Түркі ынтымақтастығы және ғылыми интеграция Қазақстанның сыртқы саясатта «көпвекторлы»



бет6/24
Дата15.12.2023
өлшемі391.18 Kb.
#486685
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Лекциялар Түркі әлемі және интеграция

Еуропалық хундар
Біздің заманымыздың басындағы I ғасырда Хун одағы екі топқа жарылып, бірі - Шығыс хун мемлекеті, екіншісі Солтустік Батыс хун мемлекеті болып аталған. Екі мемлекеттің екеуінде де түркі тайпалары билеп отырған бірнеше тайпалық одақтар болған. Солтүстіктегі Хун мемлекеті біздің заманымыздың IV ғасырында әйгілі болып, шығыс Европаға қарай жылжыды. Б. з. IV ғасырынык 70-жылдарының аяғында хундар солтүстік Қаратеңіз өңірінде пайда бола бастады. Хундардан бірінші болып соккыға жығылғандар Азов теңізі өңірін мекендеген аландар (осетиндер) еді. Көшпелі аландардың біраз болігі қазіргі Кубань өзені бойындағы хундарға бағынды. Хундар екі бағытта ілгері жылжыды: біріншісі -қыста мұзды жолмен яғни Перекоп және Таман түбегі аркылы қазіргі Керчь бұғазы мен Қырымдағы Боспор патшалығына беттеді. Оның калалары алынды және тоналды. Мың жылдан аса өмір сүрген Боспор патшалығы жойылды. Екіншісі батыс және солтүстік батыста орналаскан Сармат - алан және Готтар немесе швед тайпасына бет түзеді. Вестоготтар (Батыс Готтар) Дунайға қашты, Остоготтар (Шығыс Готтар) талкандалды. Олардың королі 110 жастағы Әрмонарих жеңіліске үшырағанын көтере алмай, өзін-езі өлтірді. Сонымен Оңтүстік Батыс хундарға Еділ мен Дунайға дейінгі жерлерді мекендеген турлі тайпалар мен халықтар бағынды. Осыдан кейін - 376 жылы хундар Рим империясымен көршілес мемлекет болып, коп узамай оған күш көрсете бастады. 395 жылы хундар Закавказье мен Месопотамия аймағына шабуыл жасады.
Хундардың патшасы Аттила 450 жылы Рим империясының шекарасын кесіп өтуге дайындалады. Ол Рим императоры Валентино ІІІ-ден карындасы Гонорияны өзіне әйелдікке және Рим мемлекетінің байлығы мен билігінің біраз бөлігін беруін талап етеді. Гонорияның өзі болса Аттилаға әйел болуға ықылас танытады. Оның себебі - Гонория көп жылдар бойы өз туыстарымен Римде билікке таласқан еді. Сондықтан ол Аттилаға құпия тұрде сенімді кісіден хат жолдайды. Онда Аттилаға әйел болғысы келетінін білдіреді, оның белгісі ретінде қымбат жүзігін беріп жібереді. Римдіктер мұны біліп койып, катты дүрлігеді. Муны ежелгі тарихшы «бүкіл мемлекетке жауыздық әкелді, Римге опасыздық жасады» деп жазды. Әрине, Аттиланың сарайында 32 жастағы Рим қызынан басқа да жас қыздар жеткілікті еді. Бірақ Аттиланың Рим кызымен кесілер некесі римдік патшаның мүрагері болуға мүмкіндік беретін еді.
451 жылы Аттила алып державаның әміршісі болды. Оған Днестрден Римге дейінгі, Балтык, теңізінен Қара теңізге дейінгі жерлер бағынды. Ол қай жерге аяк басса, сол жерде үрей туды. Оның айтқанын ешкім екі етпеген. Аттилаға бағынбаған Рим ғана қалады. 451 жылы Аттила Рейн өзенін басып өткенде Римнің тағдыры қыл үстінде тұрды. Римнің әскер басы Аэции деген адам еді. Ол жас кезінде хундардың тұтқыны болған, сол жерде Аттиламен кездескен болатын, ол хундар әлемін жақсы білетін. Аэцидің туы астына вестоготтар, аландар, алемендер, бургундар, франктар бірігіп, 451 жылы 15 маусымда Тура каласының жанындағы жазықта Атгила әскерімен шешуші шайқас болады. Мұндай жүздеген мың әскер қатысқан ірі қантөгісті бұдан соң тарихта XIXғасырға дейін ешкім көрген емес. Өлгендердің саны 166 мыңға жетіп, жапа шеккен жаралылар өзеннен қан араласқан су ішкен. Тіпті, аса берік, лирикалық өзгерістерге мойымайтын гот тарихшысы Иорданның өзі де шыдамай, осы шайқасты қайғылы суретгеген. Алғашқы шайкас Аттиланың жеңілісімен бітті. Ол әскерлерімен бірге күшті лагерде тасалануға мәжбур болды. Шабуылды күту кезінде ол хундардың дәстүрі бойынша жау қолына тірі түспеу үшін өзін отқа жағуға дайын еді. Бірақ хундар бекінісіне шабуыл болмады, Римдіктер құрған одақтың арасында өзара келіспеушілік, сенбестік, араздық басталды, вестоготгар өз әскерлерін соғыс аймағынан алып кетті. Аттила болса, өз әскерлерін ертіп, аман-есен кері қайтты. Көп ұзамай ол өзінің әскер қатарын толықтырып, Италияның оңтүстігіне - Римге қарай бет алды. Ол көптеген қалаларды: Аквилея, Верона, Монтуя және Бергамоны басып алды. Милан каласы Аттилаға тіпті өз еркімен берілді. Қала басшысы қақпаны өзі ашты. Аттила сол үшін қайырымдылык, жасап, қаланы жай ғана тонады. Ендігі кезек Римдікі еді. Мәңгілік каладан Лев IРим папасы Аттиладан қайырымдылык сұрау үшін елші жіберді. Елшілер Аттилаға кеп алтын, асыл заттар тарту етті. Күтпеген жерден Аттила келісім берді. Себебі, хун елінде оба ауруы басталған еді. Хун патшасы Поннонияға кетпекші болды. Бірак Римдіктер Гонорияны әйелдікке бермесе, келесі жылы келіп қаланы шабамын деп қорқытты. Аттила қайтьш келмеді. Ол өз сарайына әйелдікке бургун елінің (немістің) сұлу қызы Ильдиконы алды.
Тойдың ертесі күні қызметшілері неке төсегінде жылап отырған қыз бен өліп жатқан Аттиланы көрді. Неміс тарихшылары: «Шындығына келгенде, ол кыздың бойынан алған құмарлықтың күштілігінен өлді» дейді. Бірак Аттиланың өлімі Еуропаның шартарабына оның бургун корольдігін күйреткені және туысқандарын өлтіргені үшін кек алу максатымен Ильдико у берді деген хабар тарайды.
Аттила өлген соң Хун империясы ыдырады. Бірақ Аттила ел ауызында мәңгі қалды. XIIIғасырдың басында Австрияда, Дунай жағасында белгісіз шпильман (кезбе әнші) көп ғасырлар бойы әр түрлі герман халықтарына ауызша тараған батырлық туралы дастан жинап жүріп, «Нибелунга» деген жыр жазып алды. Онда біз хундармен готтармен, бургувдармен, Ильдико сұлумен немесе Кримхильмен (оның еркелеткен аты Хильди) жәнеқатал Аттиламен кездесеміз. Жырда Аттила немісше Этцел деп аталады. Бұл жырда Кримхиль Этцелден (Аттиладан) ағаларының кегін алмайды. Керісінше, Этцелдің көмегімен бургун корольдығын құлатып ағаларынан кек алады. Этцел біздің көз алдымызда ашық, жайсаң және қайырымды король, ак көңіл басқарушы болып көрінеді. Тарихтың тағы бір жұмбағы бар! Мүмкін осылай да шығар. Аттиланың өлімі Римді құткармады. Екі жыл өткеннен соң Римді Вандалдар басып алып, екі апта бойы тонады. Ал содан 21 жыл өткеннен кейін Батыс Рим империясы мәңгі жойылды.
Аттила империясының күлағанына 1400 жыл өтсе де, Европа елдерінің есінде сақталған, оған мысал - 1942 жылы 11 сәуірде Гитлер өзінің баспанасы – «Волчое логово» деп аталған үйде отырып, фашистік есіріктерге болашақта шығысты құлдықта үстау үшін мынадай кеңес берген: «Шығыс облыстарының халкына кару-жарақ беру керек емес, мұны бізге тарих үйретті, кару берсек, Бұлұлттарды билеу жойылады. Егер басып алған халықтардың (орыстардың), қырғыздардың, казақтардың, чехтардың) қолына қару берілсе, иә, тура айтсақ бұл халықтар біздің билеуімізден кетеді. Біздің мақсатымыз шығыс облыстарының жерінде әскери тірек пункттер орнату және барлық немістердің осы әскери пункттермен тығыз байланыста болу керектігін жене бұлар өз тарихын, мемлекеттік ұғымды білсе, бізге қауіп туғызады»,-деді. Хундар көсемі Аттила қазіргі Веңгр халқының мақтанышы екенін де айтқан жөн. Венгрияда Аттила атында университет бар. 1994 жьшы 22 ақпанда Қазақстанға Венгрияның төтенше өкілі болып тағайындалған Торма Иожеф кезінде Аттила атындағы университетті бітіргенін білеміз. Қазақстан Президентіне сенім грамотасын тапсырғаннан кейін, ол казақ - венгр халыктарының тарихи туыстығы тереңнен тамыр алып жатқанын, ежелгі хундар заманынан бері жан-жакты байланыста болғандығын атап өтті.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Аманжолов К. Түркі халықтарының тарихы. Т. І-ІІІ. Алматы, 1993-1999
Абусеитова М. Х. Казахское ханство во второй половине ХҮІ в. Алматы, 1985.
Асфендияров С. Д. История Казахстана /с древнейших времен/. А., 1993.
Бердібаев Р. Байкалдан Балканға дейін. Анкара, 1997.
Бердібай Р. Түбі бір түрікпіз. Астана, 2002.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет