Тәуелсіз Әзербайжан
1990 жылы 20 қарашада Кеңес Одағының басшылығы Әзербайжанның Жоғары мемлекет органдары келісімінсіз Бакуге заңсыз тұрде әскер енгізді. Оның салдарнан көптеген адам қаза тапты. 1991 жылы 30 тамызда Әзербайжанның Жоғарғы Кеңесі 1918 жылғы Шарт негізінде мемлекеттік тәуелсіздікті қалпына келтіру жөнінде Декларация, 1991 жылы 18 қазанда«Әзербайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөнінде» Конституциялық шарт қабылдады.
1988 жылы КСРО-дағы мемлекеттік билік және партиялық басқарудың әлсіреуімен қатар жүрген демократиялық қайта құрулар толқынында Таулы Карабахта армяндардың арасында сепаратистік қарсылық өршіп, өткір этникааралық щиеленіске айналды (1991-1994). Нәтижесінде Таулы Карабахтан өзге тағы Әзербайжанның 7 ауданы Армения қарамағына өтті, 1 млн. әзербайжан мен 100 мыңға жуық армян елден қашуға мәжбүр болды. 1994 жылы ТМД елдерінің араласуымен Әзербайжан мен Армения атысты тоқтату туралы шартқа қол қойды. Алайда осы уақыттан басталған шиеленісті реттеуге жасалған талпыныстар еш нәтиже бермеді.
Армян-әзербайжан қайшылықтары кезінде Әзербайжан КСР-нің Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы республика тәуелсіздігін жариялады. Әзербайжанның тұңғыш президенті болып Әзербайжан Компартиясы Орталық Комитетінің І хатшысы Аяз Муталибов сайланды. Кейін оның орнына Әзербайжан халықтық майданының басшысы Абульфаз Эльчибей отырды.
Карабах майданындағы сәтсіздіктер мен үкімет құзіретінің күшті болмауынан билікте тоқырау басталды. 1993 жылы 4 маусымда Гянджада полковник Сурет Гусейновтың Бұлігі өтті.
Азамат соғысына ұласып кетуінен қорыққан Эльчибей Нахичеваньда тұрып жатқан Гейдар Алиевті шақырды. Осылайша билікке Г.Алиев келді. 2003 жылы дүниеден өтіп, президенттікке ұлы Ильхам Алиев келді. Жалпы Әзербайжанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі ауысқан президенттеріне тоқтала кетсек:
1. Аяз Муталибов
2. Ягуб Мамедов (1992, наурыз-мамыр)
3. Иса Гамбар (мамыр-маусым)
4. Абульфаз Ельчибей
5. Гейдар Алиев (1993-2003)
6. Ильхам Алиев (2003-….)
ХХ ғасыр Әзербайжан тарихына әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени өміріне радикалды өзгерістер әкелді. Әзербайжанда өте тез қарқында өнеркәсіп дамып, Баку әлемнің мұнай өндіретін орталығына айналды. Мәдени – рухани өмір өзгеріп, ғылымның әр саласы шарықтап, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар құрылып, оғамда демократиялық идеялар бағаланды. 1918 жылы 28 мамырда Әзербайжан Демократиялық Республикасы құрылып, кейін 1920 жылы сәуірде ХІ Қызыл Армияның Бакуге кіруімен өмір сүруін тоқтатты, тарих бетіне бар болғаны 23 ай ғана ізін қалдырып кете барды. Одан кейін ол Кеңес Одағына енді.
1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейін өз тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсіз Әзербайжан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 12 қарашаза қабылданды. Осы оқиғадан кейін Әзербайжан халқы мен мемлекеттігінің даму дәуірі басталды. Бүгінгі таңда Әзербайжан Республикасы демократия мен прогреске қадам басты.
Қырғызстан. Қырғыздардың ертедегі этникалық тарихы көне тайпалар одақтарымен (хүндар, діліндер, сақтар мен үйсіндер) байланысты. Кейінірек - Түркі қағандықтары мен көшпелі тайпалар бірлестіктері дәуірінде (б.з.б. X ғ.) қырғыздардың құрамына енген тайпалар Саян-Алтай, Ертіс өңірі, Шығыс Тянь-Шань өңірлерін мекендеген түркі тілдес халықтың арасында қалыптасады. Б.з. II мыңжылдықтың бірінші жартысыңда монғолдардың Орта Азияға жасаған шапқыншы-лығынан кейін ежелгі түркі тілдес халықтардың бір бөлігі Орталық және Батыс Тянь-Шаньға, одан ары оңтүстікке қарай Памирге дейін ығысты1.
Бұлар Тянь-Шань өңірінде қалыптасқан қырғыз халқы-ның негізін қалады. Оның құрамына Жетісу мен Мауран-наһрдың түркі тілдес жергілікті тайпалары, соның ішінде қарлұқтар мен үйғырлар, кейінірек XVI-XVII ғасырларда қазақ тектес тайпалар да кірді.
XVI ғасырдың бас кезінде қырғыздар Тянь-Шаньда дербес халық болып қалыптасты. Қырғыз халқының негізін үш үлкен топ құрады: алғашқы екі тобы қосылып «Отыз үл»аталды да, «оң және сол қанат» болып екі бірлестікке бөлінді.
Оң қанат Тағай, Адигине және Мунгуш деген үлкен үш топтан құралды. Тағай ұрпағы Тянь-Шань аймағының негізгі бөлігін, ал келесі екі топты құрайтын рулар Қырғызстанның оңтүстік өңірін мекендеген. Шежіре деректері бойынша қырғыздар 40 тайпадан түрады. Сондықтан оларды «Қырық рулы» ел деп те атайды.
Қырғыз халқының құрамындағы көптеген этнонимдерге қарағанда, халық болып қалыптасу продесінде көне замандар мен орта ғасырларда өмір сүрген сан алуан тайпалардың жиынтығынан қалыптасқан. Жоғарыда аталған тайпалардың кейбіреуі Орта Азияның басқа да халықтары құрамына енген.
Қырғыз халқының құрамына жоғарыда келтірілген үш үлкен тайпалық бірлестіктерден басқа қырғыздардың түркі тегіне қосылмайтын Сарт-Қалмақ, Қалмақ-Қырғыз, Шала қазақ, Келдике, Күркүре және Күрең сияқты кірмелер тобы да бар.
Сонымен, қырғыздар XV-XVI ғасырда ұлт болып қалыптасып, өзінің ұлттық мемлекетін құрды.
Қырғыз халқы - көне мәдениет пен ежелгі мемлекеттің мүрагері. Қырғыз жерін адам баласы б.з.б. ертедегі тас дәуірі (палеолит) кезінен мекендегендігін археологиялық ескерт-кіштер анықтайды. Ертедегі тас дәуірінің құралдары Орталық Тянь-Шань, Ыстықкөл, Ферғана маңынан, неолит дәуірінің ескерткіштері Бішкек, Тоқмақ қалалары мен Ыстықкөл аймағынан, Алай даласынан табылды. Сарыжаз өзені маңындағы 2 үңгірде (Ақшүңқыр қаласы) қызыл бояумен қабырғаға салынған хайуанаттар суреті сақталған. Неолит кезінде тайпалар тас өңдеудің жетілген техникасын (тегістеу, қашау) игерген, садақ пен жебені қолданған, балшықтан ыдыстар жасаған. Мал шаруашылығы мен егіншілік пайда болған. Б.з.б. III мың жылдықтың аяғында еуелі мыстан, кейін қоладан жасаған қарулар тарады. Қола дәуірінде б.з.б. I мың жылдықтың басында қырғыз жеріндегі адамдар екі топқа - егіншілік және мал шаруашылығы тобына бөлінгендігін археологиялық материалдардан байқауға болады.
Б.з.б. VII-VI ғасырда темірден соғылған құралдар мен қарулар пайда болды, көшпелі мал шаруашылығы шешуші шаруашылыққа айналды, мүліктік жіктеу күшейді. Көшпе-лілер, арасында рулық одақ, ал егіншілік аудандарда құл иеленуші мемлекет пайда болды. Солтүстік Қырғызстанда Сақтар (б.з.б. VIII-VII ғ.), кейін үйсіндер (б.з.б. I ғ. мен б.з. V ғ.-ы) өмір сүрді. Оңтүстік аудандар (б.з.б. II-I ғ.) Парфия мемлекетіне, кейін (б.з. I-IV ғ.) Құшан патшалығына қарады. Қырғызстанның оңтүстік аудандарында IV-V ғасырларда тоған таспа техникасы қолданылады, су диірмені пайда болды, канал жүйесі көбейді, ауыл шаруашынық дақылдарының жаңа түрлері (мақта) егілді.
Экономикалық өмірдің жаңа қоғамдық қатынастарының өзгеруіне байланысты егіншілік аймағында құл иеленуші мемлекет феодалдық мемлекет бірлестіктеріне ауысты, көшпелі тайпаларда да ерте феодалдық мемлекет пайда болды. V ғасырда Солтүстік Қырғызстанда көшпенділер отырық-шылана бастады.
VI-VII ғасырларда Қырғызстан Батыс Түркі қағанды-ғының орталығына айналды. Астанасы - Суяб. Қалаларда қоғамдық еңбек бөлінісі пайда болды. VI-VIII ғасырларда Батыс Түркі қағандығына қараған тайпалармен бірге өзінің жазуы (Орхон жазуы) болды.
X ғасырдан бастап қырғыздардың Тянь-Шаньды мекендегені жайлы жазба деректерде баяндалады. Ол кезде Шу, Талас далаларында, Ыстықкөл жағалауыңда қалалар менотырықшылар көбейе бастады. Олар Орта Азияның басқа аймақтарымен қарым-қатынас жасады. X ғасырдың орта шенінен XII ғасырдың соңына дейін қырғыз жеріне Қарахан мемлекетінің негізгі бөлігі қоныс тепті. Оның астанасы Шу бойындағы Баласағүн болды. Бұл кезде феодалдық қатынас едәуір дамыды. X-XII ғасырларда өндіргіш күштер сол кездегі дамудың жоғарғы сатысына жетті.
Талас даласы күміс және басқа металл өндірудің орталығына айналды, біраз қалаларда (Баласағүн, Үзген) қолөнер, сауда және мәдениет дамыды.
XIII ғасырдың бірінші ширегінде монғолдар қырғыз жерін жаулап алып, оған көшпелі тайпаларды қоныстандырды.
Тянь-Шаньның бір бөлігі және Шығыс Түркістан Шағатай ұлысының құрамына кірді.
XV ғасырдың екінші жартысыңда солтүсгік қырғыз жеріңде қырғыз тайпалары бірігіп, жеке хандық өз мемлекетін құрды1. XVI ғасырдың бірінші жартысында қырғыздар мемлекеті қазақтармен одақтасып, Моғолстан мен Ойрат шапқыншылығына қарсы табанды күрес жүргізді.
Біріккен казақ-қырғыз әскерлері Моғолстанда үлкен жеңіске жетті. Ол туралы «Тарих-иш-Шах Махмуд бин мырза Фазыл Чорс»- шығармасында: «Қазақтар мен қырғыздар (ендігі жерде) Моғолстанға аттап баса алмады. Ақырында Әбді-Латив сұлтан қазақ Хақназар ханды шауып, көп түтқын мен олжа түсірді. Хақназар хан қазақтар мен қырғыздарды жинап, ізіне түсті. Сұлтан жауды білмей, рақатқа батып, көңіл көтеріп жатты. Ал Хақназар хан мен басқа да алты төре оның ізінен қуып келді. Қазақтар мен қырғыздардың әскері түн ортасында сұлтанға шабуыл жасап, оның әскерін тас-талқан етті. Қатты жараланған сұлтан Хақназар ханға апарылды»2,- дейді. Осы жеңістен кейін біраз жылдан соң Моғолстан қазақтар мен қырғыздардан жеңіліп, Жетісу өңірі мен Тянь-Шаньда Қырғыз-қазақ мемлекетінің үстемдігі нығайды. Моғолстан мемлекетінщ негізгі жер аумағы Қырғыз-қазақ хандығына қосылды. Қырғыз-қазақ хандығы сыртқы жаумен күресте өздерінің жерін кеңейтіл, дербестігін сақтап қалды. Қазақ-қырғыз одағы жоңғарлармен күресте де ынтымақтылық көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |