Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Айтолдының Өгдүлмішке [берген] жауабы



Pdf көрінісі
бет31/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Айтолдының Өгдүлмішке [берген] жауабы.
Айтты Айтолды: «Ұлым, тыңда үңіліп,
Бұл ойдан без түбегейлі түңіліп.
Өлім жолын алтын-күміс қия алмас,
Бұл өлімді ақыл-білім тыя алмас.
Бұл ажалды тияр болса мал-мүлік,
Өлмес еді әкім беріп мол мүлік.
Бұл өлімді ақыл-ой да тыймайды,
Ол айылын білімнен де жимайды.
1185. Пайда қылса оған дәрмек-дәрі де, – 
Өлмес еді онда емшінің бәрі де.
Түсер болса сұм ажалдың мейірі, 
Жүрмес пе еді пайғамбарың, тәйірі!
Туса – өлім бар, оны көрге салатын, 
Кім бар, қане, мәңгі тірі қалатын?


111
Бұ дүние – аялдама, далбаса, 
Айдаһардай бір тоймайды жалмаса».
Өгдүлміштің Айтолдыға [қойған] сауалы
Деді Өгдүлміш, жаны сөзден қажалды:
«Өте жақсы білдім, әке, ажалды.
1190. Сен өмірді бос өткіздің несіне,
Неге жылап қор боласың – сесі не?
Неге жидың бар нәрсені қалатын,
Бермедің бе төгіп жұртқа алатын?
Адам қамсыз болса, көрсін байыптап,
Жесін опық, өзін-өзі айыптап.
Не пайда бар бүгін жылап тұрғаннан,
Мың қайтара басын жерге ұрғаннан?»
Айтолдының Өгдүлмішке [берген] жауабы
Айтты Айтолды: «Тыңдап, ұлым, сайын бол, 
Мені ұмытпа, келер күнге дайын бол!
1195. Мен өкінем, қалды өмірім қас қағым, 
Қамсыз болма, сен ізімді баспағын.
Туған адам өлімге бас иеді,
Көнбесе де, түбі кебін киеді.
Адам – тұтқын уақытқа саптасып,
Жетсе мезгіл – тұра алмайды тап басып.
Шайыр сөзін тыңдап алып, көр енді, 
Білген ерге мағынасы терең-ді:


112
«Әр нәрсенің мезгілі бар» деседі,
Тірі жанның белгілі сан, есебі.
1200. Жыл мен айлар, күндер өтер өмір боп, 
Сен де өтесің – күнің желдей еседі».
Айтты Айтолды: «Ей, ұлым, кел қасыма, 
Бұ халімді келтірмесін басыңа.
Жалғыз сені ойлап жүр ем тынбастан
Менен қалып барасың ғой тым жастан.
Мен кеткен соң не боласың сен кейін, – 
Бұдан басқа түк қайғым жоқ, – не дейін!
Сіңсе әкенің баласына еңбегі, – 
Ұл қылқынан ол білінер ең кемі.
1205. Ұл ізетін қадағалап тұрса егер, – 
Әке-шеше жүзі жайнап нұр себер.
Сәл аударса баққан ұлдан назарды,
Бос сандалып, ол береді азарды.
Бала білім тәрбиесіз ұғар ма! –
Олай болса, уысыңнан шығарма.
Депті біреу бастан көп іс кешірген,
Бала бағып, сақтандырған кесірден:
«Кімнің ұлы, қызы болса тым аяр, – 
Соның өзі зар жылар да мұңаяр.
1210. Өссе жастан бейбас болып бала осы,
Ол – әкенің ұлға берген бәлесі.
Ұл-қыздан да жаман мінез шығады, 
Қырсыз қылық тек әкеден жұғады.


113
Берсең тәлім, қысып ұстап қаттылап, 
Өекен кезде қуантады қатты ұнап.*
Кейін жұрттан қалмас үшін табаға, –
Басып ұстап, ұлды келтір тобаға.
Балаларға өнер-білім берілсін,
Сұлу мінез әр өнермен өрілсін».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет