Түркі ынтымақтастығы және ғылыми интеграция Қазақстанның сыртқы саясатта «көпвекторлы»


Лекция тақырыбы: Оғыз және Қарахандар мемлекеті



бет8/24
Дата15.12.2023
өлшемі391.18 Kb.
#486685
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Лекциялар Түркі әлемі және интеграция

Лекция тақырыбы: Оғыз және Қарахандар мемлекеті
Жоспары:
Оғыз мемлекеті
Қарахандар мемлекеті

Лекция мақсаты: ІХ-ХІ ғасырлар аралығында өмір сүрген оғыз және тарихта алған ислам дінін мемлекеттік дін деп қабылдаған қарахан мемлекеттерінің құрылу тарихы, ішкі және сыртқы саясаты, әлем тарихында алатын орнын түсіндіру.
Лекция мәтіні: Амударияның солтүстік аймағында тұркілердің пайда болуы VII ғасырға жатады. Араб жаулап алушылары сол VII ғасырдың өзіңде-ақ Қарлұқтарды Бадахшаннан «тауып алған»еді. Содан бері Бадахшанда өзбектің Қарлұқ руы тұрады..
Араб географтары Амударияның солтүстітіңде өмір сүрген бірден-бір тұркі тұқымы халаадж халқы деген болатын. Қазір халаадждар (хазарлар) иранда тұратын тұркілер арасында да кездеседі. VI-VIII ғасырлардағы Тұркі империясынан кейін оғыздардың батысқа жасаған жорықтарының алғашқысы IX ғасырдың аяғындағы печенегтер соғысы еді. Печенеттер өзге оғыздардан ерте бөлінген. IX ғасырдағы араб географтары печенеттер оғыздардан бөлініп шыққанға дейін-ақ жеке халық болған дегенді айтады. Ол кезде печенегтер хазарлардың шығыс көршісі болған.
922 жылы Ибн Фадлан Бұл елден печенегтердің аздаған қалдықтарын ғана тапқан. Олардың негізгі бөлігі хазарлар мекенін кесіп өтіп, оңтүстік Ресейге барып тұрақтанған. Бұлжерде печенегтер Святославь заманынан бастап Киевке үнемі қауіп төндіріп отырған. Печенегтердің Руське жасаған жорықтары және оларға орыс князьдарының қарсы күресі женінде жылнамаларда жиі айтылады.
Оғыздар Каспий-Арал өнірінде VII ғасырда пайда болды. Шамамен VIII ғасырдың орта шенінде оғыздар Жетісудан Қаратау бөктері мен Сырдарияның төменгі алқаптарына қарай жылжи бастаған. Ал IX-X ғасырда Оңтүстік және Батыс Қазақстан аумағында оғыз этносы бірте-бірте қалыптасты. Оғыздардың этникалық құрамында Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларын мекендеген ежелгі тұркі тайпалары болды. Олар Жетісу мен Алтайдағы көшпелі және жартылай көшпелі рулар мен тайпалардан еді.
IX ғасырдың соңы мен X ғасырдың ортасында Арал және Каспий теңіздері маңындағы аймақтарда Оғыз мемлекеті құрылды. Мемлекет орталығы Янгикент (Жаңакент) қаласы болды.
Оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төменгі ағысына дейінгі байтақ өлкені мекендеді. Олар Ырғыз, Жайық, Ембі, Ойыл өзендерінің алқабында, Сырдария мен Қаратаудың бөктерінде көшіп-қонып жүрді. Негізінен Арал теңізі маңында, Каспийдің солтүстігі мен Сырдарияның төменгі ағысын мекендеді. Орта Азияға, Шығыс Еуропаға, Шығыс Қазақстан мен Монғолияға баратын керуен жолдары-ның тоғысқан жеріне орналасқан Янгикент қаласы X ғасырда гүлдену шегіне жетті. Мемлекет басында жоғарғы екім - «яғбу» (оғыздарша - жағбу) тұрды. Олардың орынбасарлары күл-еркіндер деп аталды. Жағбу сөз жүзіңде хан болып сайланғанымен, іс жүзінде мемлекет билігі атадан балаға мирас болып қалып отырды.
Оғыздардың бас хандары әскери демократия кезінде халық жиналыстарының қайталанған тұрі іспеттес кеңестерде сайлаңды.
Жағбу мемлекетінде оғыз ескерлерінің бас жетекшісі (лауазымы - «сю баши») үлкен рөл атқарды. Оның есімін еуропа оқымыстылары арабтық емле ережесінің негізінде «Селжук» деп атап кеткен. Тұркі фонетикасьшың зандарында қарама-қайшы келеттн атау еуропалық тарихи ғылыңда осьшай қалыптасып кетті. (1992 жылдан бері Егеменді Тұрікмен мемлекетінің президенті Сапармұрат Ниязов өз елінде президенттік лауазыммен бірге «сю баши» (тұрікмен басы) деп те аталады).
Оғыздар мемлекетінің саяси өміріңде сюбашы («селжук») араласып, кейде жағбуға да қарсы шығып отырды. Каспий-Арал өңіріндегі оғыздардың мемлекеті өзінің саяси және әлеуметгік құрылымы жағынан феодалдық мемлекет болды. Мұнда ескі ру-тайпалық институттар жойьшып, феодалдық қатынастар дамыңы. X ғасырдың аяғы мен XI ғасырдың басында Оғыз мемлекетінде тұрақты салық жүйесі қолда-нылды. Мемлекетте белгілі басқару аппараты қалыптасты. Оғыздардың басым көпшілігі негізінен көшпелі малшаруашылығымен - қой, жылқы, түйе, сиыр өсірумен, аң аулаумен шұғылданды. Ибн Фалах (X ғ.) 10 000 жылқысы бар оғыз ақсүйектерінің болганын жазады. Көшпенділермен қатар, отырықшы, жартылай отырықшы оғыздар да болды. Олар Мақмуд Қашқаридің айтуышпа Сырдария алқабындағы қалаларды - Қарнақ, Сүткент, Сығанақ және Фарабты мекендеді. Отырықшы оғыздар негізінен егіншілікпен, қол-өнерімен айналысты, тұрлі аяқ киім тікті, ыдыс, әшекей бүйымдар жасады. Оғыздардың шаруашылығында зат айыр-басы мен сауда маңызды орын алды. Жетісу, Хорезм, Мауреннаһрмен сауда жасауда Сырдария алқабывдағы қалалар - Янгикент, Сауран елеулі рел атқарды. Оғыздар шетке мал, ет, тері, аң терісін, малахит шығарып, соғыс кезінде қолға түскен адащардан құл саудасын өрістетгі. X ғасырда оғыздар арасына бірте-бірте ислам діні тарады.
965 жылы оғыздар Киев Русімен одақтасып, Каспий теңі-зінің Солтүстік-шығыс жағалауларындағы жерлерді иемденген ежелгі Хазар қағандығын талқандады. 986 жьшы оғыздардың жабғуы орыс княздарымен бірге Еділ - Кама Бұлғарларын күйрете жеқді. Мүның бәрі оғыз мемлекетінің саяси қуаты-ның артуына жағдай жасады.

Алайда шамадан тыс ауыр салыққа наразы болған басқа тайпалар мен феодал-ақсүйектердің езгісіне қарсы болған халықтың біріккен қозғалыстары X-XI ғасырларда Оғыз-дардың мемлекетін дағдарысқа үшыратьш, құлдырауға түсірді. Ішкі қайшылықтар әлсіреткен Оғыз мемлекетін XI ғасырдың ортасьшда қыпшақтар талқавдады. Оғыздың бір бөлігі батысқа кетіп, оңтүсгік орыс далаларына қоныс тепті. Селжуктар бас-қарған басқа бір бөлігі Алдыңғы Азия елдерін жаулап алды.


Кейіннен бірнеше мемлекет пайда болды (Селжук мем-лекеті - Селжук өулеті билеген мемлекет, ең ірі Конии сұлтандығы). Ал оғыздың солтүстік-батыстағы бөліктері бер-тін келе Еділдің төменгі ағысындағы Бұлғарлармен (татар-лармен), оңтүстік бөлігі Оралдағы башқұрттармен қосылып, сіңісіп кетті.
Сырдария, Арал алқаптарындағы және оңтүстік Каспий маңын мекендеген оғыз тайпалары казақ тарихында айтарлықтай із қалдырды. Тарихи деректерде оғыздар қазақтың арғы тегінің бірі ретінде аталады.
Оғыздар - тарихи тұрғыда тұрікмендердің, езбектердің, қарақалпақтардың түпкі аталарының бірі.
Сонымен огаздар тұрікхалықтарының ішіндегі өсіп-өнген мол тармағы еді. Сондай-ақ үзына тарих бойында саяси тұрғыңан да, мәдени тұрғыдан да аса маңызды рөл ойнаған бір тармағы болатын. Оғыздар печенектерді батысқа ығысты рып жіберген соң олардың орнын нық басып тұрақтады да мүсьшман дінін қабылдап, әйгілі Селжук мемлекетін құрды. Османлыларды өз ішіне алғанда күллі орта шығыс пен Анадолыда бой кетерген мемлекеттер мен бекеттердің бір, еке^ін айтпағанда барлығын дерлік оғыздар құрғандығы белгілі. Бұлардың ішінен бір атасы негізгі қауымнан оқшау-ланып, Балқанға дейін шығандап кетгі. Оларды Византиялық жазбалацвда «Үз» деп жазып келді. Ал орыс жазбалары XI ғасырдың орта шенінде Қара теңіздің оңтүстігінде бой көрсетісен оғыздар тобын Төрк деген атпен атай бастады.
Оғыздардың Балқанға кіруі және соңғы шоғы. Асал мен Хазар аймағында тұрып жатқан оғыздардың бір бөлігі солтүстіктегі қыпшақтардың қысымымен батысқа үдере көшуге мәжбүр болды. Осы Оғыздар тобы тоқтаусыз ілгерілей отырып:, Дунай жағалауына және ол жерден Балқан өңіріне жетіп тоқтады. Тракия мен Македонияны жаулап алады. Сол кезде аяқ астынан түсе қалған қатты суықтың арты қатерлі жұқпалы дерттің таралуына үласып, уздарды бүтіндей есеңгірете титықтатып кетті. Осы орайды пайдаланған жергілікті халықтар мен ежелгі дүшпандары Печенектердің шабуыдщарына төтеп бере алмай, быт-шыт бола жеңіліп, тозып кетті. Оғыздардың аман қалған азын-аулақ бөлігі Балқан мен Македонияға жетіп орнықты. Бірақ уақыт өте келе олар да бетен: халықтар арасында елдігін сақтап қала алмай бүтіңдей сіңісіп кетті.

Оғыздың XI-XIII ғасырларда Закавказье мен Кіші Азияға өтіп кеткен оңтүстік тобы Әзірбайжан, тұрік, гагауыз халықтарының этногенезіңде маңызды рөл атқарды және тұркі халықтарының қалыптасуына үлкен үлес қосты.

940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс түркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.

Қарахан Әулетінің мемлекеті (942-1210 жж.). Негізін салған Сатұқ Боғра хан (915-955). 940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемлекеті тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуы мен оның ерте тарихында басты рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды. 10 ғ. сонына таман Қарахандар иелігі Батыста Амудария мен Сырдария арасындағы Мәуереннахрдан бастап, Шығыста Жетісу мен Қашғарға дейін созылды.

Қарахан мемлекеті шекаралары тұрақты, толып жатқан еншіліктерге бөлінетін. Еншілік иелерінің құқтары зор болатын. Олар өз атымен теңгелер шығаруға дейін, кейде тіпті лауазымдарын өзгерте алатын. 11 ғ. 30-ж. соңында Ибрахим ибн Насырдың тұсында мемлекет екіге бөлінеді: біріншісі, орталыпы Бұқарда болған, қарауына ходжентке дейінгі Мәуереннахрды қосып алған Батыс хандығы, екіншісі - қарамағына Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу мен Қашғар кіретін Шығыс хандығы. Оның астанасы Баласағұн қаласы. Осымен Қарахан мемлекетінің еншіліктерге бөлінуі заңды тұрде бекітілді.

Арслан-хан кезіңде қарахан мемлекеті одан сайін бөлініп кетеді: әрбір еншілік өз тәуелсіздігін құру үшін таласады.

1056 ж. Қадырханның ұлы Йинал-тегін өкімет мұралыпы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып алады. Бірақ ұзамай ол у беріліп өлтіріледі. Тәж-таққа Йинал-тегіннің баласы Ибрахим ие болады, бірақ ол да біраздан кейін Барысхан әміршісімен болған соғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс қағанатын 15 жыл бойы (1059-1074) Қадырханның балалары Юсуф Тоғрулхан мен Бограхан харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен қосылады. Екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді. Тоғрұл қайтыс болғаннан кейін оның еншілігі Бограхан харунның (1075-1102)- Қашғар, Баласағұн мен хотан қожасының қоластына көшеді. 1089 ж. бастап ол Салжұқ сұлтаны Мәлікшахтың кіріптар вассалына айналады. 1102 ж. Бограхан қайтыс болғаннан кейін, көп ұзамай Мәуереннахрға Баласағұн мен Таластың иесі Қадырхан Жабраил шабуыл жасап, Амударияға дейінгі жердің бәрін басып алады, тіпті Салжықтардан Термезді тартып алмақшы болады, бірақ олардан жеңіліп қалады. Сұлтан Санжардың басқаруы кезінде (1118-1157) салжықтар Мәуереннахрда шексіз билігін жүргізеді, бірақ бұл кезде Қарахан әулетінің саяси құлдырауының белгісі біліне бастады.

Бұған бас себебі - қидан мемлекетінің құрылуы және оның жүргізген сыртқы әскери саясаты болып табылады.

12 ғ. екінші жартысында қидандар Батыс Түркі қағанатына қауіп төндіре бастайды. 1141 ж. Қарахан-Салжықтың әскерін талқандағаннан кейін Қарахандар мемлекеті екі хандығының билігі де қарақытайлар қолына көшеді. 1210 ж. шығыс Қарахандар әулеті наймандармен соғыста жеңіледі. Ал 1212 ж. Хорезм шах Мұхаммед батыс қағанаттың соңғы қағаны самарқандық Османды өлтіреді, ұзамай Қарахандардың Ферғана тармағы да жоқ болады. Қарахан әулетінің мемлекеті тарихы осылай аяқталды.

Қарахан әулеті мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болды. Хандар өз туыстарына белгілі бір территорияның, сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына деп алынған салықты өздері жинап алу құқын берді. Мұндай салық «икта» деп аталады, ал оны жинаушыны «мукта», немесе «иктадар» деп атаған. Халық көшпелі, жартылай көшпелі болды. Мемлекеттік дін ретінде - ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса жариялады) енуіне байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы қалыптасады. Түрік этносының ой-санасы өседі. Жүсіп Баласағұн есімі кең мәлім болды.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Аманжолов К. Түркі халықтарының тарихы. Т. І-ІІІ. Алматы, 1993-1999

Абусеитова М. Х. Казахское ханство во второй половине ХҮІ в. Алматы, 1985.

Асфендияров С. Д. История Казахстана /с древнейших времен/. А., 1993.

Бердібаев Р. Байкалдан Балканға дейін. Анкара, 1997.

Бердібай Р. Түбі бір түрікпіз. Астана, 2002.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет