Түркілік кезең Ғұндардың қоныс аударуымен моңғол өңдес белгілер ене бастады


–1470 жылдары Керей мен Жәнiбек өздерiнiң қазақтарымен бiрге Моғолстаннан Дештi Қыпшаққа оралып, Ұлы Даладағы саяси билік үшiн күресті бастады. Әбілқайыр хан мұрагерлері бұл соғыста толық жеңілді



бет2/3
Дата13.12.2023
өлшемі7.02 Mb.
#486499
1   2   3
Қазақ хандығы

1469–1470 жылдары Керей мен Жәнiбек өздерiнiң қазақтарымен бiрге Моғолстаннан Дештi Қыпшаққа оралып, Ұлы Даладағы саяси билік үшiн күресті бастады. Әбілқайыр хан мұрагерлері бұл соғыста толық жеңілді.

.


ХV ғасырдың 80-жылдарынан бастап Сырдария бойындағы қалалар үшiн күрес қазақтар мен моғол және шайбанилер, маңғыт әмірлері арасында жүрді. Күрес ауыспалы жетiстiктермен өттi де, ХV ғасырдың соңына қарай Сырдария алқабы өзара бөлiске түстi.
  • 1509–1510 жылдары Мұхаммед Шайбани Керей мен Жәнібектің мұрагерлерiне қарсы бірқатар жеңiстi жорық жасады.
  • 1510 жылдың басында болған соңғы жорық ол үшiн сәтсiз аяқталды. Сығанақ түбiнде Қасым сұлтанның әскерiнен жеңiлiс тапты.
  • Мұхаммед Шайбани бұдан кейiн Иран шахы Исмаилмен соғысады. 1510 жылы Мерв түбiндегi шайқаста Мұхаммед Шайбани әскерi жеңiлiп, оның өзi өлтiрiледi.

Бұрындық хан(1474-1511) Керейдiң үлкен ұлы болатын

  • Бұрындық хан үздіксіз күреске толы кезеңде ел басқарды. Ол Керей мен Жәнiбектiң өсиеттерiне адал болды. Олар негiзiн салған мемлекеттi сақтап, нығайтуға тырысты.
  • Ибн Рузбихан, – Бұрындық хан қазақ ұлысына: «аттарыңа мiнiңдер, жауға аттанамыз» деп бұйрық берген мезетте жер қайысқан қол жиналған». Бұрындық хан Жетiсудың, Орталық Қазақстанның көшпелi тайпаларын бiрiктiре алды.

Бұрындық 30 жылдан астам уақыт бойы хан болды, бiрақ жоғары билiктi өмiрiнiң соңына дейiн ұстап тұра алмады. Тарихи деректерде оның тағдыры туралы қайғылы әңгiме сақталған. Мұхаммед Хайдардың айтуынша, 1509–1510 жылдарға қарай Бұрындық хан саналса да Жәнiбектің ұлы Қасымның ықпалы зор болды, бүкiл билiк Қасым сұлтанның қолында едi. Хандықтың ең беделдi екі адамы арасындағы бәсекелестiк құдiреттi де жiгерлi сұлтанның жеңiсiмен аяқталды. «Тарих-и-Рашиди» еңбегiнде Бұрындық өзіне жақын топпен бірге Самарқанға кеткендігі айтылады.

Қасым(1511-1518) – Жәнiбек ханның ұлы. Мұхаммед Хайдар Дулати«Даланың нағыз ұлы ретiнде үлкендi сыйлау дәстүрiн ұстанған Қасым сұлтан бастапқыда Бұрындық ханға барлық жағынан бағынды» Бұрындық хандық құрған соңғы жылдары Мұхаммед Хайдар Дулати айтуынша, Қасым өзiн Бұрындықтан алысырақ ұстауға тырысты. Себебi «жақын болып тиiстi құрмет көрсету дәстүрін сақтамаса, бұл ханға қарсылық бiлдiргендік едi, ал ол бағынуды қаламады». ХVI ғасырдың басына қарай Қасым «әлi хан лауазымын қабылдаған жоқ, бiрақ оның билiгiнің зор болғандығы соншалықты, ешкiм Бұрындықты есіне алмады. «Тарих-и-Рашидиде» «Қасым хан Жошы ханнан кейiн ешкiм жете алмаған бүкiл Дештi Қыпшақтағы қуатты әмiршiге айналып, даңқы мен құдiретi артты».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет