Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»



бет52/61
Дата13.07.2016
өлшемі3.54 Mb.
#196689
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   61

«Бұл кітапта да автордың сызып тастауына тиісті кемшіліктер, тіпті, қателіктер бар. Феодалдық тұрмысты суреттейтін тұстарда оны әсірелей әспеттеуден екінші кітап та құр алақан емес. Бірінші тараудағы Құнанбайдың Мекеге аттануы баяндалатын тұс жалпыға ортақ салтанатқа айналып кеткен. Құнанбайды қоршаған адамдар, соның ішінде Абай да бер, тіпті автордың өзі де оған сүйсіне қарайды. Тінібайдың қонақ үйінен аттанып бара жатқан Құнанбай өзінің айналасына өсиет еткен дана сөздер айтады. Соның ішінде: «Үй серігім ғана емес, өмір серігім едің», – деген де сөз бар (Бұл бәйбішесі Ұлжанға қаратылған сөз – Т.Ж.). Құнанбай шығарып салушыларды қалдырып бара жатып: «Ел мен жерге сәлем айтыңдар» – дегенді мүлдем қысқарту қажет (шындығында да бұл сөздер кейін өңделді – Т.Ж.). Әсіресе, Ырғызбайдың байлығы серекше сүйінішпен баяндалады. Құнанбайды бүкіл қала жұртшылығы салтанатпен, сәнмен, жарқын жүзбен шығарып салады. «Үш жирен атты сәнді күйме бай үйдің кең қақпасынан дүрілдей шылдырап, ағындап шыққанда, арба мен салт атқа мініп, шығарып салуға ілескен жұрт саны қалың еді. Құнанбай күймесінің артынан тағы екі күйме шықты. Оныңішінде Мәкіш пен Абай мінген. Екіншіде – Тінібек пен бәйбішесі. Оындай мол жүргінші бір көшені өздері алып, даурыға сөйлеп, шаңдата тартып бара жатқанда, кішкене қаланың еркек-әйелі, бала-шағасы түгелімен қақпа алдына, терезе түбіне жүгіре анталап, қадала қарап көпке шейін тарамастан шығарып салысқан» (403-бет).

Жазушының дәл осылай баяндауы бізге де қызықты көрінді. Бұл оқырмандарды байлардың керексіз салтанатынан жеріндірмейді, қайта өзіне тартады. Біздің ойымызша бұл көріністе: Құнанбайдың байлығы мен қуанышы – кедейлердің мұхтаждығы мен көз жасы екенін оқырман қауымды сезіндіре жазғаны дұрыс еді және солай жазылуы да керек».

Міне, Құнанбайдың күймесінің алдын ораған «сақалына буырыл кірген Дәркембайға: «Қарызым кетті мойныңда... Қарызым!», – дегізген, ал Құнанбайға: (Онда атпасаң бүгін аттың ғой. Мынау менің көріме атып отырған оғың ғой. Алды ғой мынау жағамнан!», – деп жауап қайыртқан «көзжасының құны» осы сыннан кейін қосылған болып шықты. Шығарма ұтып, шындық ұтылды ма? Ол арасын әркімнің патша көңіліне тапсырдық. Ал жанына жақын тартып жүрген Ы.Дүйсенбаев та:



«Менің ойымша қазақ әдебиетінң білгірі М.Әуезов кеңес жазушысының міндетін естен шығарып, халықтық сыптақа не жататынын, феодалдық сыпатқа не жатататынын ажыратып көрсетпейді. Тағы бір ескерту: Абайдың пантүркистермен, ұлтшылдармен күресін көрсетудің қажеттігі туралы айтқан жолдастардың пікірлері де дұрыс. Өйткені, Абайдың және өзге де озық ойлы адамдардың қатысуымен өткен өркениетті болашақ үшін күрестегі идеялық қақтығыстар көрсетілуі тиіс. Олар халықты өркениетті идея үшін күресуге, қазақ халқы даму жолына, бақытты болашаққа орыс халқының көмегінсіз жете алмайтынына үндеді. Бұл орынды өркениетті ой»,– деген екі ескерту жасады.

Мұхтар Әуезов өзінің әрі шәкірт, әрі ақылман досының бұл талабын «Абай жолы» романының төртінші кітабында қанағаттандырып, панисламист, пантүркист, ұлтшыл Әзімханды (прототипі – Әлихан Бөкейханов) жағысмыз кейіпкер ретінде кейіптеді. Сөйтіп, өзінің «Алашорда» туралы жазбақ ниетігде жүрген шығармашылық ынсанын Абайға әкеп жанықтырды. Бұл да «өркениетті ойшылдың» өз еркінен туаған шығармашылық инсан ба, жоқ па, және келер күндердің тарихи шындық туралы көзқарасына үйлсе ме, жоқ па, оған да тоқатылып жатпаймыз.Осыдан кейін Филатов жолдас қысқа сөйлепті, ол:



«Мен Әуезовтің «Абай» романындағы феодалдық шындықты суреттеген тұстарындағы авторлық шабытпен суреттелген тұстарымен келіспеймін. Егерде бірінші, екінші кітапты оқи отырып, Абайдың өмірі мен оны қоршаған адамдарға қатысты көріністерге назар салсақ, онда ерекше көркемдік құралдарды, жарқын штрихтарды, мағыналы мәнерді Әуезовтің неге іріктей таңдап алғанын түсінеміз. Егерде Абай мен оған жақын адамдардың өмірі мен қоршаған ортасына қарайтын болсақ, онда жазушы қазақ ақсүйектерінің тұрмысын, дәстүрін, революцияға дейінгі патриархалдық ауылдың салтын тамсана отырып суреттеген екен деген әсерде қаласың, мұнда олардың құштарлығы емес, автордыңсоларға құштарлығы анық байқалады. Абай бейнесі өте талантты және қуатты сомдалғандықтан да, бұл қателікктердің бәрін көмескілендіріп жібереді, бірақ жойып жібере алмайды. Әуезов жолдас өзінің осы ұстанымын қайта қарап, революцияға дейінгі ауылды шындыққа жақын етіп суреттеуін қалар едім. Міне, менің айтқым келгені осы еді. Ал мұқым шығармаға қаратылған баспасөз бетіндегі сынға келетін болсақ, ал мұқым шығарма туралы бұл арада айтылған әдеби сынды естігемін жоқ, оондай сынға Маяковскийдің: «Оқырман мен жазушының арасында делдалдар тұрады, ал делдалдардың пікірі қашанда делдал, сұрқайы келеді»,– деген сөзіімен жауап бергім келеді».

Ал ол тұста, шынымен де, ет пен терінің арасындағы без сияқты, әдебиет пен саясаттың арасында делдал боп жүрген делдал сыншылар көп еді. Бұдан басқа осыған дейін, осыдан кейін сөйлегендердің ішінде Мұхтар Жанғалиннің пікірі ерекше пайымды, байсалды шықты. Ал М.Әуезовтің өзі М.Ақынжановтың, Ғ.Әбетовтің, Ә.Әбішевтің, С.Бегалиннің, М.Тиесовтің пікірлерін жақсы қабылдады. Кейіннен М.Сильченконың: Әбіш Ресейдегі революциялық қозғалысты білген болуы керек. Автор Михаиловты зорлап сөйлетеді, Абайдың ақындық мектебінің өкілдеріне берілген бағаны қайта қарауы тиіс – деген пікірі үшінші-төртінші кітапты қайта өңдеп жазу барысында еске алынып, өзгерістер жасалды.

Яғни, жазушы «Абай жолы» деп «Абай» романынан бөлек бағалайтын үшінші-төртінші кітап, осы талқылауда айтылған «сыни нұсқаулардың» незінде саясаттанып жазылғанын байқауға болады. Бұл Н.Жанділдин айтқандай «авторға көмек пе», әлде, көлденеңдеп килігу ме? Біз ше, Абайға да, авторға да, көркем ойға да қиянат. Оның бұл жанталасы осы талқылауда сөйлеген қорытынды сөзінің сарынынан анық аңғарылады. Бұл оның осы үш жыл ішіндегі өзін-өзі қорғаған соңғы және ең жауапты сөзі болғандықтан да және мұнда осы үш жылғы сұрқылтайдың тотты табы анық байқалатындықтан да, сондай-ақ «Абай» сияқты «қазақ өмірінің энциклопедиясы» атанған қуатты көркем ойлы туындының «Абай жолы» атты таптық, төңкерістік, өркениетшіл-орысшыл «социалистік реализмның үлгісі» саналған роман-эпопеяға қалай және не себептен ұласқандығын көрсететіндіктен де, еш қысқартусыз толық келтіреміз. Күрделі ойлау жүйесінің иесі, ауызекі сөздің шешені, ішкі толқыны аударылып-төңкерілір отыратын Әуезовтің осындай ағынан ақтарылған тұсындағы сөзінің ішкі иірімдері өте лықсымалы болғандықтан да аударма мәтіннің де «лықсымалы» болғанын ескерте кетеміз.

М.Әуезов: «Жолдастар, мен өз сөзімді, уақыттың шектеулі болғанына қарамастан, біздің жазушылар ұйымына, біздің жұртшылығымызға, біздің қазақ кеңес әдебиетіне, біздің социалистік мәдениетімізге дос көңілмен қарайтын қауымға, менің шығармашылығыма зерелі көңіл бөлген және менің басымнан өткен ең қиын да маңызды кезеңде мені демеген, менің ойымша, қазір де демеп отырған осы жұртшылыққа тереңнен шынайы буырқанып шыққан алғысымды білдіруден бастағым келеді.



Ең алдымен, дәл солай болуы тиіс, мен өзімнің назарымда баяндамаға аудармақпын, осындай шығармалар жөнінде жасалған баяндамадан біздің әр қайсымыздың ұстанымымыздың деңгейін анықтайды, біздің республикамыздың жазушыларының белгілі дәрежедегі сыни ойлау деңгейін анықтайды.

Жолдас Ахтановтың баяндамасы: жас толқынның арасынан қуатты күштің, жақсы, алдыңғы қатарлы обьективті сыни ойдың өкілдерінің, әдебиетке жаны ауыратын, көркем әдебиеттің ерекшелігіне, шығарманың асыл өзегіне бойлай білетін және автормен бірге жақсылығын қуана отырып көрсететін, кемшілігі үшін бірге қабырғасы қайысатын, сол қателерді түзетуге көмек көңілін ұсынатын өте қабілетті жастардың өсіп келе жатқанын танытты.

Дәл осы талқылауда жасалған жолдас Ахтановтың баяндамасындағы романның жақсы жақтары мен кемшіліктеріне тоқтала отырып айтқан пікірлері біздің жазушылар ортасындағы сыни ойдың деңгейінің өрелі деңгейін көрсетті. Өзге де жолдастардың сөзінен де бұл анық байқалды.

Мен осы арада өзімнің әріптестерімнің – жазушылар мен прозаиктердің өте жауапты асыл ойларын тыңдадым. Иә, кеше де, бүгін де роман туралы С.Мұқанов пен кеше төралқа мәжілісінде пікір білдірген Ғ.Мүсірепов жолдастар сөйлеген жоқ.

Романның жарыққа шыққан алғашқы күнінен, 1941 жылғы басылымынан (бастап айтылған пікірлердің ішінен) «Абай» романы жөніндегі Ғ.Мүсіреповтің көлемді пікірі менде сақтаулы. Бұл – терең ойластырылған, өте талантты, аса маңызды пікірдің бірі болды. Әрине, онда да ағаттықтар жоқ емес, сыншылар ғана шығарманы сынап қоймайды, шығарма да сыншының кемістігін сынайды емес пе. Соған қарамастан, осында айтылған кейбір жағымды бағалар мен кемшілікті көрсеткен сыни пікірлер менің екінші кітапты, тіпті үшінші кітапты жазуым кезінде көмек қолын ұсынды. Жазушылардың, сыншылардың көптеген ескертпелері маған «Абай», «Абай жолы» кітаптарының қайта басылымында, әсесе, осы төрттағанның соңғы қорытынды кітабін жазу барысында көп септігін тигізді, әлі де септігін тигізетін болады.

Осы арада жазушылар айтқан пірлерлермен, мен үшін аса қымбат пікірлермен менің міндетті түрде санасуым керек. Мен, көркем проза саласында өзіммен бірге шығармашылықпен айналысып жүрген жауапты ой иелерінің, Мұстафин, Әбішев, Бегалин, Тиесов сияқты прозаиктердің, драматургтердің пікірлерін тыңдадым, мен біздің кейбір сыншылардың пікірлерін де тыңдадым. Олардың бәрі де бір тілекке қосылды, олардың пікірлерінің барлығы да Әуезовтің «Абай» романы – қазақтың ұлы ақынының, ағартушысының асыл бейнесі Абайдың атына сай болуды қалаған адал да қатал талаптан туындады. Бұл біріміздің де ортақ мақсатымыз.

Сіздердің романның беделін көтергендеріңіз – қазақ әдебиетінің беделін көтергендеріңіз болып табылады, сіздер шығарманың кемшіліктерін көрсету арқылы оны да биік сатыға көтересіздер, оны бұрынғыдан да кемелдендіріп, толыққанды туынды етесіздер.

Оқырмандардың алаңы мен жазушының ойы тоғысқан тұста айтылған мұндай әділ пікірлер, біздің жүздесулеріміздің ең бақытты сәттері болып табылады, осы орайдан алғанда біздің бірлестігіміз – біздің кеңестік жазушылар одағы осы ынтымақтың ұйытқысына айналып отыр. Мен өзім бұдан ешқандай жан ауыртатын жағдайды көріп тұрғамын жоқ, көреім де келмейді.

Маған қарата айтылған пайдалы сынды бар ынтаммен, бар қуатыммен, шама-шарқым жеткенше (оның деңгейін сіздер бағалайсыздар) тыңдауға тырысып келе жатқанымды ашық айтуым керек. Менің осы айтқандарымды дәлелелдейтін көптеген мысалдар мен дәйектерді келтіруге болады. Мен өзіме пайдасы тиетін кеңестерге мұқият көңіл бөлемін, өйткені бәріміздің де талпынысымыз бір мақсатқа бағытталған.

Роман тек қана орыс тілінің өзінде 4 рет көп данамен басылып шықты, тек қана Свердловсінің баспасының өзінен 75 мың данамен таралды. Тек орыс тіліндегі басылымының өзі жарты миллион данадан асты. Орыс оқырмандарынан күн сайын көптеген хаттар аламын, солардың бірде біреуі романды панисламистік, буржуазиялық идеологиядағы шығарма деп бағаламайды, қалай айтсақ та, зерделі оқырмандар «Абай» романының мақсаты қазақ халқының өмірін бейнелеу деп түсінеді. Сонымен қатар, шетелдік демократиялық республикалардың, соның ішінде польшаның, чехославактардың және тағы да басқа елдердің баспасөзінде оң баға берілген жекелеген пікірлердің мазмұнын да маған баяндап берді.

Егерде мен романға Сталиндік сыйлықтың берілгеніне, «Абай» романы жөнінде жақсы пікірлердің айтылғанына сүйене отырып, менің шығармам қол жетпейтін биікке көтерілді, ол еш қандай сынауға жатпайды десем, оным көрсоқырлық болар еді. Ондай мінез ешқашанда көрсетілмек те емес. Әділ сынға жан пида деп қараймын. Сондықтан да Сильченконың: роман осы уақытқа дейін жаппай мақталып келді, осы мақтау белгілі бір дәрежеде авторға бөгет жасады, – деген пікіріне қосыламын. Мүмкін солай да шығар.

Қазақ тілінде «Абай» тек үшінші рет басылып отыр. Ол бірінші рет 1942 жылы басылып шықты. 1949 жылы оған Сталиндік сыйлық берілді, бұл жылдары бііздің жұртшылығымыз қуаныштан жарыла жаздады, романның тек қана жақсы жақтарын ғана ауызға алды. Жұртшылықтың, соларға тікелей арналып жазылған жұртшылықтың өзі романның алғашқы кітаптарын бастапқыда жақсы қабылдаған пікірлері мен үшін өте құнды және маған өте пайдалы әсер етті. Партиямыздың өзі, мұқым кеңес халқы бұл шығарманы құртып жіберуді көздеген жоқ, керісінше: жақсы дүние – жарқырай түссін, ал озық туынды – асқақтай түссін, – деген ниетпен қарады. Мұндай шынайы тілекке қандай автор құшағын ашпайды.

Бұл тұрғыдан алғанда, достық пейілмен, адал көзқараспен ұсынылған көмек қолына мен де қолымды созамын. Мен өзімнің романыма, оның бірінші кітабына, араға 11 жыл салып барып алыстан көз саламын. Бірінші кітап 1942 жылы шықты, бірінші том шыққаннан бергі арадағы уақыта айтылған сіздердің ойларыңызды, пікірлеріңізді, сындарыңызды, тіпті әлі де айтылмай қалған тілектеріңізді түйсікпен сезіне отырып, шығарманы қайтадан өңдейтін боламын. Әдебиетке жаны ашитын шығармашылық сана иелерінің басқаша ойлауы мүмкін емес.

Бұл тұрғыдан алғанда өзінің шығармаларын оншақты рет қайта жазған ұлы орыс классиктерінің ұлы дәстүрін қабыл аламыз және үйренеміз. «Фаустың» авторы Гете өзі өлгенше бұл шығарманы 40 рет өңдеген. Ал мен өзімнің романымды осыдан 10 жыл бұрын жазылған қалпында қалай қалдыра аламын. Мен сол қалпымда емеспін, тарих та сол кезедегідей емес, көп нәрсе қайта қаралды. Өткенді бағалауда Әуезов те қателесті, қоғам да қателесті, сол қоғаммен бірге мен де қателестім, аға ұрпақтың өкілі ретінде кей кезде қате ойларымды ұсындым, сондықтан да мен өз шығармаларымды жетілдіре түсу үшін қайтадан қарауға тиіспін, өйткені 10 жыл өткеннен кейінгі қазіргі кезеңде көп түсініктер өзгерді, егерде 10 жыл өткен соң қоғам мен жұртшылық осындай назар аударып, романды өңдеуді талар етсе, әрине, қайтадан қараймын. Мүмкін, біздің көзіміз тірі кезімізде жұртшылық романға жаңа көзқарас білдіріп, жаңа толықтырулар енгізуді ұсынар, Әуезовтің тірі кезінде – оның кітаптары да өлмейді, ол қоғамның барлық ескертпелерін ескере отырып, әлем классиктерінің, соның ішінде өзіміздің кеңестік жазушылардың тәжірибесіне сүйене отырып жетілдіре беретін болады.Осы орайда бізге Александр Александрович Фадеев жақсы үлгі көрсетір отыр.

Осы пікірге қосымша тағы да бір ой айта кеткім келеді: жазушы өмірді теңшей көрсетуі тиіс және оның туындысы оған қол үшін берген барша жолдастарға, әр бір оқырманға түсінікті болуы шарт. Авторға көмектесе отырып белгілі дәуірдегі әдеби қозғалыстың кемшілігін аша отырып, сонымен қатар автордың терең де жарқын мақсатты жетістігін де ашық көрсетуі тиіс.

Пушкиннің, Лермонтовтың, Белинскийдің тарихи қайраткерлігі неге әкеліп тірейді, тек олардың қателіктерін көрсету үшін ғана ма? Жоқ. ол – қойылған мәселелерді шебер аша біліп, оны бүгінгі күнге сай көрсете білуге әкеп саяды. Пушкиннің «Евгений Онегині» несіімен құнды, Гогольдің натуральдық мектебінің құндылығы неде, Лермонтовтың аса көркем де тебіреністі поэзиясының құндылығы неде? Шығарманың жақсылыған айту да көмектеседі, кемшілікті көрсете келіп, қалай жазу керектігін дос ниетпен білдіру де ынталандырады. Бұл біздің кеңестік әдебиет пен кеңес жұртшылығының дәстүрі. Сіздер, кеңес жазушыларының шығармаларының жетістіктерін талдаған сыншылардың,, мысалы, Фединнің романдарының жетістіктерін ашып көрсеткені үшін , сондай-ақ Якуб Коластың шығармаларының жетістіктерін ашып көрстекені үшін Евгений Мазунковтың Сталиндік сыйлық алғанын жақсы білесіздер. Ендеше шығарманың көркемдік сапасы мен жетістіктерін ашып көрсеткеннің бәрі де жағымпаз деп аталады деп түсінген адамдар қателеседі.

Біздің бұл мәжіліс іміз баяндамадан бастап содан кейін сөйлегендердің сөзі де өте мағыналы болды. Соңғы екі мәжіліс сыни ой мен сын мәдениетінің соншама өскендігін дәлелдейді. Кейбір жолдастардың сөзін алғыспен еске аламын. Бұл адамдардың біразы, мысалы, Мұстафин, Әбішев, Мүсірепов жолдастар шығарма басылмай тұрған кезде болашақ «Абай» романының бірінші және екінші кітаптаптырынң сыншылары мен пікір білдірушілері болып, өздерінң пікірлері арқылы демеу көрсетті. Жап-жас зерттеушілер, мысалы Лизунова, көптеген тың да пайымды пікірлерді жиақтай жеткізді. Ол өзінің тұжырымдары мен қорытындыларын өте жоғары деңгейде мәдени түрде жеткізе білді. Әлімқұлов та шығарманың жетістіктері мен кемшіліктеріне байланысты байсалды тұжырымдар мен қорытындылар жасады. Ақынжановтың тарихшы ретіндегі ғылыми пайымдаулары да өте назар аударарлықтай болды. Әрине, барлық жолдастардың атын атап шығуға мүмкіндік жоқ, оны қажет деп те санамаймын, бірақ өткендегі қазақ тұрмысының білгірі Бегалиннің пікірлері өте құнды болды.

Мұның барлығы, романды зерделеу мен талқылау жұмысы өзінің мақсатына жеткендігін, көп нәрселердің ойластырылғанын байқатады. Алайда мұның барлығы осында айтылған пікірлердің не ана кітаптың, не мына кітаптың өңделуіне әсерін тигізеді деген ой тумаса керек. Маған көмектесуге ұмтылған достық тілекті жалпылай алғанда және тұтасымен бағаласам да, мен жолдастардың айтқандарының барлығымен сөзсіө келісемін бе? Олай десем шындықты айтпағаным. Сіздер де өздеріңіздің әрбір пікірлеріңізді жауапкершілікпен ойластырдыңыздар, мен де аз толғанғамын жоқ. Мен көлемі 1 200 беттен тұратын үш кітап жаздым. Оларды жазған кезде де мен ұзақ ойландым, демек зерттедім, зерделедім, демек, менің де өз ұстанымым, дәлелім бар, оның үстіне бұл туындымен 8 жыл (1942-1950 жж.) жұмыс істеу барысында мен де өтк көп толғандым, кейбір ойларымды шығарманың ішіне кіргіздім, ал кейбір сыни екертпелер романның жекелеген тараулары мен беттеріне, кейде кейіпкерлердің табиғатына, кейде оқиғаның барысына кірікпеді, олардың өзі де қарсы шыққандай болды.

Сіздерге мәлім, сынаған сыншының сынының деңгейін кемел ой анықтап береді емес пе. Сондықтан да осында айтылған ескертпелердің бәрін де қабылдаймын десем, оным дұрыс та емес әрі жалған болар еді.

Екі күн бойы сөйлеген жодастар біраз байсалды пікір білдірді. Сондықтан да мен осы арада естігендерімді басшылыққа ала отырып, оны келесі кітата дәнін беретін бүгін себілген тұқым ретінде қабылдаймын. Ал кейбір пікірлерді ойлана жүру үшін есімде сақтап қалдым.

Мұнда айтылған пікірлердің бір парасын дұрыс деп есептеймін де оны жетекшілікке аламын. Тағы бір бөлігін өзімнің еркін де, ерікті, дербес толғаныстарымның еншісіне қалдырамын. Сондықтан да: міне, бүгін сіздер мынадай ескертулер айттыңыздар, ал мен оны ана кітаптың мына жеріндегі ана ескертуді былай түзеймін деп қазір уәде бергенім дұрыс болмайды. Мен бұл кітаптағы көптеген жайларды аса жауапкершілікпен ойлана отырып жаздым, сынм пікірлердің кейбіреулерімен талқыласуға да болар еді. Өйткені кез-келген өнер туындысынының тұжырымы: екіні екіге қоссаң төрт болады – деген қағидаға бағынбайтынын сіздер білесіздер.

Алайда барлық пікірлердің ықпалы белгілі бір аумақты қамтитыны да анық. Мәселе, қай қырынан келіп, қандай ұстанымды ұстануыңызда. Өнердің кез-келген туындысына, оның ішінде сөз өнеріне кез-келген өлшеммен қарауға болады. Бұл ретте мен «Абай» романына байланысты осы уақытқа дейін орын алып келген сыңаржақ қатынасты қабылдамаймын, алайда ең ықыласты, әділ әрі мақсатты сынның да көп қыры бар, оны ұсыну үшін де әбден ойланып алу керек. Осы айтылған жайларды ескере келіп, баяндамашыдан бастап естіген ескерпелерді үш топқа бөлгім келеді:

Бірінші топқа жататын ескерулерді менің өзімнің тарапымнан жіберілген ағастықтардың қатарына қосамын да оларды кейінге ысырмай шұғыл түзету керек деп есептеймін. Олар барлық басылым бойынша өңделуі тиіс. Бұл бірінші топқа кіретін ескертулер.

Бүгін маған жұртшылық көмек қолын соза келді, тебіренбей тыңдай алмайтын нағыз толысқан, терең, шынайы ойларын айтты. Роман жөніндегі ең жоғары пікір 1949 жылғы тарихи шешіммен шектеліп қалған жоқ, сонымен қатар одан кейін де баспасөз бетінде білдірілген аса мол жарияланымдерға да ұласты, енді, міне, кешегі мен бүгінгі сөйлеушілер де оны жалғастырып отыр. Жұртшылықтың осы айтқандарының ішінде даусыз қабылдап, бүгіннен бастап жүзеге асыруыма тиісті пікірлер бар. Соған қарамастан, осые екінші топтағы пікірлердің өзін де дау айта отырып қабылдаймын. Қайталап айтамын, қайтадан ой сүзгісінен өткізе отырып шешім қабылдайтын пікірлер баршылық. Бірақ та мен осы пікірлердің өзіне де үлкен ризашылығымды білдіремін, олар бірінші басылымда секерілмесе де, екінші басылымда ескерілетін болады. Кейбір жайлар кітаптың жаңа редакциясында енгізілетін болады. Бүкіл өміріңнің тақырыбына айналатын кітаптар болады. Қазақ халқының жарты ғасырлық өмірін қамтыған осы кітап та соның қатарына жатады. Бұл кітапқа да бірте-бірте өзерістер жасалатыны анық, оның қашан, қандай өлшемде жүзеге асатынын әлі де ойланатын боламын.

Ал үшінші топқа жататын ескертулерді, дұрысарақ айсақ, ескерту емес, шаптығу мен жаланы мойындаудан күйіне бас тартамын, менімен бірге оны біздің барша жұртшылығымыз да кейінге ысырып тастайды, ал жұртшылықтың пікірі – бүкіл кеңес халқының, қазақ халқының пікірі болып табылады және осы жұртшылық, осы халық өзінің рухани құндылығын барлық заңсыз, әділетсіз құалдардың көмегіне сүйене отырып көзін жоюға ұмтылушылардың ашық әрекетіне қарамастан, оны ешқашанда ешқандай да жазалауға жол бермейді. Оны құртуға жұртшылық та, партия да жол бермейді.

Міне, осындай категорияға жататын пікірлеге тоқатлғым да келмейді, бірақ үндемей өтуге тағы да болмайды, сондықтан да кейінірек қайтып ораламын.

Енді сөзсіз дұрыс айтылды деген ескертулерге келейін. Біріншіден, қазірдің өзінде менің тарапымнан көптеген өзгертулер жасалды, түзетулер енгізілді. «Абай» романының бірінші кітабының соңғы басылымында Дулатқа деген көзқарас өзгертілді. 1942 жылы роман алғаш жарияланған кезде оның шығармашылық жолы туралы барлық оқулықтар мен бағдарламалардың барлығында бүкілхалықтық идеологияның ақыны жазылып жүрген болатын. Ал Абайдың қалыптасып келе жатқан санасына рухани мәдениетті бойына сіңірген адамның жағымды ықпалы етуін көрсету керек болды, сондықтан да мүлдем шартты түрде алынған бұл тұлғаның орынына басқа бір кез-келген ақынды алып, суреттеуге болатын еді. Ол туралы жазылғандардың барлығы да, оның іс-әрекеті, толғаулары, бейнесі менің қиялымның жемісі болып табылады. Сондықтан да Дулаттың өзі бүгінгі қоғамға жат болғанымен, оның бейнесі қоғамға жат емес, Дулат деген атты пайдаланып жазған менің кескіндеуім ғана болғандықтан, Дулаттың атын өшіріп тастадым.

Бұл кітаптың мұндай кемшіліктерін уақыттың өзі түзейді. Бұқар жырау мен Шортанбайдан басталған қателіктерге байланысты көрсетілген кемшіліктер, тек қана кешілік емес, феодалдардың бейнесін дәріптеген саяси қателікке айналып кетті. Мысалы, кеше Мұстафин: алашордашыл Тұрашты Абайға ықпалы бар адамдардың қатарына қосқан – деген оқыс пікір айтты. Ашығын айтайын, ол түймедейді түйедей ғып көрсетіп отыр. Мені қателігім сонда, Тұраштың атын атамауым керек еді. Ол екі жерде аталады. Ал осыны біздің уайымшыл сыншылар қампита үрлей келіп. Алашордашыл Тұрашты Абайға әсері тиген адам етіп суреттедің деп даурығып шыға келді. Бұл барып тұрған жала! Әрине, оның атын атауым ағаттық, олай істемеуім керек еді, ал осы қарапайым кемшілік үшін мені бүгінгі күннің ұлтшылы етіп шығаруға болмайды ғой. Бұл – сауатсыз, бейпіл (беззастенчивая) айыптау. Ал бұл қателікті түзету оңай.

«Ақын аға» романында қателіктер жіберілді. Жолдастардың айтуынша менің қателігім жекелеген ақындарды Абайдың шәкірті ретінде дәрптеуімде екен. Мен өткен жылы 8 баспа табақ көлемінде өзгерістер енгізгенімді айтқамын, сондықтан да енді менімен қоса (Көкбайды, Әріпті, Әсетті т.б. – Т.Ж.) жадтарыңыздан сызып тастаңыздырда болады, «Абай жолының» жаңа кітабі жазылатын болады. «Абай жолы» менің Абайдың ақын шәкіттері жөніндегі қателігімді түзейтін болады, екіншеден (Кенсары туралы көзқарасым) түбірімен өзгереді.

Бүгін сөйлеген кейбір жолдастар «Абай жолының» жазылу барысында панисламизм өкілдерін Абайға қарсы тұрушы күш емес, сонымен қатар панисламизм мәдениетін әшкерелеу керектігі жөнінде ескерту жасады. Жолдастар, «Абай жолы» – өте күрделі жол, ол («Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Шытырманда», «Оқапта», «Қақтығыста») – деген тарау аттарынан-ақ білінеді. Шұбар: «Қазақ халқын Абай апарады?»,– деп сұрағанда Әбдірахман: «Бұл жол – құтқарушы орыс мәдениетіне алып келеді»,– деп жауап береді. Екінші бағыт – ислам. Ал Абайдың жолы басқа, ол орыстың демократиялық әдебиетін Некрасовтың дәстүрі арқыл ы сіңіреді. Абайдың жолының – жол айрығы осы тұстан айырылады, ал қазіргі «Абай жолы» тарихи романы 90-жылдарға келіп тірелген, енді 1904-жылға дейін жететін болады, міне, тарихи шындық бойынша панисламизм мен пантүркизмнің барынша кең тарағаны осы жылдар, Татарстанға, сонымен бірге Әзірбайжанға таралған панисламиз мен пантүркизм ағымы буржуазиялық ұлтшылдықты да қоса ала келді. Олардың ішіндегі ең көрнекті қайраткерлері Мемлекеттік Думаның алғашқы депутаттары болып сайланды, міне, бұл Қодар оқиғасынан бастап бірінші орыс революциясына дейінгі Абай өткен тарихи жолды қамтитын 4-кітаптан орын алатын болады, 4-кітапта Абайдың өмірінің көпшілігі қала кедейлерінің арасында өтетін болады,міне, сонда жұмысшы табының қалыптасы барысы қозғалады, дәл қазір сол тұсты жазып жатырмын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет