ІІІ ТАРАУ. АДАМ БОЛАМ ДЕСЕҢІЗ... (10 сағ) ІІІ-тоқсан
17-18
|
Талаптыға нұр жауар
|
«Білім», «өнер» құндылықтары туралы түсінік. Талаптанудың адам өміріндегі маңыздылығы.
|
2
|
|
|
19
|
Ақылды тыңдай білу де өнеге
|
«Сыйластық» құндылығы туралы түсінік. Ақылды тыңдай білудің өмірдегі маңыздылығы.
|
1
|
|
|
20
|
Өзімшілдік пен көпшілдік
|
«Бірлік» құндылығы және «көпшілдік» адами қасиет туралы түсінік. «Көпшілдік», «өзімшілдік» ұғымдары туралы түсінік; өзара сыйластық қарым-қатынастары.
|
1
|
|
|
21
|
Батылдық пен өжеттік
|
«Халық», «Отан», «махаббат» құндылықтары туралы түсінік. Батылдық, өжеттік ұғымдары туралы түсінік; шешім қабылдай білу іскерліктері.
|
1
|
|
|
22
|
Еңбекқорлық пен еріншектік
|
«Еңбек» құндылығы туралы түсінік. Еңбекқорлық пен еріншектік туралы түсінік.
|
1
|
|
|
23-24
|
Төзім мен табандылық
|
«Төзімділік», «табандылық» тәрізді адами қасиеттер туралы түсінік. Төзімділік пен табандылықтың адам өміріндегі маңыздылығы.
|
2
|
|
|
25
|
Сабыр түбі – сары алтын
|
«Сабырлылық», «ұстамдылық» тәрізді адами қасиеттер туралы түсінік. Сабырлы, ұстамды болудың маңыздылығы; жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктері.
|
1
|
|
|
26
|
Жақсылықтан жақсылыққа
|
«Жақсылық» құндылығы туралы ұғымдар. Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы; жақсылық жасау іскерліктері.
|
1
|
|
|
IV ТАРАУ. ӘСЕМДІК ӘЛЕМІНДЕ (8 сағ) IV-тоқсан
|
27-28
|
Табиғатқа қамқорлық
|
«Табиғат» құндылығы және «қамқорлық» адами қасиеті туралы түсінік. Табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығы; табиғатқа қамқорлық жасау түсінігі.
|
2
|
|
|
29
|
Жер-Ана
|
«Жер» ұғымының құндылық ретіндегі мәні. Жердің адам өміріндегі маңыздылығы; жерге қамқорлық жасау қарым-қатынастары.
|
1
|
|
|
30
|
Су – өмір көзі
|
«Су» ұғымының құндылық ретіндегі мәні. Судың адам өміріндегі маңыздылығы; суға қамқорлық жасау іскерліктері.
|
1
|
|
|
31-32
|
Таза болса табиғат, аман болар адамзат!
|
«Табиғат», «денсаулық»құндылықтарыжәне «табиғатқа қамқорлық» адами қасиеттері туралы түсінік. Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсінік; денсаулығын күту іскерліктері.
|
2
|
|
|
33
|
Денсаулық өмір негізі
|
«Денсаулық» құндылығы туралы түсінік. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығы; денсаулығын күту іскерліктері.
|
1
|
|
|
34
|
Үйренгенім көп менің
|
Адамгершілік құндылықтар, адами қасиеттер туралы түсінік. «Өзін-өзі тану» пәнінен 4-сынып бойынша алған білімдерін жинақтау.
|
1
|
|
|
Барлығы:34
|
Түсінік хат
«Өзін-өзі тану» пәнін оқыту «Адамның үйлесімді дамыту» институты ( Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО) және ғылым министірінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта білім беретін мектеп бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
ІІ. Мектептің негізгі сатысы (5-сыныптар)
Бағдарлама мектептің негізгі сатысында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша берілетін білім мазмұнын және жалпы орта білім беру мемлекеттік стандартының бесінші, алтыншы және жетінші деңгейлеріндегі күтілетін нәтижелерді анықтауға бағытталған.
Мектептің негізгі сатысында «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда оқу жетістіктері бойынша күтілетін нәтижелерде көрсетілген көп деңгейлі мақсаттар жүйесінің сәйкестігі, сонымен қатар оқушылардың танымдық мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктері ескеріле отырып, мазмұнда көрсетілген жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы адамдық қасиеттерді дамыту көзделеді.
Пән мазмұны арқылы эстетикалық талғам, қоршаған орта және ондағы адамның орны туралы білім қалыптастыру және дамыту; қоғамдағы адамның рөлі, адам мен табиғаттың, әлемнің бірлігі мен үйлесімінің мәні, үйлесімді дамыған тұлғаны толықтай дамыту үдерісінің түрлі қырларын ашу; өзге адамдармен қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу; адамзаттың рухани тәжірибесінде жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызын түсіндіру қарастырылады.
Жалпы орта білім беруге арналған өзін-өзі тану бағдарламасы оқушылардың өзін-өзі жетілдіруіне, рухани-адамгершілік және дене жағынан дамуына, адам тағдырын, өмірдің мәнін түсінуге кең мүмкіндіктер ашады.
«Өзін-өзі тану» пәні мектептің негізгі сатысында білім берудің құндылықтық мәнін күшейте отырып, адамдарды сүйе білу, өзіне-өзі сену, жақсылық жасау, мейірімділік таныту, өзгелерге қамқор болу, сыни ойлау, адамгершілік таңдау жасай білу, дәстүрді дәріптеу және дамыту, жасампаздық, өзіне жауапкершілікпен қарау, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктерін ашып, дамытуға бағытталған.
Мектептің негізгі сатысында рухани-адамгершілік білім берудің маңыздылығы адамның әлемде алатын орны, «өмірлік мақсат», «өмірдің мәні», «адамның орны» ұғымдарының мағынасын терең түсіндіру арқылы қоғамға қызмет ету ниеттерін дамыту болып табылады. Сонымен бірге оқушылардың бойында табиғатты, әлемді әсемдік ретінде түсініп, оны қадірлей білуге, ғаламшар деңгейінде шығармашылықпен қабылдауға, әлем туралы көзқарастарын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
5-сыныптарда білім беру оқушылардың ұлттық мәдени мұраның өзін-өзі тануда алатын орны, адамзаттың мәдени мұрасының рухани негіздері туралы түсініктерін кеңейте отырып, адамның үздіксіз рухани кемелденуіне, оның шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етуге бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: |