ҰҒЫМДАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
АҚШ
|
–
|
Америка Құрама Штаттары
|
АӨСШК
|
–
|
Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес
|
ӘЖК
|
–
|
Әлеуметтік жеке код
|
БАҚ
|
–
|
Бұқаралық ақпарат құралдары
|
БҰҰ
|
–
|
Біріккен Ұлттар Ұйымы
|
ДСҰ
|
–
|
Дүниежүзілік сауда ұйымы
|
ЕҚЫҰ
|
–
|
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйым
|
ЗМХҰ
|
–
|
Зияткерлік. Меншіктің Халықаралық Ұйымы
|
MAMPU
|
–
|
Modernisation and Management Planning Unit
|
МҚІА
|
–
|
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
|
СТТН
|
–
|
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі
|
ТМД
|
–
|
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
|
ТХҚТ ТП
|
–
|
Тұрғын халықты құжаттау және тіркеу Тіркеу пункті
|
ҮЕҰ
|
–
|
Үкіметтік Емес Ұйымдар
|
ХҚКО
|
–
|
Халыққа қызмет көрсету орталығы
|
ШЫҰ
|
–
|
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
|
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі. Қазіргі кезде кеңестен кейінгі елдерде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру шеңберінде әкімшілік реформаларды қарқынды жүзеге асыру жөнінде шаралар қолдануда. Осыған орай мемлекеттік функцияларды тиімді бөліп берудің негізгі құралы ретінде функционалдық талдау жасауға ерекше көңіл бөлінуде.
Мемлекеттік функциялар жүйесінде мемлекеттік қызметтер көрсету маңызды орын алады. Сонымен бірге оларды мемлекеттік органдар қызметіне бейімдеу практикасы көрсеткендей, әртүрлі ұғымдарды әдістемелік тұрғысынан шатастыру байқалады. Мәселен, ресейлік заңнамада «қоғамдық қызмет көрсету», «көпшілікке қызмет көрсету», «әлеуметтік қызмет көрсету» және т.б. категориялар бар, олар, бір жағынан, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік функцияларын, екінші жағынан, мемлекет пен жеке меншік секторы арасындағы міндеттерді, айқын ажыратып көрсете алмайды.
Қазақстандағы жағдай құқықтық инфрақұрылым тұрғысынан неғұрлым түсінікті айқындалған. Бюджет Кодексінің 94-бабында «мемлекеттік қызмет көрсету, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдардан басқа) қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, жекелеген сипаттағы және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдардан басқа) өтініші бойынша жүзеге асырылатын, мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын іске асыру нысандарының бірі болып табылатын, мемлекеттік органдардың, оларға бағынышты ұйымдардың және өзге де заңды және жеке тұлғалардың қызметі ретінде айқындалады». Бұл анықтама мемлекеттік қызмет көрсету туралы жалпы түсінік береді, сонымен бірге осы мәселе одан әрі анықталып, зерделей түсуді қажет етеді.
Сонымен бірге, мемлекеттік қызмет көрсетудің ережелері де заңнамалық жағынан бекітілген. Алайда, біздің пікірімізше, мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін білдіретін сапа, қол жетімділік сияқты көрсеткіштер отандық нормативтік-құқықтық актілерде толық көрінісін таппай келеді. Мәселен, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 9-бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттері анықталған, алайда олардың арасында сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін міндеттері туралы айтылмаған.
Аталған заңның 5-бабының 14-1) тармақшасына сәйкес Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiне мемлекеттiк органдар көрсететiн қызметтердiң сапасын арттыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу міндеттері анықталған, алайда мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қол жетімділігін бағалау әдістемесі жөнінде біржақты пікір осы күнге дейін қалыптасқан жоқ деуге болады.
Сондықтан мұндай жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын қамтамасыз етудің нысаналы көрсеткіштерін басқарудың практикалық жақтары терең зерттеуді қажет етеді және бұл диссертациялық жұмыстың осы таңдап алынған тақырыбының көкейтестілігін айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |