Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы


Қонақ үйді басқарудың сызықтық-функционалды (штабтық) құрылымы



бет7/8
Дата18.06.2023
өлшемі147.82 Kb.
#475181
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Салтанат диплом дайын

Қонақ үйді басқарудың сызықтық-функционалды (штабтық) құрылымы.
Мұндай басқару құрылымында биліктің барлығын анықталған бір ұжымды басқаратын сызықтық жетекші жүргізеді. Шешімдерді, бағдарламаларды, жоспарларды дайындауда және нақты сұрақтарды өңдеуде оған функционалды бөлімшелерден (басқармалардан, бөлімдерден, бюро және т.б.) тұратын арнайы аппарат көмектеседі.
Бұл жағдайда бөлімшелердің функционалды құрылымдары бас сызықтық жетекшінің қол астында. Өз шешімдерін функционалды бөлімшелердің жетекшілері бас жетекші арқылы немесе тікелей атқарушы-қызметінің сәйкес жетекшілері арқылы жүзеге асырады.
Сонымен, сызықтық-функционалды құрылым өзіне сызықтық жетекшілері бар арнайы бөлімшелерді қосады.

Сызықтық-функционалды құрылымның
а р т ы қ ш ы л ы қ т а р ы:

Сызықтық-функционалды құрылымның
к е м ш і л і к т е р і:

1.жұмысшылардың мамандануымен байланысты шешімдер мен жоспарлардың жақсы дайындығы;

1.өндірістік бөлімдер арасында горизантальді деңгейдегі өзара байланыстың және өзара бірігіп жұмыс істеудің болмауы;

2.бас сызықтық менеджердің мәселелерді жете талдауынан босатылуы;

2.анық жауапкершіліктің болмауы, өйткені шешімді дайындаушы оның жүзеге асырылуына қатыспайды;

3.кеңесшілер мен эксперттерді тарту мүмкіндігі.

3.вертикаль бойынша шамадан тыс дамыған байланыстар жүйесі, яғни шамадан тыс орталықтандыруға деген тенденция.

Қаралған ұйымдастырушылық құрылымдар базалық болып табылады және нақты басқару обьектісіне сәйкес жетеленуі мүмкін.
Қонақ үй кәсіпорнының ұйымдастырушылық құрылымы оның тағайындалуымен, номерлік қорының болуымен, қонақтардың ерекшелігімен және басқа да факторлар ретімен анықталады.
Әрбір қонақүй кәсіпорны құрылымды өзінің мақсаттары мен талаптарына сай лайықтайды
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы оның квалификациясының және мүмкіндіктерінің өсуін есепке ала отырып персоналдың қызметтік міндеттемелерінің көлемінің өзгеруіне байланысты керек болған жағдайда қайта қаралып отыруы тиіс (жыл сайын немесе жиі). Тиімді ұйымдастырушылық құрылым нарықта кәсіпорынның көп жыл жұмыс істеу тәжірибесінің нәтижесінде құрылады және динамикалық стратегияның маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Қонақ үйдің барлық жетекшілері басқарушылық функцияны орындағанымен, біз олар еңбек қызметінің бір түрімен айналысады деп түсінбеуіміз керек. Жеке жетекшілер басқа жетекшілердің жұмысын координациялауға уақыт бөледі, ал олар болса, өз кезегінде, төмен деңгейдегі менеджерлердің жұмысын координациялайды, осылайша басқарушылық емес персоналды — өнімді өндіретін және қызмет көрсететін адамдарды координациялайтын жетекшіге дейін болады..
Қонақ үй кәсіпорнын басқарудың жоғарғы деңгей қонақүй қожасынан және бас директордан тұрады. Олар, өз кезегінде, стратегиялық сипаттағы жалпы шешімдерді қабылдайды. Мұнда қонақүй қожасы ретінде жеке тұлға немесе үлкен бір бірлестік болуы мүмкін.
Қонақ үй кәсіпорнының стратегиялық мақсатының мысалы ретінде оның қожасымен анықталатын нарықтың анықталған сегментіне көрсетілетін қызметке деген кәсіпорынның ориентациясы болуы мүмкін: топтық туристер немесе жеке туристер, мақсаты сауығу және демалу болып табылатын туристер, немесе конгресстердің және конференциялардың қатысушылары және т.б.
Стратегиялық мақсат ретінде қонақ үй қожасының қонақүй комплексінің құрамындағы мейрамхана тек өзінің ғана қонақтарына қызмет көрсетеді деп шешім қабылдағанын жатқызуымызға болады. Кәсіпорынның негізгі мақсатынан шығатын және бір мысал ретінде қонақүйге орналастыру бағаларының нақты деңгейінің орнатылуы болып табылады.
Мұндай шешімдер мен мақсаттар кәсіпорынның көлеміне және оның құрылысы үшін мекен-жайдың таңдалуына, сәулеті мен интерьерінің таңдалуына, жиһазының, құралдарының таңдалуына, персоналдың жиналуына өте зор әсер етеді.5
Ірі қонақ үй кәсіпорындарының басқарушылық құрылымы бас директорге бағынатын 5-6 бөлім директорларының қызметі болуы мүмкін (Қосымша Г). Бұл тамақтандыру жүйесінің директоры, орналастыру бойынша директор, қаржылық, техникалық, коммерциялық директорлар. Олар басқарудың орта деңгейі болып табылады және жоғарыдағы жетекшілікпен жасалған кәсіпорынның жұмыс істеу саясатының жүзеге асуын қамтамасыз етеді, бұрықтардың бөлімшелерге және бөлімдерге жеткізілуін және орындалуын қадағалайды. Бөлімдердің директорларының міндеттемелері көп және шешім қабылдау еркі бар. Олар сонымен бірге қонақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сұрақтарды шешеді.
Мысал ретінде, техникалық директор инженерлік-эксплуатациялық бөлімді басқарады. Түрлі кәсіпорындарда техникалық директордың қызметі әр түрлі болып аталады: бас инженер, эксплуатация бойынша директор, ғимараттың бас технигі. Оған ремонтты-эксплуатациялық қызметтің менеджері және инженерлік жүйелер және коммуникациялар қызметінің менеджері бағынады.
Барлық басқару деңгейлерінің жетекшілері, сонымен бірге, орындаушылық функциясын да атқарады. Атқарушылық функциялардың үлес салмағы басшылық деңгейінің жоғарылауымен төмендейді. Есептеулер мынаны көрсетіп отыр: жоғарғы деңгейде олардың үлесі 10% көлемінде, ал орта деңгейде — 50% және төменгі деңгейде — 70% жуық менеджерлердің уақытын алып отыр (Қосымша Л).
Жалпы уақыттың мұндай үлестірілуі үш деңгейдің де менеджерлері бойынша тапсырмалар және мамандығы бойынша тапсырмалар. Бұл кез келген басқару деңгейінің жетекшісі уақыттың анықталған бір пайызын басқарушылық шешімдерді қабылдауға және анықталған бір пайызын мамандығы бойынша шешімдерді қабылдауға кетіретінін көрсетеді. Басқару деңгейінің көтерілуімен мамандық бойынша тапсырмалардың үлес салмағы төмендейді, ал менеджмент бойынша өседі.
Ұйымның көлеміне және түріне байланысты, оның салалық және территориялық ерекшеліктеріне байланысты және де басқа да факторларға байланысты әр үш деңгейдегі менеджерлер функциясының құрамының сипаты өзгеріп отыруы мүмкін.6

2. Қонақ үй ғимаратының техникалық паспортталудан өткізу.
Туркомплекстарды туристік қонақ үйлерде, базарларда, приюттарда, кемпингтер мен мотельдердегі туристік және экскурциялық қызмет көрсетудың ұйымдастыру тиімділігі негізінен негізгі қордың, яғни ғимараттың, жабдықтардың, құрылғылармен автотранспорттық жабдықтарға тікелей қатысты. Негізгі қорлардың техникалық жағдайына қарап, оларды рационалды дұрыс пайданады ма, оларға арналған мерзімінен бұрын тозығы шығуы деңгейі мен авариялық жағдайы туралы ескертулер дұрыс жүргізіледі ма, соныбайқауға болады.
Негізгі қорладың техникалық жағдайын анықтау ашық күйде болатын себебі, туристік мекемелер тізіміне кәсіподақтар бұрынғы усадбаларда, имениялар, дачалар сызба ғимараттар негізінде салынған этажды жоспарлар, су құбырларының инженерлік жүйесі,канализация сызбанүсқа жерді пайдалану жөніндегі бас жоспары осының барлығы болмаған. Осы жағдайлар туристік мекеменің материалды-техникалық базасының дамуына, перспективалы, рационалды жоспарларды орындауға кедергі жасайтын. Сол сияқты пайдалануға көп жылдан бері берілген ғимараттарғада белгілі документтер қажет.
Туристік мекеменің негізгі қорына кіретін баланста туристік мекеменің әрбір обьектісіне 12 формадан тұратын паспорт болады. Паспорт неғұрлым толық және жақсы құралған болса соғұрлым туристік мекменің жұмысшыларына, оның болашақта перспективалы дамуына , негізгі қоры рационалды эксплутациялау оңайға соғады. Туристік мекеменің техникалық паспортталудан өткізу, күрделі жөндеуге арналған амортизациялық қор есебінен жүргізіледі.
Паспорттар негізінен мекеменің барлық қажетті құжатарымен бірге өрттимейтін шкафта сақталуы керек. Оны мекеме тереториясынан тыс жерлерге шығаруға болмайды, ал қатты қажет болып жатса, телбаста рұқсатын алып тез қайтарымды қолхат жазғызып,қысқа мерзімге беріледі.
Паспортты толтырған кезде,негізгі қор құрамында сол белгілерге сайла, жақта саны анықтап алу керек. Егер паспортқа ай болмай шықса, онда ол алда болатын ғимаратты пайдалануға берілу кезінде кері әсерін тигізуі мүмкін. Туристік мекемелердің басқарушылары мен инжинерлік-техникалық жұмысшылары туркомплекста бары қанша ғимарат болатын олардың әрқайсысының жарамдылық мерзімін тез тозбауы үшін уақытына реконструктивті жөндеу жүргізе керектігін білуі шарт. Бұл туристердің демалуына қолайлы жағдай жасау керек.
3. Ғимаратқа және құрал-жабдықтарға жөндеу жүргізудегі жоспарлы ескертулік жүйе.
Туристік мекеменің қазіргі кезде өзіне күрделі құрылгылармен жабдықталған комплекс ретінде байқалады. Олардың рационалды пайдалануға берілу үшін, уақыттылы жөндеу және жөнделмейтін проблемалардан арылу үшін ұйымдастырушылық-техниканың жоспарларды ұйымдастыру керек.
Туристік мекеменің негізгі қорын тиімді пайдалану, оған бар ынтамен қарау -бұл дегеніміз оның пайдалану мерзімін арттыру дегенді білдіреді. Яғни бұл үшін кейбір жағдайларда аяқталып қалған жұмыс көлемі құлы белгіленген сметтен ауытқып кетсе, тапсырыс беруші, подрядчик және жобалық ұйым арасында жасалған акттер негізінде, жөнделіп жатқан обьектінің сметті құ_ны қайта қарастырылады. Подрядты ұйым тапсырыс беруші обьектіні тапсырып бергенен кейін, қосымша жұмыс көлемін орындау туралы хабарлама негізінде, толық жөндеу обьектілерінің сметті құнын белгілеу рұқсат етілмейді. «жөндеудің сметті құнын жеке кезеңдер бойынша бөлу туралы» бекітілген формасы бойынша, құжатына(справкасына) тиісті өзгертулерді енгізу, обьектінің жөндеуінің жалпы сметті құнының шегіне сүйене отырып, жеке кезеңдердегі жұмыстардың сметтік құнын, сметті бекіткен ұйым ғана өзгерте алады. Бұндай құжат (справка) ¥лттық банк мекемесіне қаржыландыру кезінде үсынылады. Жөндеудің кезеңдерінің жалпы саны төрттен аспауы керек. Жеке кезеңдерде, обьектілердің сметті құнына тэуелсіз, негізгі обьектінің жөндеуімен бір уақытта орындала алмайтын, климат жағдайына немесе технологиялық тәртіп күш себебі бойынша, жұмыстарды бөліп көрсетеді және олардың орындалмауы обьектінің тұрақты пайдалануына кері әсерін тигізбейді. Бұндай жұмыстар қатарына жатады: аумақты көріктендіру, үшінші деңгейлі тұрғын емес бөлмелерді жөндеу, ғимараттың алдынғы бөлігін жөндеу.
Нақтыланған сметті, обьектіні тапсчыруға дейін, бекітілген тәртіп бойынша келесі берілген мерзім бойынша мақұлдайды.
Жөндеудің үзақтығы кезінде 3 айға дейін - 15 күнде
Сондай ақ 6 айға дейін - 30 күнде 6 айдан астам - 45 күнде
Егерде нақтыланған смет мақұлданбаса (утверждена), ал аяқталып қалған жұмыстардың құны акттар бойынша оларды қабылдау сметтен асса, орындалған жұмыстар үшін есепайырсу бастапқы сметтен қарастырылған құнмен жасалады. Келісім немесе берілген тапсырыстар негізінде подрядты тәсілмен орындалған машиналар, құрал - жабдықтар және автокөлік құралдарының толық жөндеуі үшін есеп айырсу, счеттар бойынша обьектінің жалпы немесе оның жеке бөлімдері бойынша жасалады, немесе басқа тәртіппен прейскурантта, сметада немесе калькуляцияда бекілтілген сутв Ұлттық шаруашылық жеке салаларын ол жөндеу құнымен сәйкес жоспарлы - ескертушілік жөндеу жағдайы қарастырылған. Счеттарға жатқызылады: актілер, смет, үақтысы көрсетілген калькуляция, келісім номері немесе белгіленген тапсырыстар.
Толық жөндеуінің құны 16 мың АҚШ долларына дейінгі, туристік мекеме обьектілерін, бағаланған жұмыс описьтерін бекітілген форма бойынша жасайды. Егерде жұмыс сызбаларын жасау қажет болса, онда сметті орындау керек жұмыстардың құнына тэуелсіз жасайды.
Машиналар, құрал - жабдықтар және транспорттық құралдардың толық жөндеуін шаруашылқ тәсілмен іске асырған жағдайда, прейскуранттық бағалар болмайды, оның құны жөндеу жұмыстарының көлеміне қарай анықтамаларды, ол материалдар құнына, еңбек ақы және бөлшектер, қолданбалы шығындары, көмекші өндіріс қызметіне кеткен шығындарды есепке алады. Орындалған жөндеу жұмыстарына соңғы есеп айырсу жөндеуден өткен обьектіні өткізу акты негізінде жасалады.
Туристік мекемелерді шаруашылық тәсілмен орындалған толық жөндеу бойынша есеп айырсу, жеке төлем элементтері бойынша жүргізеді. (материалдар мен басқада материалды құндылықтарды төлеу және т б шығындар) жеке счеттарымен бірге.
Туристік ұйымдар орындалған толық жөндеу жоспарлары үшін бекітілген формасы бойынша ай сайын және жылына есеп береді.
Қонақүй ғимараты көп функциональды етіп салынуы және күрделі техникалық құрал жабдықтары болуы керек.
Қонақүй ғимаратының құрылымы мен құрылысы ірі инвестицияны қажет етеді. Мысалы: (Шымкенттегі «Клара центр Сапар» қонақүйінің құрылымының құны 120-150 млн АҚШ долларын құрайды). Қонақүй инвестициясының айналым құрылымна кіретіндер: инвестициялық пакет дайындау, қонақүй құрылымына қажетті орнығуы, құрылыс жерінің инженерлік дайындығы, эксплуатациялық объектіні игеру, т.б. жатады.
Қонақүй өзінің архитектуралық шешімі бойынша әр түрлі болып бөлінеді: қонақүй ғимаратының бастапқы көрінісі.
Жоспарлы шешімді ұзақ іздеу: кеңістіктің композициялық құрылымына, іс-әрекет түріне арнайы берілген орындар, қонақүй орындау жұмыстары.
Турист қонатын жай орыннан ерекшеленеді, туристерге қызмет көрсетуіне байланысты. Орын әр түрлі функцияны (архитектуралық) сәйкес реттейді.
Қонақүй ғимаратының негізгі көзқарас белгілері мынадай:
1. Ғимарат немесе комплекс қоршаған ортаға сай орналасуы және қала, ауыл ландшафтына сай орналасуы тиіс.
2. Табиғат климаттарын, ауа температурасын, ауа дымқылдығын, жауын-шашын мөлшерін, жел бағытын т.б. ескерген жөн.
3. Ғимараттың архитектуралық, құрылымдық жоспарлы шешімі шектен тыс қымбат болмауы тиіс. Ғимарат жоспары эксплуатацияны үнемі пайдалануы тиіс.
4. Ғимаратты жобалау барысында белгілі рольді жарнама жинақтары атқарады: фасад безендіру, қонақүй беделін көтеретін, қонақүй ғимаратын биік құру, экзотикалық ғимарат ету т.б.
5. Ғимарат жоспары ұйымдастырылған рациональды қызмет көрсетуді, тұрушылардың ыңғайын, функциональды сұранысына жауап беру т.б. қамтамсыз ету.
6. Ғимарат экзотикалық, техникалық санитарлы-гигиеналық нормаға сай келуі тиіс.
7. Ғимарат құрылысының экономикалық процесс жағдайын қажетті түрде қадағалау.
Қонақүй жоспары құжат негізінде нормативті белгіленген сипатта іске асады. Қонақүй Жоспарына ғимарат көлемі, алаңы, құрылыс бағасы, жабдықтары, құрылымы, инженерлік құралдар, тамақтандыру кәсіпорны, қосымша қызмет көрсету, орны саны, номер саны, номерде әр түрлі бөлмеде орналасуы т.б. жарнамада көрсетілуі тиіс. Қонақүйдегі орынды пайдаланушы күрделі есепті мәселе болады. Мұндай мәселелерді шешу үшін осы шешімге байланысты әдістерді қарастыру, әр түрлі факторларды білу.
Қонақүй орнын пайдаланушыға, оның санын, өткізу қабілеттілігі келген қонақтардан тәуелді болады. Негізгі жобалау есебі қонақүйдің бір уақтылы орны, орналасу табысының динамикасы, аймақты іс-әрекеттің даму рекешелігі, демалыс-сауықтыру кешені, транспорт жүйесі.
Қонақүй ғимараты әр түрлі белгілермен ерекшеленеді: конструкция-құрылым жағынан, орналасуы, қабаты, эксплуатациялық режимі т.б. Басқада техникалық сұраныс жағдайы құрылыс шешімінде көп қолданады.
Құрылым түріне тәуелді мыналар: ғимарат материалы, және құрылыс материалдары т.б. Эксплуатацилық режим – қонақүйдің жылдық, көп жылдық, мезгілдік, т.б. классификацияны шешеді.
Қонақүйдің орналасу классификациясы: қала орталығында, қала сыртында, жол маңында, су үстінде т.б. сол сияқты қонақүйдің қабаттылығы, қонақүй қабаты көп болған сайын, соғұрлым эвакуациялық қиындықтар көп болады, және оның жоспарында құрал-жабдық орналасуында т.б.
Халықаралық практикада қонақүйдің ыңғайлы деңгейі 1 жұлдызды қонақүйден 5 жұлдызға дейін. Қонақүйдің ыңғайлы деңгей мінездемесі, материалды база құрылымы, қызмет көрсету персоналына т.б. жағдайларға байланысты болады.
Қонақүй интерерьері эстетикалық, көркемдік жағынан әсем, нақты орналасуы тиіс. Ең көп бөлінетін жиһаз жабдықтарының орналасу және төсек жабдықтарына, асхана заттарының, құрамдарының орналасу, кілем төсеніштерінің төселуіне т.б. заттарға келген қонақ көп көңіл бөледі. Ішкі орынның құрал-жабдықтарының түсі мен жарыққа байланысты орналасуы.
Қонақүй құрылысы кезінде кем дегенде 200-ге жуық материал түрін қолдануы тиіс. Қонақүй ғимаратының техникалық эксплуатация кезінде әрбір элементін (қабырға, шатыр, қойма, жерасты қоймаларын) тексеріп қарау тиіс.
Ғимарат мезгіл эксплутациясына қажетті түрде дайын болу керек және өз уақтысында жөндеу жұмыстарын, инженерлі құрал-жабдықтарын уақтылы жөндеуден өткізу керек. Шетел қонақүйлерінің типологиясы.
Қонақ үйлердің тұрмыстық және қызмет бөлімдері. Жақсы бағытта дамыған қонақүй ісінің, қызмет көрсету саласы, өз кезегінде қонақ үй ғимаратының оң бағытта өзгеруіне өз ықпалын тигізді. Жинақталған тәжірибенің негізінде қонақ үй ғимараты дұрыс қолданыла бастады. Егер бұрындары қонақ үй ғимараты 1-2 қабаттан құралып, сол бір ғимараттың ішінде тұрғын, қызмет көрсету, тазалау және басқа да бөлімдер орналасса, қазіргі қонақ үй ісінің басты жетістігі, ол – тұрмыстық бөлім мен қызмет бөлімінің айырылуы. Тұррмыстық бөлім көбіне жоғарғы қабаттарда орналасады. Ал бірінші және екінші қабаттарда, мейрамханалар , тазалық бөлімдері орналасады. Тұрмыстық бөлім мен қалған бөлімдер арасындағы байланыс вестибюль ( холл ) арқылы іске асады. Ал көп қабатты қонақ үйлерде лифт жүйесі арқылы іске асады. Лифт арқылы адамдар мен қатар қонақ үй шаруашылығына қажетті заттар да тасымалданады. Бірақ кейбір қонақ үйлерде қызметтік арнайы лифттер болады. Қажеттік лифтпен тек қонақ үй қызметкерлері, жұмыс барысында қолданады.
Қонақ үйдің тұрмыстық бөлімінің орналасуына қарай бірнеше түрлері бар:
Қапал тәрізді, жабық жүйе: ХIХ ғасырдың шағын қала құрылысына ұқсайды. Тиімді жердің бәрін құрылысқа пайдаланып, ғимараттардың ортасында шағын аула қалады. Мұндай ғимараттардың артықшылығы да, кемшілігі де бар. Жақсы жағын айтатын болсақ, тұрмыстық бөлімге, дөңгеленген коридор арқылы бір орталықтың оңай қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар мұндай шағын ғимараттар өте бекем, төзімді болады. Ауласы тар болғандықтан ғимарат ішінде «қысқы бақша, аквариум» сияқты керемет қондырғылар орнатылады. Мұндай қонақ үйлердің басты кемшілігі, аулаға терезесі қараған, номерлердің қараңғы болуы, яғни аулаға жарықтың аз түсуіне байланысты. Сонымен қатар сол номерлердегі вентиляция жүйесінің нашар жұмыс істеуі. Сондықтан бұл номерлердің бағасыда төмен болады.
Геометриялық жүйе – жабық жүйенің нашар жақтары, қонақ үй ғимаратының құрылысында жаңа шешім, жаңа жобалар іздеуге мәжбүрледі.Нәтижесінде әріптердің кейіпіндегі жаңа ғимараттар салына бастады. Оларда жабық алаңдар болмайды. Мысалы ғимараттар T, L, V, C, Y Сияқты әріптерге ұқсастырылды. Бірақ соның өзінде кейбір мәселер шешіле қоймайды. Мысалы «L» формасындағы ғимаратта. Ішкі бұрыштағы номерлердің жағдайы сыртқы бұрыштағы номердің жағдайымен салыстырғанда өте төмен болды. Себебі қонақ үй ғимаратындағы әртүрлі қондырғылардың қызметі барлық бөлмелерге, ғимарат бұрыштарына, қиылыстарына жете бермейтін.
Конструктивті модуль. Тұрмыстық бөлімді жобалағанда басты маңыздылық конструктивті тордың немесе конструктивті модульдің орнатылуына бөлінеді. Элементтердің вертикальді конструкцияда орналасуы, номер бөлмелерінің үлкендігін айқындайды. Сонымен қатар оның сыртқы және ішкі көрінісіде кескінделеді. Негізінен тұрмыстық бөлмелерді орналастырудың қалыптасқан басты 3 тәсілі бар:
1. Бір тұрмыстық номерге тең конструктивті схема. Мұндай құрылыста барлық номерлер бірдей болады. Коридордың бір бетінде үлкен, екі адамдық номерлер, ал екінші жағында кішірек 1 адамдық номерлер орналасады.
2. Екі номерге тең конструктивті схема. Мұндай құрылыста номерлердің бірнеше түрлері салынады. Бір адамдық, екі адамдық, біріне- бірі ұқсас екі номерлер немесе апартаменттер. Бұл жүйе тұрмыстық құрылыстың әртүрлілігіне және оны тыңдауға мүмкіндік береді.
3. Конструктивті схеманың бұл түрі, конструкция құрылысына қарамастан, номерлердің әртүрлі болуымен ерекшеленеді.
Тұрғын номерлердің құрылыстық құрамы.
Номерлердің құрамы қонақ үйдің түріне байланысты болады. Мысалы үшін, демалушыларды қабылдайтын қонақ үйлерде екі адамдық номерлер көп болғаны дұрыс. Ал қалалық қонақ үйлерде бір адамдық номерлердің көп болғаны дұрыс. Туристік қонақ үй номерлері нақты белгіленген құрамнан тұрмайды, себебі экскурссия құрамы айқындалмаған.
Қонақ үйдің барлық түрінде номерлердің әртүрлері болуы керек. Бұл ұстаным дұрыс болғанымен, жобалауда қиындықтар туғызады. Сондықтан ең тиімді конструктивті модуль – екі номерге тең конструктивті схема. Қазіргі қонақ үйлердің тұрмыстық номерлер клиенттің барлық қажеттіліктерін қамтамасыз нтуі керек. Номерден тыс жерде көрсетілетін қызметті, қонақ үй қызметкерлері көрсетуі керек. Клиент номерлерде күні – түні демалып, жұмыс істеуге, қаламен байланысуға, қонақ үй қызметімен байланыста болуға, санитарлық гигиена және жекелеген заттарды қолдануда барлық мүмкіндіктерге ие болуы керек. Сондықтан тұрмыстық бөлімнің басты элементі – номер.
Номердің саласы, оның сәулеттік – жобалауына, алаңына, санитарлы – техникалық жабдықталуына, қондырғылар мен жиhаздарына байланысты анықталады. Номерлердің әр түрлілігі, қонақ үй құрылысының құнына да әсер етеді.
Қазіргі таңда номерлердің алаңы төмендегідей бөлінеді, - бір бөлмелі, бір орындық номерлер:
- 8м2 – 1 немесе 2 жұлдызды қонақ үйлер үшін.
- 10м2 – 3 жұлдызды қонақ үй үшін.
- 12(16) м2 - 4 жұлдызды қонақ үй үшін.
- 14(18)м2 - 5 жұлдызды қонақ үй үшін.
- 16(25)м2 - 5 жұлдызды қонақ үй үшін.
-Бір бөлмелі екі орындық номерлер
- 12м2 - 2 жұлдызды қонақ үй үшін.
- 14м2 - 3 жұлдызды қонақ үй үшін.
- 14(20)м2 - 4 жұлдызды қонақ үй үшін.
Көп қонақ қабылдайтын номерлерде есептелген алаңнан бөлек, әр орынға 6м2 қосымша қосыла береді. Қонақ үй құрылысымен жобалауды талдай келе, номерлердің енгізгі түрлерін айқындауға болады. Бір бөлмелі, бір адамға арналған номерлер; бір бөлмелі екі адамға арналған номерлер. Бір бөлмелі «дубль» типті номерлер, яғни сұранысқа қарай номерлердің сыйымтылығы оңай өзгертіледі; бір- екі бөлмелі 3-4 адамға арналған номерлер; бір – екі бөлмелі 5 және оданда көп адамдарға арналған номерлер (жатақхана - номерлер); комфорт деңгейдегі 2-3 бөлмеден тұратын номерлер. Әлемдік тәжірибеде бір бөлмелі 1-2 адамдық номерлер кең тараған. Қонақ үй құрылысын жобалауда, бір бөлмелік, бір адамдық номерлер ғимараттың енсіздігіне қарай, немесе екі орындық номермен салыстырғанда аз алаң алуына байланысты салынады. Бір, екі адамдық номерлердің пайыздық қатынасы қонақ үйдің мақсатына, оның ыңғайлылығына, және басқада факторларға байланысты. Отандық қонақ үйлерде бір орындық номерлер жалпы номерлік қордың 30-50% құрайды. Ал шетелдік іскерлік қонақ үйлерде бір адамдық номерлердің пайызы 60-80% жетеді.
Туристік және курорттық қонақ үйлерде жанұясымен саяхаттайтындардың көп болуына байланысты, екі адамдық орындар өте көп болады. Олардың жалпы үлесі 75-100% құрайды
Тұрғын бөлме-бір бөлмелік номердің тұрмыстық бөлмесі көп түрлі қызмет атқарады. Ол бөлмеде ұйықтап, демалады, жұмыс істейді, күндіз отырып демалады, заттарды сақтайды, тамақтанады, қонақтарды күтеді. Сондықтан бөлмеде осыған қажетті барлық қондырғылармен жиһаздар орналастырылып, сыйып тұруы керек. Ол үшін сәулеттік – ғимараттық құрылысы дұрыс жобалануы керек. Бөлмені жиһаз, қондырғылармен жабдықтау үшін арнайы, қонақ үйге арналған жиһаздарды қолданады. Олар өте шағын, әрі төзімді, мықты болуы керек. Бөлмеде жиһаздар құрамы: ұйқы жиһазы, жұмыс істеу үшін арнайы жиһаз, және жеке заттарды қоятын жиһаз. Бөлмеде жиһаздарды орнату тәсілі бар. Негізінен жиһаздарды орнатқанда негізгі 3- зонаны бөліп қояды. Олар ұйқы зонасы және күндізгі демалыс зонасы. Қонақ үйдің мақсатына қарай осы зоналардың біреуіне ерекше маңыз беріледі. Мысалы іскер адамдарға арналған бөлмелерде жұмыс зонасына ерекше маңыз беріледі. Ал, курорттық қонақ үйлерде күндізгі демалыс зонасына маңыз бөлінеді.
Номердің кіре беріс жері негізінен шағын болады, бірақ сол жердің өзінде бір шкаф еркін сиятын болуы керек. Екі және оданда көп бөлмелі номерлерде кіре беріс жерді бөлмелерден есік арқылы бөліп қояды. Ал бір бөлмелі номерде кіре беріс жер бөлмеден тек алаң арқылы бөлінеді. Шетелдік қонақ үйлердің номерлерінде кіре беріс жерде асханалық – шкафта орналасады. Егер қонақ немесе тұрғын қонақ үй асханасы әзірленген тағамды жегісі келмесе, өзі сол жерде ас мәзірлей алады. Асханалық – шкафта негізінен ұзақ мерзімге берілетін номерлерде, апарт – отелдерде, отбасылық қонақ үйлерде, мотелдерде, курорттық қонақ үйлерде қойылады.
Санузел. Жуынатын, тазалық орны және әжетхана.
Тазалық орны жобалау тәсіліне қарай әр қилы болып келеді. Көбіне біріккен тазалық орындарын істейді. Яғни ваннна немесе душ, қол жуатын жер, унитаз және сүлгі кептіргіш, қол жуатынның қасында міндетті түрде айна, әжетханаға қажетті заттарға арналған таяқшалар, сүлгі ілгіш, электрлі қырынғышты қосатын штепельді розетка( тоқ көзі). Ваннасы бар номерлер душы бар номерлерге қарағанда ыңғайлырақ және қымбат болады. Екі және оданда көп бөлмелі номерлерде, бір орындық және екі орындық бір бөлмелі номерлерде тазалық орнының ішінде биде де орналасады. Тазалық орнына кіретін есік көбіне кіре беріс жерде болады. Ал қымбат, жоғары деңгейлі номерлерде тазалық орнына.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет