1-мәтін. «Қарашаңырақ – ата-бабадан қалған үй. Атадан оқушыға
қалып келе жатқан киіз үй(қыстау) қасиетті орын есебінде сақталған. Мұндай
үйді күтіп, таза сақтайды» [120, б. 71].
2-мәтін. «Төр - әр үйдің қонақ отыратын жоғары әрі қасиетті орны.
Үйге келген адамға «төрге шығыңыз» деген ілтифат пен ақ ниет осыдан
шыққан» [120, б. 72].
Оқушылар мәтінмен жұмыс барысында электронды оқу құралындағы
бейнелерді пайдалана отырып, осы ұғымдарды сызбаға түсіреді. «Мекенжай»
тақырыбын өту барысында рөлдік ойындарды, түрлі ситуациялық
жаттығуларды да беріп отыруға болады.
Балаларға ұсынылатын шағын мәтіндермен жұмыс барысында:
- патриоттық тәрбиені эмоциялық қабылдауды белсендіретін әдістер
пайдаланылды;
- мойындалған құндылықтарға тікелей баға берілді;
- құндылықтарға
сендіретін,
иландыратын
әдіс-тәсілдер
қарастырылды;
- оқушылардың құндылықтар әлемі жөніндегі түсініктерін кеңейте
түсетін ақпараттардың жаңалық жағының басым болуына көңіл аударылды.
Сондай-ақ, бұл жаста бала өзіндік сана-сезімнің жаңа сатысына
көтеріледі. Сыртқы әсерлерді қабылдағыштығы, бәрін білуге құмарлығы,
ынталылығы олардың ұлттық салт, дәстүрлердің мәні мен маңызын түсініп,
оларды саналы түрде меңгеруіне көмектеседі. Патриоттыққа тәрбиелеу
жұмысында балалар меңгеретін әр ұғымның маңызы, қажеттілігі бала
97
түсінігіне сай деңгейде кеңейтіліп, қызықты мәліметтермен толықтырылып,
өмірлік мысалдармен әсерлендіріліп отырғаны жөн. Осы мақсатты көздей
отырып өткізілген бір сабақты мысал ретінде ұсынамыз.
Тәрбиелік мәні зор бата сөздерін оқушыларға жаттата отырып,
олардың не үшін, қандай жағдайда қолданылатынына көңіл аудару көзделеді.
Дәстүрлі бата сөздерінің негізгі түйіні - өскелең ұрпақты батыр, өжет, адал,
ел намысын қорғайтын намысшыл болуға үндеу болып табылады.
Осындай деңгейде Талдықорған қаласы №19 орта мектеп-гимназиясы
3 сыныпта қазақ тілі сабағында бата сөздерін үйретуге арналып өткен сабақ
онлайн форматта жүргізілді(Қосымша А).
Сабақтың қысқаша мазмұны. Бұл сабақта мұғалімнің назары
оқушылардың қажет мәліметтерді іздеу, бағалау, таңдау және оны иелену
іскерліктерінің қалыптасуына аударылады.
Бастауыш сыныптарда сабақта оқуға, жаттап алуға арналған әңгімелер
мен өлеңдерде мұғалім оқушыларды өзіндік ой тұжырымдарын жасауға, өлең
мәтіндеріне сәйкес көңіл-күйге, әсерленуге, рефлексия туғызуға мүмкіндік
беретін жұмыс түрлерін ойластырады. Бұл жұмысты жүзеге асыруда
бастауыш сынып оқушысының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
есепке алынып, мұғалім мен оқушының сезімдік қарым-қатынасы орнайды.
Басқа да психикалық процестер сияқты оқу әрекеті жағдайында
бастауыш сынып оқушыларының эмоциясының жалпы сипаты өзгереді. Бұл
балаларға әрқашан сергек, қуанышты көңіл-күй тән бола отырып, олар өз
көңіл-күйлерін басқара да алады. Сабақтың эмоциялық фоны, білімді
эмоциялық қабылдау, білім мазмұнына патриоттық тәрбие қатынас орнатуда
мұғалімнің өзінің эмоциялық қатынасы ерекше мәнге ие. Өйткені
қабылданатын ақпарат оқушының өз эмоциясы мен ақпаратты хабарлаушы
жақтың эмоциясы әсерінен жаңа бір эмоциялық мәнде «сынып»
отыратындығы туралы психологиялық зерттеулерде көрсетілген].
Тәжірибе барысында келесі сабақты Алматы облысы, Алакөл ауданы,
Токжайлау орта мектебі 3 сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәнінен өткізген ашық
сабағымызды айтуға болады (Қосымша Ә).
Патриоттық тәрбиені иелену кезеңінде оқушыда құндылықтар әлемі
туралы білімдер жүйесі жинақталады, ол білімдерге құнды қатынас
қалыптасады. Бастауыш сыныптағы пәндер ықпалдастығы әлемнің тұтас
бейнесін қалыптастыруда этникалық білімдер жүйесі арқылы патриоттық
тәрбие беру мүмкіндігін кеңейте түседі. Әсіресе, патриоттыққа тәрбиелеуде
«Әдебиеттік оқу», «Жаратылыстану» және «Қазақ тілі» пәндерінің
ықпалдасу мүмкіндігі зор. Сондай-ақ, адам аралық қарым-қатынас
тақырыбын 3-сыныпта өткен кезде де патриоттыққа тәрбиелеу мазмұны
тапсырмаларды, талдау, тұжырым жасау, салыстыру әдістерін қолдану
барысында халқымыздың сөз құндылығын, ым-ишара құралдарын қарым-
қатынаста пайдалануға көңіл бөлінді. «Ымға түсінбеген дымға түсінбейді» -
дейміз. Ым түгілі, қабақ қағысынан, бас шайқауынан, көз қиығынан т.б.
қимыл-әрекеттерінен қазақтың мәдениет үлгілері мол байқалады.
98
Оқушының білімді қабылдауына түрлі факторлар әсер ететіні сөзсіз.
Әрине мұғалім бұл факторларды да есепке алып, есте ұстайды. Оқу үдерісі
барысындағы мұғалім тұлғасының шығармашылық сипаты, қарым-
қатынастың
субъект-субъектілік
жүйесіне
бағытталғандығы
және
рефлексиялық
қабілеттілігі
сияқты
педагогикалық-психологиялық
шарттардың сақталуы патриоттыққа тәрбиелеудің тиімділігін қамтамасыз
етеді. Бастауыш сынып оқушыларының үнемі қимыл-әрекетте болуы
белсенді оқыту әдістерінің қолданылуын қажетсінеді. Осыны есепке ала
отырып, сабақтарда іскерлік ойындар, пікірсайыс әдістері жүйелі түрде
пайдаланылды.
Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталған жүйелі жұмыстар
барысында олардың тұлғалық жетілу қуаты арта түседі.
Педагогикалық
тәжірибе
қорытындыларына
орай
бастауыш
сыныптардағы
гуманитарлық
пәндерді
оқыту
мазмұнына
енетін
патриоттыққа тәрбиелеу объектілер жайындағы ақпараттық мағұлматтарды
оқушылардың саналы түрде меңгеруі үшін мынадай міндеттер жүзеге
асырылуы қажет деп есептейміз:
- оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеуге жататын объектілерді
жүйелеп, пәндердің ықпалдастығын ескере отырып беру;
- патриоттық тәрбиенің мән-мағынасы жайлы жазылған ақпараттарды
оқушыларға қызықты етіп жеткізудің тиімді жолдарын қарастыру;
- ақпараттарды игеруде алынатын нәтижені ұлттық деңгейдегі базалық
біліктер қатарына ендіру;
- патриоттыққа тәрбиелеуге негізделген мәтіндегі негізгі ұғымдарға,
қағидалар мен ережелерге түсінікті түрде сипаттама бере отырып, бала
тілінде жас ерекшелігіне сай баяндау;
- патриоттық тәрбие жайындағы мәліметтерді игеруде ақпараттық
технологияны пайдалануды жан-жақты жетілдіру.
Патриотизмге, мәдениеттілікке және парасаттылыққа тәрбиелеудің
қайнар көзі ұлттық мүдденің бір саласы ретінде оқулықтарға енгізілген
патриоттық тәрбие туралы ақпарат екені белгілі. Сондықтан патриоттық
тәрбие және оларды сипаттайтын ақпараттық материалдар толық жүйеде
берілуі керек. Сонымен, патриоттық тәрбиені меңгерген, рухани бай, жігерлі,
жігерлі және білімді тұлға қалыптастыруға болады.
Әлеуметтік жағдайлар, әлеуметтік орта баланы әрқашан мінез-құлықты
таңдауға мәжбүр етеді. Өз бетімен қандай мінез-құлықты таңдайтыны көп
жағдайда оқушының патриоттық тәрбиеларының деңгейіне байланысты.
Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі тану қабілеті қалыптаса бастайды,
әлеуметтендіру, яғни әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, өзін қоғамға
қатыстыруы іске асады. Сондай-ақ, бастауыш сыныптағы оқу пәндерінің
негізіндегі сыныптан тыс шараларда оқушылардың белсенділігін арттыру,
патриоттық тәрбиені бағалау, таңдау, иеленуін қамтамасыз етудің маңызы
зор деп білеміз. Осының бәрін ескере отырып, бастауыш сыныптардағы
99
гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу
үшін бастауыш сыныптың вариативті сағаттар есебінен «Отансүйгіштік
құндылық бастаулары» атты факультативтік курсының жұмысы жүргізілді.
Біз ұсынып отырған факультатив курсының мақсаты - қазақ халқының сан
ғасырлар бойы дәріптеліп келген салт, дәстүрлері, құнды дүниелері туралы
бастауыш сынып оқушыларына толығырақ мәлімет беру, олардың сана-
сезіміне сіңіру. Оқушылардың Отан, туған жер, халқымыз мақтан тұтатын
ұлы тұлғалар қасиетін ұғынуына ықпал ету.
Факультатив курсының міндеттері:
- патриоттық тәрбиені танып білуге оқушылардың қызығушылығын
тудыру;
- оқушылардың патриоттық тәрбие туралы білімдерін толықтыра
отырып, ол құндылықтарға деген қатынасын қалыптастыру;
- бастауыш сынып оқушыларын патриоттық тәрбиені тануға, бағалап,
таңдай білуге үйрету.
Бұл факультатив курсы оқушылардың қазақ тілі, әдебиеттік оқу,
жаратылыстану пәндерінен алған білімдеріне сүйенеді.
Факультатив курсы бағдарламасындағы оқушылардың білім, білік,
дағдысына қойылатын талаптар:
- «Отансүйгіштік
құндылық бастаулары» атты факультативтік
курсының маңызын, оның басқа пәндермен байланысын білу;
- оқушының патриоттық тәрбие жөніндегі білімдерінің өз жас
ерекшеліктеріне сай жеткілікті болуы;
- ұлттық сана-сезімі мен мінез-құлқындағы ұлттық сипаттарының
жетілуі.
Ұсынылған бағдарламада меңгерілетін тақырыптар сағаттарының
жоспары, үлгі сабақ мазмұндары көрініс тапқан. Сабақтарды этикалық әңгіме
сағаттары, дөңгелек стол, пікірсайыс формаларында ұйымдастыра отырып,
оқушылардың патриоттық тәрбиемен тереңірек танысу арқылы сол
патриоттық тәрбиені мойындауына, таңдауына көмектесуді көздейміз.
Қай заманда да әр адамның санасындағы аса мазмұнды және құрметті
мәртебеге ие ұстаным – ол отансүйгіштік (патриоттық) сезім (іс-әрекет)
болып келгені ақиқат. Ал патриот болу деген ел азаматының адамгершілік
және саяси қағидаты, туған жерге, елге сүйіспеншілігі, қажет болса,
мемлекеттік міндеткерлікті жеке мүддеден жоғары қоюды талап ететін
әлеуметтік сезімі ретінде танылған. Туған елінің құндылықтарын, әсіресе,
тілі мен мәдениетін әрдайым құрметпен жоғары ұстап, ол құндылықтарды
басқа ұлттар мен ұлыстарға, мемлекеттерге тарату да отансүйгіштіктің
белгісі. Отансүйгіштіктің тарихи негізін ғасырлар бойы жинақталған адами
тәжірибе соның ішінде ұлт, ұлыс, жалпы этностың артықшылықтары
қалайтынын, қажет болса, жанын салып отанды қорғау екенін көне тарих
дәлелдеуде.
100
Осы ретте, біз бстауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту
арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеуге байланысты авторлық
факультативтік курс бағдарламасын құрдық. Оның реті 8 – кестеде берілген.
Кесте 8 - Бастауыш сынып оқушыларына (3-4-сыныптар) арналған
«Отансүйгіштік құндылық бастаулары» атты факультативтік курс
бағдарламасы (15 сағат, аптасына 1 рет)
№
Мазмұны
Сағат саны
1
Туған елім - Қазақстан
1
2
Нұр-Сұлтанға саяхат
1
3
Жер жаннаты - Жетісу
1
4
Ауылым - алтын бесігім!
1
5
Бақ қала - Талдықорған
1
6
Өлеңімен бөбек бөлеген-Ілияс бабам
1
7
І.Жансүгіров мұражайына саяхат
1
8
Қаракерей Қабанбай батыр ерлігі
1
9
Бабалар ескерткішіне тағзым
1
10
Бабалар мұрасын жадымызда сақтайық!
1
11
Ұлттар достығы – толеранттылық тағылымы
1
12
Тіл тазалығы ұлт тазалығы
1
13
Халқымның дәстүрі ұрпаққа аманат
1
14
Мемлекет рәміздерін білу парыз
1
15
Отанды сүю – құндылық бастауы
1
Барлығы
15 сағат
Достарыңызбен бөлісу: |