Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Патшаның Айтолдыға [берген] жауабы



Pdf көрінісі
бет29/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Патшаның Айтолдыға [берген] жауабы
Деді патша: «Бұлайша тіл қатпағын,
Ей, Айтолды, ой-көңілі аппағым!
Талай ауру тәуір болып кетеді,
Бір сен емес, сабыр қылсаң не етеді.
Неге жүдеу сөз оралды тіліңе,
Неге бұзық ой саласың діліңе.
Үміт артып келіп едім мен қасқа,
Сөз мәнісін айтасың ғой сен басқа.
1070. Сақтар Құдай кейінде ме, ерте ме,
Қой бұл сөзді, көңілімді өртеме!»
Айтолдының патшаға [берген] жауабы
Айтты Айтолды: «Ей, бақтияр, кемі жоқ, 
Бұл кеселдің дәрісі де, емі жоқ.
Туған – өліп, туыстары жылайды, 
Көтерілген – тұғырынан құлайды.


102
Өскен – өшіп, биіктеген төмендер,
Тәттіге – ащы, күлген – жылап шемен жер.
Мен айтып ем, ұқтыңыз ба бірақ сіз: 
«Қылық – қыңыр, болар сөзім – тұрақсыз».
1075. Сырын айтқам мінезімнің, ұнай ма,
Енді маған алаңдама, мұңайма!
Мен өлемін, шек келтіріп жүрсең де, 
«Туған адам – өлмес», – десе, – бір сенбе.
Сөкпе мені, «сенімсіз, – деп, – сапасыз»,
Сенен де өтер бұ дүние опасыз.
«Қатыгез» деп маған айып тақпағын,
Одан да зор жауыз жалған тоқпағы.
Босқа сенбе дүниеге алақтап,
Сен де өлерсің қапы қалып, далақтап.
1080. Сен сыйладың – мен созылдым сіңірдей
Кетіп барам еңбегімді сіңірмей.
Бұл өлісім – емес тілек-арызым, 
Келу-кету, осы – менің парызым.
Мен қиналып, өліп барам жалтақтай,
Тірі қалар, құтылатын жал таппай.
Жоқтан жасап, кісі қылды сақадай,
Мен есейдім, бала болып бақадай.
Жылтыр бетке сақал шығып түптеді,
Қара шашты ақ күміспен күптеді.
1085. Бел бүгілді, бойым бұрын тік өсіп,
Жетті уақыт өмірімді түгесіп.


103
Айтқан дана бір тұңғиық білімді,
Тыңда соны, алсаң менің тілімді:
«Бас ағарса ұқсап аққу түсіне,
Бар қөңілін ақ ұстасын кісі де.
Иілгенде тіп-тік жүрген тұла бой,
Аққу құсап жүректі аппақ қыла ғой.
Сақал, шашты ақ басқанда, жайың сол
Алда күткен өліміңе дайын бол».
1090. Ақын сөзін дәл осыған меңзепті,
Соны, міне, тыңдайтұғын қез кепті:
«Шаштың ағы – хабары өлім жебірдің, 
Ол білдірер тәттілігін өмірдің.
Жедің теріп несібеңді тірлікте,
Өлім енді сені жейді, не білдің?»
Айтты патша: «Саспа, Айтолды, әуелі, 
«Ауру» деген – кінәлі өмір зауалы.
Ауру адам өле берсе шетінен,
Кім қалады бұ Жалғанның бетінде!
1095. Құдай қалап шипа берер басыңа,
Тып-тыныш жат, адал сеніп, жасыма».
Қылды дұға, енді патша айтты сол
Шипа тілеп, Раббымнан жайды қол*.
Кетті тұрып бір қайғыны жаны ұғып, 
Кірді келіп сарайына қамығып.
Дүние-мал берді көп қып осы елге,
Бір пайдасы тие ме деп кеселге.


104
Күміс алып қалар болса ажалдан, 
Ешкім оны аямас ед о жолдан.
1100. Пара беріп қалса өлімнен әр кімдер, 
Төлем төлеп, өлмес еді әкімдер.
Айтолдының дерті асқынып, қосылды, 
Шыбын жаннан үміт жолы тосылды.
Айтты өкініп: «Ей, опасыз тіршілік, 
Өттің босқа, қалды денем түршігіп.
Өтті-ау өмір, түк те болмай «әу!» десер,
Жігіт қезім текке кетті әумесер.
Жампоз едім желіп жүрген Жалғанда, 
Құрыды амал ажал келіп қалғанда.
1105. Көзім толмай жидым, байлық құрдым да, 
Бәрі қалып, кетіп барам құрдымға.
Қол мен тілім ұзын еді – құныеты,
Өлім келіп тарылтып тұр тынысты».
Істің қате жылап орны толмайды,
Өкінгенің ажалға сеп болмайды.
Қандай мұңды бұл адамның баласы,
Бола қоймас қалағаның дәл осы.
Көп қой арман – бұ тіршілік күтпейді,
Бұ тірлікте арман-тілек бітпейді.
1110. Аз дәулетке бөседі жұрт өктемдей,
Көк жүзінен көтеріліп кеткендей.
Мәртебе алса – көзге түкті ілмейді,
Өлім келсе, өкінерін білмейді.


105
Жесе, тойса – құтырады бурадай,
Ашса қарны – у да жейді туралай.
Бір қиналса – іріп, тойса – ериді, 
Зарыққанда қолы жетсе – жериді.
Айтолды ауыр бір күрсінді «Тойдым! – деп, 
Ақиқаттың әділ жолын жойдым! – деп.
1115. Жоқ-жітікке үлестірмей несіне
Жидым алтын, күміс – байлық, несібе?
Қайыры мол іс істемей, мен неге,
Бердім азар жазығы жоқ пендеге?
Қайыры бар іс қылу ед – ниетім,
Кейін содан пайда-сауап тиетін.
Өкінумен өкпем бүгін тесілді,
Өлім келіп тіл мен үнім кесілді.
Бір кісі айтқан көзі жіті көреген,
Сөзі – тура, бауырмал да ер екен:
1120. «Өлім» деген көп есіктің бірі еді,
Жаны бардың бәрі соған кіреді».
Өмір, өлім – мұны не деп ұғамын, 
Қайдан келдім, енді қайдан шығамын?
Неге тудым өлу үшін зорланып,
Неге күлдім жылар болсам зарланып?
«Тек қатыгез өлім ғана мұңайтар», – 
Туған жанның бәрі өлерде мұны айтар.
Шайыр айтқан бұған меңзеп сөз бұрын, 
Мұны ұққанның ол ашады көз нұрын:


106
1125. «Не қатыгез бұл өлімнен өтетін, –
Оны ойласаң өмір дәмсіз өте тым.
Өлім – теңіз шеті де жоқ, шегі жоқ
Бақсаң – терең, түбі де жоқ жететін».
Жүрсе қамсыз – «өлім» деген ойда жоқ, 
Өлім келсе, бар тәубадан пайда жоқ.
Жұрт алаңсыз, мәз болып қам жемеген 
Өлім келсе – көнер, күш жоқ демеген.
Көздің сұғы түкке тоймай жалғанда,
Бос өкінер ажал келіп қалғанда.
1130. Өтер баққа мәз боп жүрген есіл ер,
Көрге түсіп, жан-жүрегі езілер.
Жоққа мәз боп, көп күлетін пенделер, 
Зар жылайды келгенде күн енді өлер.
Зерделінің сөзін тыңда бас ұрып,
Көр пайдасын сөздің іске асырып:
«Тәтті үмітің болашақтан болғанда,
Еш жамандық қылма екі жалғанда.
Еш жаман іс қылма, құлқы түзу ер,
Сөзбен, іспен жақсылық қыл толған да!»
1135. Айтолды бұл өкініп, көп жылады,
Бірақ жылау қандай пайда қылады?
Алтын, күміс кедейлерге таратты,
Мирас қылып туғандарға жаратты.
«Ей, Жаратқан! – деді, көкке көз тігіп,
Сенен басқа Ие жоқ! – деп, үздігіп.


107
Сен жаратып, көтердің сан белеске,
Сенің арқаң, жүрем алып сені еске.
Табынар ем жұмсап күшті, білімді,
Келіп ажал, қиды, міне, тілімді.
1140. Құтылатың жерім де жоқ, түсіндім,
Мейіріңе енді қолды ұсындым.
Көп жамандық, ісін қылдым кесірдің,
Мархабат ет, ей, Ғазизым, кешіргін!
Өтті босқа күйкі күндер һаманда,
Өтті уақыт, билік құрған заман да».
Сөзін үзіп, тұрды ойланып өз басын,
Ұлын көріп, төкті сонда көз жасын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет