1 Компьютерлік технологияларды қолдану ерекшеліктері
Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану
Адамзат қызметінің әр түрлі саласында,соның ішінде білім беруде ақпараттық технологияның аса жаңа құралдарын қолдану көбірек өзекті болып отыр.Отандық және шетелдік басылымдарда оқу процесін компьютерлендіру қандай да бір пәнді оқытуды ұйымдастырудың өзекті факторларының бірі ретінде қарастырылады.
Оқытудағы аса жаңа ақпарттық технологиялар алдыңғы қатарлы университеттер мен мектептердің ғылыми және білім беру потенциалын белсендірек пайдалануға қашықтықтан оқыту сабақтарын құруға ең үздік
Оқытушыларды тартуға,үйренушілер аудиториясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Оқытудың басқа құралдарымен салыстырғанда дидактикалық артықшылықтары болып табылады:полифункционалдық,интерактивтілік, диалогтық өзара әрекеттестік,жұмыстың ұйымдастырушылық нысандарының мүмкін режимдерінің алуандығы.Компьютерлік лингводидактикада пайдаланудың келесі қағидалары релевантты болып табылады:
√ келісімділік
√ қажеттілік
√ ақпараттылық
√ сенімділік
Келісімділік қағидасы:
Оқыту мазмұнына,мақсаттары мен кезеңдеріне,пайдаланушылардың жастық ерекшкліктеріне,сондай-ақ қолданылатын оқыту әдістемесіне байланысты пайдалану жағдайларын нақты анықтауды ұйғарады.
Қажеттілік қағидасы:
Егер қандай да бір парметр бойынша оқу процесінің тиімділігін арттыруға,атап айтқанда,материалды меңгеру жылдамдығын жеделдетуге,сөйлеу қызметін белсендіруге,көбірек ұтымды тәсілмен оқу мақсатына жетуге,оқытушының немесе оқушының жұмысын жеңілдетуге,оқу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Ақпараттылық қағидасы:
ДК пайдаланушыға аса қысқа уақыт ішінде көп ақпарат алуға мүмкіндік беретіндіктен,оқу процесін анықтамалық -ақпараттық қамтамасыз ету құралы ретінде компьютердің артықшылықтарын ашады.
Сенімділік қағидасы:
Оқыту үшін әрбір компьютерлік бағдарламасын тәжірибелік тексеруді жүргізу қажеттілігіне,сондай-ақ дидактиканы қолданумен сабаққа ұйымдастырушылық дайындық кезеңінің барын көрсетеді.
Шет тілдерін үйрету процесінде компьютер бірнеше функцияларды орындай алады.
Тілдерді үйретуде компьютердің белгіленген функцияларын екі үлкен топқа біріктіруге болады.
√ іске асыру кезінде оқу процесінің қатысушыларының бір рөлін орындай алатын функциялар;
√ қызмет құралы ретінде ДК функциялары.
Компьютер шет тілдері оқытушыларына бірнеше көмек көрсете алады.
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Назарбаев сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырмаларды артып отыр.Еліміздің болашағы көркейіп,өркениетті елдер қатарына қосылуы,бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.Дүниежүзілік озық тәжірибеге сүйеніп жаңа типтік оқыту,яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту керек.Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып,жаңа көзқарас пайда болып,оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді.Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп қолданылуда.
В.Кларин технология сөзінен қандай да болсын бір істегі шеберлікті,оқыту үйретудегі амалдардың жиынтығы-деп,ал педагогикалық технология (тәрбие технологиясы,қарым-қатынас технологиясы,оқыту технологиясы) «педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығымен жұмыс істеудің реті»деп түсінік берді.
М.Горький «Мұғалім әрбір алғаш ашатын кілт»дегендей мұғалімнің білімдарлығы,саналылығы,абыройы беделі оқып отырған шәкіртінен көрінері сөзсіз.Біздің басты міндетіміз:Егеменді еліміздің жас ұрпағын ойлы да,іскер,жігерлі де батыл,білімді,интеллектуалдық деңгейі биік,жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |