442
Көңіл түзу, өзің таза бола біл,
Елге әділ боп, төк мейірім тола кіл!
Ақыл
жұмсап құмарлықты ұтқайсың,
Бұ нәпсіні білімменен тұтқайсың.
Тыңда, айтыпты сөз – білімі асқан ер,
Зор біліммен құмарлықты басқан ер:
5360. «Мойнын үзген құмарлықтың – дұрысы,
Жазылады сонда жанның қырысы.
Болма тұтқын құмарлыққа, нәпсіге,
Бұл екеуі, – сақ бол, діннің ұрысы!»
Енді патшам, неге болдың сен әлсіз,
Ізгілік қыл – еркің бар ғой тәуелсіз.
Қатты
мұнша тарығасың несіне,
Ащы қылып өміріңді – несібе?
Көп қазынаң, бар ғой әскер – қол, достар,
Ақылың бар, білімің бар жол бастар.
5365. Бер әскерге үлестіріп қазына, –
Мыңдап талап қоясың ғой – базына.
Жау іздеген батыр айтқан, ұқтырған,
Алтын, күміс берсе, жауды ықтырған:
«Болам десең, елден үстем, сақтап құт,
Оның үшін әскеріңді мақтап күт.
Оны мәз ғып, қалауыңды талап ет,
Жау мойынын ій, бар ойыңды ақтап тұт!»
Баға білсең, қалың әскер ереді,
Керек күні тәтті жанын береді.
443
5370. Кәпір жауды жаныш, қылма аяныш,
Қуат тіле, Құдай – саған таяныш.
Бұ кәпірге
қарсы әскерді құр сонда,
Таусылмайды кәпір қанша қырсаң да.
Жой бұттарын, үйі-жайын өртегін,*
Салдыр мешіт қалғаннан соң жер тегін.
Ұлын – тұтқын, қызын – күң қыл, қалғанды,
Қазынаға жина тартып алғанды.
Қыл мұсылман,
шариғатты тола ұсын,
Атын езгі, өзің жақсы боласың.
5375. Қол тигізбе мұсылманға, әмірім,
Тиіскеннің жауы болар Тәңірім.
Бір-біріне мұсылмандар қол артып,
Туысқан боп, тимейді көз алартып.
Елге әділдік қыла білсең,
жақсы ұлық,
Тиер саған дұғаменен жақсылық.
Бастап Құдай қуаныштың өріне,
Сен шығасың екі Жалған төріне!»
Достарыңызбен бөлісу: