Тағайындау- назначать
Ел аузында- на устах народа
Нақыл сөз- слова назидания
Тарау- распространяться
Бағыну- подчиняться
Үлес қосу- вносить вклад
Ат салысу- поддерживать, помогать
Толғау- стихотворение, размышление
Іс қағаздары туралы. Іс қағаздарының стилі. Хабарландыру.
Іс қағаздарымен жұмыс
Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекет болғаннан бері 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заң қабылданды, 1998 жылы 5 қазанда «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді.
Ресми іс қағаздары термині мекемелер мен ұйымдардың басқару қызметін құжаттау, құжаттарды ұйымдастыру дегенді білдіреді. Ресми іс қағаздарының түрлері өте мол. Мәселен, мекемені, ұйымды басқару, яғни әкімшілік мәселелеріне қатысты ресми құжаттардың (өтініш, бұйрық, мінездеме, тіркеу карточкасы, кадрлар, жөніндегі іс парағы т.б.), Басқару қызметі жөніндегі нормативтік, бұйрықшы-жарлықшы құжаттардың (жарлық, қарулы, ереже, заң т.б.), сондай-ақ жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін құжаттардың (сенімхат, қолхат, кепілхат, шарт, келісім, т.б.) түрлері сан алуан. Бұлар күнделікті еңбек қарым-қатынасында жиі кездесіп отыратын нұсқалар.
Ресми құжаттарға төмендегідей талаптар қойылады:
мазмұны қысқа әрі тұжырымды түрде баяндалу керек;
тұжырымдар дәл, нақты болуы тиіс;
сөздер мен терминдер нақты өз мағынасында пайдаланылуы керек;
терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігін сақтау қажет;
қазіргі әдеби тілдің нормасында көнерген сөздер, сирек қолданыстағы сөздер, бір қолданыстағы сөздер болып саналатын лексикалық элементтер, сондай-ақ бейнелі образды фразеологизмдер, қарапайым лексикаға тән тұлғалар, ауызекі сөйлеу стилінің тілдік элементтері қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы осы талаптарға сай іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізе білгені жөн болар еді.
Енді құжаттарды ұқсастықтар мен айырмашылықтарына қарай топтастырып өтейік:
Достарыңызбен бөлісу: |