Сыртқы саясаты. Қасым хан Сырдария бойындағы жерлерге жорық жасады. 1513ж қазақ әскерлерi Сайрамға келдi. Қала билеушiсi қаланы ұрыссыз бердi. -Қасым Қазақ хандығының Батыс Жетiсу мен Оңт. Қазақстандағы ықпалын күшейттi. Ол өзiнiң сыртқы саясатында Ноғай Ордасына зор мән берді. Қасым Қазақ хандығының аумағын батысында Жайықтың арғы бетіне дейiн жеткіздi. Қасым ханның моғол билеушiлерiмен қарым-қатынастары сәттi жүрді. Моғолстанның негізгі бөлігі Жетiсу Қазақ хандығының құрамына қосылды. - Қасым хан кең-байтақ дала кеңiстiгiне өз үстемдiгiн орнатты. Хандықтың шегаралары Сырдарияның сол жағалауы мен Жетiсудың бiраз бөлiгiн қамтыды, солт.-шығысы Ертiске дейiн жеттi. -Қазақтар тұңғыш рет Батыс Еуропаға белгiлi болды. Қазақтар туралы деректер ХVI ғасырдың бірінші жартысындағы немiс дипломаты жазбаларында кездеседi. Қасымның iшкi саясаты. Қасым хандық билiктi нығайтуда, салт-дәстүр мен заңдылықты сақтауда iрi табыстарға жетті. Халық саны-1млн Әскер саны -300 мың Астанасы: Сығанақ (Сырдария бойында) Сарайшық( Жайық бойында) Қасым хан 1518 жылы Сарайшық қаласында дүние салып, сонда жерлендi. Мемлекеттi нығайту үшiн Қасым заң шығарды. Қасым ханның заңдары халық жадында «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен сақталып қалды. Бұл құқық жинағы бес негiзгi бөлiмнен тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: |