Тулегенова газиза адилбековна



Pdf көрінісі
бет32/46
Дата11.04.2024
өлшемі2.31 Mb.
#498405
түріДиссертация
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46
Диссертация-Тулегенова-Г.А (4)

 
Бағдарлама мазмұны 
2- тақырып. Нұр-Сұлтанға саяхат.
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы жайында мағлұмат беру. Нұр-Сұлтан 
қаласының көрікті жерлерімен танысу.Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласына 
бастауыш сынып оқушылары Нұр-Сұлтан қаласына барған болса, сол жерде 
көрген әдемі жерлерін суреттеп, бейнелеп, өздерінің білгендері жайында 
әңгімелеу.
3- тақырып. Жер жаннаты - Жетісу. 
Бастауыш сынып оқушыларына Жер жаннаты - Жетісу жайында 
мағлұмат беру. Туған жердің қадірі, сүйіспеншілігін тілмен жеткізу. 
Жетісуда туып өскен ақын жазушылардың шығармаларымен таныстыру. 
(электронды оқу құралы). 
4-тақырып. Ауылым - алтын бесігім!
Ауыл туралы айтқан кезде өзіміздің туып өскен туған жеріміз көз 
алдымызға келеді. Туып өскен жердің тасы да, суы да, қымбат. Ауылға 
барғанда әжемнің күтіп алған, маңдайымнан иіскеп бата бергені есімізден 
кетпейді. Бастауыш сынып оқушыларына ауылдағы өздерінің жазғы 
демалысты қалай қызықты өткізгендері жайында эссе жазғызу.
5-тақырып. Бақ қала - Талдықорған 


101 
Біздің жер жаннаты - Жетісу Талдықорған қаласы жайында мағлұмат 
беру.
Талдықорған 
қаласының 
әсем 
жерлеріне, 
ғимараттарына, 
мұражайларынаа, саябақтарына виртуалды саяхат жасап, сол жерлерді 
суреттеу. Талдықорған қаласындағы көрген, барған жерлерін суретке түсіріп 
буклет жасау. 
6-тақырып. Өлеңімен бөбек бөлеген - Ілияс бабам.
І. Жансүгіровтың «Өлеңмен бөбек бөлеген» тақырыбында балаларға 
арналған өлеңдері туралы мағлұмат беру. Бастауыш сынып оқушыларына 
ақынның туып өскен жері жайында, өлеңдері мен мұражайын таныстыру.
І. Жансүгіровтің ескерткіші осы Талдықорған қаласында орналасқан. 
Ақынның ескерткішіне саяхат жасау. 
7-тақырып. І. Жансүгіров мұражайына саяхат. 
Ілияс Жансүгіров мұражайына виртуалды саяхат жасау. Мұражайға 
саяхат арқылы ақынның тұрған үйі, жазған өлеңдерін оқу арқылы бала 
бойына дарыту. Мұражайда не көргендерін, қандай әсер алғандары жайында 
шағын шығарма жаздыру. 
8-тақырып. Қаракерей Қабанбай батыр ерлігі.
Осы 
біздің 
батырларымыз 
туралы 
мағлұмат 
беру. 
Батыр 
бабаларымыздың ерлігі жайында , олардың туған жері, елі үшін Отанын 
қалай қорғағаны , батырлықтары, ерліктері туралы мәліметтер беру. Кейінгі 
біздің өсіп келе жатқан бүлдіршіндерге сол батырлардың елі , жері үшін 
қалай күрескені туралы бейнеролик көрсету. Сол батырларымыз сияқты 
ержүрек, елін жаудан қорғаған батыр болып өсулеріне, елінің патриоты 
болуын мақтан тұту керек екенін түсіндіру. 
9-тақырып. Бабалар ескерткішіне тағзым.
Қазақстанның барлық жерлерінде біздің бабаларымызға арнап 
ескерткіштер орнатылған. Бабалар ескерткіштерін таныстыра отырып, 
олардың шешендік сөздерін, айтқан қанатты сөздерін оқушылардың бойына 
сіңіртіп, сол бабаларымыз сияқты сөзге шешен, дана, болғандары жайында 
толық мәлімет беру арқылы бастауыш сынып оқушыларының бойына 
ескерткіштің де жайдан жай қойылмайтындығы сол кісілердің осы еліне, 
жеріне жасаған көп еңбектерінің арқасында біз осындай қазақ деген елдің 
азаматы екенін ұғындыру. 
10-тақырып. Бабалар мұрасын жадымызда сақтайық! 
Бастауыш 
сынып оқушыларына біз тәуелсіз елдің азаматы 
болғандықтан, осы елдің, жердің, табиғаты, хош иісті гүліне дейін қымбат 
екені сол туралы түсінік бере отырып өз еліміздің барлық жақсы жерлері 
қымбат екенін оқушы бойына сезіндіру. Болашақ біздің жастарымыздың,
бүлдіршіндеріміздің қолында. Бастауыш сынып оқушыларына бабалар 
мұрасының маңызды екенін естеріне сақтап, соны ұғындыру. 
11- тақырып. Ұлттар достығы – толеранттылық тағылымы. 
Қазақстанда 130-дан астам әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Олар бір 
бірімен тату тәтті өмір сүруде. Қазақтың қонақжай осындай қарапайым 


102 
екендігінің арқасында біздің бәріміз бір шаңырақ астында бірлікте, 
ынтымақта өмір сүріп жатқанын түсіндіре отырып сол жайлы мағлұматтар 
беру.Балаларға сұрақ жауап арқылы тақырыпты ашу. 
12 –тақырып Тіл тазалығы ұлт тазалығы. 
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Сондықтан тілімізді, дінімізді, 
ұлтымызды өз тілімізді құрметтеу әр адамзаттың міндеті. Өз тілімізге 
құрметпен қарап, жанымыз ашуы тиіс екендігі бастауыш сынып оқушысына 
қазақ тілін таза сөйлеп, ардақтап, құрметтеуіміз керектігін айту. 
13-тақырып. Халқымның дәстүрі ұрпаққа аманат.
Қазақ халқының салт дәстүрі жайында түсінік беру. Бастауыш сынып 
оқушыларына қазақтың қандай салт дәстүрлері бар екенін үлкенді сыйлау, 
мейірімді, әдепті, тәрбиелі, қайырымды болу керектігін ұрпаққа аманат 
екендігін сол дістүрлеріміз ұмытылмай ұрпақтан ұрпаққа жалғасын табуын 
үйрету. 
14-тақырып. Мемлекет рәміздерін білу парыз. 
Бастауыш сынып оқушыларына рәміздерді таныстыру. Рәміздердің 
әрқайсысының өзінің белгілі бір орны мен тарихы туралы түсінік беру. 
Меелекет рәміздері Ту, Елтаңба, Әнұран жайлы мағлұмат беріп сол жайында 
түсірілген бейнематериалдар мен суреттерді көрсету. Көріп білген кезде бала 
бойында жақсы сақталатыны көрінеді.
15-тақырып. Отанды сүю – құндылық бастауы. 
Отанды сүю - отбасынан басталады демекші, отбасы - шағын 
мемлекет. Бастауыш сынып оқушыларына өз Отанына сүйіспеншілігін 
жеткізу. Өз елінің, жерінің патриоты болуын мақтан тұтуға сол елдің азаматы 
екенін түсіндіру. Қазақ халқын, елін, жерін, Отанын әрдайым мақтан тұту.
Әр тақырыптың мазмұнына сәйкес оқушылардың патриоттық тәрбие 
әлемі туралы түсініктері қалыптаса бастайды, айналасындағы заттарға, 
құбылыстарға қатынасы өзгереді, өзін ұлт өкілі ретінде тануға талпыныс 
жасайды. Бұны педагогикалық тәжірибе кезіндегі осы бағдарлама бойынша 
жүргізілген сабақтар дәлелдеді. Аталған курс Талдықорған қаласы №16 орта 
мектеп-гимназиясы, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Токжайлау орта 
мектептерінде жүргізілді. Осы курстың кейбір сабақтарының мазмұнын 
келтіреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет