деп араб әрпімен жазылған тұмарды беріпті»1. Бұндай аңыздар ел арасында өте көп. Оның бәрін ойдан құраған ертегі деуге аузымыз бармайды. Расында, Мәшекең оқуы мен діні қатар қалыптасқан аса бір гипноздық қасиетке ие болған, көріпкелдігі бар, аруақты адам болған. Мен өз басым бұған кәміл сенемін. Бұл - Мәшекеңнің көп өнерінің бір қыры ғана еді. Мәшһүр Жүсіп Көпеев турасында оның бел шөбересі филология ғылымының кандидаты, доцент Жүсіпов Нартай Қуандықұлы былай деп жазады: «Мәшһүр-Жүсіп 5 жасында Баяндағы Байжан Смағұлұлының медресесінде Нәжімалдин хазіреттен оқиды. Ол баланың алғырлығын, зеректігін аңғарып, оны «Шар» кітаптан бастап оқытады. Жас кезінде Бұхарай-Шарифтер оқып, Дін ғылымын бітірген, кейін Ақмола облысында дуанбасы Керей Тұрсынбектің қасында бірнеше жыл тұрып, одан соң Омбы облыстық ахуны болып жүрген жерінде дуанбасы Мұса Шорманұлы шақыртуымен Баянға келген. Қамариддиннің шығыс мәдениетін, қазақ ауыз әдебиеті кең білуі және насихаттауы-бәрі болашақ ақынға шешуші ықпал еткені анық... Ол уақыттарда Мұса Шорманұлының Баян аула дуанына қараған халыққа аға сұлтан, дуанбасы болып тұрған күні екен, үйіне әдейлеп әкелі-балалы екеуін шақырып алып, бастан-аяқ тыңдайды. Әкесі Көпейге: «Мұнан былай бас киіміне үкі тақтырып қойың. Көз-тілге шет болмасын. Бұл бала өз заманында халыққа Мәшһүр болатын бала екен» - деп лепес қылған екен»2. С.Мұқанов айтпақшы «мәшһүр» атын өзі қосып алмаған екен. Ондай атақты алдымен Мұса Шорманұлы, кейіннен атағы жер жарып, даңқы алысқа кеткеннен кейін халықтың өзі де Мәшһүр Жүсіп атандырды. Ал, Нәжімалдин, Қамардин т.б. көп оқығаны бар үлкен хазіреттер расында да Шығыс мәдениетінің озық ойлы адамдары болды. М-Ж. Көпеев шығармасы - Қарахан дәуірі кезеңіндегі ескерткіштердің мазмұны мен өзектес. М-Ж. Көпеевті Орта ғасыр әдебиетімен байланысты зерттемей болмайды. Өйткені жалпы әдеби мұралардың бәріне ортақ бір нәрсе: жазба әдеби тіл дәстүрі мен тілдің даму барысында қалыптасқан шағатай /оның түркіленуі/, араб /оның түркіленуі/, парсы /оның түркіленуі/ қазақтың ауызша жеткен әдеби тілімен қатар келіп, жарыса жүріп өмір сүріп, бірте-бірте жазба әдеби тілге де еніп-кетіп, сырттан келген татар түркісінен, ноғай тілінен тазара жүріп, бізге нақты айтылуындай тазарып жетті. Ауыз әдеби тілі қазақ тілін әр түрлі тілдік ағымнан сақтап қалды. Тілдің сақтаушысы тек қана ақын-жыраулар ғана болмаған. Олар - әнші-сазгерлер, салдар, серілер, билер, шешендер, кейінен басқа жақта оқып келгендер толықтырды. Бай ауыз әдеби тіліне сырттан келген тіл еніп кете алмады. Қазір де солай болып жүр. Орыс тілінің 70 жыл емес, 200 жыл өктемдігінде де қазақ тілі сол ауыз әдебиетінің, былайша айтқанда ауызша жеткен әдеби тілдің арқасында жасампаздық көрсетті. Сондықтан да М-Ж. Көпеев тіл тазалығы үшін өмір бойы күресті. Ал, шығармасында кездесетін шағатай, орта ғасырлық түрік, арабтық түрік тілдерінің кейбір сөздері ұшырасуы қазақ оқығандарының, зиялыларының әдеттегі дәстүрлі жағдайы еді. Өзіне дейінгі тілден бірте бірте ажырай отырып, жаңа сападағы қазақ тілінің қалыптасу кезеңін басынан кешірді. Шеттен енген бұл бөтен сөздер әуелінде таңсық болғанмен келе-келе қазақтық сингармонизм заңына ұшырап, белгілі бір қосымшалар қабылдап, нақты қазақылық болып кетті. Бүгіндер, сөздіктің көмегімен ғана ажырататын дәрежеге жеттік. Орыс тілінің де ену, кері ену /кейбір түрік сөздерінің ұзақ уақыт орыстың сөздері болып келіп, қайыра үйірін тапты/ бұл сөздер де әуелінде жатырқап жат болғанмен, бірте-бірте қолданыс аясы кеңейе келе, қазақтық сингармонизмдік қыспағына шыдамай, біздің өзіміздің төл сөзіміз есебінде күнделікті тұрмыста пайдаланылып, сіңісіп тілдің ықпалында кетті. Бұдан біз қазақ тілі құрылымының сондайлық күшті екендігін көреміз. Орыс тілінің де субстрат /ұзақ уақыт өктемдік жасап келсе де/ бола алмағандығы сондықтан. Қазақ тілінің құрылымы, қазақ елінің құрылымымен тығыз байланысты.
М-Ж. Көпеев өзінің алдындағы Ислам әдебиетінің өкілдерінен көп үйренді. Оның ішінде: Әбунәсір әл-Фараби «Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы», Махмұд Қашқариден «Түркі тілдерінің жинағы» /«Диуани лұғат ит-түрік»/ ауызша әдебиет үлгілерін жинауды үйренсе, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасын оқып, адам мүмкіндігінің шексіздік жолдарын меңгеруді үйренді, Қожа Ахмет Яссауий шығармасы М-Ж. Көпеевтің ең бір сүйіп оқитын туындысына айналды. Мысалы, Қожа Ахмед Яссауий былай:
...Қирқ биримда ихлас қилдим йул топай деб,
Эранларди хар сир курсам мен епай деб,
Пиру муғон изин олиб мен унай деб,
Зоти улуғ Хожам, сиғниб келдим санго
-деп1 өзінің атынан ғақила айтады. Ал, М-Ж. Көпеев «Мәшһүрдің қырық алты жасында сөйлеген сөзі» - деген ұзақ өлеңінде:
Жер кезіп, салдым ғой шар мен қояндай,
Жанымды бір араға тыныш қоя алмай.
45 Басына жастады да дию тақтайын,
Не болды саған, бақытым, мұнша оянбай?
- деп2 ғақила қылады. Ахмет Йүгінекиден «Ақиқат сиын» оқып, тәлім-тәрбие, моральдік нормалардың не бір дидактикалық үлгісін үйренеді. Сүлеймен Бақырғани сопылық дәстүрді дамыта отырып, діни мазмұндағы адамгершілік ғашықтық сарындағы өлеңдерін жазып, М-Ж. Көпеевке әсіресе, сопылық жағы қатты ұнайды. Сопылық - тақуалық қуу яғни дүниелік көзқарас пен діни көзқарасты қатар ұштастыру. Істің бәрі бір алланың құдіретімен жүзеге асады дегенді насихаттау. Өзін өзі белгілі бір дәрежеде елден ерекше жағдайда ұстау. Тазалық, шындық, адалдық, бетке айту басты қағидаға айналған. Алтын орда дәуірінен «Кодекс Куман» әсер етсе, Насраддин Рабғузидің «Рабғузи қиссалары» М-Ж. Көпеевті өлеңнен дастан, қисса жазуға әкеледі. Рабғузидің «Нух ’алайһи с-салам хикаялары», «Лұқман Хаким хикаялары» М-Ж. Көпеевтің көптеген қиссаларына арқау болды. Құтыптың «Хұсырау-Шырыны», Хұсам Кәтиптің «Жұмжұма сұлтаны» имандылық қасиеттің биік шыңы бола білді. Сейф Сарайдың «Ядгарнама», «Сүһаил уа күлдірсіні» таптырмайтын дүниеге айналды.
«Қадым» ескі оқудан соң араб жазуы «жадид» арабша жаңа оқу-деген сөз соған бірте-бірте көшті. Ол - ғылымның алдыңғы жетістіктерімен жарақтанды. Қадым ислам дінін барынша қазақ даласына енгізу болса, жадид дүниауи ғылыммен ұштасып жатты. Екеуінің арасында бәлендей айырмашылық болмады. Бірақ, араб оқуы жетіле түсіп, жергілікті жердің ерекшелігіне байланысты дамыды. Бұл жазу араб және парсы тілдеріне негізделді. Жадидтік әдіспен араб және фарсы тілінде сарфын /грамматика/, сөйлем және сөз таптарын зерттейтін /нахв/, сөйлеу үрдісінде болатын жалпы дыбыстық жүйені зерттейтін /тадживид/ друсоашшифаһиясы /хрестоматия/ оқытылды. Жадидтік бағытта: Қазанда «Мұхаммадия», Уфада «Ғалия», Орымборда «Хұсаиния», Троицкийде «Уазифа» атты орта және жоғарғы дәрежелі білім беретін медіреселер ашылды. Русияға жеткен жадид ағымы татар мұсылмандарын көтерді. Татарлардың алғашқы діни көсемі Шиһабыддин Маржаниден болды. Алғашқы бағыттағы медреселер Русияның көптеген қалаларында ашылды. Осы бағытта «Уақыт» газеті, «Шура» журналы шықты. Русия татарларының ағымындағы мұсылмандар бірақ тілді жасау керек деген ұран тастады. Олардың негізгі ұран пан-азияшылдық, пан-исламшылдық, пан-түрікшілдік. Бұл ағым коммунизмнің қас жауы болды.
Жалпы, бұл ағымның идеясы дұрыс еді. Мұстапа Шоқай сол үшін елден безіп кетті. Сондай ілімнің ішінде М-Ж. Көпеев те болды. Қазір сол ілім қайта бас көтерді, аға бауырдан, бауыр ініден айрылған шақта қайта бір бірін іздей бастады. Түрік әлемінің бірігу дәуірі басталды. Бірақ, бұл дәуір ұзаққа созылады. М.-Ж. Көпеевпен үндес көптеген қазақтың идеядағы ағартушылар болды олар - Ақмола Мұхамедияров, Әбубәкір (Кердері) Шоқанов, Мақыш Қалтаев, Нұржан Наушабаев, Шаһді Жәңгіров, Жаяу Мұса Байжанов, Мұсабек Байжанов бұлардың ішіндегі алдыңғы үшеуі өте өзектес ақын-жазушылар болды. М - Ж. Көпеевтің XIX ғасыр мен XX ғасырда істеген (XIX ғасырдың аяғы, XX ғасырдың басы) істерін филология ғылымдарының кандидаттары Сейфиден Назымбекұлы (М-Ж. Көпеевтің әдеби мұрасы)1 ақынның бел шөбересі Жүсіпова Гүлназ Қуандыққызы (Мәшһүр Жүсіп дастандары)2 жан-жақты талдады. Әсіресе, Г.Қуандыққызы Мәшһүр Жүсіптің дастандарын бірінші рет аударма жасап, түсіндік беріп көпшілікке жария етті.
М - Ж. Көпеевтің жазба әдеби тіл болсын, ауызша дамыған /ауыз әдебиеті/ болсын әдеби тілін дамытудағы рөлі айтылмай жүр. Бұл - кезеңдегі әдеби тіл бір ғана адамның жетістігімен шектелмеу керек. XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы күллі ақын-жазушылар, әнші-сазгерлер, билер мен шешендер, ел басындағы атқа мінерлер-бәрі де қазақтың әдеби тілінің дамуына, өрістеуіне ат салысты. Айта берсе, қыз алысу, қыз берісу, құдалық - жең ішінен жалғасып жатқан туыстық - бәрі қазақ тілін сақтап қалуға ықпал етті. М-Ж. Көпеевпен түйдей құрдас /туған, өмірден өткен жылдары да бір/ Шәкәрім Құдайбердиев тек қана ХХ ғасыр басындағы әдеби тілдің өрістетушісі болған жоқ өзімен тұтастармен біріге жүріп тіл үшін, оның тазалығы үшін де күресті. Шәкәрім мен Мәшһүр, Абай мен Сұлтанмахмұт тағдырлас еді. Бірі ерте, бірі кеш дүниеден қайтты. Бірақ, өмірлерінің ақырғы сәтіне дейін қазақ елі, тілі деп жырлап та, жылап та кетті. М-Ж. Көпеевтің «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабынадағы (Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі) 1905 жылғы патшаның 17 октябріндегі (қазан-автор) манифесіне арналған. 1905 жылғы дүниежүзі құлақ түрген саясатқа үн қосу: ел, тіл, жер, думаға кісі сайлау сияқты келелі мәселені айту тек қана Мәшекеңнің қолынан келді. Ә.Бекейханов, М.Тынышбаев, А. Байтұрсынов сол уақытта қазақ елінің тағдырына ортақтасып, қалай үлес қосса Мәшекең де бір кісідей үлес қосты. Жердің ең бір шұрайлысын алып жатыр, сендер қазақтар быр-быр етіп ұйқы соғып жатырсыңдар деп, оянуға шақырды.
Мәшекең халықты ашық түрде оянуға, бірігуге, түрік жұртынан тірек іздеуге шақырды. Жалпы, Мәшекең мұсылмандар партиясында болған ішкі россия түріктерінің идеясын қолдаған. Біртұтас түрік республикасын жасау керек деген ұранды жүзеге асыруға ат салысқан. Мәшекең өз елі туралы:
Думада анық болды сайлау бары,
Құны асар артылғанның сонда шары.
Бәрі де бір ауызды болып жатыр,
Оянып бізден басқа халықтың бәрі.
Бостандық болмақ болып әр ұруға,
Бас қосты бір ауызда боп тұруға.
Бір қазақтан басқа жұрт ыңғайланды,
Бірігіп өз жынысымен жұрт болуға.
Тауып ал, тұман түспей тұстасыңды.
Жолдас бол, сынап алып қостасыңды.
Баласы дін-мұсылман ұрандасып,
Қосыл кісі саныса, қос басынды!
-деп1, күллі әлемге жар салады. М-Ж. Көпеевтің сол кезеңдегі, одан кейін де басты ұраны бостандық, теңдік болды. Елдік мәселесі, жер үшін күрес сонау жыраулар поэзиясынан белгілі бірақ, бостандық, теңдік туралы 1905 жылы айту тек қана Мәшекеңнің қолынан келді. Міржақыптың өзі «Оян қазақ!» - деді, ал, Мәшекең әрірек апарды, бұл сөзді ертеректеу айтып үлгерді. М.Дулат М-Ж.Көпеевті өте жақсы білген, шығармаларымен таныс болған. Мысалы:
Оралдан Әбубәкір молла шықты,
Омбыдан Қыпшақпайдай жорға шықты.
Торғайда Ақмолла мен Нұржан жатыр,
Шөже, Орынбай, Мәшһүр Жүсіп о да шықты
-деп, тегіннен тегін Міржақып Дулат М - Ж. Көпеевті өлеңге қоспайды. Демек, ақын М-Ж.Көпеевтің аруағына табынып өткен, шығармаларына тағзым етіп, бас иіп кеткен адам. Ұлылық осылай бірін-бірі түсінді. М-Ж.Көпеев егемендік алмай, түркі еліне қосылмай болмайтындығын айтты. Мәшекең көксеген, армандаған күн жүзеге асты. «1905 жылғы патша манифесі алдау боп шыққаны Мәшһүр Жүсіптің баспа бетін көрген шығармалары қайта қаралып, кітапты басып шығарушылар да, оның авторы да қуғынға
Достарыңызбен бөлісу: |