Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Өгдүлміштің патша қызыметіне кіріскенін айтады



Pdf көрінісі
бет36/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Өгдүлміштің патша қызыметіне кіріскенін айтады
Айтты патша: «Ұлым, сөзді үдетпе,
Қызымет қыл, көңіліңді жүдетпе.
Әкең маған көп сіңірді ақ ісін,
Өтей алмай мен келемін ақысын.


141
«Сол ақыны өтейміз» – деп ұғалық,
«Анау-мынау» – деп жүреді бұ халық.
Үч Орданың бегі айтыпты күшті адам*, 
Сөзін сөйлер парасатпен ұштаған:
«Біреу саған қылса арам іс, бәлесін,
Өлік болмай, ұмытпа оны – ал есін!
Кісілік қып тұрудан қол үзбегін,
Соны істеудің жерін дәйім іздегін.
1575. Біреу бәле қылса, саған айтарым:
Қаттырақ қып көрсет оған қайтарым!
Кісілік қой кісі даңқын көтерер,
Кісілікпен аты шығып өтер ер.
Қыл кісілік, сиыр сынды болма мал,
Кісі болсаң – көп қой оған жол да, амал!»
Айтты Өгдүлміш жерді сүйіп оң сөзін:
«Жылы жүзбен патшам салса оң көзін.
Мен құлыңмың қызыметкер, өзің – бек, 
Сыйың болар, егер түссе көзің тек.
1580. Құрбан қылдым енді саған өзімді,
Не сыйларсың, не құртарсың көзімді».
Шықты есіктен ақырындап бұл бақыр, 
Бір уақта үйіне де жетті ақыр.
Алды қолға бұл Өгдүлміш бір істі,
Ерте тұрып, белін буып кірісті.
Түні бойы қызметте тас буын,
Көзін ілмей, ішті сонда ас-суын.


142
Қызыметі патша ойына ұнаса,
Жол ашады, о жарылқап тым аса.
1585. Мінген адам бақыттың бір құратын 
Айтқан екен тыңдауға сөз тұратын:
«Болам, – десең, – бектің сүйген түлегі, 
Барлық істе орындалсын тілегі.
Құлдың ісі шықпаса бек сөзінен,
Бар бәлені көрсін қылған өзінен.
Бек ойынан шықпаған іс күткенде, 
Барлық жұмыс зая кетер біткенде».
Өгдүлмішті патша өзіне үйір етті,
Заң жолы мен әрбір істі үйретті.
1590. Патша отырып мұңайыпты бірерде,
Депті: «Жалған ! Жоғалттым-ау бір ерді!
Құл-құтандар кетті қаптап сарайда,
Бір ісіме, қане, солар жарай ма?
Бар ісімді жақсы білді Айтолды,
Енді кім кеп іс қыларын айта алды?»
Бір сынағыш айтқан, тыңда әрі ұғын,
Ол біліпті жақсы, жаман парығын:
«Адам әсте қалағанын істейді,
Бірақ қолға керек адам түспейді.
1595. Талай адам көтеріп жүр құр басты
«Кісі ғой!» – деп, сенеріңе тұрмас-ты.
Іске татыр, керекті жұрт қайда әлі,
Жоқ қой, сірә, жарамды жан пайдалы.


143
Шайыр бір сөз айтқан екен бізді елеп, 
Сөздер түзіп мәніменен тізбелеп:
Көрдім: халық көп қой келіп, тарайтын, 
Келмей жүр-ау біреу іске жарайтын.
Құл-құтандар, көп жиылды қалың топ, 
Пайдалысы жоқ қой іздеп қарайтын»!
1600. Деді патша: бір мәтел бар үлгі алар, –
«Ұлы бардан ол өлгенде ұл қалар.
Ұлы бар ғой Айтолдының – болмас сын
Өлсе әкесі, оның орнын ұл бассын.
Әке орыны қаңырап қап ед – ұлы өсті,
Бос орынға келіп, алсын үлесті.
Адам мұны тәрбиелеп қылайын,
Бар пайдасын көрсін соның лайым.
Ині келді Тәңірі оны қолдаса,
Бір міні жоқ, тек жастығы болмаса.
1605. Бағы жанған, атақты, жұрт сарасы, 
Өте жақсы айтқан бір сөз парасы:
«Қуат қосса бектер кімге қол беріп, –
Елге бастық болар бекке ол да еріп.
Кімді жақын тартса бектің білегі, –
Іске асады соның талай тілегі».
Хақын өтеп әкесінің жылайын,
Мейірімін кісіліктің қылайын.
Еңбегі көп Айтолдының – айтарым,
Бұ кісілік болсын соған қайтарым.


144
1610. Кім ұмытар игі адамды бұл сынды,
Адам сыры айтып болмас тылсым-ды!
Ескі атадан қалған сөз бар, – тыңдағын, 
Оны ұмытпа, іске асырмай тынбағын:
Ей, азамат! Ізгілік ет ары таймас,
Ізгілік іс мәңгі-бақи қартаймас.
Бұл ізгілік көп жасайды қартаймай, 
Мұрты сынбай, жемірілмей, ортаймай».
Патша көрді Өгдүлмішті ардақты, 
Барлық істі берді, сынап әр жақты.
1615. Өгдүлмішке патша сыйлық арнады,
Тағдыр қолдап, заң мен тәртіп орнады.
Оңдап заңын, жөндеп билік несібін, 
Ашып алды құттың тылсым есігін.
Болды бедел Өгдүлміштің сөзінде, 
Патша ақылын аямады кезінде.
Айтты патша: «Елдін сырты, ішінде, 
Бар береке болад енді ісімде.
Қамын жеп ем, дайындап ем бір ұлды, 
Ол өзіме пайда болып бұрылды.
1620. Жеттім міне тілегіме не тілер,
Өскен сайын толысар ол, жетілер.
Ұлы адам боп өсер болса – ол кісі, 
Жасынан-ақ білінеді белгісі.
Оқы осыған меңзеген бір бәйітті*, 
Мәні ашылар – ұғасың көп жәйітті:


145
«Әрбір зат бар белгісінен танылар, 
Өскен гүлдің өзгермейтін заңы бар.
Гүлге қарап жемісінің дәмін біл,
Гүл түсінің өзегінде жаны бар».
Жатпай-тұрмай іске Өгдүлміш кірісті, 
Түнде қылды күндіз қалған бір істі.
Істі өзіне жарамайтын жуытпай, 
Қылды бәрін істің ізін суытпай.
1625. Патша арылды машақаттан, жүгінен,
Халық байып, майы шықты түгінен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет