Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Қазыбек би
Сөйлемдегі қызметі бірдей, бір ғана сұраққа жауап беретін мүшелерді бірыңғай мүшелер дейміз.
Мысалы: 1. Ормандағы қарағай, терек, қайың гүлдене бастады. 2. ол дәптерін, қаламын, кітабын алып, мектепке келді.
Бірінші сөйлемдегі қарағай, терек, қайың деген сөздер нелер гүлдене бастады? деген сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бірыңғай юастауыштары болып тұр. Екінші сөйлемде дәптерін, қаламын, кітабын деген сөздер нелерін алып? деген бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бірыңғай толықтауыштары болып тұр.
Сөйлемде баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш та бірыңғай мүше бола алады.
Тақырып бойынша жаттығу жұмысы. Оқып шығып, бірыңғай мүшелерді тауып, сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын айтыңдар.
1.Туған жеріңді, еліңді, мектебіңді, оқытушыңды, партаңды сүй.2. Мынау тастар Жезқазған, Алтай, Алатау, Қаратау кендерінен табылан.3. Бұғыбай – көрікті, ашық, ақ жарған, ақ көңіл жігіт.4. Көл бетінде су құстары: үйрек, қаз, аққу, бірқазандар жүр. 5. Халық болған соң, өзіндік тарихы, тілі, мәдениеті, дәстүрі болуы шарт. 6. Болат Алматыда көргенін әрі мазмұнды, әрі қызықты етіп айтып берді. 7. Көктемде ауылдың жанындағы көлге үйрек, қаз және аққу ұшып келеді.
Қазыбек би
(1667-1764)
Қазыбек би Келдібекұлы – XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақтың атақты биі.Руы-Арғын ішіндегі Қаракесек.Орта жүзге Қазыбек биді Тәуке хан тағайындаған.Ол “Жеті жарғыны” жасауға қатысқан. Қазыбек би қазақ хандарының ішкі және сыртқы саясатына едәуір ықпал жасап отырған.Ол жоңғар басқыншылығына қарсы халық күресін ұйымдастырушылардың бірі болды.Қазыбек би ел арасында “Қаз дауысты Қазыбек би” атанған.
XVIII ғасырдың 40-шы жылдарында Абылай хан жоңғарлардың тұтқынына түскенде, оны босатып алуға белсене араласты.Цин империясы Қазыбек биді өз жағына тарту мақсатымен елшілермен бірге көп сыйлықтар жіберген, бірақ ол Қытай қоластына бағынуға қарсылық білдірді. Абылай ханды Цин империясымен тығыз қарым-қатынас жасамауға кеңес берді.
Сонымен, Қаз дауысты Қазыбек би – ең алдымен, асқан шешен, ақын; екіншіден, ел басқарған, дау-жанжалды әділ шешкен әділ қазы; үшіншіден,ол – халықаралық дәрежедегі дипломат, қоғам қайраткері.
Міне, сондықтан халқымыз оған ескерткіш тұрғызып, оның атына көшелер беруде.
Достарыңызбен бөлісу: |