Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Өгдүлміштің Айтолдыға [берген] жауабы



Pdf көрінісі
бет32/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Өгдүлміштің Айтолдыға [берген] жауабы
1215. Айтты Өгдүлміш: «Бұ сөзді еске түйемін,
Қайғыңа мен түтеп жанып, күйемін.
Сенен кейін несін тірі қаламын,
Мен көрмейін, бұ зарыңа наламын.
Берсін Ием маған сенің жайыңды,
Салмай басқа тек қайғы мен уайымды.
Әлдеқалай ажал келсе фазылдан*, –
Со болады пешенеге жазылған.
Берген Құдай көздің жасын бұлауды,
Ием бұйрық берді – тоқтат жылауды.
1220. Сенен бұрын талай адам ардақ боп,
Бәрін тастап, жылап өлген зар жақ боп.
Байқамадың дүниенің жапасын,
Енді білдің басқа түсер қапасын.
Бар байлықты жинасаң да, – білесің: 
Екі-ақ бөлек бөз болады үлесің.
Өткен өмір өкіндірер: құр жатпай 
Өкін, жыла көз жасыңды құрғатпай.


114
Қайтып келмес өткен күнің тақымдап, 
Бәрі де өтті, түнің қалды жақындап.
1225. Менің үшін жеме қайғы, уайым, – 
Не пайда бар, белді бекем буайын.
Жаратылған өледі бір заманда,
Тек Жаратқан өлмек емес һәманда.
Әкем едің бауырмал да, сақи да, 
Жаратқаным бауырмалдау, бақи да.
Ол жаратты, сені құтқа тоғытты, 
Бермей ме екен Алла маған со құтты!
Ол бергенде – сорлы сыйға батады, 
Үлкен-кіші нәсіп алып жатады.
1230. Бұған меңзеп дана айтатын сөз болған
Дана сөзі көр соқырға көз болған.
Құй санаңа дананың бұл сөзінен,
Бар бәлені өткіз соның тезінен:
«Ол сөз – қымбат ізет етіп із кесер, 
Содан қымбат нәрсе сирек кездесер.
Жамандарға, қадірсізге қадір боп,
Сорлыға – күш, биіктеген – тез өсер».
Білді Айтолды ұлының бұл сөзін де, 
Қолын жайды, көкке тікті көзін де.
1235. Ұлына Алла ақыл берген, ой, талап, 
Соның үшін шүкір қылды қайталап:
«Көңіл толды, – деді, – аймалап баласын, 
Бақытты бол – соны Құдай қаласын!»


115
Ақылды адам айтқан шын сөз жаны бар, 
Ұғып алсаң – көздің нұрын жандырар:
«Ақыл болып қанса білім нәріне, –
Жетер қолы ой-тілектің бәріне.
Болса тура қылық, ісі, қыры да,
Соған түсер ай мен күннің нұры да.
1240. Ізгіліктің әсте мұрты сынбаған, – 
Ісі игіге алғыс жауар мыңдаған! «
Дұға қылды Айтолды өзін сақ ұстап, 
Мақтау сөзін бір Аллаға бағыштап.
«Тірі жанға, Ием, – деді, – дем бердің. 
Сансыз жанды асырадың, жем бердің.
Сен жараттың, содан біздер өргенбіз, 
Құлың болдым мен – жазықты, көргенсіз.
Бәрін бердің, Ием, көзі қарақты:
Тілегімді, басқа керек-жарақты.
1245. Арманымды түгел бердің сен енді,
Қойын тола қуаныш та сенен-ді.
Жетті әмірің: аттануға тақ тұрдым, 
Жалғыз ұлды бір өзіңе тапсырдым.
Мен әке едім. Орындаймын өмірді,
Бер балама, Ием, бақыт, өмірді.
Бәледен тыс, бар өмірін оңда да,
Ал панаңа бұ жалғанда – онда да.
Қыл жақсылық, сақтап босқа күюден, 
Кем қылмассың ішіп-жеуден, киюден».


116
1250. Дұға жасап, Жасағанды мақтайды, 
Жақсы дұға бар бәледен сақтайды.
Тыңда не дер кісінің бір езгісі, 
Жақсы адамның болады бір белгісі:
«Кімді Құдай қамқоршы боп жебесе, 
Екі өмірде бақыты оның көп есе.
Құдай көмек берсе қалап қай кұлды,
Екі Жалған соның көңлін жай қылды.
Бір Құдайдың рахымы түскенде,
Орындалар арыз-арман, іс демде».
1255. Дана кісі айтқан мынау іспетті,
Есті сөзді есте тұтса – іс бітті:
«Ием кімді сақтаса – сол сақталар,
Тілегі боп, несібесі ақталар.
Бір Құдайға сенсе құлы шынымен, – 
Жабылады бәле толған қақпалар».
Айтты Айтолды: «Ұғып ал, – деп, – дәл қазір,
Еш ұмытпа өлімді бұл – бол әзір.
Сенбе өмірге – желдей есіп кешеді,
Қапы қалма – Жалған дереу көшеді.
1260. Бір Құдайға тапсырамын сені мен,
Ол қаласа – берер өмір сәнімен.
Кеттім сенен – Ием жатыр шақырып,
Ажырасам зар жылаумен «аһ» ұрып.
Менен кейін не қыласың пайымды, – 
Тыңда, айтайын кейбір түйген ойымды».


117


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет