Түрлі топырақ – климат жағдайында комплексті тыңайтқыштарды қолдану және тиімділігі



бет7/9
Дата08.12.2022
өлшемі0.96 Mb.
#466903
1   2   3   4   5   6   7   8   9
агрохим

Нитрофос табиғи фосфатты азот қышқылымен немесе азот, фосфор қышқылдарының қоспасымен ыдырату арқылы өңдіреді. Құрамында 20% азот және 20% фосфор болатын, түйіршікті тыңайтқыш. Күзде, тұқыммен бірге және үстеп қоректендіру үшін қолданады.

  • Нитрофос табиғи фосфатты азот қышқылымен немесе азот, фосфор қышқылдарының қоспасымен ыдырату арқылы өңдіреді. Құрамында 20% азот және 20% фосфор болатын, түйіршікті тыңайтқыш. Күзде, тұқыммен бірге және үстеп қоректендіру үшін қолданады.
  • Нитроаммофос азот және фосфор қышқылдарының қоспасын аммиакпен бейтараптау арқылы өндіреді. Құрамында 24% азот, 24% суда еритін фосфор бар, ақшыл-сұр түсті, түйіршік күйінде шығарлады.
  • Нитроаммофоска нитроаммофос тыңайтқышына калий хло-ридін қосып алады. Құрамында 47-52% қоректік заттар болады, түйіршікті, қызғылт түсті, суда жақсы еритін тыңайтқыш.
  • Диаммонийфосфат негізінде алынатын тыңайтқыштарды диа-монийнитрофос және диаммонийнитрафоска деп атайды.

Карбоаммофоска тыңайтқышын мочевина , фосфор қышқылы, аммиак және калий тұздарын әрекеттестіру арқылы алады. Оның құрамында 60% қоректік заттар ( 20% азот,20% фосфор,20 % ка­лий) бар, түйіршікті тыңайтқыш.

  • Карбоаммофоска тыңайтқышын мочевина , фосфор қышқылы, аммиак және калий тұздарын әрекеттестіру арқылы алады. Оның құрамында 60% қоректік заттар ( 20% азот,20% фосфор,20 % ка­лий) бар, түйіршікті тыңайтқыш.
  • Мочевина фосфаты тыңайтқыштын фосфор қышқылын мочевинамен әрекеттестіру арқылы өндіреді. Құрамында 27% азот және 27% фосфор бар. Суда жақсы ериді.
  •  

СҰЙЫҚ КОМПЛЕКСТІ ТЫҢАЙТҚЫШТАР

  • Құрамында екі немесе көп негізгі қоректік элементтері бар тұздардың судағы ерітіндісін сүйық комплексті тыңайтқыш дейді. Сұйық комплексті тыңайтқышты бастапқы компоненттерді ыстық және суық күйінде өзара араластыру арқылы алады.
  • Ыстық күйінде дайындау үшін ортофосфор және полифосфор қышқылдарын аммиак газы мен аммиактың судағы ерітіндісін бейтараптайды. Осылай дайындалған қоспада баска компонен-терді ерітеді. Азоттың көзі ретінде аммоний нитратын, мочеви-наны немесе олардың қосындысын, ал калий ушін калий хло­ридін пайдаланады.
  • Сұйық комплексті тыңайтқыш алу үшін көбінесе полифосфор қышқылын қолданады. Өйткені полифосфор қышқылының негізінде алынған сүйық комплексті тыңайтқыш құрамында қоректік заттардың мөлшері 40 проценттен жоғары болады. Ал ортофосфор қышқылының катысында алынатын тыңайтқышта не бәрі 20-30% қоректік зат болады. Сұйық комплексті тыңайтқыштар құрамында аммиак бос куйіңде болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет