0
10
20
30
40
50
Жоғары
Орта
Төмен
Эксперимент
тобы
Бақылау тобы
91
ескермейді. Ұлттық салт, дәстүрлердің мазмұнын меңгергенімен оларды
маңызды деп есептемейді. Ел тарихы мен тарихи тұлғалар туралы білімі аз.
Төмен деңгей - Оқушылардың патриоттық тәрбие туралы түсініктері
жеткіліксіз. патриоттық тәрбиенің маңызын, қажеттілігін түсінбейді.
Осы мәліметтерге сүйене отырып, бастауыш сыныпта оқушыларға
патриоттық тәрбие туралы жүйелі түсінік пен саналы қатынас
қалыптастыруға бағытталған жұмыстардың жеткіліксіз екенін айтуға болады.
Сол себепті бастуыш мектептен бастап оқу үдерісі барысында патриоттыққа
тәрбиелеу бағытындағы жұмыстарды жүйелеп, оны тиімді жолдармен жүзеге
асырудың әсері мол.
Білім берудің шынайы мақсаты – адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана
емес, сондай-ақ оның рухани, адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамыту. Қазіргі
педагогика ғылымы оқу-тәрбие саласындағы басымдық міндеттердің бірі
ретінде жас ұрпақты ғасырлар бойы жинақталған халық даналығының
ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарын меңгерту негізінде жетілдіру
қажеттігін қойып отыр. Сондықтан бастауыш сыныпта оқушының жалпы
және психикалық дамуының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету үшін, ең
алдымен оқушының пәндік білімдерінің жиынтығын ғана қарастырып
қоймай, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке тұлғасын тәрбиелеуге
көңіл бөлінуінің маңызы зор. Бұл кезеңдегі жұмыстың мақсаты
оқушылардың патриоттық тәрбиесін оқу үдерісі барысында қалыптастыру.
Осы мақсатты іске асырудағы міндеттер:
- оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай қандай патриоттық тәрбиені
меңгертуге болатынын айқындау;
- бастауыш білімнің базалық деңгейін ескере отырып білімдік-
танымдық бірлік негізін ұсыну(пәндер арқылы);
- патриоттық тәрбие беру механизмдеріне көңіл бөлу.
Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу мәселесінде оқыту мен тәрбиелеудің
теориялық негіздері мен мұғалімнің практикалық жұмысты ұйымдастыру
тәжірибесінің бірлігі қарастырылады. Педагогикалық тұрғыдан алғанда,
бастауыш сынып оқушысының жауапкершілігі жоғары, білімденуге қажет
негізгі психикалық алғышарттарға ие. Д.Б.Эльконин оқушының жаңа оқушы
рөліне даярлығын айқындайтын мынадай белгілерді көрсетеді:
- ережеге, нұсқауға сәйкес әрекет ете алуы;
- құралдарды пайдалану деңгейі (бейнелер, белгілер, символдар);
- басқа адамның позициясын есепке ала білуі.
Сондықтан зерттеуіміздің бұл сатысында оқушы бойында
патриоттыққа тәрбиелеудегі әрбір оқушының, әр сыныптың ерекшеліктері
мен қабілеттерін ескеру, оқу үдерісінде этнопедагогикалық құралдарды
кеңінен пайдалану назарда болады.
Оқыту – екі жақты үдеріс. Онда мұғалім мен оқушының өзара
ынтымақтастық іс-әрекеті жүзеге асады. Яғни бұл – сабақ беру және оқу
әрекеті. Оқу барысында оқушылардың ақыл-ойы, танымы, білігі мен дағдысы
92
қалыптаса отырып, әр оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы
жүзеге асырылады. Демек, оқытудың білім беру негізі білік пен дағдыны
игерту үшін оқушының бойында жалпы адамзаттық, ұлттық, рухани-
патриоттық тәрбиені жинақтаған тұлға қалыптастыруға бағытталады. Олай
болса, оқу үдерісі оқушының әрбір даму кезеңдерінде пайда болған жетекші
әрекетіне сәйкестендіріліп, қоршаған дүниені тануға, танымдық әрекет
тәсілдерін меңгеруге, бойындағы қабілеттерді жетілдіруге, жеке тұлға
ретінде қалыптасуға ұмтылу қажеттіліктерін туғызады.
Оқу әрекеті – күрделі, жан-жақты үдеріс, ол оқушының барлық
әрекетін, рухани күштерін керек етеді. Оқушының ақыл-ой еңбегі мен
белсенді әрекеті болуға тиіс. Ол оқушының жалпы психологиялық даму
ерекшеліктеріне байланысты болады. Оқушының ақыл-ой әрекеті, оның
қажеттері мен қызығулары, сезім мен ерік, т.б. психикалық үдерістерімен
іске асырылып отырады. Бала дамуының басты шарты, оқушылардың кейінгі
саналы өміріне қажетті патриоттыққа тәрбиелеу негізін құрайтын
қызығулардың, түрткілердің, сенім-мұраттарының сипаты болғандықтан, оқу
үдерісіндегі маңызды мәселелердің бірі – патриоттық тәрбиені ендіре
отырып, саналы оқу әрекетін қалыптастыру.
Бастауыш оқытудың дидактикалық негіздерін қарастыруға арналған
ғалымдардың
(М.В.
Матюхина,
Н.Ф.
Талызина,
А.Қ.
Аренова,
Қ.А. Аймағамбетова, Ж.С. Сардарова т.б.) еңбектеріне сүйене отырып, сабақ
барысында патриоттық тәрбие беру мүмкіндіктеріне көңіл аудардық.
Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу құрылымы сабақ мазмұнындағы
халықтық білімдер арқылы анықталады. Осы білімдер оқушылардың
танымдық әрекетін қалыптастыра отырып, олардың бойындағы патриоттық
тәрбие қатарының артуына ықпал етуге тиіс.
Патриоттыққа тәрбиелеу - тұлғаның өмірлік тәжірибесімен бекітілген,
оның барлық бастан кешкендерінің жиынтығы арқылы тұлғаны маңызды
әрекеттерге итермелеп, ал мәні төмендерден сақтандырушы тұлғаның ішкі
құрылымының маңызды бөлігі екендігі белгілі. Сондықтан, оқу үдерісінде
патриоттыққа тәрбиелеу үшін оқушының көңіл-күйін, психикалық жағдайын
есепке алған жөн. Бұл жастағы оқушының зейіні ырықсыз, тұрақтанбаған
болады. Бастауыш мектептегі алғашқы жылдардағы оқу үдерісінде
оқушының зейін мәдениетіне көңіл бөлінеді. Қазақ халқында бұл жайтты
«Ақпа құлаққа айтсаң ағып кетеді, құйма құлаққа айтсаң құйып алады»-
деген мақалмен сипаттайды.
Бастауыш сынып мұғалімі бір мезгілде оқушылардың бір-бірімен
қарым-қатынасын қадағалап, сонымен қатар олардың психофизиологиялық,
көңіл-күй жағдайын бүкіл оқу үдерісі бойына іске асырады. «Мұғалім
балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім
шәкірттерді кіналамай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі
кіналауы
керек.
Мұғалім
балалармен
сөйлескенде
ашуланбай,
күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен терминдерді
93
пайдаланбастан, әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіруі керек»,
- деген Ы. Алтынсариннің кеңесі бастауыш сынып оқушыларының
патриоттыққа тәрбиелеу жұмысында ескерілуі қажет [35, б. 115].
Бастауыш сыныптың «Әдебиеттік оқу» оқулығын талдау арқылы
бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушыларды
патриоттыққа тәрбиелеу бағытындағы жұмыстарды белгілі жүйе түрінде
қарастырамыз. Бастауыш сыныптың оқу бағдарламасында қарастырылды
материалдарға біз өзіміздің зерттеу нысанамызға сай Отан, туған жер, салт,
дәстүр, әдебиеттік оқыту, ел рәміздері, тарихи тұлғалар тақырыптары
бойынша оқушыларға қосымша толықтырулар ұсындық.
Патриотизм иерархиясын жасай отырып, оның басым бағыттарын
белгілеуде әдебиеттік оқыту сабағындағы мәтінмен жұмыстану ерекше
орынға ие. патриоттық тәрбие бастауын салт, дәстүрдің игі әсерлеріне
негіздейтін және қоғамдық-әлеуметтік қатынастарға бейімдеп отыратын
мәтіндерді сабақ мазмұнына енгізіп отырудың еш артықтығы болмас деп
ойлаймыз. Бастауыш сыныптағы сабақтарда патриоттық тәрбиенің мәнін
ашатын, арнайы бағыттайтын шағын мәтіндерді таңдап, талғап пайдалану
арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеудің жалпы жүйесіндегі патриоттыққа
тәрбиелеу жұмысы жүзеге асырылады. Бұл арқылы мәтіндердің ақпараттық
және тәрбиелік сипатына оқушы назарын аударуға болады. Осындай
патриоттыққа тәрбиелеуге байланысты мәтіндерді бастауыш сыныптың қазақ
тілі, әдебиеттік оқыту, жаратылыстану т.б. пәндерінде де пайдалану
мүмкіндігі мол екенін тәжірибе барысында байқадық.
Жалпы әдебиеттік оқу сабағының мазмұны құндылықтарға бағыттап
отыратын білімдік-тәрбиелік сипатымен ерекшеленеді. Әдебиеттік оқыту
пәні бойынша оқушыларға ұсынылатын патриоттық тәрбие мазмұнды
мәтіндерде бастауыш сынып оқушысының жас ерекшелігіне сәйкес таным
мүмкіндігі ескеріледі және оқыту мақсаты оқушы тұлғасын тәрбиелеуге
бағытталады. Сонымен бірге, оқушының санасына, сезіміне, мінез-құлқына
әсер етудің бірлігі қарастырылады. Патриоттыққа тәрбиелеуге байланысты
мәтіндердің мазмұнында қабылданған, мойындалатын құндылықтарға
тікелей баға беріледі, эмоциялық қабылдауды белсендіретін, құндылыққа
сендіруді көздейтін және қарама-қайшылық арқылы патриоттық тәрбиені
көрсететін тұстары мол болады.
Тәжірибе барысында әр сабақта қосымша мәтіндермен жұмыстар
ұйымдастырып отырдық. Мәселен, 3-сыныпта «Шаңырақ шуағы» тарауында
мынадай шығармалар қарастырылды: «Құттықтаймын, мама, туған
күніңмен»(М. Мақатаев), «Әже» (С. Қалиев), «Ана» (Ғ. Мүсірепов), «Не
тәтті» (аңыз), «Ең жақын адам»(Ф. Оңғарсынова).
Осы «Шаңырақ шуағы» тақырыбын өту барысында имандылыққа,
ата-анаға құрмет көрсетуге арнайы бағыттайтын, оқушылардың таным
түсінігіне сай келетін мынадай шағын мәтіндерді материалға қосымша
ұсындық:
94
Мысалы: 1-мәтін «Туған әке-шешең - жер бетіндегі кіші құдайың. Әке-
шешеңді қуантсаң, мен де қуанамын. Ренжітсең мен де ренжимін. Менің
қандай пиғылда екенімді, әке-шешеңнің қас-қабағына қарап білесің». [33, б.
97].
2-мәтін «Әдебиеттік оқу, ана тілегі, ана арманы, ана көркі, ана алғысы -
дүниенің мәні мен мағынасы. Ал, ананың қарғысы, ананың өкініші өте
қатерлі. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы жоқ.
Өйткені, ананың көз жасы өзінің киесінен ауыр». Мәтінде кездесетін жаңа
ұғымдармен сөздік жұмысы жүргізілді («кие», «пиғыл» ұғымдарын
түсіндіру) және мәтін мазмұны бойынша оқушылар өз көзқарастарын айтты.
Обал, сауап, кесір, кие, ысырап ұғымдарына ерекше мән беріп осыған
қатысты мысалдар этикалық әңгімелер, аңыз әңгіме құрастыру да жақсы әсер
ететінін тәжірибе барысында байқадық. Осы мәтінге сәйкес тағы да мынадай
сұрақтар берілді:
- әкеңе, анаңа деген сүйіспеншілігіңді қалай білдіресің?
- әкеңді, анаңды жақсы көретініңді қандай сөздермен білдірер едің?
- мейірімділік сезімін кімге білдірер едің?
- әкеңнің, анаңның қандай қасиеттері саған ұнайды?
Сөйтіп, мәтіндерді талдау барысында мәтін мазмұнына қарай сезім
тудыра отырып, оның мазмұны жеке тұлғаның патриоттық тәрбие дүниесін
байытатындай, оның өзіндік пікірін туғызатындай деңгейде болғанын
назарда ұстадық. Сол арқылы жеке тұлғаның патриоттық тәрбиесінің
қалыптасуына әсер ету мүмкіндігі қарастырылды.
Бұл ақпараттардың ішінен бала өзіне ең қажет, ең маңыздыларын
Достарыңызбен бөлісу: |