Түркістан облысы Төлеби ауданы Қ. Мамытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі мемлекеттік мекемесі



бет6/7
Дата06.12.2023
өлшемі47.3 Kb.
#485612
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7
Работа на пед

Қорытынды
«Қазақстан-2030 атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізгілерінің бірі жоғарғы интеллектуалды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу,олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу.Сондықтан ұстаз,мұғалімдер қауымының алдына үлкен міндет жүктелді.Елдің болашағы қазіргі жас жеткіншектердің қолында екенін сезетін ұстаздар жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануда.Осыған байланысты сабақ барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен белсенділігн арттырудың маңызы зор.
Бүкіләлемдік пандемия бой алдырған қиын тұста білім сапасын әсте түсіріп алмауымыз абзал.Қашықтықтан оқу ретінде электронды оқулықтардың алар маңызы өте зор деп білімін.
Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін үлкен үлес болмақ.Ал осы жаға тнхнологияны таратушы,үйретуші,өзінің шығармашылық еңбегінде жүйелі қолданушы ,насихаттаушы ол -мұғалім.
Жаңаша ойлай білсең ғана ұстазсың.Сол себептен де жаңа технологияны енгізуші,таратушы тұлғаға үлкен талап қойылып отыр.
Ұстаздардың алдына қойылған міндет оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру.Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға,оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті объективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.
Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет тілді коммуникативті бағытта оқыту.Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын жеткізумен ғана шектелмейді,өзара тіл табысу,пікір алмасуға үйрету,себебі жалпыға білім беретін орта мектепте берілетін бүкіл білімнің негізгі мақсаты оқушының шетел тіліндн сөйлеу қабілетін жетілдіруі.
Жоғарыда айтылған идеяларға сәйкес,құзыретті орындар білім беруде электронды кітап қолдануды тереңінен қолға алса екен.Түрлі әдістемелік кітапша,көмекші құрал ретінде пайдаланатын анықтамалық сілтемелер де білім беру үдерісіне электронды кітаптардың салмағын арттырып, кеңінен орын алуына жол ашар еді.
Қазіргі заман талабы ағылшын тілін білу болса оқушыларға қалайда жақсы меңгертем деген ұстаз оқытудың түрлі тәсілдерін қолданады.Қандай да бір әдіс болмасы,оның өзіне тін артықшылығы мен кешіліктері болады.Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде ақпаратты инновация технологияларды қолдану барысында көптеген артықшылықтарға көз жеткіздік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет