Түркістан облысы Төлеби ауданы Қ. Мамытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі мемлекеттік мекемесі



бет1/7
Дата06.12.2023
өлшемі47.3 Kb.
#485612
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7
Работа на пед


Түркістан облысы Төлеби ауданы Қ.Мамытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі мемлекеттік мекемесі

Баяндама
Тақырыбы:
«Ағылшын тілін оқыту барысында электронды оқулықтарды тиімді пайдаланудың маңызы»

Орындаған:Мизамбай Т.Б


Қабылдаған:Бакирова С.С
Ленгер 2021 ж


Аннотация
Бұл баяндамада педагог мамандарының бүгінгі күнгі актуалды оқу құралдарының бірі электронды оқулықтар жайлы айтылатын болады.Электронды оқулықтардың пайдасы мен зиянды жақтары және цифрлы Қазақстан үшін алар орны мен білім беру үдерісін дамытуға тигізер үлесіне көз жеткіземіз.Автордың электронды кітаптарды білім беруге бірыңғай жүйеде енгізу туралы идеясына назар саламыз.
В этом докладе вы будете узнавать больше о электронных книгах,и о ее полезных сторонах.Какова роль электронных книг в развитий цифрового Казахстана?Попытаемся вместе оглянутся в педогогичесую идею автора
Мазмұны:
Кіріспе……………………………………………………………2
1 Компьютерлік технологияларды қолдану ерекшеліктері

    1. Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану…….5

    2. Компьютерді шет тілін оқытуда пайдалану……………….7 2 Шет тілін оқытуда электронды оқулықтарды пайдалану

2.1 Электрондық оқулықтар…………………………………….9
2.2 Электрондық оқулықтардың мүмкіндіктері……………….12
2.3 Электронды оқу басылымдарының құрылымы мен принциптері….…………………………………………………..14
Қорытынды……………………………………………………….15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………….16

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі.Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында,сонымен қатар білім саласында ақпарттық технологиялардың жаңаша құралдарын қолдану бүгінгі күні үлкен өзектілікке ие болып отыр. Отандық және шетелдік оқулықтарда білім процессін компьютерлендіру ең өзекті факторлардың бірі болып қарастырылады.


Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы,өнерлі,білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес,белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында құрылуы тиіс.
Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процессінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек.Бұл тапсырманы оқыту процессінде жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (3бап)белгіленгендей, білім беру жүйесін ақпарттандыру,мемлекеттік білім саясатының негізгі қағидаларының бірін жүзеге асырудың маңызды бір механизмі болып табылады.Ақпараттық ортаны құруға негізделген және білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру және педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды,сонымен қатар,басқа да жаңа технологияларды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады.
Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттік пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды.Көптеген әдіскерлер видеофильм,электронды пошта(@mail.ru),мультимедиялық презентация,анимациялық суреттер және т.б көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құраумен айналысып жатыр.Сондықтан,мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып,сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады.Шет тілін үйрету процессінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі.Мысалы:анимациялық суреттер,видео-көріністер,презентациялар және т.б әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі.
Дегенмен,оқыту процессіндк компьютерлік технологиялардың қарқынды енуіне қарамастан,арнайы,мультимедиялық оқулықтар және оларды қалай қолдану керектігі жайында әдістемесінің болмауы себепті шет тілін үйрену процессінде компъютерлендіру жеткілікті дамымаған.
Сонымен,ағылшын ағылшын тілін оқыту әдістемесінің жеткіліксіз жасалуы, ағылшын тілін оқытуды компьютер арқылы жүзеге асыруды және ізденісті қажет ететін,осы зерттеу жұмысының маңызды мәселесі(проблемасы)болып табылады.Бұл мәселе зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауға себеп болды. «Шет тілін оқыту барысында электронды оқулықтарды тиімді пайдалану».
Зерттеу жұмысының мақсаты:-Компьтерлік технологияларды қолдану арқылы шет тіліне үйрету әдісінің тиімділігін (эффектілігін)жоғарылату,электронды оқулықтардың маңыздылығын анықтау.
Бүкіләлемдік пандемияға,қазіргі қашықтықтан оқыту бағдарламасына байланысты оқу үдерісінде электронды оқулықтардың алатын орны әсте ерекше болмақ.
Аталған міндетке жету үшін келесідей тапсырмалар қойылды:
Зерттеу жұмысының міндеттері:

1Ағылшын тілі сабақтарында жаңа ақпаратты технологияларды қолданудың


маңыздылығын суреттеу;
2Компьютерлік технологиялардың бар бағдарламаларын ағылшын тілінде сөйлеуге,түсінуге үйрету процессінде қолдану мүмкіндіктерін көрсету;
3Видеофильмдер мен мультимедиялық презентациялар арқылы диалог пен монолог түрінде сөйлеуге сөйлеуге үйретудің жаңа нұсқаларын ұсыну.
Зерттеу объектісі-ақпараттық технологияларды қолдану ерекшелігі арқылы шет тілін үйретудің әдісі.
Зерттеу құралы- шет тілін үйрету процессіндегі мультимедия мен видеофильмдер.
Зерттеу процессінде келесідей әдістер қолданылады:шет тілдерін оқытуға арналған психологиялық-педогогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау;ақпараттық технологиялар бағдарламасының мүмкіндіктерін тану;танып,білген мәліметтерді эксперименттік зерттеу жүргізу мақсатында педагогикалық практикаға қолдану.
Зерттеудегі ғылыми жаңалық
«Шет тілін үйретудегі ақпараттық технологиялардың жаңа мүмкіндіктерін айқындау»;
Зерттеу әдістері:Зерттелетін проблемалар жөніндегі ақпараттық әдебиеттерді зерделеу;психологиялық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу мәселелерінің қырынан зерделеу;педагогикалық бақылау;әңгімелесу,сауал сұрақ жасау.
Зерттеу жұмысының құрылысы:жұмыс кіріспеден,екі бөлімнен қорытындыдан,қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымша материалдан тұрады




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет