108
1150. Бала қамы – түпсіз теңіз, терең-ді:
Әке-шеше уайымын жер енді.
Болса кімде әйел мен қыз, бала да –
Ол кісіде ұйқы тыныш бола ма?
Әке күйер қам-қайғының отында,
Олар мұның атамайды атын да».
Айтты Айтолды: «Ей, ұл, тыңда, мойыма,
Еш ұмытпа сөзімді өмір бойына.
Әкең едім, – деді Айтолды, ол
тұрып, –
Қарап алшы көзіңе бір толтырып.
1155. Бұл өмірде бар байлығы толды оның,
Ажал келді – не пайдасы болды оның!
Өмір – тәтті, өлім – ащы, сол жайда,
Қаза келді, қашатұғын жол қайда!
Мәз болып ем дүниеге – ол тайды,
Опа қылмай қу құйрығы шолтайды.
Мені алдады: шақырып ап, құшты да,
Ойымды алды, үркіп тайды ұшты да.
Жалған азды, бақ қартайды, тарады,
Сені де алдап түсірімесе – жарады.
1160. Керек істі мен жүріппін байқамай,
Құр қызықты қуыппын ғой шайқап-ай.
Дауыл
соғып бір өткендей тұштиып,
Боска ашынып өлем бүгін іш күйіп.
Жан қала ма пара, сыйлық, мал беріп,
Қолдан ұстар бір адам жоқ әл беріп.
109
Өлім жайын білген біреу ерте елеп,
Айтқан екен ой жүгіртіп, зерделеп:
«Өлім
көрген дана есінен арылып,
Ой-білімнен жұтап қапты сарылып.
1165. Қандай қатал бұл ажалдың тырнағы,
Ол соққанда қалмайды адам жұрнағы.
Нән сарайдың өлім күлін суырар,
Бар байлықтың апшысын бір қуырар».
Осы іспеттес шайырдың бір сөзі бар,
Оқы соны ей, көкейде көзі бар:
«Бұл әлемде әр нәрсеге жора бар,
Қандай айла болса да оған шара бар.
Бар нәрсеге – амал,
айла тапқанмен
Тек өлімге айла жоқ қой бара-бар!»
1170. Тыңдап ұлы, ойын ойлап толғатты,
Бірде қарап әкесіне тіл қатты:
«Ей, әкетай, сен аларсың сауабын,
Бір
сөзім бар, айтшы соның жауабын.
«Көп жасады» деп білеміз сен ерді,
Көп үйрендің ақыл, білім, өнерді.
Сұрап, естіп, сен үйреніп, көп көрдің,
Сынап, біліп бәрін бастан өткердің.
Бар ма амал бұл өлімді жеңетін,
Сен өлерде қарсы қойып сенетін?
1175. Айла,
шара жоқ боп көңіл шайлықты, –
Онда үлестір қазына, мал, байлықты.
110
Себі тисе, қазына, мал... – жә, бұлар,
Аман боп тұр, алтын-күміс табылар.
Депті біреу көзі – тоқ та, қолы – ұзын,
Өзі – сақы, шүлен еткен нан-тұзын:
«Қолда барда ішкіз, жегіз, таратып,
Өлсең – қалар, сілтеп жібер жаратып.
Сау өмірі қиылмаса қысқадан,
Табылады адамға – мал, құсқа – дән.
1180. Басы амандар сала білсе бар жанды,
Өткереді талай тілек-арманды!»
Достарыңызбен бөлісу: