Тұщы судың әлемдік проблемасы


-сурет Жан басына шаққандағы тұщы суды пайдалану көрсеткіші



бет2/3
Дата13.03.2024
өлшемі137.76 Kb.
#495450
1   2   3
ЛЕКЦИЯ (8)

3-сурет
Жан басына шаққандағы тұщы суды пайдалану көрсеткіші
(жылына м3 есебімен)
Сумен мол және жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілген екі белдеуді көруге болады. Бірінші, Солтүстік жарты шардың қоңыржай және субтропиктік



климат белдеулері шекарасындағы Канада, АҚШ, Солтүстік Еуропа елдері мен Ресейді қамтыса, ал керісінше аталған климат белдеулерінде орналасқан Шетелдік Еуропа ауыз суға зәру. Екінші, негізінде оңтүстік жарты шардың экваторлық және тропиктік климат белдеулері аумағында орналасқан. Аталған белдеулер арасында ауыз су өте тапшы шөлді, аридті белдеу созыла жатыр. Егер жекелеген елдер бойынша халықтың ауыз сумен қамтамасыз етілу деңгейіне тоқталсақ, ең жоғары көрсеткіш Француз Гвианасында ( жан басына 800 мың км2), көрші Гвиана мен Суринамда ( 300 мың км2), Исландияда ( 250 мың км2), керісінше ең төменгі көрсеткіш Кувейтте (10 м2), БАӘ мен Катарда ( 100 м2 аз), Сауд Арабиясы мен Ливияда (100 м2 жоғары). Қазіргі кезде халықты тұщы сумен қамтамасыз ету ғаламдық проблемаға айналды. БҰҰ мәліметі бойынша 2003 жыл басында 1,2 млрд адам таза ауыз суға жарымаса, 2,4 млрд. астам адам таза су келетін құбырға мұқтаж болды.
4-сурет.
Әлемнің ірі аумақтары бойынша халықтың таза ауыз суына зәру көрсеткіші.



Аталған жағдай Африка мен Азиядағы Непал, Камбоджа, Эфиопия, Чад, Мавритания сияқты дамушы елдерге тән.
Көптеген дамушы елдер халқы ауыз сумен өте төмен деңгейде қамтамасыз етілсе, кейбіреулерінде тұтынудағы су сапасы сын көтермейді. Осындай лас суды пайдалану көптеген жұқпалы аурудың таралуына негіз болып табылады.
БҰҰ болжамы бойынша, халықтың таза ауыз сумен қамтамасыз етілуі Азияда – 2025 жылға, Латын Америкасында - 2040 жылға, Африкада – 2050 жылға дейін жүзеге асырылады. Адамзатты ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасын шешудің негізгі және қосымша жолдарына тоқталсақ.
Ең бастысы, суды өндірістік мақсатқа шексіз пайдалану мәселесін шешу. Атап айтсақ, жекелеген өнеркәсіп салалары бойынша дайын өнім алу үшін қаншама су ысырап болуда. Мысалы, 1т синтетикалық талшық алу үшін 3500т, никелге (800), шойын, болат, қағазға (200) су ысырапсыз пайдаланса, ауыл шаруашылығында бұл көрсеткіш одан да жоғары. Мысалы, мақтаны егіп, одан өнім алу үшін 10 000т су кетсе, күрішке 7000 т су шығын болады.
Қазіргі әлемдік деңгейдегі Арал проблемасы мақтаға байланысты туындап отырғаны белгілі. Күнделікті тұрмыста да суды ысырапсыз пайдаланбау қажет. Мысалы, эканомикасы аса күшті дамыған елдерде қала тұрғыны тәулігіне 300-400 л су пайдаланады екен.
Екінші, өзен ағысын реттеу мақсатында су қоймаларын тұрғызу. Соңғы жарты ғасырда жер шары бойынша су қоймаларының саны артты. Қазір әлемде жалпы пайдалы көлемі 6 600 км2 тең 60 мыңнан аса суқоймасы салынып, олар 400 мың км2 аумақты қамтиды. Суқоймалары Еділ, Ангара (Ресей), Днепр (Украина), Миссури, Колумбия, Теннесси (АҚШ) сияқты ірі өзендер бойына салынған. Адамзатты таза ауыз суымен қамтамасыз ету проблемасын шешудегі қосымша жолдарына, жекелеген өзен суларын бұрып пайдалану. Бұл жөнінен Канада алдыңғы орында. Аталған мәселенің кейінгі кездері өзен судын басқа бағытқа бұрғаннан кейін туындайтын экономикалық және экологиялық салаларына қатты мән беруде.
Кезінде КСРО заманында Сібір өзендері (Обь) суын орта Азия мен Қазақстанға бұру мәселесі көтеріліп, кейінен оны бұрғаннан кейін туындайтын экологиялық проблемаға байланысты тоқтатылды.
Соңғы кездері теңіз суын тұщыландырып ауыз суға пайдалану жолы кеңінен жүзеге асырылуда. Аталған тәсіл Парсы шығанағы (Кувейт) мен Жерорта теңіз жағалауының кейбір мемлекеттерінде, Жапония, АҚШ, Түркменстанда кеңінен қолдануда. Сондай-ақ тұщы суды бір елден екінші елге су арқылы танкерлермен немесе құбыр арқылы тасуда. Мысалы, АҚШ Канададан, Германия мен Нидерланды, Швеция Норвегиядан, Сингапур Малаизиядан, БАӘ Пәкістаннан алып, пайдалануда.
Кейінгі уақыттарда айсбергтерді тасып, ауыз суға пайдалану туралы пікірлер шығуда. Жалпы мұз құрсанған Антарктида мен Гренландияда жер шарындағы тұщы судың 70% шоғырланған.
Тек Антарктиданың қайраңдық мұздықтары өзінен полярлық жазда 1,5 – 2,4 мың км2 көлемінде айсберг бөледі.
Суға түскен айсбергтер ұзақ уақыт сақталып, тек оңтүстік жарты шардың өзінде 10 мың км2 тұщы су мұз түрінде жүзіп жүр.
БҰҰ жер бетіндегі тұщы су ресурсын сақтап, қалпына келтіру мақсатында 2002 жылы «Судың онжылдығынң жарияласа, 2003 жылды «Тұщы су жылы» деп атады. Бірақ, тұщы су мәселесі әлі күнге өткір проблема түрінде қалып отыр. Жекелеген саясаткерлер су мәселесіне байланысты кейбір мемлекеттер арасында даулы мәселе туындауы мүмкін деп жорамалдайды.
Қазақстан Республикасы Орталық Азиядағы мемлекеттермен Ертіс, Іле, Сырдария, Шу, Талас және т.б. бірқатар өзендердің су ресурстармен біріккен. Аталған өзендердің ағыны қалыптасатын жоғарғы ағыстары Қытай, Өзбекстан және Қырғызстан аумақтарында жатса, орта және төменгі ағыстары Қазақстан аумағында орналасқан. Мысалы, бастауын Қытай жерінен алатын Ертіс өзені жылына сол жерден өзіне 9 км2 су жинаса, Қытайлықтар сол судың жылына 1,5 км2-тен 5 км2 дейінгі көлемін өзіне бұрып алуды жоспарлауда.
Аталған шара жүзеге асқан жағдайда Ертіс өзені бойындағы екі су қоймасы мен маңын қоныстанған қаншама халық сусыз қалса, Ресейдің Омбы аймағындағы төменгі ағысында гидроэкологиялық жағдай қалыптасады.
Құрлықтың су ресурстары үлкен гидроэнергетикалық күшке ие.
Көптеген елдер аумағындағы өзендері арқылы электр энергиясын өндіруде, оның ішінде жекелеген мемлекеттер жоғары көрсеткішке ие. (3-кесте)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет