып алу – бұл әрекеттің барлығы күнделікті тіршілікте жиі орын алатын әрекет. Ал өндірушілердің өткізу нарығында айтулы орын иелену, табысты арттыру, өндірісті тоқтатпауға бірден-бір себеп – клиенттің тұрақтылығы. Бұл туралы «STS» холдингінің сауда менеджері Сәния Мұратқызынан сұрап көрген едік.

  • Тұрақты клиентті қалай іздеу керек? Жалпы клиент тұрақты болу үшін не істеу қажет?

  • Жеке кәсіпте клиент іздеу, клиент базасын қалыптастыру, тұрақты клиенттер қатарын толықтыру маңызды. Бизнеске енді қадам басқандар үшін клиент іздеудің әртүрлі тәсілдері бар. Мысалы, бүгінгі және бұрынғы клиенттерді пайдалану. Ол үшін бұрынғы клиенттердің картотекасы жасалып, әрдайым байланыс үзілмеуі тиіс. Мерекелік құттықтаулар, жаңа өнім мен қызмет жайында хабарламалар, қысқа ақпараттар жолданып отырса, әрдайым назарда боласыз. Сондай-ақ тағы бір мысал - визиттік карта тарату. Жаңа таныстық, әңгімелесу, қоштасу барысында байланыс орнататындай мүмкіндікті қалт жібермей, өзіңіздің қызметіңіз туралы қысқа ақпарат беріп, визит картасын ұсынуды ұмытпаңыз. Сонымен қатар өніміңізді өзіңіз жарнамалаудан тартынбаңыз. Көлікте, сөмкеде әрдайым буклет, брошюра, жарнамалық парақтар секілді мағлұматы бар заттар жүруі керек. Ыңғайы туындаған жағдайда бірден табыстап, хабарласып, ескерте салыңыз.

  • Ал клиент жинау үшін бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланудың маңызы қандай?

  • . Баспасөз беттері, интернет ресурстары, әсіресе, бүгінгі таңда инстаграмм платформасы сауданы жандандырудың ең тиімді құралы. Сондықтан инстаграммда үнемі өзіңіз айналысатын кәсіп туралы посттарды жиі жариялаған жөн. Строис қызметін пайдаланып, жиі видео, фотосуреттер жариялап тұру керек.

  • Сіз айтқан кеңестер әмбебеп бола ала ма? Кез келген кәсіпте тиімді ме?

  • Дәл осы мен айтқан кеңестердің бәрін тұтастай орындау міндетті емес. Дегенмен, қажеттілікке қарай сүйене отырып, өзіңізге тиімдісін таңдау керек. Мысалы, фейсбук сияқты таымдық желілерде ойын-сауыққа қатысты қызмет түрін, киім-кешек, дәрі-дәрмекті жарнамалау жарнамалау тиімсіз сияқты.

  • Сұхбатыңызға рахмет!

Әңгімелескен Гүлім Саудабайқызы

1. Интервью жанрына тән басты ерекшелікті көрсетіңіз.



  1. Кейіпкерлер жүйесінің болуы мен мазмұнының қызықты сюжетке құрылуы

  2. Мазмұнын сұхбат алушы мен сұхбат берушінің арасындағы әңгіме құрайды

  3. Мазмұнының иял-ғажайып оқиғалармен, күтпеген шиеленістерге құрылуы

  4. Біржақты сезімдер мен ішкі ойлардан тұруы, ішкі дауыстың көрінісі

[1]

2. Интервьюдің кіріспе бөліміне тән ақпаратты белгілеңіз.



  1. Бұл туралы «STS» холдингінің сауда менеджері Сәния Мұратқызынан сұрап көрген едік.

  2. Сұхбатыңызға рахмет!

  3. Тұрақты клиентті қалай іздеу керек?

  4. Инстаграмм платформасы сауданы жандандырудың ең тиімді құралы.

[1]

3. Сұхбат алушының мақсаты не?



  1. Сауданың өтімді болуы үшін клиенттерді тарту тәсілдерін білу

  2. Жаңа қызмет, тауар туралы хабарламаларды жолдау туралы білу

  3. Фейсбук желісінде тауарды, қызметтерді жарнамалау туралы білу

  4. Инстаграмм парақшасында посттардың жарияланымы туралы білу

[1]
4. Сәния Мұратқызының кеңесі бойынша, клиенттерді тартудың екі тәсілін көрсетіңіз.

Тәсілдер

+

  1. Бұрыннан бар клиенттермен байланыс орнату, байланысты жаңғырту




  1. Жаңа таныстық, әңгімелесу, қоштасу, құттықтау




  1. Бұқаралық ақпарат құралдарында өз өніміңізді жарнамалау




  1. Барлық айтқан кеңестерді қалтқысыз орындап жүру




[2]

Жазылым


Берілген тақырыптың бірін таңдап, интервью құрастырып жазыңыз. Өз жауабыңызды тиісті стильге келтіріңіз.
[10]



  1. Өзіңізді журналист рөліне қойыңыз. Сыныпта немесе мектебіңізде ғылыми-зерттеу жұымысымен айналысатын құрбы-құрдастарыңыздан интервью алу тапсырылды. Сіз қандай сұрақтар қоясыз және сұрақтарға сұхбат беруші қалай жауап беруі мүмкін?




  1. Сіз белгілі бір телеарнаның журналисісіз. «Қала тұрғындарының саудаға иекемділігі» тақырыбында ақпарат жинау үшін сауалнама алу тапсырылды. Адамдарға осы тақырып төңірегінде сұрақтар қойсаңыз, жауап қандай болуы мүмкін? Ойдан интервью-сауалнама құрастырып жазыңыз.

Айтылым
Берілген диаграммалардың бірін таңдап, ондағы ақпарат туралы баяндаңыз. (6-8 сөйлем). Ақпараттар бойынша өз ой-қорытындыңызды білдіріңіз.
[10]



1)



2)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет