89
тәрбиелеудің таным-түсініктерін анықтаудан бастауды жөн санадық.
Патриоттыққа тәрбиелеу деңгейін анықтау мақсатымен оқушылардың
Отанға, туған жерге, ұлттық салт пен дәстүрге өзіндік қатынасын, еліміздің
тарихи тұлғалары туралы білімін, отбасы құндылығының мәнін түсінуін
қарастыру барысында олардың патриоттық тәрбиесін анықтау басты назарда
болды. Халқымыздың ғасырдан ғасырға қастерлеп келген құнды дәстүрлерін
бүгінгі бастауыш сынып оқушысы қаншалықты біледі,
білмегенін білуге
ұмтылады ма, ата салтын мақтаныш тұта ма? Оны күнделікті тұрмыста
қолдануы қандай деңгейде? Әдебиеттік оқу қастерлеп, оның байлығын
меңгеру ынтасы қандай? Ел тарихы мен рәміздеріне құрмет сезімі
қалыптасқан
ба?
Осындай
сұрақтарды
қамтитын
сауалнамалар
педагогикалық тәжірибенің анықтау кезеңінде пайдаланылды.
– Педагогикалық
тәжірибе
жұмысына
қатысқан
эксперимент
тобындағы оқушылардың 32% -ы халқымыздың салт, дәстүрлері, еліміздің
тарихи тұлғалары
туралы білімдерінің аздығын, әдебиеттік оқудың қасиеті,
ел рәміздері туралы жүйелі ой-пікірлерінің жоқтығын байқатты. 47%- ы
Отан, туған жер құдіреті туралы тереңірек білуге, салт, дәстүрлерді сақтауға
ұмтылатыны, бірақ оларды бағалау, таңдау негізінде құндылық қатынас
көрсетуі төмен екені байқалды. Ал, 21%- өз Отанын, оның салты мен
дәстүрлерінің мәні мен маңызын терең түсініп, оларды патриоттыққа
тәрбиелеу ретінде бағалайтынын, таңдайтынын аңғартты.
Кесте 7 - Педагогикалық тәжірибенің алғашқы
кезеңіндегі бастауыш
сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушыларды
патриоттыққа тәрбиелеу туралы білімдерінің деңгейі
№
Деңгей
Эксперимент тобы
Бақылау тобы
1
Жоғары
21% (25оқушы)
17,5% (21оқушы)
2
Орта
47% (55оқушы)
47,2% (55оқушы)
3
Төмен
32% (38оқушы)
35,3% (41оқушы)
4
Барлығы
118 оқушы
117 оқушы
Зерттеу жұмысының бастапқы кезеңдерінде бастауыш сыныптардағы
гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы мектеп оқушыларына патриоттық
тәрбие беру туралы білім деңгейі келесі ретте эксперименттік және бақылау
топтарында жүргізілді. Оны біз (сурет 6) береміз.
Хaлық aуыз әдeбиeтi үлгiлeрiнiң мaңыздылығынa тоқтaлa кeлiп,
A.Э. Измaйлов «...хaлықтың aуызшa шығaрмaшылығының eң көп тaрaлғaн
түрлeрi – мaқaл-мәтeлдeр... хaлықтық пeдaгогикaлық миниaтюрaлaр рeтiндe
қaрaстырылaды, aл eртeгiлeр, дaстaндaр, эпос –
eңбeкшi хaлық өмiрiнiң
оқулықтaры тәрiздi». Сондай-ақ, «Мақал-мәтелдер» әдістемесі бойынша,
қысқартылған нұсқасы пайдаланылды. Әдістеме көмегімен бастауыш сынып
оқушыларының өмірге, адамдарға және өзіне деген құнды қарым-
90
қатынастары анықталды. Бұл әдістеме 3-4 сынып оқушылары арасында
өткізілді.
Сурет 6 - Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту
арқылы мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру туралы білім деңгейі
Тәжірибе жұмысына қатысқан 59 оқушының 31нің (52,3%)өмірге деген
құндылықты
қатынасы байқалса, 17-сі (28,4%) өзге адамдарға атап айтқанда
досына, жақын адамына құндылықты қатынасты қалайтындықтарын
көрсетті. Білімге құндылық қатынас 11 оқушының (19,3%) жауаптарында
көрінді[121, б. 7].
Оқушылармен жүргізілген әңгімелесу барысында олардың пән
сабақтарында Отан, туған жер, Отбасы, әдебиеттік оқыту, салт, дәстүр, ел
тарихы, рәміздері жөнінде мәлімет беретін оқу материалдарын оқып,
меңгеруінің, соған сәйкес құндылықтық
негізде бағалай алуының
патриоттыққа тәрбиелеу үшін өте қажеттігін анықтадық. Бірақ, бастауыш
сынып оқушыларының бұл жұмыстарға онша мән бермейтіні, арнайы
теориялық және әдістемелік жұмыстардың жоқтығы, мұғалімдердің де
патриоттыққа тәрбиелеу бағытындағы жұмыстарды жүйелі жүргізбейтіндігі
байқалды.
Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу туралы түсініктерінің тәжірибе
басындағы
жағдайы
модельде
анықталған
деңгейлер
бойынша
қарастырылды:
- Жоғары деңгей - бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді
оқыту арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу туралы білуге деген
ынта-ықыласы жоғары. Отан, Туған жер, Отбасы құндылықтарын саналы
түрде ұғынады. Қарым-қатынастағы туыстық нормаларды біледі. Ұлттық
салт, дәстүрлерді біледі, оларды құндылық ретінде таниды, бағалайды. Ел
тарихы
мен рәміздерін қастерлейді, мазмұнын, мәнін толық түсінеді.
Патриоттық тәрбие жөніндегі білімін үнемі толықтырып отырады.
- Орташа деңгей - Отан, Туған жер, Отбасы құндылықтарының
маңыздылығына онша мән бермейді, қарым-қатынастағы туыстық
нормаларды білгенімен, олардың патриоттыққа
тәрбиелеу ерекшеліктерін
Достарыңызбен бөлісу: