ТҮсіндірме жазба



Дата22.02.2016
өлшемі39.86 Kb.
#2335


«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1567 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА


р/с




Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын әзірлейді және бекітеді.

Заңның 13-бабы бірінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бекітіледі.

Осыған байланысты Ұлттық Банк ҚР Президентінің Әкімшілігімен 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 1386-1 хатпен келісілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 2 шілдеде тіркелген және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11534 енгізілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР ҰБ Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысын қабылдады.


3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар


Жобаны қабылдау теріс
әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар


Жобаны қабылдау республикалық бюджеттен шығыстарға әкеп соқтырмайды.

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру.


6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары:

2010 жылғы 24 ақпандағы № 928;

2010 жылғы 4 наурыздағы № 932;

2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 1063;

2011 жылғы 31 қаңтардағы № 1145;

2011 жылғы 4 наурыздағы № 1168;

2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196;

2013 жылғы 15 қаңтардағы № 465;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы


№ 1567 қаулысы.

7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі


Жоқ.

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері


Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі тапсырмасының болмауына байланысты қосымша сараптама жүргізілген жоқ.

9.

Өзге де мәліметтер


Жоқ.

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі


Рұқсат етіледі.

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат


2015 жылғы «03» шілде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми
интернет-ресурсында орналастырылды

Қаулының жобасы – 54272 байт

Түсіндірме жазба – 60928 байт


12

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Қаулы жобасының әлеуметтік мәнінің болмауына байланысты қаулының жобасына баспасөз релизін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастыру қажеттілігі жоқ.

13.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Жоқ.


Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің

Төрағасы


Қ. Келімбетов

2015 жылғы «____» ____________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет