Тулегенова газиза адилбековна


арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу»



Pdf көрінісі
бет5/46
Дата11.04.2024
өлшемі2.31 Mb.
#498405
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Диссертация-Тулегенова-Г.А (4)

арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу» деп белгілеуімізге негіз 
болды.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді 
оқыту арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің теориялық негіздерін 
анықтау, әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік 
жұмыстар арқылы тексеру. 
Зерттеу нысаны: бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту 
арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу үдерісі. 
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, бастауыш сыныптардағы 
гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеуге 
негіз болатын адамгершілік құндылықтар жүйелілік негізінде берілсе, 
патриоттыққа тәрбиелеудiң жүйесі педагогикалық мақсатқа қарай жүзеге 
асырылса, онда бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу құндылығы қалыптасады, өйткені 
патриоттық тәрбие оқу үдерісінде тиімді әдіс-тәсілдермен қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің міндеттері:
- бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің теориялық негіздерін айқындау;
- бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 



оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің 
психологиялық-педагогикалық 
ерекшеліктерін анықтау; 
- бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің құрылымдық-мазмұндық моделін 
жасау; 
- бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің әдістемесін даярлау және оның 
тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар барысында тексеріп, 
ғылыми негізделген ұсыныстар дайындау. 
Зерттеудің жетекші идеясы: бастауыш сыныптардағы гуманитарлық 
пәндерді оқыту арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу, орта мектептің 
бастауыш сатысындағы білім мазмұнында ата-бабамыздың бай мұрасының 
жүйеленіп, қазіргі ақпараттық қоғам жағдайындағы мүмкіндіктермен 
үйлестірілуіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет