Хундардың экономикасы және мемлекетгі басқару дәстүрі
Сыма Цяньнің жазғанына қарағанда, хун коғамының экономикасы тіптен қарапайым болғанға үқсайды: «Жай уақытта олар мал бақты, әрі аң, күс аулаумен айналысты, ал қиын-қыстау кездердегі шабуылдың дайындығы ретінде әркім өзінше әскери істерге үйренді.
Жылқы табынынан басқа хундардың негізгі байлығы - сиыр, қодас, түйе, қой және ешкі отарлары болады. Малжеке меншікте ұсталды, әр отбасы туыстығына байланысты аумақтың белгілі бір бөлігінде мал жайды, әрі ол жерді бүкіл туыстарына корған тұтты. Адам баласы мүліктерінің бүтіндігін сақтау мақсатымен, Сыма Цянь айтпақшы, «Әкесі немесе баласы өлген жағдайда, олардың әйелдерін туыстары әмеңгерлік жолымен өздері алып отырған», басқа көршілері сияқты хундарда да көп әйел алу болған. Бөтен мүлікті ұрлағандығы үшін бүкіл отбасы қатаң жауапка тартылған, ал мал ұрлаған кінәлі отбасы құлдыққа түсіп отырған.
Хун қоғамының жоғарғы билікті төрт аристократиялык ру кұрды, олар - яғни кез-келген бір ер кісі өзіне әйелді тек қалған үш рудан ғана алуға болатын, бір-бірімен некелік қатынаста байланысқан рулар еді.
Бағынышты тайпалар осы төрт тайпаға мата, қой терісін және басқа да салық түрлерін төлеп отырды. Егер салықты дер кезінен кешіктірсе, хундар олардың ру басшыларын дарға асты. Борышкердің әйел-баласын өздері алатын болды. Бостандыққа шығу үшін ерекше төлем талап етгі. Хундардағы құлдықты көрсететін мәліметтер жиі кездеседі. Құлдыққа негізінен тұткындар алынды, ал кейде әр түрлі қылмыстары үшін хундардың өздері де құлдыққа түсіп отырды. Өзге тайпалықтар яғни құлдар көбінесе отырықшы шаруашылықта пайдаланылды, олар бекітілген қалада хундармен бірге өмір сүрді, жер жыртты, тас калау жәнеқұрылыс жұмыстарына қатысты, қолөнер өндірісіне араласты. Құлдықтағы хундардың жағдайы онша анық емес, олар патриархалдық отбасының ең төменгі тобын құрауы мүмкін.
Хун мемлекетінің құрылымы да қатал иерархиялы болды. Б. з. б. V-IV ғасырларда жун (хун) тайпасынын, әскери демократиясынан өсіп шыққан хун державасы көршілес тайпа одақтары және қытай патшалығымен соғыста әбден шыңдалды. Мұндай мемлекет тек әскери әкімшілік принциппен ұйымдастырылған, орталықтандырылған империяда ғана болуы мүмкін.
Қатал билік жүргізген ел басын «тәңірқұты» деп атаған. Ол «Аспан мен Жерден жаралған, Күн мен Айға теңестіріп койылған ұлы хун -Тәңірқұты деген арнайы титулға ие болған. Оны «Көк ұлы» деп те атаған. Оның билігі мынадай міңдеттер мен функциялардан көрінеді: а) мемлекеттің барлық аумағы мен баскару міндеті, осы аумақты корғау функциясы; ә) соғыс және бейбітшілік шартын жариялау міндеті мен әскерге жетекшілік ету функциясы; б) мемлекеттің барлык қарулы күштеріне жұмсалатын шығынды өз қолына жұмылдыру және сыртқы саяси бағытты анықтау функциясы; в) қарамағындағы әрбір адамның өмірі мен өліміне жауаптылық міндеті.
Мемлекетте Тәңірқұтынан кейінгі лауазымды кісілер - сол және оң (батыс, шығыс) «дана басшылар», яғни олар Тәңірқұтының балалары мен жақын туыстары болды. Олар империяның батыс және шығыс аумағын баскарды, әскердің сол және оң канатын басқарды. Бұлардан кейін Тәңірқұтының белгілі бір аумағын басқаратын басқа да туыстары тұрды, олардың бәрі әр түрлі лауазымға ие болды және«он мың жауынгердің үстінен қарайтын басшылар» деп аталды. Бұлардың жалпы саны империяның батыс, шығыс жақ бөліктеріне, әскердің сол, оң канатгарына бекітілген 24 жоғары әскер басылардан құралды. Бұл орындарға Тәңірқұтына туыстық жақындығына карай алынды. Басшыларды Тәңірқұты өзі белгіледі. Ол әрбасшының иелігіне сонда мекендеуші тұрғындарымен бірге аумақтар бөліп берді. Тәңірқұтының рұқсатынсыз тайпалардың баска жаққа көшуіне қатаң тыйым салынды.
Мемлекетте барлык ер адамның негізгі борышы әскери кызмет болды. Әр хун жауынгер атанды және әскери міндетгі орындауға бас имегендерді өліммен жазалады. Барлык, ер адам балалық шағынан өмірінің соңына дейін қатал бекітілген әскери бөлімшелерге жазылып койды, әркайсысы өз басшысының буйрығымен соғысты.
Міндетті тұрде төрт аристократиялық рудан шықкан басшылар «аспанға, жерге, адам рухына, аспан әлемінің рухына құрбандык шалуға» жылына үш рет, ал «мемлекет істерін талқылауға, адамдар мен үй жануарларының санағын тексеруге» күзде бір рет Ордадағы тәңірқұтына барып тұрды. Бұл жиынды баскару ұйымы дегенмен, ол туыстардың отбасылык кеңесі ретінде өтеді, өйткені оның катысушылары Төңірқұтының туыстары болатын.
Сөйтіп Хун империясының басқарушы тобы рулық-тайпалық негізде калыптасты; мемлекеттің жоғарғы басшыларын сайлауда туыстык қатынас шешуші мәнін сақтады. Барлық аксуйектер ру ішілік және тайпа ішілік байланыстарды сақтай отырып, қатардағы тайпалармен кандас ретінде көрінді. Сондай-ақ ру арасында азық-түліктерді бөлу жайылым жерлерге деген жеке меншіктілік жоғарыдағылардың саяси күшінің негізін құрады.
Хун империясының үш ғасырдай өмір сүргенін және ұсақ хун мемлекетінің бірнеше ғасырғы өмірін жалғастыру үшін бұлқұрылымдардың барлығы толық түрақтылыққа ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: |