Тппж20-25 топ студенті Орындаған: Жуманова Ә. Б. Жетекшісі: Джетписбаева Б. Ш. Алматы 2022ж мазмұНЫ


Организм мен сыртқы орта арасындағы жылу алмасу



бет3/13
Дата19.05.2022
өлшемі112.79 Kb.
#457923
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
6,12,18 айлық төлдерге арналған шаруашылық

1.2.Организм мен сыртқы орта арасындағы жылу алмасу
Жылы қанды жануарларға тән табиғи қасиет - ол қоршаған орта температурасының өзгеруіне қарамастан өз дене қызуы бір қалыпты шамада сақталуы. Температура тұрақтылығы организмдегі жылу реттеу механизмімен түсіндіріледі. Жылу реттеу дегеніміз - орта температурасының өзгеруіне қарамай, организмнің дене қызуын тұрақты деңгейде ұстау қабілеті. Тері қызуы сыртқы орта-ның метеорологиялық факторлары әсерімен және организм ағза-лары мен жүйелері қызметінің салдарынан едәуір ауытқып оты-рады. Жылу реттеу механизмі, бір жағынан организмде жылу құрауды арттырса немесе азайтса, екінші жағынан оның қоршаған ортаға шығуын ұлғайтады немесе кемітеді. Сол себепті жылу реттеудің екі түрін ажыратады: физикалық және химиялық. Организмде жылудың өндірілуін химиялық жылу реттеу деп, ал организмнен жылудың шығу жолдарын физикалық жылу реттеу деп атайды. Былайша айтқанда, организмде жылу пайда болу процестерімен қатар, сол жылу тұрақты түрде жұмсалып жатады. Сондықтан қалыпты жағдайда жылудың тепе-теңдігі сақталып, қанша шығындалса, сонша өндіріледі. Егер мал тіршілік ететін орта суық болса, онда жылу шығыны артады. Қоршаған орта ауасының температурасы жоғары болса организмнің жылуды физикалық жолмен шығаруы шектеледі Жылу реттеу ерекшеліктеріне байланысты жануарлар екі типке бөлінеді: физикалық типті және химиялық типті. Дене температурасының қалыпты сақталу зандылығы физикалық жылу реттеу типті жануарларда (жылқы, ірі қара) негізінде жылуды шығару (көбеюі немесе азаюы) механизмі арқылы, ал химиялық типте (қой, шошқа) - жылу өндірудің жоғарылауы арқылы іске асады.
Орта температурасы төмендегенде ірі қара мен жылқыда жылу реттеудің физикалық механизмі басым болады. Сондықтан температура едәуір төмендегенде (минус 30-40ºС дейін) жылу өндіру өспейді. Керісінше, қойларда ауа температурасы төмендегенде оған бейімделу химиялық жылу реттеумен іске асады - жылу өндіру артады.
Тіршілік үшін және организмде жылу құрау үшін қажетті энергияның көзі - жем-шөп. Ал өте қиын жағдайда мал денесінің қоры жұмсалады. Организмде өтетін барлық процестердің арқа- сында пайда болатын барлық энергия түрі жылу энергиясына айналады.
Үй жануарларының қалыпты физиологиялық жағдайы мен олардың өнімділігі организмнің жылу тепе-теңдігін сақтаған кезінде ғана мүмкін болады. Алайда, мұндай жағдай қолайлы микроклимат, яғни температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы және радиациялық температура жағдайында ғана сақталады. Микроклимат көбінесе, организмнен жылу шығарудың немесе сақтаудың физиологиялық механизмдері қызметінің тиімді-лігіне ықпал жасайды, яғни физикалық жылу реттеу мүмкіндігін күшейтеді немесе кемітеді.
Мал организмінде өндірілетін және бөлінетін жылу мөлшері олардың түріне, салмағына, сүттілігіне, физиологиялық жағдайына, жас ерекшелігіне және ауа температурасына көп байланысты. Сақа малда қоршаған ортаның температурасы жоғарыласа энергия алмасу күшейеді. Себебі, мұндай кезде тыныс алу мен қан айналысы жиілейді, мал терлей береді. Алайда, тіршілігінің алғаш-қы күндерінен-ақ химиялық жылу реттеу басым болатын бұзау, қозы, құлында температурасы жоғарылағанмен энергия алмасу үнемі арта бермейді, көбінесе оттегін тұтыну деңгейі азаяды. Өйткені жаңа туған төл жоғары температураға өте төзімді келеді.
Қоршаған орта температурасы төмендегенде сақа мал да, жас төл де оттегін көп пайдаланады. Жаңа туған төлге ортаның қолайсыз жағдайы (төменгі температура) өте қатты әсер етеді. Соған орай алғашқы 2-3 тәулік бейімделу кезеңінде организмде химиялық жылу реттеу, яғни энергия алмасу арқылы осы қолайсыз жағдайға төтеп беріп отырады.
Негізінде мал жоғары температураға (ыстыққа) қарағанда төменгі температураға (суыққа, аязға) жақсы бейімделген. Бұл химиялық жылу реттеу ерекшеліктеріне, тері құрылымы мен қан тамырының құрамына байланысты жағдай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет