Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы №1353 Қаулысы «Электр энергетикасы туралы»



бет6/14
Дата12.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#130609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
17. Электролизді қондырғылар

 

210. Осы бөлім тұздарды еріту, су ерітінділері электролизінің өндірістік қондырғыларында, түрлендіргіш қосалқы станцияларының шиналарында түзетілген ток кернеуі бар гальвандық жабын қондырғыларында немесе 1000 В дейінгі электролиздер (ванналар) серияларында, оларда жедел ток ауыстыру, жөндеу, құрастырып жинау, ретке келтіру жұмыстары мен сынақтарын орындайтын, ұйымдастыратын электртехникалық және электртехнологиялық персоналға арналады.

211. Электролизді қондырғыларды пайдаланған кезде қызмет етуші персонал электр қондырғыларында қызмет ету кезінде осы Қағидалардың негізгі талаптарын, осы тараудың тиісті тармақтарымен өзгертілмеген шамада, басшылыққа алады.

212. Электролиздерде тікелей қызмет ететін электр технологиялық персоналдың электр қаупсіздігі бойынша II топтан төмен болмауы талап етіледі. Электролизді қондырғылардағы жұмыстарды тікелей ұйымдастыратын инженерлік-техникалық жұмыскерлердің біліктілік тобы бағынышты жұмыскерлердің біліктілік тобынан төмен болмайды, яғни электр қауіпсіздігі бойынша III топтан кем болмайды.

213. Түзетілген токтың шина өткізгіштерін жөндеу, шунттау, электролиздер сериясынан, электролиздік ванналар және олардың бұғаттаудан шығару, электролиздердің (ванналардың) оқшауламасын тазалау, кернеуді түсіру және шиналарды жерге қосу жұмыстарынан кейін жүргізіледі. Үрдістің үздіксіздік шарттары бойынша және қалдық кернеу әлі бар кезде жұмыстарды кернеуді түсіріп жүргізу мүмкін болмаса, ал электрден қорғау үшін негізгі және қосымша қорғаныс құралдарын қажетті көлемде пайдалану және электр тоғынан жарақаттану мүмкіндігін болдырмау шараларын сақтаған жағдайда, аталған жұмыстарды кернеу беріліп тұрғанда орындауға рұқсат етіледі.

Кернеу беріліп тұрғанда аталған жұмыстар наряд-рұқсаттама бойынша жүргізіледі. Жұмыс жүргізушінің электр қауіпсіздік тобы IV топтан кем болмауы тиіс.

214. Электролиз серияларынан ток жүктемесін түсірудің барлық мерзімі ішінде электролиз залдарында және түрлендіргіш қосалқы станциялардағы барлық жұмыстар жүктеме сериялары кезіндегі жұмыстарға қатысты сақтандыру шараларын сақтай отырып жүргізіледі.

215. Электролиз қондырғыларында, сондай-ақ су ерітінділері электролиздерінде қызмет көрсететін персонал электрден қорғау құралдарын (диэлектрлік қолғаптар мен диэлектрлік етіктерді) қолданады, - оларды қолдану еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулықтар арқылы реттеледі.

216. Электролиз залдары мен жертөлелерінде кернеуі 12 В аспайтын тасымалды электр шамдарын пайдалануға рұқсат етіледі. Шамдар тұрақты орнатылған 12 В желі розеткасынан қоректенеді.

217. Электролиз ванналарының (электролизерлер) параллель қатарларында жұмыс жүргізген кезде персоналға бір-бірлеріне немесе қызмет етілетін жол бойындағы персоналға аспаптарды, құрал-саймандарды және кез келген басқа заттарды беруге, сондай-ақ көпірлі кран немесе тельфер ілмектерінің арқансым аспасына жанасуға рұқсат берілмейді.

218. Құрастыру және жөндеу жұмыстарына ағаштарды, төсеме тақтайларды және тасымалды сатыларды пайдаланған кезде жұмыс істеп жатқандардың электр тоғынан жарақаттануын болдырмайтын, қауіпсіздік шаралары көзделеді.

219. Электролиз қондырғыларында немесе оларға жақын маңда кернеу түсірілмей немесе электр қозғағыш күштің қалдығы бар кезде электр техникалық емес персонал жүргізген жұмыстар, электр қауіпсіздігі бойынша тобы III топтан төмен емес электр техникалық персоналдың бақылауымен орындалады.

220. Электролиз корпусын «жер» әлеуетінің басып қалуын болдырмау үшін металл қорғанысы немесе армировкасы бар қысылған ауаны немесе суды келтіру үшін пайдалануға тыйым салынады.

221. Электролиз залдарында дәнекерлеп пісіру осы электролиз өндірісінің (балқыту немесе су ерітінделері электролизі) өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, әзірленген және кәсіпорын басшылығы бекіткен нұсқаулықтар сәйкес жүргізіледі.

222. Әрбір дәнекерлеп пісіру агрегатынан оның қуат күшіне қарамастан бір мезгілде бір ғана дәнекерлеушіге жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Корпустарды жерге қосуға және дәнекерлеу трансформаторының екінші реттік орамаларын шығаруға рұқсат берілмейді. Дәнекерлеп пісіру трансформаторы оқшаулағыш табанға орнатылады және диэлектрлік материалдардан істелінген қаптамамен жабылады.



Тік және кері дәнекерлегіш сымдар ретінде оқшауламасы жарамды иілмелі өңешті кәбіл қолданылады.

Дәнекерлегіш сымдардың жалғанатын немесе оларды оқшаулайтын қабықтардың бүлінген жерлеріндегі оқшауламаның сапасы зауытта жасалынатын өңешті кәбілдер оқшаулағыштарының сапасынан төмен болмайтындай орындауды талап етіледі.

Дәнекерлегіш сымдардың жарамдылығын аспаппен тексеру мерзімді жергілікті нұсқаулыққа сәйкес, ал сырттай тексеру - дәнекерлеу жұмыстарының басталар алдында жүргізіледі.

Кәбілдердің оқшауламасы жарамсыз болса, дәнекерлеп пісіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.

223. Дәнекерлеп пісіру жұмыстарын жабық металл ыдыстарда, құдықтарда, пеш көмейінде, газ жолдарында және ылғалдылығы жоғары жерлерде жүргізуге арналған электр дәнекерлегіш агрегаттар бос жүріс кернеуін автоматты ажырату құралдарымен жабдықталады немесе оның мөлшері 0,5 сек. уақыт ішінде 12 В дейін төмендетілуі тиіс.

224. Жергілікті нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асыралатын электролиз корпусындағы оқшауламаның жағдайда жүйелік бақылау орнатылады.

Электролиз қондырғыларын тексеру, ауысымда кемінде 1 реттен кем емес, кезекші технологиялық персоналмен жүргізіледі. Тексеру кезінде:

1) ток өткізгіш заттардың немесе тұз кристалдарының жерге тұйықталмағанына;

2) оқшаулағыштың, оқшаулағыш бөлшектердің, оқшаулағыш тігістердің бүтіндігіне және оларда ток өткізгіш ластардың жоқтығына;

3) серияның екі шетіндегі жерге қатысты әлеуеттерінің біркелкі таратылмауына көз жеткізу қажет.

Оқшауламаның табылған ақауларын тез арада жою қажет.

225. Машинисттің көпірлі кранның кабинасынан түсетін авариялық баспалдағы оқшаулағыш материалдардан немесе бір мезгілде екі оқшаулағыш үзіктерді адам денесімен жабуға келмейтіндей, оның екіден кем емес оқшаулағыш салғысымен орнатылады.

226. Персоналдың металдарды, ұнтақтарды сұрыптау немесе қорытпаны құю жұмыстары жүргізілетін электролиздер аймағындағы тұздарды еріту электролизі залының жертөлесінде болуына тыйым салынады.

227. Электролиздерді кептіру және қыздыру (электролиздерді айнымалы токпен қоректендіру) трансформаторлары міндетті түрде қоршалады, ал трансформатордағы барлық ауыстырып қосылуды электротехникалық персоналмен ажыратылған кернеумен орындайды.

228. Су жеткізетін өңештерді, сондай-ақ дәнекерлеу кәбілдерін электролиздердің, ұсақтағыштың үстіңгі жағына орналастыруға тыйым салынады.

229. Электролиздер ұсақтағыштардың түйіспелерін бақылау және созу, сондай-ақ, оқшауламаны тазалауға бригада құрамы екі адамнан тұратын арнайы үйретілген электртехнологиялық персонал орындауға тиіс.



Тұздарды еріту электролизі залының жертөлесінде жұмыстар жүргізген кезде, бригада мүшелерінің өздерімен бірге газдан қорғайтын аспаптардың (противогаз) және аккумуляторлық қол шамдарының болуы талап етіледі.

 

 



18. Коммутациялық аппараттар

 

230. Коммутациялық аппараттағы жұмысқа рұқсаттама осы Қағидаларда көзделген және жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, коммутациялық аппараттың қателікпен іске қосылып кетуіне тосқауыл болатын іс-шараларды қоса алғанда, техникалық іс-шараларды орындағаннан кейін беріледі.

231. Жұмыс күйіндегі қысымда тұрған ашық ауадағы ажыратқышқа көтерілуге келтіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін немесе сынақтар кезінде рұқсат етіледі. Токтан ажыратылған ашық ауадағы жұмыс күйіндегі қысымда тұрған ажыратқышқа ауа толтырылған бөлектегішпен көтерілуге барлық жағдайда рұқсат берілмейді.

232. Сынақ жүргізу немесе ретке келтіру үшін ауадағы ажыратқышқа көтерілмес бұрын:



1) басқару тізбектерін ажырату;

2) жергілікті басқару батырмаларын немесе іске қосқыш клапандарды арнайы бітеуіштерді орнату жолымен немесе шкафтарды жауып, ажыратқыштың қасына, ажыратқышпен жұмыс істеуге (жедел ток берілгеннен кейін) жұмыс жүргізушінің нұсқауы бойынша белгілі бір жұмыскерге рұқсат беретін бригаданың нұсқау алған мүшесін қою қажет. Жұмыскерлердің қысымда тұрған ауадағы ажыратқыштың болған кезде басқару шкафтарындағы және тарату шкафтарындағы барлық жұмыстарда тоқтату қажет. Жұмыс істеп тұрған қосалқы станциялардың кернеуі 220 кВ және одан жоғары ажыратқыштың шықпалары әсерден пайда болған кернеуді түсіру үшін жерге қосылады.

233. Ауа жинағыштардың ішінде адамдардың болуымен байланысты жұмыстарға рұқсат берудің алдында:



1) ауа берілуі мүмкін барлық ауа өткізгіштердің ысырмаларын жабу, олардың жетектерін (тұтқаларын) құлпы бар шынжырға байлау және ысырмалардың жетектеріне: «Ашпа! Адамдар жұмыс істеп жатыр» деген плакаттарды ілу;

2) дренажды вентильді, тығынды немесе ысырманы ашық қалдырып, артық қысым астындағы ауаны ауа жинағыштардан шығару;

3) ауа жинағыштардан ауа өткізгіштерді ажыратып, оларға бітегіштер орнату қажет.

234. Ажыратқыштар мен ауа жинағыштардағы манометрлердің нөлдік көрсетулері қысылған ауа қысымының жоқтығына нақты дәлел болып табылмайды.



Ауа жинағыштардың люктері мен газдардың қақпақтарындағы бұрандалар мен сомындарды бұрап шығарар алдыңда жұмыс жүргізуші қысылған ауаның шын мәнінде жоқтығын анықтау мақсатында төмен түсіргіш ысырмалардың, тығындардың немесе клапандардың ашық күйде тұрғандарына көз жеткізуі тиіс.

Түсіргіш ысырмаларды, тығындарды (клапандар) жабуға люктердің қақпақтарын бекітетін барлық бұрандалар мен сомындар бұрап кіргізілгеннен кейін ғана рұқсат беріледі.

235. Байқап керу, ретке келтіру және сынау кезінде әуе ажыратқыштарды токтан ажырату және қосу уақытында жұмыскерлердің ажыратқыштарға жақын тұруына жол берілмейді.



Ажыратқыштармен операцияларды орындауға бұйрықты жұмыс жүргізуші бригада мүшелері ажыратқыштан қауіпсіз жерге немесе панаға шеттетілгеннен кейін беріледі.

236. Коммутациялық аппаратты, оны ретке келтіру және реттеу кезінде сынау мақсатында қосу және ажырату үшін нарядты тапсырмай, жедел ток тізбектеріне, жетектің ток беретін тізбектеріне уақытша кернеу беруге сондай-ақ ажыратқыштарға ауа жіберуге рұқсат етіледі.



Жедел токтың алынған сақтандырғыштарын орнатуда, ажыратылған автоматтарды қосуды және ауа жіберу үшін ысырмаларды ашуды, сондай-ақ сынақ жүргізу уақытында қауіпсіздік плакаттарын алып тастауда жедел персонал жүзеге асырады.

Коммутациялық аппаратты сынау бойынша операцияны орындауға осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген нарядтың «Жеке нұсқаулар» жолындағы жазбамен расталған, нарядты берушінің рұқсаты болған кезде жұмыс жүргізушіге немесе жұмыс жүргізушінің талабы бойынша жедел персоналға рұқсат беріледі.

Сынақтан кейін коммутациялық аппаратта жұмыс жалғастыру қажет болса, жедел персонал бригаданың жұмысқа баруына рұқсаттама беруші талап ететін техникалық іс-шараларды орындайды.

Жергілікті жедел персоналы жоқ электр қондырғыларда жұмыс орнын дайындау үшін және коммутациялық аппаратты сынақтан өткізгеннен кейін жұмыс жүргізушіге қайтадан рұқсат беру талап етілмейді.

 

 



19. Жинақтық тарату құрылғылары

 

237. Арба жабдығында немесе ЖТҚ шкафының бір кесігінде жұмыс кезінде жабдығы бар арбаны жөндеу қалпына домалатып шығару қажет, ток өткізгіш бөліктері кернеуде қалған кесіктің пердесін құлыпқа жауып, қауіпсіздік «Тоқта! Кернеу» плакаты ілу қажет; арбада немесе жұмыс орындалатын кесікте «Осы жерде жұмыс істе» деген плакатты ілу қажет.

238. ЖТҚ-дан тыс жұмыстарда, оған қосылып тұрған қондырғыларда немесе кері кететін ӘЖ және КЖ-де ажыратқышы бар арбаны шкафтан жөндеу қалпына домалатып шығару қажет; пердені немесе есіктерді құлыпқа жауып, оларға «Қоспа! Адамдар жұмыс істеп жатыр» немесе «Қоспа! Желіде жұмыс жүріп жатыр» деген плакаттар ілу қажет. Бұл ретте арбаны орнату рұқсат етіледі:

1) ажыратқышы бар арба мен жерге қосқыш пышақтар арасында бұғаттау болған кезде осы пышақтарды қосқаннан кейін қадағалау қалпына;

2) ЖТҚ-ның шкафтарында жерге қосқыш пышақтар немесе мұндай бұғаттау болмаған кезде оны құлыпқа жабу шартымен қадағалау және жөндеудің аралық қалпына.

Аралық қалыптағы арбаны қосылымда жерге қосу құралдарының бар немесе жоқтығына қарамастан орнатуға жол береді.

Жылжып кететін ӘЖ-де жұмыс істеуінде, ЖТҚ шкафына жерге қосу құралын орнату кезінде осы Қағидалардың 156-тармағында көзделген талаптарды ескеру қажет.

239. Ток беретін сақтандырғышта ЖТҚ-ның итеріп жылжытылған арбаларындағы операцияларды кернеу беріліп тұрғанда бірақ жүктемесіз орындалуға рұқсат етіледі.

240. Ажыратқышы бар арбаны сынақтан өткізу және басқару мен қорғау тізбектерінде жұмыс істеу үшін бақылау қалыптарында орнатуға, ЖТҚ-дан тыс, жылжып кететін ӘЖ-де және КЖ-де немесе оларға қосылған жабдықта, электр қозғалтқыштарымен жалғанған механизмдерді қосқанда, жұмыстар жүргізілмеген немесе ЖТҚ шкафында жерге тұйықтау жұмысы орындалған жағдайда рұқсат етіледі.

241. Вакуумды ажыратқыштармен жабдықталған ТҚ-да амплитудалық шегінің мәні 20 кВ астам болатын кернеу жоғары доға сөндіргіш камераларды сынау, пайда болатын рентген сәулелерінен персоналды қорғау үшін арнайы экранды пайдаланып орындау қажет.

 

 

20. Діңгекті (бағаналы) ТҚС және ЖТҚС



 

242. Діңгекті және бағаналы ТҚС және ЖТҚС жабдығында кернеуі 1000 В жоғары қоректендіруші желілерді токтан ажыратпай жұмыс кезінде, алаңда түрегеп тұрып орындауға болатын тексеру және жөндеу жұмыстарына, кернеуде тұрған ток өткізгіш бөліктерге дейін осы Қағидаларға 10-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген аралықтық сақтаған жағдайда, - рұқсат етіледі. Егер бұл аралық рұқсат етілгеннен кем болса, онда жұмыс кернеуі 1000 В жоғары ток өткізгіш бөліктерді ажыратқан және жерге қосқан кезде жүргізіледі.

243. Киоск үлгісіндегі діңгекті ТҚС және ЖТҚС жұмыстарға рұқсаттама - желіде кернеудің бар немесе жоқтығына қарамастан, алдымен кернеулігі 1000 В дейінгі коммутациялық аппараттарды, содан кейін кернеуі 1000 В жоғары желілік ажыратқыштарды айырғаннан және қосалқы станцияның ток өткізгіш бөліктеріне жерге қосу құралдары салынған бойда береді. Егер кернеуді 380/220 В жағынан беру мүмкін болса, онда бұл кернеудің желілері қарама-қарсы қоректендіру жағынан ажыратады, олардың қателікпен немесе өздігінен қосылып кетуіне қарсы шаралар қабылдануға, ал қосалқы станцияларда осы желілерге, коммутация аппараттарына дейін жерге қосу құралы салынады.

244. Діңгекті трасформаторлық қосалқы станцияларда, ауыстырып қосу пункттерінде және қоршаулары жоқ басқа құрылғыларда айырғыштардың, жүктеме ажыратқыштардың жетектері, кернеуі 1000 В жоғары шкафтар және кернеуі 1000 В дейінгі қалқандар құлыппен жабылады.

Орнықты сатылар қызмет көрсету алаңында ажыратқыштармен бұғатталады және құлыппен жабылады.

 

 



21. Ток беретін трансформаторлар, майлы шунттағыш және доға сөндіргіш реакторлар

 

245. Тұтынушылардың жұмыс істеп тұрған электр қондырғыларындағы трансформаторларда жұмыс жүргізу кезінде жұмыс жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар орындалады.

246. Трансформатор багына көтеріп шығаруға байланысты трасформатордағы және металл конструкцияларда орналастырылған құрғақ реакторлардағы жұмыстар биіктікте орындалатын жұмыстарға (жер бетінен 1 м және одан артық биіктіктегі жұмыстар) жатады. Бұл жұмыстарды жүргізу кезінде жұмыс істеушілердің биіктіктен құлап кетуін болдырмау шаралары қабылданады.

247. Трансформатор бактарының ішінде жұмыс істеу үшін арнайы дайыңдықтан өткен, жұмысшылар мен мұндай жұмыстарды жүргізу технологиясымен таныс мамандарға рұқсат беріледі.



Бак ішіндегі жұмыстарды қорғағыш қасқаны, қолғаптар мен резеңке етіктер киіп орындайды.

248. Трансформатор багы ішіндегі жұмыс кезінде жарықты қамтамасыз ету кернеуі 12 В аспайтын, қорғаныс торы бар, зауыттан шыққан тасымалды шамдар немесе аккумуляторлы қолшамдар арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте тасымалды шамның бөлгіш трансформаторы бактан тыс орнатылады.

249. Трансформатор майын қайта өңдеу, оны құрғату, тазалау, газсыздандыру бойынша жұмыстарды қорғағыш киімдер мен аяқ киім киіп орындалады.

250. Майсыз тасымалданатын және азотпен толтырылған трансформатор багына адамдар кірмес бұрын, азотты шығару шараларын қабылдау қажет.



Азотты шығару мыналар:

1) трансформатор багына төменгі ысырма арқылы азот толық ығыстырылып шыққанға дейін май құю (май бұл ретте нормаға сәйкес болады);

2) трансформатор багын 13 кПа (100 мм рт. ст.), одан кейін құрғатылған ауа немесе құрғақ селикагель толтырылған ауа құрғатқыш арқылы өткізілетін ауаны жіберу жолымен жүргізіледі. Селикагель салмағы 5 кг кем болмауы тиіс. Бұл тәсіл көлік жағдайында терең вакуумдауға шыдайтын бак үшін қолданылады;

3) бакты құрғақ таза ауа үрлеп желдету немесе ашық тұрған жоғарғы және төменгі люктерді өздігінен желдетілуі жолымен шығарады. Бұл ретте трансформатор оқшауламасының дымқылдануын болдырмау үшін трансформаторға қолданылып жүрген басты техникалық материалдар бойынша саңылау жасау шарттары орындалады.

251. Трансформатор багы ішінде жұмыс жүргізіп жатқан адамдарға үздіксіз бақылау орнату қажет.



Трансформатор ішіндегі адамдардың жай-күйі мен әрекеттерін бақылау үшін, аз дегенде бір жұмыскер тағайындалады, ол кіретін люк қасында болады, ұдайы жұмыс істеп жатқандармен байланыс жасап тұруға міндетті. Трансформатор ішінде жұмыс істеу кезінде жұмыскер аспа баулы сақтандырғыш белбеуі бар арқанмен және қажет болғанда, өңешті газтұтқышпен қамтамасыз етіледі.

252. Бакқа құрғатылған ауа жіберіп, трансформаторға саңылау жасау кезінде мынадай талаптарды орындау қажет:



1) бак ішіндегі жұмыстарды қоршаған ортаның температурасына сәйкес киімдер киіп орындау;

2) адамдардың бак ішінде тәулік бойынша 4 сағаттан, ал айына 20 сағаттан артық уақыт болуына рұқсат бермеу;

3) қысым түсіп тұрған қондырғыларда жұмыс істеуге рұқсат беретін куәлігі жоқ адамдарға компрессормен жұмыс істеуге рұқсат бермеу;

4) цеолиттерді кептіргенде ауа шығатын жерлерді қоршау, себебі оның температурасы 300оС асып кетуі мүмкін.

253. Су буларын тор көмегімен қатыру жұмыстарында мынадай сақтандыру шаралары сақталуы қажет:



1) көмірқышқыл газының тордан еркін шығуын қамтамасыз ету. Жабық үй-жайда жұмыс жүргізгенде, көмірқышқыл газы мен ацетон буын шығару үшін торды сорғыш желдеткішпен жабдықтау;

2) отқа қауіпті жұмыстарды жүргізбеу және торға жақын маңда ашық отты пайдаланбау;

3) ацетонды өрттен қауіпсіз, трансформатордан аулақ жерде сақтау;

4) құрғақ мұзбен (қатты қос қышқылды көміртегі) жұмыс істегенде, көзілдірік және қолғап кию керек. Құрғақ мұзды үлкен емес, 5 кг көлеміндегі кесектермен толтыру.

254. Құрастыру жұмыстарын жүргізгенде, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айрықша көңіл болу қажет.



Өртке қарсы іс-шараларды әзірлеу барысында трансформаторлардың өртке қауіпті жабдық екенін басшылыққа алу қажет, өйткені трансформатор майы және трансформаторлардың май сіңген оқшауламасы жаңғыш материал болып табылады және өртке қауіпті жұмыстар жүргізу (дәнекерлеу, қыздыру, кептіру) кезінде тұтанып кетуі мүмкін.

255. Трансформаторларды құрастыру және жөндеу кезінде мынадай сақтандыру шараларын орындау қажет:



1) құрастыру алаңын жеткілікті мөлшерде өрт сөндіру құралдарымен және сенімді телефон байланысымен жабдықтау;

2) өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдарды тағайындау;

3) отқа қауіпті жұмыстарды жүргізген барлық уақытта өрт қауіпсіздігіне тұрақты түрде бақылау ұйымдастыру;

4) трансформатор багында дәнекерлеу жұмыстарын, май буларының тұтанып кетуін болдырмау үшін, дәнекерленетін жерден 200-250 мм биік деңгейге дейін май кұйғаннан кейін орындау.

256. Трансформаторды маймен толтыру (немесе майды ағызу) кезінде ораманың шықпаларын және бакты (трансформаторда электростатикалық зарядтардың пайда болуын болдырмау жол бермеу үшін) жерге тұйықтау қажет.

257. Трансформаторлардың биік орналасқан (3 м және жоғары) элементтерін тексеру және техникалық қызмет көрсету сүйегіштері және үстіңгі жағында алаңдары бар орнықты сатыларға шығып орындалады.

 

 



22. Токтың өлшегіш трансформаторлары

 

258. Құрастыру және дәнекерлеу жұмыстарында ток трансформаторларының бірінші реттік орама тізбектерінде шиналарды ток өткізгіш ретінде пайдалануға тыйым салынады.

259. Екінші реттік тізбектердің, электр өлшегіш аспаптардың, релелік қорғаныс және электр автоматты монтаждау аяқталғаннан кейін біткенге дейін ток трансформаторларының екінші реттік орамалары қысқа тұйықталады.

260. Екінші реттік орамалардың қарама-қарсылығын тексеру кезінде қарама-қарсылықты көрсететін аспап ток трансформаторларының бірінші реттік орамасына импульс бергенге дейін екінші реттік қысқыштарға жалғанады.

 

 

23. Электр қазандар



 

261. Токқа қосылған электр қазандардың құбырларында қорғаныстық жерге тұйықтау құралын бұзатын жұмыстарды орындауға тыйым салынады.

262. Құбырларды ажыратуға байланысты жұмыстарды орындау алдында (ысырманы, құбыр учаскесін ауыстыру) электр дәнекерлегіштің көмегімен құбырдың ажыратылатын бөліктерін сенімді жалғап алу керек. Үзілген жерлерді байпаспен айнала қоршағанда мұндай қосылым талап етілмейді.

263. Оқшауланған корпусты электр қазанның қаптамасы құлыппен жабылады. Қаптаманы ашуға қазаннан кернеу түсірілгеннен кейін ғана рұқсат беріледі.

264. Жұмыстық қысым 0.07 мПа жоғары электр бу қазандары және су жылыту температурасы 115оС жоғары су жылытқыш қазандар қолданыстағы «Электродтық қазандар мен электр қазандықтарының құрылысы және қауіпсіз пайдалану қағидаларының» талаптарына сәйкес пайдаланылады.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет