Лекция тақырыбы: Хазар қағанаты
Жоспары:
1. «Хазар» эхтнонимі. Этникалық құрамы
2. Хазар қағандығының құрылуы
3. Ішкі және сыртқы саясаты
4. Діни танымы
Лекция мақсаты: Хазар мемлекетінің құрылу тарихы, 965 жылғы Киев және оғыз мемлекеттерінің арасындағы соғыс нәтижесі, хазарлардың әлем тарихында алатын орнын түсіндіру.
Лекция мәтіні: Хазарлардың тым ертеректегі өмір-тіршілігі жөніндегі мәліметтер онша көп емес. Тек Атилла қайтыс болған кезде Еділдің төменгі сағасында тұрғаны белгілі. Олар VI ғасырда Еділ мен Дон өзені аралығы мен Кавказды билеп тұрған болатын. Сол ғасырдың екінші жартысына қарай сібірлерді өздеріне қосып алып, тез күшейе бастады.
Хазарлардың көршілерімен болған қарым-қатынасы жөнінде.Сасанитдердің Кавказдың оңтүстігін басып алып, жергілікті тайпаларды өзіне бағындыра бастауынан сескенген хазарлар византиялықтармен одақтасуға мәжбүр болды. Хазарлар 627-628 жылдар арасында кавказдықтарды бағындырды. Сол батыста хазарлардың қолдануына арқа сүйеген Византия армиясы Иранның ішкі өлкелеріне дейін сұғына кіріп, зор жеңістерге жетті.
Хазар қағандығы - Батыс түркі қағандығының, ыдырауынан кейін төменгі Еділ бойы мен Солтүстік Кавказдың шығыс бөлігінде ҮІІ ғасырдың ортасында құрылған алғашқы феодалдық мемлекет. Астанасы -Семендер (Дағыстанда). Кейін Итил қаласы болды (Төменгі Еділде). Хазар қағандығы Солтүстік Кавказды, Еуропадан Днепрге дейінгі жерлерді иеленді. Хазарлар - түркі тегінен шыққан халық, олар Шығыс Еуропада ІҮ ғасырдағы хундар заманында пайда болды. ҮІ ғасырда хазарлар Бірінші (Батыс) Түркі қағандығының құрамына кірді, олар түркі тілінде сөйледі. Ол туралы Орхон-Енисей жазуларында айтылады. Хазар тілі Бұлғар және чуваш тілдерімен тығыз байланыста.
Хазар қағандығы 735 жылы Кавказдың арғы бетінде арабтардан жеңілді. VIII ғасырдың басыңда Византияның әсерінен хазарларға христиан діні тарала бастады. Арабтар ислам дінін, Византия христиан дінін енгізуге тырысты. VIII ғасырдың бірінші жартысында (731 ж.) Солтүстік Дағыстандағы хазарлардың бір тобы иуда дінін қабылдады. VIII ғасырдың аяғы мен IX ғасырдың басында хазарлар ұрпағы - Обадия Хазар қағандығын басқарды да, өздерінің мемлекеттік дінін иуда деп жариялады. Бірақ осы кезде хазарлар мұсылман мәдениетінің шекаралық облыстары Хорезммен көрші еді. Ал хазарлар хорезмдіктерге қарсы 764 жылы Кавказдың мұсылман облыстарына жорық жасады.
Хазар елі тікелей халифатпен, олардың бас қаласы Итил мұсылман елімен шекаралас болды.
Орыстардың Еділ бассейініне қол сұғуынан бұрын Хазарлар шығыс славян әлеміне шабуылдап өткен еді. (біз IX ғасырдың екінші жартысында бірнеше славян халқы хазар қағанына салық төлегенін орыс шежірелері арқылы білеміз.) Хазарлар солтүстікке терендеп енген бұл кезде орыстар әлі нормандар деп аталатын. Орыстар швед тілінде сөйлеген кезде солтүстік Новгородқа жақын жерде тұрған орыс князі қаған шенін иемденгені де тарихтан белгілі. Кейіннен орыс патшасының өз туыстарына, балаларына неміс сөзінен шыққан «князь»термині жиі қосылып, түрмыста қолданылып кетті.
IX ғасырда Балтық теңізінен Қара тенізге дейінгі аймақ орыстар құрған мемлекет болды. Орыстар хазар хандығынан бірнеше рет соққы жеді. Орыстар 910-915 жылдары Камадая Каспий теңізіне, Хазарға Святослав шапқыншыларын жіберген кезде оларды хазарлар жойып жібергені де тарихтан белгілі.
Мұсылмандар дерегі бойынша орыстардың 943-944 жылдары жасаған шапқыншылығы кезінде Кавказ мұсылмандарының бас қаласы - Бердьев, соңдай-ақ хазарлар қоныстанған жерлер тонауға түсіп, қиратылған. Святославтың үшінші жорығы 965 жылы Хазар қандығына қарсы бағытталды. Бүдан соң бірнеше жыл бойы хазарлар Дағыстанға шектескен жерімен қоса орыстардың қол астында болды. Бірақ көп уақыт өтпей-ақ орыстар өзі жаулап алған жерді тастап кетті де, кейін Хазар қағандығы қайта қалпына келді. Ресей үшін Бұл сәтті кетіс болды. Егер Святослав Итилде қалып қойған болса, онда орыстар мұсылман әсеріне еріксіз тап болар еді.
Бұл оқиғаның барысын түсіну үшін сол князь Святославьтың басқа жерлердегі әрекетіне назар аудару керек. Оның нормандарға және Батыс Еуропаға жасаған жорықтары алғашында тонаушылық сипатқа ие болды. Орыстардың Каспий теңізіндегі алғашқы қимылдары да осылай болатын.
964-965 жылдары орыс князі Святослав Игоревич Еділге жорық жасап, Хазар қағандығын талқандады.
Хазар қағандығы X ғасырда түгелімен ислам дініне кірді.
Ішкі қайшылықтары мен көшпелі халықтардың шабуылынан талқандалған Хазар қағандығы XI ғасырдың басында өмір сүруден біржола қалды.
Хазар мемлекетінің құлауына орыстардың жеңісінен басқа мынадай себептер өсер етті: түркі тайпаларының арасында «кундар» немесе «кайилар» деп аталатын түркілердің сонау шығыстағы бір бүтағы осы аласапыран жылжулар кезінде Сырдарияның төменгі ағысындағы ғүздардың иеліктеріне бірінші болып бас сұққан болатын. Осыдан бұрынырақта ғүздардың жартысы ислам дінін кабылдап, екінші жартысымен қырқысып жатқан. Осы қырқысудың арқасында ғүз немесе түрікмен халқының жартысы парсы еліне қоныс аударған. Олар барып алдыңғы Азияда Селжуктар империясын құрды. Ғүздардың екінші жартысының үрыс салып батысқа қарай жылжуы Хазар хандығының құлауын тездетті. Хазарлар туралы соңғы деректі араб тарихшысы Ибн әл-Асирдің жазын, курдтардың қолбасшысы Фазлун 1030 жылы хазарларға жорық жасағаны туралы баяндайды.
Хазарлар хандығы ҮІІ-ІХ ғасырлар арасында үздіксіз өсіп ұлғая берді, хандықтың шығыс шекарасы Жайық (Орал) өзенінен бастап, батысқа Дон өзеніне дейін, ал солтүстікте Мәскеу маңынан, оңтүстіктегі Аралға дейін созылып жатты. Бұл аумақтың ішінде Бұлғарлар, мажарлар, толып жатқан фин қауымдары, славяндар, кавказдық құрама халықтар т.б. тайпалар аралас-құралас тіршілік етті. Сонысына қарамай, сол бір заманда аталмыш ұлан-байтақ өңірде біршама тыныштық, жайлы өмір сүру мүмкіндігі жасалған болатын.
Хазарлар хандығының құлауы. IX ғасырдың екінші жартысында Еділден өтіп шабуылдай кірген печенегтерхазарлардың апшысын қуырып, сарсануа түсірді. Хазарлардың күн көріс көзі болған сауда-саттық ісі тығырыққа тірелді. Ақыры X ғасырдың соңын ала хазарлардың туы жығылып күйреді. Қолда бар дерек көздерінде келтірілген мәліметтер тым аз болғандықтан нақтылы қай жылы Хазар теңізі (Каспий) деп аталғаны белгісіз. Бұл да сол хазар халқының атынан қалған бір белгі еді.
Хазар халқы мен хазар мемлекеті 7 ғасырдан 10 ғасырға дейін Еділдің төменгі сағасында өмір сүрді. Бұл батыл әрі жауынгер тайпа болды. Хазарлар елі Қара теңізден Каспий теңізіне дейінгі аумақты алып жатты. Хазарлар түріктер болды және алғашқы уақытта олар Батыс түрік қағанатыныңқұрамына енді. Кейін олардыңқарауынан шығып, олар өз елдерін құрды.
Хазарлар Еуразияда араб экспансиясымен түйісіп қалған бірінші мемелекет болды. Кавказда 642 жылы арабтармен бірінші шайқас өтті. Бірінші соғыс кезінде арабтардыңәскербасы мерт болып, хазарлар жеңіп кетеді. Шайқас Баланжир деген жерде өтеді, бұл хазар ханының ордасы тұрған жер еді. Кейінірек хазарлар ордасы орын ауыстырып Самандарға көшеді, содан кейін Еділ (Итель) бойына қоныстанады.
Арабтар мен хазарлардың екінші соғысы 772-773 жылдары болады, бұл жерде хазарлардың жолы болмай, олар жеңіліс табады.
ІХ ғасырдағы орыс жылнамаларында Днепр бойындағы тайпалар хазарларға сансыз ақ терілермен немесе қарулармен, қылыштармен алым-салық төледі делінген, ал Х ғасырда сол алым-салық олардан ақшалай алынған.
|Исламдық (арабтық) жазбаларда хазарлар тамаша егіншілер және шебер балықшылар деп айтылады. Соларда хазарлар жері кең және су қоймаларына бай, әсіресе қыста судың молдығы соншалықты, балық пен жануарларға бай сансыз көлдер пайда болады. Сол көлдердегі балықтар семіз болып келіп, оларды хазарлар өз майына қуырады. Су тартылған көктем мен жазда хазарлар астық себеді. Сөйтіп, бір жерден хазарлар екі өнім: қыста - балық, жазда - бидай жинады.
Кезінде хазарлар мұсылмандықты қалай қабылдағаны туралы тамаша аңыз бар.¤з халқына мұсылмандықтың, христиандықтың және иудаизмнің бірін таңдап алу үшін хазар \-64\қағаны\ өзіне үш ірі дінніңөкілдерін шақырады. Қаған христианинді және иудейді тыңдап болған соң, өз құлағын исламды уағыздаушы Фараби ибн Кораға тосады және одан осы қарсаңда көрген түсін жорып беруді сұрайды. Бұл түсінде оған періштелер келіп, хазарлар қағанның істі жүргізуіне наразылығын білдіреді. Сонда Фараби ибн Кора: «Сіздің түсіңізде періште санадан әлде ашылудан көрінді ме? Әлде ол сізге алма ағашы түрінде, әлде басқа түрде келді ме?» - деп сұрайды. Қаған періште оған бірінші (сана) адамнан да, екінішісінен де (ашылу) және үшіншісінен де (алма ағаш түрінде) келген жоқ дейді. Содан кейін Фараби ибн Кора қағанға: «Әрине, періште біріншісі де, екіншісі де |және үшіншісі де болған жоқ. Мәселе оның мүлдем басқа періште болғанында. Бұл Адам Рухының періштесі. Сіз өзіңіздің серіктестеріңізбен соған дейін көтерілгіңіз келеді. Бұл сіздің игі ниетіңіз және бұл жақсы. Бірақ сіз бәріне тек түсіңізде көретін Адамды теңестіргіңіз келеді, оны шын адам жасамақ боласыз, оны кітапқа жазғандай етіп жазып алғыңыз келеді. Бұл сіздіңқылығыңыз және бұл дұрыс емес. Мәселе сізде қасиетті кітап\Құранның\ жоқтығында», ал сіз осыныңөзінде өз кітабыңызды жасағыңыз келеді, Қасиетті кітап бізге жоғарыдан сыйланған, оны сіз біздерден алыңыз, бәрімен біздермен бөлісіңіз, бәрінде, істе де, ниеттеріңізде бізбен бірге болыңыз және өз кітабыңызды өзіңіз жасауға талпынбаңыз ...»-дейді.
Бұл сөздерден кейін хазарлар қағаны Фараби ибн Кораны құшақтап, халықтың исламды қабылдағаны туралы жарлық шығаруға бұйырды.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Аманжолов К. Түркі халықтарының тарихы. Т. І-ІІІ. Алматы, 1993-1999
Абусеитова М. Х. Казахское ханство во второй половине ХҮІ в. Алматы, 1985.
Асфендияров С. Д. История Казахстана /с древнейших времен/. А., 1993.
Бердібаев Р. Байкалдан Балканға дейін. Анкара, 1997.
Бердібай Р. Түбі бір түрікпіз. Астана, 2002.
Достарыңызбен бөлісу: |