Тулаганов Анвар Балтабаевич мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қол жетімділігінің нысаналы көрсеткіштерін басқару 6D051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару Phd докторы дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



бет16/24
Дата19.05.2022
өлшемі0.57 Mb.
#457682
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
Ануар - диссертация откорректированная

6. «Миссионерлер мен заңды тұлға белгілері жоқ шағын діни топтарға есептік тіркеу және қайта тіркеу жүргізу» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету.
Аталған мемлекеттік қызмет көрсету «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңы негізінде жүзеге асырылады.
Бұл қызметті көрсету рәсімінің мерзімі 6 жұмыс күнін құрайды. Құжаттарды қабылдау мен куәлікті беруге 1 жұмыс күні кетеді. Қалған 5 жұмыс күні уәкілетті органның қызметкеріне құжаттардың толықтығы мен заңнамаға сәйкестігін тексеруге және куәлікті (анықтама) әзірлеуге беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін оңтайландыру мақсатында осы рәсімді 2 жұмыс күніне дейін қысқартуға болады деп есептейміз.
7. Авторлық құқық және сабақтас құқықтармен қорғалатын шығармалар құқығын мемлекеттік тіркеу» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету.
Аталған мемлекеттік қызметті көрсету «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы Заңы негізінде жүзеге асырылады.
Бұл қызметті көрсету рәсімінің мерзімі 17 жұмыс күнін құрайды. Оның 4 жұмыс күні құжатты кеңседен қызметкердің орындауына жеткізу үшін жұмсалады, қалған 10 жұмыс күні ішінде қызметкер құжаттың заңнамаға сәйкестігін теңсеріп, оң шешім қабылданған жағдайда куәліктің жобасын әзірлейді. Содан кейін 3 жұмыс күні ішінде куәлікке уәкілетті органның басшысы қол қойып, ол кеңсе арқылы тұтынушыға беріледі.
Осы қызметті көрсетті көрсету бойынша қызметкердің куәлікті әзірлеу мерзімін 3 жұмыс күніне дейін қысқарту қажет. Сонымен бірге, құжаттардың кеңседен атқарушыға дейін жеткізілу мерзімін де қысқартуға болар еді.
8. «Шығармалар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға жасалған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу».
Аталған мемлекеттік қызметті көрсету «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы Заңы негізінде жүзеге асырылады.
Бұл қызметті көрсету рәсімінің мерзімі 17 жұмыс күнін құрайды. Оның 4 жұмыс күні тағы да құжатты кеңседен қызметкердің орындауына жеткізу үшін жұмсалады, қалған 10 жұмыс күні ішінде қызметкер құжаттың заңнамаға сәйкестігін теңсеріп, оң шешім қабылданған жағдайда куәліктің жобасын әзірлейді. Содан кейін 3 жұмыс күні ішінде куәлікке уәкілетті органның басшысы қол қойып, ол кеңсе арқылы тұтынушыға беріледі.
Осы қызметті көрсетті көрсету бойынша қызметкердің куәлікті әзірлеу мерзімін 3 жұмыс күніне дейін қысқарту қажет. Сонымен бірге, құжаттардың кеңседен атқарушыға дейін жеткізілу мерзімін де қысқартуға болар еді.
9. «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты жасалған лицензиялық, сублицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу» бойынша қызмет көрсету.
Аталған мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, «Қазақстан Республикасының патент заңы» – Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңы, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі Заңы негізінде жүзеге асырылады. Бұл қызметті көрсету рәсімінің мерзімі 32 жұмыс күнін құрайды. Оның 3 жұмыс күні құжатты кеңседен қызметкердің орындауына жеткізу үшін жұмсалады, қалған 25 жұмыс күні ішінде қызметкер құжаттың заңнамаға сәйкестігін теңсеріп, Зияткерлік меншіктің ұлттық институтынан ақпарат сұратады және оң шешім қабылданған жағдайда хаттың жобасын әзірлеп, шарттарды тіркейді. Содан кейін 4 жұмыс күні ішінде куәлікке уәкілетті органның басшысы қол қойып, ол кеңсе арқылы тұтынушыға беріледі.
Аталған қызмет көрсету бойынша қызметкердің хаттың жобасын әзірлеу мен шарттарды тіркеу мерзімін 10 жұмыс күніне дейін қысқартуға болады деп есептейміз.
10. «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру шарттарын мемлекеттік тіркеу» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету.
Аталған мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, «Қазақстан Республикасының патент заңы» – Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңы, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі Заңы негізінде жүзеге асырылады. Бұл қызметті көрсету рәсімінің мерзімі 33 жұмыс күнін құрайды. Оның 3 жұмыс күні құжатты кеңседен қызметкердің орындауына жеткізу үшін жұмсалады, қалған 25 жұмыс күні ішінде қызметкер құжаттың заңнамаға сәйкестігін теңсеріп, Зияткерлік меншіктің ұлттық институтынан ақпарат сұратады және оң шешім қабылданған жағдайда хаттың жобасын әзірлеп, шарттарды тіркейді. Содан кейін 4 жұмыс күні ішінде куәлікке уәкілетті органның басшысы қол қойып, ол кеңсе арқылы тұтынушыға беріледі.
Аталған қызмет көрсету бойынша қызметкердің хаттың жобасын әзірлеу мен шарттарды тіркеу мерзімін 10 жұмыс күніне дейін қысқарту қажет. Сонымен бірге, құжаттардың кеңседен атқарушыға дейін жеткізілу мерзімін де қысқартуға болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет