Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Одғұрмыштың патшаға [берген] жауабы



Pdf көрінісі
бет94/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Одғұрмыштың патшаға [берген] жауабы
Айтты Одғұрмыш: «Ей, бек, қандым сөзіңе, 
Берсін Құдай таупықты сен өзіңе.
5290. Бас ақылмен құмарлықты бас қайғы
Ол жеңсе егер – адам түкке аспайды.
Сені өлтірер жан мен тәннің құмары, 
Ол езеді тастамасаң тым әрі.
Бұ дүние – кәрі тарлан талмаған, 
Құлқы – жауыз талай бекті жалмаған.


437
Ол қартайтқан талай бекті – сендейді, 
Көп ұзамай сені қарттық меңдейді.
Кетті бектер саған тастап қоғамды, 
Бар күніңді бос өткізбей, же қамды.
5295. Оян, патшам, өлімді ойла, бағамда, 
Тез жетеді өлім бір күн саған да.
Сақтан, патша, өз-өзіңді абайла, 
Сен ұмытсаң – тегіңді еске сап ойла.
Осы екеуін ұмытқан ер – ез еді,
Одан жолы туралықтың безеді. 
Тыңда, айтыпты өзін білген, асқан ер,
Ақылымен құмарлығын басқан ер:
«Өлімді ойла, ол – көзің мен мұрындай,
Өзіңді ойла, ол – жүзіңнің нұрындай.
5300. Сен ұрықтан жаралғансың, мақтанба,
«Мен, мен!»-ді қой бір бәлеге ұрынбай!»
Өлім – ғайып, көрінбей-ақ іледі,
Ол өз жолын бетпе-бетте біледі.
Еш қиналмай тек жүргенде жай кісі
Көрсе өлімді қаумалайды қайғысы.
Одан қиын қаншама іс бар өретін,
Өлім келсе, соның бәрін көретін.
Жетер өлім – ойласаң мый іриді,
Жер астында қайран дене шіриді.
5305. Мұны білген адамдарды ой басты, –
Қалай тыныш ұйықтап, қалай жейді асты?


438
Тыңда, айтыпты біреу білім беретін,
Білімді бұл аса қымбат көретін:
«Ойды – биік, жоғары ұста қымбатты,
Таста, түңіл дүниеден тым қатты.
Жалған – зындан оқжыландар қаптаған,
Таста, одан қаш, жарық жолды тап та одан.
Пәк дененің топырақ қой киері,
Қара жердің киімі ғой тиері.
5310. Бұ Дүние – зындан, өте терең-ді,
Азап, бәле, зауал тосқан жер енді.
Сен зынданнан не тыныштық іздейсің, 
Көңіл қойып, неге күдер үзбейсің? 
Бұ дүние тоз-топырақ екен-ді, 
Ізде мәңгі ұлы тұрақ-мекенді.
Үш жоғары шаң-тозаңнан, тұманнан, 
Мәңгі мекен іздеп жоғал бұ маңнан!»
Ақыры өлім – жасасаң да неше мың, 
Жетер өлім, ұстар сені – өшеді үн.
5315. Адам қанша дүниені жинайды, – 
Соншалықты бас ауруы қинайды.
Адам тілеп неше мың жыл діттейді, 
Ол тілегі болса – түгел бітпейді.
Біреу айтқан жарылып бір ағынан, 
Тартып азап уақыттың оғынан:
«Жасаса да адам жасты мыңдаған
Бар тілегін таба алмаған – тынбаған.


439
Таусылса егер бітпейтұғын тілегі, – 
Таусылады ғұмыр мұрты сынбаған!»
5320. Емес пайда – көп сөйлеген тым да аса, 
Таң қалып бір ауызы ашылып тыңдаса.
Сол пайдалы – айтқан сөзге бас ұрса,
Қабыл алып, жүзеге оны асырса.
Көп сөйледім, сен есіттің, ай, досым, 
Іске асырып, көр сөзімнің пайдасын!
Тілім тынбай көп қып айтты аз ойды, 
Сөз азаймай, оның сөлі азайды.
Құдай таупық жолы қылсын жолыңды, 
Жеткіз барлық ізгілікке қолыңды.
5325. Берсін Тәңір тілегіңді, сақтасын,
Мені ұмытпа, саған бәле соқпасын!»
Сөзі бітті Одғұрмыштың, о тұрды,
Патша нұсқап, ол қайтадан отырды.
Ішіп, жейтін талай асты байыпты,
«Ауыз ти» – деп патша алдына жайыпты.
Қолын созып бұл Одғұрмыш дәм татты,
Астан алып ішіп, жейтін һәм тәтті.
Қолын жайып Одғұрмыш тіл қатады,
Шүкір қылып Раббымды атады.
5330. Тұрды Одғұрмыш, қош айтып, қол ұсынды,
Патша тұрды, қалатынын түсінді.
Шықты Одғұрмыш, қайтар жолға алды бет,
Шықты ұзатып, патшаң енді қалды шет.


440
Бұл Одғұрмыш қош айтысты – жай ғұрып,
Кош айтысып, патша қалды қайғырып.
Алды бағыт Одғұрмыш тау басына,
Қолын сүйіп, туысы ерді қасына.
Бұл Одғұрмыш оған «қош!» – деп айтыпты,
Өгдүлміш те қош айтысып қайтыпты.
5335. Кірді үйіне қам көңілі қаңырап,
Ұйқы қашты, қайғылы ойы аңырап...
Көтерілді күн аспанның көгіне,
Бүкіл әлем кірді аққудың өңіне.
Жоғары өрлеп күн кеудесін ашқандай,
Бар дүние ақ сәулесін шашқандай!
Жүзіндей боп періштенің төгіп нұр,
Аспан – әлем ақ сәулеге бөгіп тұр.
Тұрды дереу, қойды Өгдүлміш басқа ойды, 
Жуынды да сәждесіне бас қойды.
Ол киінді мың беріліп әр ойға,
Ол аттанып келіп кірді Сарайға.
Патшасына келгендігін білдіріп,
Көрінді оған шақырғанда бұл кіріп.
Әуел патша сұрады оның не еткенін,
Қашан тұрып, қай бір кезде кеткенін.
Айтты патша: «Таба алам ба жарасым, –
У болды енді менің жейтін бар асым!
Бұ тірліктің шеше алмадым түйінін,
Көтерілмей түсіп кетті иінім.


441
5345. Не қыламын бек-биліктің барлығын
Қайғы-уайым үзді жүрек бар қылын.
Бек әскерсіз бас бола ма халыққа,
Бектің ісін келтірер ол қалыпқа.
Әскер үшін байлық керек қолда аса,
Жиыла ма адам байлық болмаса!
Тыңда, айтыпты біреу әскер бастайтын,
Бектің ісін істеп жүріп саспайтын:
«Қазына, әскер болса, билік өтелер,
Осы екеумен өшін алып өтер ер.
5350. Екеуімен ер биіктеп кетеді,
Бұл екеуі бектің тәжін көтерер!»
Әскер жинау – байлық шашар іс еді,
Байлық жинау талай күшке түседі.
Кием, ішем – керегі жоқ басқа түк,
Неге керек көтергенім басқа жүк!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет