Тппж20-25 топ студенті Орындаған: Жуманова Ә. Б. Жетекшісі: Джетписбаева Б. Ш. Алматы 2022ж мазмұНЫ


Организмнің жылу шығару (жойылту) жолдары



бет4/13
Дата19.05.2022
өлшемі112.79 Kb.
#457923
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
6,12,18 айлық төлдерге арналған шаруашылық

Организмнің жылу шығару (жойылту) жолдары. Жылу шығару радиация (сәулелену), өткізу (конвекция, кондукция) және булану (тері шығару) арқылы жүреді. Сақа мал қолайлы микро-климат жағдайында конвекция және радиация арқылы сыртқы ортаға 60-75 пайызға жылу шығарады, жылу өткізу арқылы - 15, теріден булану арқылы 15-20 пайызға дейін жылу шығарады. Мал жылудың қалған бөлігін адам тәрізді, жем мен жұтқан ауаны
жылытуға және өкпедегі ылғалдың булануына жоғалтады. Организмнің жылу шығаратын негізгі жолдары теріге байланысты. Оның үлесіне 80 пайыздай тиеді. Алайда, жоғарыда айтылған жолдар арасындағы қарым-қатынас микроклиматтық жағдайға байланысты болады.
Жылуды өткізу арқылы жоғалтудың екі жолы бар: олар мал денесінің қоршаған ауамен (конвекция) және заттармен (еден, қабырға және т.б.) жанасуы, яғни кондукция (conduction- өткізу) жолы. Осы екеуінің ішінде конвекция басты орын алады. Жылудың конвекциямен жоғалуы тері және ауа температурасы арасындағы айырмашылыққа тура пропорционалды. Ауа температурасы төмен-дегенде конвекциямен және радиациямен жылу өседі. Ауа темпера-турасының артуы - жылудың конвекциямен шығындалуы мен төмендеуіне, ал температура 32-35ºС кезде, яғни мал терісі қыз-уымен бірдей жағдайда оның мүлде тоқтауына әкеліп соқтырады. Ауа қозғалысы жылдамдығының артуы жылудың конвекциямен шығарылуын күшейтеді, ал жылудың сәулелену және конвекция жолдарымен берілуінде қан тамыр реакциясының қарқындылығын арттырады.
Ауадағы ылғал жиналса жүннің ылғалдануына, оның жылу өткізгіштігінің артуына әкеп соқтырады. Сонымен бірге ылғал ауаның жылу сіңіруі де едәуір өседі. Жылу сіңіруі жағынан бетон, керамикалық (шыны) тағы басқа жылу өткізгіш материалдардан төселген едендер де қалыспайды. Мал шаруашылық практикасында мұндай едендер суық едендер деп есептеледі. Сыртқы орта температурасы артып, оның мәні дене қызуына жақындағанда жылудың шығатын жалғыз ғана мүмкін жолы – булану (тер бөліну) арқылы болып табылады. Термобейтараптық зонаға жануарларда жылудың термен шығуы 23-30 пайыз арасында болады.Ал, ауа температурасы жоғарылаған сайын жылқы мен ірі қарада тердің шығуы арта түседі. Тер арқылы жылудың көп шығуы жылқыларға тән, одан кейінгі орындарда түйе, бұқа, қой, ешкі, шошқа. Ит пен құста булану жолы мүлдем болмайды. Сыртқы температура жоғарылағаңда терінің беткі жағында орналасқан қан тамырлары кеңейіп, сыртқы ортаға жылудың шығуы ұлғаяды. Ал температура төмендегенде - сыртқы тамырлар тарылып, терең орналасады.Жаңа туған мал төліңде жылу шығаруды реттеу механизмі жетілмеген десе де болады. Олардың дене қызуының тұрақтылығы зат алмасудың күшеюімен немесе әлсіреуімен, яғни химиялық жылуды реттеу арқылы іске асып отырады. Бұл оларды энергияға бай, құнарлы азықпен жемдеуді қажет етеді. Әсіресе, уыз берудің тиімділігін айтып жеткізу қиын. Өйткені, уыз құрамында энергия көп, белок және көмірсутегі өте мол. Жаңа туған төлдің физикалық жылу реттеуі бірте-бірте орта есеппен 10 күндігінен бастап қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет