Тулегенова газиза адилбековна


Қазақ тілі  Отан, туған жер



Pdf көрінісі
бет25/46
Дата11.04.2024
өлшемі2.31 Mb.
#498405
түріДиссертация
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46
Диссертация-Тулегенова-Г.А (4)

Қазақ тілі 
Отан, туған жер 
Салт, дәстүр 
Отбасы 
Ел рәміздері 
Тарихи 
тұлғалар 
Бастауыш 
сыныптардағы 
гуманитарлық 
пәндерді оқыту 
арқылы 
оқушыларды 
патриоттыққа 
тәрбиелеу 
бағдары 
Іздену 
Бағалау 
Таңдау 
Көшіру 


79 
қатынастың мәні зор болмақ. Бастауыш сынып оқушысы өз мінез-құлқын 
осы құндылық қатынасқа сай реттеп отыру іскерлігіне қол жеткізеді.
Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушыларды 
патриоттыққа тәрбиелеуде қатынастың пайда болуы баладағы әлеуметтік 
тәжірибенің жиынтығына сай олардың мағыналы өзгеріске ұшырауының 
көрінісі болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының «патриоттыққа 
тәрбиелеу», «патриоттық құндылық» сияқты ұғымдарды меңгеруі, олардың
патриоттық тәрбиені қабылдаудағы ойлау белсенділігі, патриоттық тәрбиені
бағалау, таңдау талпыныстары, меңгергенін достарымен талқылай алуы, 
сұрақтар қоя білуі. Бұл кезеңде құндылықтың маңызын, құндылықтар 
жөніндегі білімдердің қажетті мөлшерін, тереңдігін, әсерлілігін қамтамасыз 
ету көзделеді. Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту 
арқылы патриоттыққа тәрбиелеу оқушылардың тұлғасы өзіндік сананың 
қалыптасуымен ерекшеленеді. Дүниені қабылдау ерекшелігі оның 
психологиялық 
қасиеттерімен 
түсіндіріледі: 
табиғи 
елгезектігі, 
орындаушылығы, еліктегіштік, эмоциялық айқындығы, өз тұлғасының басқа 
адамдарға бағытталғандығы. Патриоттыққа тәрбиелеу тетіктері ол: - іздену -
бағалау - таңдау - көшіруде осы өрстің қызметі ерекше мәнді болып 
табылады. 
Патриоттық құндылық объектілерді таңдау, сондай-ақ, жеке тұлғаны 
патриоттыққа тәрбиелеу барысын тануы мен бағалауын қажет ететін 
жағдайларды тудыру барысында мақсатты іс-әрекетті жүзеге асыра отырып,
патриоттық тәрбиені жеке тұлғаның қажеттілік объектісіне айналдырамыз. 
Бұл саты тұлғаның бірнеше объектіден нақты біреуіне таңдау жасауы арқылы 
көрініс табады. Патриоттыққа тәрбиелеу құндылық қатынас қалыптасуының 
бастауыш сынып оқушыларындағы ерекшелігі - өсіп келе жатқан тұлғаның 
қоршаған дүниені танып білуі келесі бір адамның қатысуымен жанама түрде 
жүзеге асады. Сондықтан, қабылданатын білімдер екі түрлі эмоциялық күйде 
жетеді:
- біреуі бөтен адамның бағасы мен жеке қатынасы арқылы жеткен 
білім; 
- екіншісі өзінің жеке қатынасы мен сезімдері. 
Осының әсерінен баладағы «білемін», «білмеймін» деген ұғымдар енді 
құндылық мәнге ие болып «жақсы», «жаман» ұғымдарына ауысады [55, б. 
121].
Көшіру сатысында оқушының таныған, қабылдаған құндылықтарына 
қатынасы оның ішкі сеніміне айналып, оның әрекетін, мінез-құлқын реттеп 
отыруға көмектеседі. Бала белгілі бір затты, құбылысты ерекше бағалап, 
соған ұмтылады, бірнеше объектіден нақты біреуіне таңдау жасайды. Сөйтіп, 
оқушының күнделікті өмір барысындағы мінез-құлықтары, іс-әрекет 
сапалары тұлғадағы патриоттық тәрбие нәтижесі ретінде көрініс тауып 
отырады. Меңгерген құндылық түсініктері мен ұғымдарына сәйкес қимыл-
әрекет тәсілінің жиынтығы, өзін-өзі реттеу іскерлігі қалыптасады.


80 
Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу, қабылдау нәтижесі ретінде енді соған 
сәйкес іс-әрекет көрініс беруі керек. Өйткені патриоттық тәрбие болу үшін 
бала патриоттық тәрбие жүйесін қабылдап қана қоймай, оны түсініп, қалай 
пайдалану керектігін білуі қажет.
Патриоттық тәрбие беру мәні де осы патриоттық тәрбие түсініктердің 
тұлға мінез-құлқына көшірілуі. Бұл тұлғаның белгілі бір іс-әрекеттегі 
бағыттылығы, белсенділігі арқылы көрінеді. Оқушының ерік-жігер күші 
арқылы олардың патриоттық тәрбиені іздестіру, оған ұмтылу, патриоттық 
тәрбиені таңдау қызметтерінің негізіндегі әрекет ету қабілетімен 
айқындалады. Мұнда жеке тұлға қасиеттерінің көрінуі, өз құндылықтарын 
дәлелдеуі, күрделі ұғымдарды меңгерудегі талпынысы және оқушының 
адамгершілік жағынан өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуын бейнелейді. Іздену - 
бағалау – таңдау – көшіру болуы үшін, оған жеке тұлғаның қажеттіліктерін 
қанағаттандыруда көп нысаналы болуға жағдайлар жасалынып және оларды 
өзектілендіретін іс-әрекет түрлерін байыту қажет.
Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу үдерісі тұлғаның санасы мен сезіміне, 
мінез-құлқына бірдей деңгейде әсер ету арқылы патриоттыққа тәрбиелеуде 
мықты мінез-құлықты тудырады. Осы тетіктер жүйесі адам бойында 
қалыптасқанда ғана бүкіл тәрбие үдерісінің сапалы жаңаруы, оның құнды 
толығуы мүмкін болады. Сондықтан модельдің келесі бөлігін оқушы мен 
мұғалім іс-әрекеттерінің тұтас жүйесі түріндегі технология ретінде 
қарастырамыз. Модельде бұл құрылым мазмұн-әдістер-құралдар деп 
беріледі. Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу құрылымы мен мазмұны тұлғаның 
бағыт-бағдарын, ұстанымдарын айқындайды. Өйткені, мазмұн бөлімінде 
патриоттыққа тәрбиелеуге негіз болатындай бастауыш білім стандартында 
қамтылған оқу материалдары қарастырылады. Олар бастауыш мектептің оқу 
жоспарында берілген әдебиеттік оқу, жаратылыстану т.с.с. пәндерді оқытуға 
арналған оқулықтарда көрініс тапқан оқу ақпараттарының жүйесі.
Бастауыш білім мазмұнында қамтылған бастауыш сыныптардағы 
гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу 
негіздері Отан, туған жер, әдебиеттік оқу, отбасы, салт, дәстүр, ел рәміздері 
және ел тарихына үлес қосқан тұлғалар құндылығы түрінде қарастырылады. 
Мазмұндық бөліктің мақсаты пәндік оқу материалдарының ішінен бастауыш 
сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушыларды 
патриоттыққа тәрбиелеу негіз болатындарын іріктеп, жүйелеу арқылы 
сабақты және тәрбие жұмыстарын әдістемелік қамтамасыз етудің 
дидактикалық мүмкіндіктерін көрсету. Осындай мүмкіндіктердің бірі ретінде 
біз дайындаған авторлық электронды оқу құралын пайдалануды 
қарастырамыз. Ақпаратты технологияның бастауыш сыныпта қолданылуы 
оқушылардың қызығушылығын арттырып, өзіндік ізденісін дамытуға 
көмектеседі. Оның үстіне электронды оқулықтағы шәкірттерге ұсынылатын 


81 
ақпараттар олардың пәндік білімдерін интеграциялауға мүмкіндік береді. 
Қашықтықтан оқытуда онлайн платформалар көмегімен бейнекөріністерді, 
қазақ тілінде шығармаларды, мәтіндік ақпараттарды қабылдау барысында 
оқушылардың патриоттық тәрбие жөніндегі таным-түсініктері молайып, 
меңгергендерін қажетіне қарай пайдалану іскерліктері де жетіле түседі. 
Электронды оқу құралындағы материалдарды қабылдау кезінде көрген 
обьектілердің орналасу реті, ерекше әсер еткен тұстары бала жадында 
сақталып отырады. Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту 
арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу дербес ізденіс жұмыстарын 
ұйымдастыруға бағытталған шығармашылық тапсырмаларды оқу құралында 
ұсынуға болады.
Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеуде қазақ тілі, әдебиеттік оқу, 
жаратылыстанудан оқу-тәрбие үдерісінде осынау ақпараттар көркем 
шығармалар, патриоттыққа тәрбиелеуде таныстыратын мәтіндер, тарихи 
деректемелер, өлең, жырлар, мақал-мәтелдер, аңыздар, көрнекі суреттер 
түрінде беріліп отырады. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттыққа
тәрбиелеуде тиімді әдістер деп топтық жұмыстар, рөлдік ойындар, пікір-
сайыс, виртуалды танымжорықтар, этикалық жағдаяттар, өнеге-үлгіні келесі 
5 кестеде ұсынамыз. 
Мұғалім мен оқушы іс-әрекеті кезеңдерінің мазмұнынын қарау арқылы 
оқушының патриоттық тәрбие қатынасының мәнін сипаттадық. Енді осы 
кестедегі мұғалім мен оқушының атқаратын іс-әрекеттерін талдай келе, 
олардың өзара белсенді әсерін ақпараттық технология арқылы қамтамасыз 
етуді көздейміз. Ол үшін мұғалімнің патриоттыққа тәрбиелеу жұмысында 
электрондық оқу құралын көмекші ретінде пайдалануына болады. Соның 
нәтижесінде оқушылардың қызығушылығы, ақпараттарды бағалау іскерлігі 
жетіледі. Сол арқылы бастауыш сынып оқушыларының білуге, оқуға 
құмарлығы, қиялы дамиды. Оқушы өз мүмкіндігін көрсете білуі үшін 
ақпаратты өзіндік іздеу, бағалау, таңдау және оны тиімді пайдалану 
дағдыларын меңгереді. Мәселен, біз ұсынып отырған электронды оқу 
құралында әрбір тақырып модуль түрінде берілген: «Менің Отаным», «Ел 
рәміздері», «Әдебиеттік оқу», «Отбасы», «Салт, дәстүр», «Ұлы тұлғалар». 
Әрбір модуль өз ішінде микромодульдерге бөлінген (мысалы «Салт, дәстүр» 
модуліндегі бөлімдер: - ең қымбат қазына, аталар сөзі-тәрбие көзі - ата 
көрген оқ жонар, ұлағатты сөздер, мәдени мұра, т.б.).
Электронды оқу құралындағы әр модульге қатысты негізгі 
бағдарламада бекітілген ақпараттар гипермәтінде берілді. Гипермәтіндерде
патриоттық тәрбиенің мәнін ашатын ұғымдар, анықтамалар, деректемелер 
жинақталған. Гипермәтін арқылы мұғалім белгілі идеялар мен білімдерді 
оқушыларға жеткізуді, құндылық нысандарға баға беруді және соған 
байланысты эмоция туғызуды қамтамасыз етеді. Оқу құралында дыбыстық, 
бейнелік материалдар, түрлі тапсырмалардың болуы да бұған әсер етеді. 
Патриоттыққа тәрбиелеу әдістерінің тиімділігін анықтау үшін жүргізілген 


82 
жұмыстың нәтижесін көру және патриоттық тәрбиенің қалыптасқандығының 
көрсеткіштерін нақты белгілеу қажет. 
Кесте 5 - Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларға патриоттық тәрбие беру жағдайындағы мұғалім мен оқушының 
әрекеттері 
Кезеңдері 
Мұғалім 
әрекетінің 
мазмұны 
Оқушы 
әрекетінің 
мазмұны 
Әдістері 
мен 
құралдары 
Дайындық 1. Патриоттық тәрбие 
жөніндегі ақпараттарды 
нақтылау. 
2. Нәтижені алдын-ала 
болжау, жоспарлау. 
3. Танымдық әрекетті 
қалыптастырудағы 
патриоттық тәрбиелау 
жоспарын жасау. 
1. Мұғалім ұсынған жаңа 
мәліметтердің 
құндылығын түсіну. 
2.Мұғаліммен, 
ақпаратпен, 
жолдастарымен 
өзара 
әсерді қалыптастыру. 
3.Өзіндік 
жоспарлауды 
жүзеге асыру. 
Проблема 
лық 
сұрақтар, 
электрон 
ды 
оқу 
құралы 
Іске асыру 1.Танымдық 
әрекетті 
ұйымдастыру. 
2.Оқушыларды өзіндік 
жұмысқа баулу. 
3.Берілген мәліметтерді 
бағалау, рефлексиялық 
талдау.
1.Өзінің 
танысқан 
ақпараттарына баға беру. 
2.Патриоттық 
тәрбиені 
сезіну, әсерлену.
3.Өз 
әрекеттерін
патриоттық 
тәрбие 
қатынас негізінде құра 
білу.
Рөлдік 
ойындар, 
салт, 
дәстүрлер 
фестивалі, 
видео әдіс, 
өнеге, үлгі. 
Қорыту 
1.Қалыптасқан 
құндылық 
қатынастарды сараптау. 
2.Оқушылардың мінез-
құлық 
көріністерін 
құндылық 
негізде 
бағалау. 
3.Нәтижені талдау.
1. Патриоттық тәрбие 
туралы білімін жетілдіру. 
2.Қабылдаған
патриоттық 
тәрбие 
түсініктерге сәйкес өз 
мінез-құлқын реттеу. 
3.Өзінің 
және 
құрбыларының 
мінез-
құлқын 
құндылық 
тұрғысынан талдау. 
Пікірталас, 
этикалық 
әңгіме,
жағдаяттар 
 
Ғалымдардың 
зерттеулерін 
талдау 
бастауыш 
сыныптардағы 
гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу 
өлшемдерін, көрсеткіштерін, деңгейлерін белгіледік (кесте 6).
Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу өлшемдерін төмендегідей үлгіде 
қарастырамыз. 


83 
1.Патриоттыққа 
тәрбиелеу 
ұмтылысы, 
қызығуы 
бойынша(мотивациялық-құндылық құраушы): 
- Патриоттыққа тәрбиелеу жағымды көзқарасы, қызығушылығы, 
оларды танып білуге ұмтылуы.
2. Патриоттық тәрбие түсініктерінің қалыптасуы бойынша(мазмұндық 
құраушы):
- патриоттық тәрбие туралы блімінің мазмұндылығы. 
3. Патриоттық тәрбие қатынасының болуы бойынша (Әрекеттік мінез-
құлықтық құраушы):

Патриоттыққа 
тәрбиелеу 
сәйкес 
мінез-құлық 
дағдыларын 
қалыптастыруы. 
Кесте 6 - Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері 
Ө
лше
м
дері
Көрсеткіштері 
Деңгейлері 
Жоғары 
Орта 
Төмен 





М
от
ива
ци
ял
ы
қ-
құ
нд
ылық
Отан, туған жер, 
отбасы 
құндылығын 
ұғынуға деген
ынтасы, 
дәстүрлерге 
қызығушылығы, 
әдебиеттік оқудың 
байлығын 
меңгеруге, 
ел 
тарихын, 
рәміздерін танып 
білуге ұмтылуы. 
Өзін ұлт өкілі 
ретінде сезініп,
Отан, Туған жер
Отбасы 
құндылықтарын 
меңгеруге, 
ұмтылады. 
Халқымыздың 
дәстүрлері, 
ырымдары 
мен 
жоралғылары 
туралы 
ақпараттарға 
қызығушылығы 
анық байқалады. 
Әдебиеттік 
оқудың байлығын 
меңгеру қабілеті 
жоғары. 
Ел 
тарихы 
мен 
рәміздеріне 
қызығушылық 
білдіреді. 
патриоттық 
тәрбие 
объектілері 
туралы мұғалім 
ұсынған 
ақпараттарды 
онша 
құлықты 
болмаса 
да 
тыңдайды, 
өздігінен 
ұмтылысы 
байқалмайды.
патриоттық 
тәрбие
объектілеріне 
жағымды 
көзқарасы 
қалыптасқан. 
Оқушының 
Отан, 
туған 
жер, 
отбасы 
құндылықтары
на 
қызығуы, 
ұлттық салт, 
дәстүрдің 
ерекшелігін 
білуге ынтасы 
төмен. 
Әдебиеттік 
оқудың 
байлығын 
меңгеруге, ел 
тарихы 
мен 
рәміздерін 
танып білуге 
ұмтылуы 
байқалмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет