Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы №1353 Қаулысы «Электр энергетикасы туралы»


Электрлі газ тазалағыш қондырғылар



бет7/14
Дата12.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#130609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
24. Электрлі газ тазалағыш қондырғылар

 

265. Электр-техникалық газ тазалағыш қондырғыларды пайдалану кезінде персонал осы Қағидалардың электр қондырғыларында қызмет ету үшін қауіпсіздіктің негізгі талаптарын бұл тараудың тиісті тармақтарымен өзгертілмеген шамада басшылыққа алады.

266. Электр газ тазалағыш қондырғыны пайдаланатын әрбір өндірістік бөлімшеде (цехта) жұмыс берушінің инженерлік-техникалық жұмыскерлер ішінен электрлік газ тазалағыш қондырғыны пайдалануға жауапты электр қауіпсіздігі бойынша V кем емес тұлға тағайындалады.

267. Электр газ тазалағыш қондырғыға қызмет көрсетуді электр қаупсіздігі бойынша III және IV тобы бар электр техникалық (электр технологиялық) персонал жүзеге асырады.

268. Электрсүзгілердегі, жоғарылатқыш-түзеткіш электр агрегаттардағы, электр сүзгілердің секцияларын қоректендіру кәбілдеріндегі электр сүзгілердің ішіндегі тағы басқа да жұмыстар жауапты басшы тағайындалуымен, наряд бойынша орындалады.



Электр сүзгінің және газ жүретін жолдардың ішіндегі жұмыстары кезінде бригада құрамы үш адамнан құралады.

269. Өндірістік қажеттілік жағдайында нұсқау бойынша үй-жайлардағы жоғарылатқыш-түзеткіш агрегаттарда жедел (жедел жөндеу) персоналға немесе оның бақылауымен басқа электртехникалық (электр технологиялық) персоналға, ұзақтығы 1 сағатқа дейінгі жоспардан тыс жұмыстарды, осы Қағидалардың 4-тарауының талаптарына сәйкес, жүргізуге рұқсат етіледі.

270. Электр газ тазалағыш қондырғыларда, тізбесін кәсіпорындағы электр қондырғыларына жауапты адам айқындалатын және жұмыс беруші бекітетін, ерекше қауіпті шарттарда жұмыстар жүргізген кезде, электр қауіпсіздігі бойынша IV тобы бар электр техникалық (электр технологиялық) персоналға бақылаушының тағайындауымен наряд беріледі.

271. Оқшаулағыш қораптардың, шеткі кәбілдік муфталар қораптарының люктері, алдын ала, тәжденуші электродтар өрісін қосымша жерге қоспай тұрып, люктердің ашылуына жол бермейтін бұғаттаушы жерге қосу құрылғыларымен жабдықталады.



Бұл люктер арнайы кілттердің немесе құрал-саймандардың көмегімен ашылды.

272. Люктер мен жоғарылатқыш-түзеткіш агрегаттардың электрлік үй-жайларының кілттері жедел персоналдың есебінде болуға және тексеру және жұмыс жүргізу үшін қызмет көрсетуші персоналға қолхатпен берілуге тиіс.



Кілттердің күнделікті берілуі және қайтарылуы жедел жұмыс журналында жазылады.

273. Газ тазалағыш қондырғылардың секциясында, барлық қоректендіруші электр агрегаттары және қалған секциялардың кәбілдері токтан ажыратуды және жерге тұйықтауды талап етеді.

274. Бұғаттайтын жерге қосу құрылғылардың, жоғарылатқыш-түзеткіш агрегаттардың жоғары вольтты шықпаларының жерге қосқыш пышақтарының бар екендігіне қарамастан, электр сүзгідегі жұмыс кезінде тасымалды жерге қосу құралдарын орнату міндетті болып табылады.

275. Электр сүзгіні ажыратқаннан кейін, одан және қоректендіруші кәбілдердін, электр агрегаттарын жерге қосу арқылы статистикалық заряд алынады.

276. Электр сүзгіледің және газ жүретін жолдардың ішінде жұмыс жүргізген, 12 В жоғары емес кернеудегі тасымалды электр шырақтарын пайдалануға рұқсат беріледі, ондай кезде төмендеткіш трансформатор электр сүзгі корпусының сыртында орналасады.

277. Электр газ тазалағыш қондырғыларды пайдаланған, кезде оқшаулағыш қораптардың люктерінің, кәбіл муфталары қораптарының ашық немесе жабылмаған блоктаушы жерге қосқыш құрылғылардың ақаулы немесе істен шыққан жағдайларында, электр агрегаттары ұяшықтарының есіктері, сондай-ақ электр сүзгі корпустарының люктері жабылмаған кезде, жоғарылатқыш-түзеткіш агрегаттарды, түзетілген ток желілерін және электр сүзгілерді токқа қосуға рұқсат берілмейді.

278. Электр сүзгілерді іске қосу-ретке келтіру жұмыстарын жүргізу немесе оларды күрделі жөндеуден өткізу кезінде тәждеуші электродтардың ауадағы жұмысына бақылау жасауға, электр сүзгі корпусының ашық люгі арқылы люкке бөгде заттардың түсуіне тосқауыл болатын және бақылау жасаушы адамның кернеу келіп тұрған бөліктерге қауіпті қашықтықта жақындауын болдырмайтын шаралар қабылданған жағдайда рұқсат етіледі.

279. Электр сүзгі корпусының ішіндегі жұмыстарға электр сүзгіні газдан барлық жағынан тығыз және жарамды шиберлермен немесе бітеуіштермен ажыратқан және корпусты газ қалдықтарынан толық тазарғанға дейін желдеткен, электр сүзгіге қатысты тарту-үрлеу және сорғы агрегаттарын токтан ажыратқан және олардың қателіктен немесе өздігінен қосылып кетуіне қарсы шаралар қабылданған жағдайларда рұқсат етіледі.



Электр сүзгі арқылы улы газдар немесе қауіпті жарылғыш қоспалар өтіп кеткен жағдайда, аталған газдар мен қоспалардың жоқтығына талдау жасалуға тиіс.

280. Электр сүзгілерге қызмет көрсететін персонал арнайы киіммен және тыныс органдарын қорғау құралдарымен қамтамасыз етіледі.

281. Электр сүзгінің ішінде және газ жүретін жолдарда дәнекерлеу жұмыстарын жүргізген кезде, электрлі дәнекерлеу агрегаттары бос жүріс кернеуін ажырататын немесе оны 0.5 с. уақыт ішінде 12 В мөлшеріне дейін төмендететін құрылғылармен жабдықталады.

 

 



25. Аккумуляторлы батареялар

 

282. Аккумуляторлар үй-жайы тіреуіш құрылғымен (құлыппен) жабдықталады.

283. Осы Қағидалардың 291-тармағында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда аккумуляторлар үй-жайында шылым шегуге, оған от алып кіруге, ұшқын шығаруы мүмкін электр қыздырғыш аспаптармен, аппараттармен және құрал-жабдықтарымен кіруге рұқсат берілмейді.

284. Ағынды-тарту желдеткіші бар аккумулятор үй-жайларда желдеткіш заряд беру алдында іске қосылады және газ шығарылып болған соң, заряд берілгеннен кейін 1,5 сағаттан ерте емес уақытта ажыратылады.

285. Әрбір аккумулятор үй-жайында:

1) электролит қоспасын дайындау және оны ыдыстарға толтырып құю үшін шүмегі бар сыйымдылығы 1,5-2 л шыны немесе фарфор (полиэтилен) саптыаяқ немесе құмыра;

2) қышқылды батареялар үшін бейтараптандыратын 2,5 пайызды ас содасының ерітіңдісі және сілтілік батареялар үшін бор қышқылының немесе сірке эссенциясының 10 пайызды ерітіндісі (сегіз бөлік суға бір бөлік сірке су);

3) қол жуатын су;

сүлгі болуы тиіс.

286. Электролит, тазартылған су және бейтараптандырушы ерітінділер құйылған барлық ыдыстарда тиісті жазулар (атаулар) болуы керек.

287. Қышқыл арнайы ыдыста (шыны бөтелкелер, пластмассадан істелінген канистрлар) сақталады, оған қышқылдың атауы жазылған биркалар ілінеді. Қышқыл құйылған ыдыс пен бос ыдыс жеке үй-жайда, аккумулятор батареясының қасында тұруға тиіс. Шыны ыдыстарды себеттерге немесе ағаш торларға салып, еденге қою керек.

288. Қышқылмен, сілтімен және қорғасынмен істелінетін барлық жұмыстарды арнайы оқытылған қызметкерлер орындайды.

289. Қышқылдар мен сілтілер құйылған шыны бөтелкелерді екі жұмыскер тасымалдауға тиіс. Бөтелке себетпен бірге тұтқасы бар арнайы ағаш жәшіктерге салынып немесе ортасында тесігі мен торы бар арнайы зембілде тасымалданады, оның ішіне бөтелке себетпен бірге 2/3 биіктікте кіреді.

290. Электролитті әзірлеу мынадай талаптарды сақтай отырып жүргізіледі:



1) қышқылмен және сілтімен жұмыс істегенде костюм (қалың жүн матадан немесе мақта матадан тігілген және қышқылға төзімді сіңдірмесі бар костюмді қышқылмен жұмыс кезінде, ал мақта матадан тігілген костюмді сілтімен жұмыс істегенде), резеңке етік (шалбардың балақтары етіктің қонышына салынады) немесе кебіс, резеңке алжапқыш, қорғаныс көзілдіріктерін және резеңке қолғаптарды кию керек; қатты сілті кесектерін, оларды алдын ала қарап қапшыққа уатады;

2) қышқылды асықпай (ерітінді қарқынды қызып кетпеуі үшін), саптыаяқтан фарфор ыдысқа немесе ыстыққа төзімді, ішінде тазартылған суы бар басқа ыдысқа сыздықтатып құю керек. Бұл кезде электролитті әйнектің ұзынша кесіндісімен немесе түтікпен немесе пластмассадан істелінген қышқылға төзімді араластырғышпен өне бойы араластырып отыру қажет.

3) электролитті қышқылға су құйып отырып әзірлеуге болмайды. Дайын болған электролитке суды үстемелеп құюға рұқсат етіледі.

4) еденге төгілген қышқылдың үстіне жоңқа сеуіп, мұқият араластырып, содан кейін тазарту жүргізу керек.

291. Пластиналарды, ошиновкаларды немесе жылыту құбырларын дәнекерлеу жұмыстарын аккумуляторлық үй-жайда жүргізуге мынадай жағдайларда рұқсат етіледі:



1) заряд беру аяқталғаннан кейін 2 сағат өткен соң пісіруге және дәнекерлеуге;

2) тұрақты заряд беріп тұру тәсілімен жұмыс істейтін батареяларды жұмыс басталардан 2 сағат бұрын разряд режиміне көшіргенде;

3) жұмыс басталғанға дейін үй-жай 1 сағат ішінде желдетілуге тиіс;

4) пісіруге және дәнекерлеу кезінде үй-жай үздіксіз желдетілуге тиіс;

5) пісіру орны қалған батареялардан қалқан арқылы қоршалуы қажет;

6) қорғасыннан және оның қосындыларынан уланып қалмау үшін арнайы сақтандыру шаралары қабылдануы тиіс және аккумулятор батареяларын пайдалану және жөндеу бойынша нұсқауларға сәйкес жұмыс күнінің тәртібі белгіленуге тиіс.

Жұмыстар наряд бойынша жүргізіледі.

292. Аккумулятор батареясында жұмыс жүргізілгенде, жұмыскерлерді электр тогынан жарақаттанудан сақтандыру үшін мынадай шарттарды орындау қажет:



1) жалғағыш жолақтарды егеу-арамен кесу, ұстатқышты (перемычка) орнату, элементті кедергімен шунттау жұмыстарын қорғаныс көзілдірігін және алжапқыш киіп, жүктеменің ажыратылған кезінде жүргізу;

2) пластиналарды кесу, элементтердің кернеуін өлшеу, электролиттің меншікті үлесін өлшеу жұмыстарын резеңке қолғаптар, етік немесе кебіс киіп орындау;

3) пластиналарды құлақтары мен ұштарын жалаңаш қолмен сипап қарау керек, ол кезде екінші қолға өне бойы резеңке қолғап киіп тұру;

4) ошиновкадағы жұмыс кезінде, әсіресе шықпаларға жақын жерде екі қолға да резеңке қолғаптар кию керек, құрал-сайманның оқшауланған сабы болуға тиіс. Жұмысты көзілдірік киіп істеу керек. Сатының үстінде жұмыс екеулеп жүргізіледі.

293. Аккумулятор батареяларын және зарядтың құрылғыларына қызмет көрсетуді электр қауіпсіздік бойынша III тобы бар арнайы оқытылған персонал орындайды.

 

 

26. Конденсаторлық құрылғылар



 

294. Жұмыс жүргізу кезінде конденсаторды қоректендіру көзінен ажыратқаннан кейін, конденсаторларға немесе олардың ток өткізгіш бөліктеріне жанаспас бұрын, шиналарға жалғанған немесе жекелеген конденсаторларға орнатылған разрядтағыш құрылғылардың бар екендігіне қарамастан, конденсаторлар разрядталады.

295. Конденсаторларды разрядтау - қалдық кернеуді нөлге дейін жеткізу оқшаулағыш штангаға бекітілген жерге қосу өткізгіші бар металл шиналар арқылы шықпаларды қысқа тұйықтау және корпусқа тұйықтау жолымен орындалады.

296. Егер конденсатордың шықпалары электр сызбанұсқаларға қосылмаған, бірақ электр өрісінің (әсерден пайда болған кернеудің) әсер ету аймағында болса, онда олар қысқартылуға тиіс.

297. Реактивті қуатының жеке өтемі бар, желіден ажыратылған асинхронды электр қозғалтқыш орамаларының клеммаларына конденсаторлар разрядталғанға дейін жанасуға рұқсат берілмейді.

298. Трихлордифенил (бұдан әрі - ТХД) сіңген, тесілген жерлері бар конденсаторларға жалаңаш қолмен жанасуға рұқсат берілмейді. Терінің ТХД тиген жерін сабынды сумен жуу керек, ал көзге тисе - бор қышқылының әлсіз ерітіндісімен (бір шай қасық ас содасын бір стақан суға қосып) немесе қос көмір қышқылды натрий ерітіндісімен көзді жуу керек.

 

 



27. Кәбілдік жұмыстар

 

299. Ұйымдардың, елді мекендердің аумағында, сондай-ақ жер асты коммуникацияларының (электр кәбілдері, байланыс кәбілдері, газ құбырлары және басқалары) қорғалатын аймақтарындағы жер жұмыстары ұйым басшылығының (тиісті) жергілікті билік органының және осы коммуникациялардың иесі жазбаша рұқсат бергеннен кейін ғана басталады. Рұқсатқа коммуникациялардың орналасуы мен салыну тереңдігі көрсетілген жоспар (схема) қоса тіркеледі. Жер асты коммуникацияларының орналасқан жері жоспарда да (схемада), жұмыстар жүргізілетін орында да тиісті белгілермен немесе жазулармен белгіленеді.

300. Жоспарларда көрсетілмеген кәбілдер, құбырлар, жер асты құрылыстары, сондай-ақ оқ-дәрі табылған жағдайда, жер жұмыстарын табылған құрылыстардың кімге меншіктілігі анықталғанға дейін және, жұмысты жалғастыру үшін тиісті ұйымдардан рұқсат алғанға дейін тоқтату қажет.

301. Жүргізілетін жұмыстар кәбілді қазып шығаруға байланысты болмаса жер қазу жұмыстарын машинамен 1 м кем қашықтықта, ал сынабалға және оған ұқсас механизмдермен кәбіл жолынан 5 м кем аралықта орындауға рұқсат берілмейді.



Кәбіл үстіндегі топырақты жұмсарту үшін жер қазу машиналарын, шой балғаларды, сүймен және балға шоттарды пайдалануға кәбілге дейін қалған топырақ қабатының 0,4 см тереңдігінде рұқсат етіледі. Кәбілге дейін қалған топырақты күрек пайдаланып, қолмен шығару керек.

КЖ қазып шығару алдында ұйымның, яғни КЖ иесінің бір қызметкерінің қадағалауымен, тексеру мақсатында желіні ашу жұмысы орындалады.

302. Қысқы уақытта жерді күрекпен қазуға оны жылытып алғаннан кейін кірісу керек. Ол кезде жылу көзін кәбілдерге 0,15 см кем емес аралықта жақындатуға рұқсат етіледі.

303. Қазаншұңқырлар, орлар (траншея) немесе шұңқырларды қазу жұмыстарын жүргізген кезде, жұмыс орны қолданылып жүрген құрылыс нормалары мен ережелері талаптарын есепке ала отырып, қоршалады. Қоршауларда ескерту беретін белгілер мен жазулар, ал түнгі уақытта дабыл қағу жарығы болуға тиіс.

304. Опырылып құлау қаупі бар жұмсақ немесе ылғалды топырақ жерде (топырақта) ор қазу кезінде олардың қабырғалары сенімді нығайтылуға тиіс.



Сусымалы топырақты жерде қабырғаларды нығайтпай-ақ, топырақтың табиғи құламасына сәйкес келетін құламалар орнатып, жұмысты жүргізуге болады.

Қазаншұңқырдан немесе ордан шығарылған топырақты шұңқырдың ернеуінен 0,5 м қашықтықта үю керек. Тереңдігі 2 м асатын шұңқырдағы топырақты әзірлеу және нығайту жұмыс жүргізу жобасына сәйкес орындалуға тиіс.

305. Табиғи ылғалды топырақта жер асты сулары мен жақын маңда орналасқан жер асты құрылыстары жоқ болғанда, табиғи ылғалды топырақта тік қабырғалы қазаншұңқырлар мен орларды қабырғаларын нығайтусыз қазу жұмыстарын, үйілген құмды және ірі кесекті топырақта - 1,25 м аспайтын, балшықты топырақта және саз топырақта - 1,5 м аспайтын тереңдікте жүргізуге рұқсат етіледі.



Тығыз байланысқан топырақта тік қабырғалы орларды қабырғаларын нығайтусыз роторлы және ор қазғыш экскаваторлармен 3 м аспайтын терендікте қазуға рұқсат етіледі. Мұндай жағдайларда жұмыскерлерді ордың ішіне түсіруге рұқсат берілмейді. Орлардың адамдар болуы қажет жерлерінде бекіткіштер орнатылуға немесе құламалар жасалуға тиіс.

Қатқан топырақты (сусымалы топырақтан басқа) қату тереңдігіне бекіту орнатпай-ақ дайындауға болады.

306. Осы Қағидалардың 305-тармағында келтірілген шарттардан өзгеше шарттар жағдайында, қазаншұңқырлар мен орларды бекіткіштерсіз-ақ құламалар немесе барлық биіктігі бойынша тік қабырғалар арқылы дайындауға рұқсат етіледі.

307. Тереңдігі 3 м дейінгі қазаншұңқырлар мен орлардың бекіткіші, әдеттегідей, инвентарлы болуға және үлгі жобалар бойынша орындалуға тиіс.

308. Құламалары нығыздалмаған шұңқырларға (қазаншұңқырларға, орлар мен арықтарға) жақын жерге құрылыс машиналарын, автокөліктерді орналастыруға, олардың орнын ауыстыруға, жұмыс істеуге, жүк көтергіш шығырларды, құрал-жабдықты, материалдарды және т.б. орналастыруға, топырақтың опырылып құлау призмасынан тыс жұмыс жүргізу жобасы бекіткен қашықтықта немесе көлденеңі бойынша шұңқырдың құламасының табанынан жоғарыда көрсетілген машиналардың, құрал-жабдықтардың, шығырлардың, материалдардың және т.б. жақын тірек бөлшектеріне дейін осы Қағидалардың 10-қосымшасының 2-кестесінде келтірілген қашықтықтан кем қашықтықта ғана рұқсат етіледі.

 

 

Кәбілдер мен муфталарды ілу және бекіту



 

309. Ашық муфталар ор арқылы көлденең тасталған жұмыр ағаштарға сымдардың немесе арқансымның көмегімен ілінген тақтайға бекітілуге және қораппен жабылуға тиіс. Қораптың бір қабырғасы алынбалы болуға және шегесіз бекітілуге тиіс.

310. Кәбілдерді ілу үшін көршілес кәбілдер мен құбырларды пайдалануға рұқсат берілмейді.

311. Кәбілдерді жылжып кетпейтіндей етіп ілу керек.

312. Қазылып алынған кәбілдерді жауып тұратын қораптарға: «Тоқта! Кернеу» деген қауіпсіздік плакаты ілінеді.

 

 

Кәбілді кесу, муфталарды ашу



 

313. Кәбілді кесу немесе муфталарды ашу алдында жұмыстың жөнделуге тиісті кәбілде жүргізілетініне, ол кәбілдің токтан ажыратылғанына, оның екі жағынан жерге қосылғанына және қажетті техникалық шаралардың орындалғанына көз жеткізу керек.

314. Жөнделуге тиісті кәбілді анықтау жолдары:



1) кәбіл туннельде, коллекторда, арнада салынған болса - кәбіл жолы бойымен бақылай қарап шығу, сызбалар мен схемаларды жайып қойып салыстыра тексеру, биркалар бойынша тексеру;

2) кәбілді жерге салынған болса - оның орналасуын схемалар арқылы салынғаны бойынша салыстыра тексеру.

Бұл мақсатта алдын ала барлық кәбілдерді көруге мүмкіндік беретін бақылаушы ор (шурф) кәбілдерге көлденең қазылуға тиіс.

315. Кәбілдің көзге көрінетін ақауы жоқ болса, барлық жағдайда кәбілді кәбіл іздегіш аппаратпен анықтайды.

316. Кәбілді кесу немесе жалғағыш муфтаны ашу алдында кернеу жоқтығын оқшаулағыш штангадан және темір инеден немесе кескіш ұштамадан тұратын арнайы аспаппен тексеріп алу керек.

Бірнеше кәбіл салынған үңгіржолдарда, коллекторларда, құдықтарда, орларда және басқа да кәбіл құрылыстарында арнайы аспап қашықтан іске қосылатын болуы керек. Бұл аспап кәбілдің сыртқы орауын талсымдарға дейін тесіп өтіп, олардың өзара тұйықталуын және жерге қосылуын қамтамасыз етуге тиіс.

Кәбіл тесілген жерінде алдын-ала экранмен жабылуға тиіс.

317. Кәбілді тесу кезінде арнайы киім киіп, диэлектрлік қолғаптарды және бет пен көзді қорғайтын құралдарды пайдалану қажет, бұл кезде ордың үстінде тесіліп жатқан кәбілді мүмкіндігінше қашық және оқшаулағыш табан үстінде тұру қажет.



Кәбілді тесу жұмысын екі жұмыскер: рұқсат беруші мен жұмыс жүргізуші немесе жұмыс жүргізуші мен жұмыстарға жауапты басшы орындауға тиіс; олардың біреуі тікелей кәбілді теседі, ал екіншісі бақылау жасап тұрады.

318. Егер кәбілден бұлінуі нәтижесінде барлық ток өткізгіш талсымдар ашылатын болса, кернеу жоқтығын кәбілді теспей-ақ, тікелей кернеу көрсеткіші арқылы тексеруге болады.

319. Тескіш аспапты жерге қосу үшін жерге 0,5 м кем емес тереңдікте енгізілген жерге қосқышты немесе кәбіл сауытын пайдалануға болады. Жерге қосу өткізгішті сауытқа жалғау үшін қамыттарды пайдалану қажет; қамыт астындағы сауыт тазаланып сүртілген болуы керек.

Сауыт тотығуға ұшыраған жағдайда, жерге қосу өткізгішті кәбілдің металл қабығына жалғауға рұқсат етіледі.

320. Электр станциялары мен қосалқы станцияларда сызбаларды, биркаларды, кәбіл іздегіш аппаратты қолданып, кәбілдердің ұзындығы мен салу тәсілі арқылы жөнделуге тиісті кәбілді дәл анықтауға мүмкіндік болса, наряд берушінің шешімімен кәбілді кеспестен және муфталарды ашпастан бұрын кәбілді теспеуге болады.

321. Алдын ала тесу жасалмаған жағдайда, жалғағыш муфталарды ашу және кәбілді кесу жұмыстарын жеге тұйықтау құралы арқылы диэлектрлік қолғаптарды киіп, бет пен көзді қорғайтын құралдарды пайдалана отырып, оқшаулағыш табанда тұрып орындау қажет.

Алдын-ала тесу жұмысы жасалса, кәбілдегі сол жұмыстарды жоғарыда аталған қауіпсіздік шараларынсыз-ақ орындауға рұқсат етіледі.

 

 



Кәбіл массасын қыздыру және муфталарға құю

 

322. Муфталарға құйылатын кәбіл массасы қақпағы мен шүмегі бар арнайы металл ыдыста қыздырылуға тиіс.



Ішінде кәбілді массасы бар, қақпағы ашылмаған банканы қыздыруға рұқсат берілмейді.

323. Муфталарға кәбіл массасын құю бойынша жұмыс арнайы киім, брезент қолғаптар және қорғаныс көзілдірігін кию арқылы орындалады.

324. Дәнекерді қыздыру, түсіру және тасымалдау жұмыстарын брезент қолғаптар мен сақтандырғыш көзілдіріктер киіп орындау қажет. Дәнекер немесе масса құйылған ыдысты бір қолдан екінші қолға беруге рұқсат берілмейді, тасымалдау үшін алдымен ыдысты жерге қою қажет.

Муфталарға құюға арналған балқытылған дәнекер мен қыздырылған қоспаны карабиннің көмегімен металл сымға ілінген арнайы жабық ыдысқа құйып, содан кейін құдыққа түсіру қажет.

325. Балқытылған массаны металдан істелінген араластырғышпен араластыру керек, ал балқытылған дәнекердің бетіндегі күйені құрғақ металл ожаумен алып тастау керек. Араластырғыш пен ожауды қолданар алдында қыздырып алу керек. Ыстық масса мен дәнекерге ылғал түспеуге тиіс.

326. Жылдың суық мезгілдерінде жалғаушы және шеткі муфталарға ыстық қоспа құймастан бұрын, оларды қыздырып алу қажет.

327. Кәбіл массасын кәбіл құдықтарында, үңгіржолдарда, кәбіл құрылыстарында қыздыруға рұқсат берілмейді.

 

 

Кәбілді салу және қайта салу, кәбіл муфталарын тасымалдау



 

328. Кәбілді барабанды домалатқанда, оны шығыңқы жерлері киімді кей жерлерінен іліп кетпеуі үшін шаралар қолданылуы керек.

Барабанды домалату бойынша жүргізілетін жұмыстың алдында кәбілдің ұштарын бекіту және барабаннан шығып тұрған шегелерді суырып тастау қажет.

Кәбілді барабанды қатты топырақтың үстіне көлденең салынған тегіс беттің бойымен немесе тежегіш құрылғысы бар төсемнің бетімен домалатуға болады.

329. Кәбілді қолмен салғанда жұмыскерлердің саны былай анықталады: әрбір ер адамға массасы 35 кг аспайтын, ал әйелдер үшін 15 кг массасы бар кәбіл учаскесі бөлінуге тиіс. Жұмыс брезент қолғап киіп орындалады.

330. Кәбіл салу кезінде бұрылыстың ішкі бұрыштарында тұруға, сондай-ақ жол бұрылыстарында кабільді қолмен көтеріп ұстап тұруға рұқсат берілмейді. Мұндай мақсатта бұрыштық роликтер орнатылуға тиіс.

331. Кәбілді электр тогымен қыздырғанда кернеуі 380 В жоғары трансформаторды қолдануға рұқсат берілмейді.

332. Кәбілдерді қайта салу және муфталарды тасымалдау жұмысы кәбілді ажыратқаннан кейін орындалады. Кернеу беріліп тұрған кәбілдерді ауыстыруға төмендегі жағдайларда рұқсат етіледі:

1) қайта салынатын кәбілдің температурасы 5оС кем болмауы тиіс;

2) кәбілдің қайта салынатын учаскесіндегі муфталар, қамыттар арқылы тақтайларға бекітілуге тиіс;

3) жұмыс істеу үшін диэлектрлік қолғапты пайдалану керек, механикалық бүлінулерден қорғау үшін оның сыртынан брезент қолғап кию қажет;

4) жұмысты кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында V топтағы жұмысқа жауапты басшының, кернеуі 1000 В дейінгі электр қоңдырғыларында IV топтағы жұмыс жүргізушінің бақылауымен кәбіл салу жұмысында тәжірибесі бар жұмыскерлер орындауға тиіс.

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет